Хашиp Pисалесı
Pисале-и Нұp шығаpмалаp жинағынан
ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК
ХАШИP PИСАЛЕСI
ОНЫНШЫ СӨЗ
Ескерту: Бул шығармада салыстырмалы мысалдар қолдануымның себебі, әрі түсіну оңай, эрі Ислам ақиқаттары қаншалықты ақылға қонымды, әрі бір-бірін қуаттап отыратындығын, тығыз байланысты екендігін көрсету. Хикаялардың мағыналары, соңындағы ақиқаттарда. Хикая ақиқатқа жол сілтеп отырады. Демек, қияли хикаялар емес - ақиқат.
بِسْمِ اللّهِ الرّحْمنِ الرّحِيمِ
فَانْظُرْ اِلَى آثَارِ رَحْمَةِ اللّهِ كَيْفَ يُحْيِى اْلاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَآ اِنَّ ذَلِكَ َلمُحْيِى اْلمَوْتَى وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
[Бауырым! Хашир мен ахиретті, жай ғана қарапайым тілмен түсіндіруді қаласаң, төмендегі мысал етіп алған хикаяларға нәпсіммен бірге құлақ бер.]
Бір уақыт екі адам жәннәтқа ұқсас әсем бір елге (бул дүниеге ишарет) барады. Барлық адамдар үйлері мен дүкендерінің есіктерін ашық тастап, қарауылдауға мән беріп жатпайды. Заттар да, ақшалар да ортада, иесіз қалған. Манағы екі адамның біреуі қалаған нәрселерге қол сұғып, ұрлап, жымқырып бағады. Нәпсінің құлқынына құл болып, ойына келгенін істейді. Айналасындағылар оған тиіспейді.
Екінші адам оған:
-"Не істеп жатырсың? Жазаға тартыласың, мені де бәлеге қалдырасың. Бұл заттар мемлекеттің мүлкі. Айналадағы адамдар бала-шағасымен әскер қатарында немесе мемлекет сақшылары. Бұл жұмыстарда кәдімгі қызметкер (штатскиий) ретінде іс атқаруда. Сондықтан да саған онша тиіспейді. Бірақ жаза өте ауыр. Патшаның барлық жерде телефоны мен сақшылары бар. Тез райдан қайтып кешірім сұра."
Бірақ анау өркөкірек, тәкәппарсып: "Жоқ, дәулет мүлкі емес, ортақ нәрсе, иесіз. Жұрттың бәрі керегінше жұмсай алады. Мына әдемі заттардан пайдалануыма кедергі боларлықтай еш нәрсе көріп тұрғаным жоқ. Көзіммен көрмеген нәрсеге сенбеймін."- деді. Әрі даурығып, көптеген қисынсыз нәрселер айтты. Екеуінің арасында айтыс басталды.
Өркөкірек адам әуелі:
"Патша деген кім? Танымаймын..." деді. Жолдасы да оған:
"Бір ауыл ауылнайсыз болмайды. Бір ине ұстасыз жасалмайды. Жазушысыз бір әріптің жазылмайтынын білесің. Осындай шексіз керемет елдің әкімсіз болуы мүмкін бе? Осынша байлық тиелген поезд, әр сағатта ғайыптан келгендей толып келіп, бул жерге төгіп босатып кетіп жатыр.(Сілтеме)(1) Олардың иесіз болуы мүмкін бе? Сондай-ақ әр жерде ілінген хабарландырулар, тулар, заттардың үстіне басылған мөрлер, таңбалар қалайша иесіз болады?
(1)(Сілтеме): Бір сағат деп отырғаны бір жыл, ризықтарға толы вағон болса көктем мезгілі.
Сен мына ислам жазуларын оқи алмай отырсың, білгеннен де сурамайсың. Кел, сөзіме қулақ түр. Саған үлкен жарлық оқып берейін,"- деді.
Манағы тәкәппар тағы да тайқып шықты:
"Ал мақұл, патша бар. Бірақ менің алған азғана заттарымнан оған қандай зиян келеді, қазынасы ортайып қала ма? Оның үстіне бұл жерде абақты, түрме жоқ, жаза да бола қоймас."
Жолдасы оған жауап ретінде:
"Бауырым-ау, көз алдыңдағы мына мемлекет бір тәжірибе алаңы. Әрі, Сұлтанның таңғажайып өнерінің көрмесі. Әрі ол - қонақүй, мейманхана. Күн сайын келіп-кетіп жатқан керуендерді көріп отырсың, Толассыз ағылып босалып отыр. Бір шама заман өткен соң бұл ел қоныс аударады. Мына тұрғындары да басқа бір мәңгілік мекендеріне тұрақты қоныс тебуге көшіріледі. Ол жерде әркім атқарған қызметіне, жасаған іс-әрекетіне қарай жаза не болмаса сый-құрмет көреді,"-деді. Әлгі өркөкірек тағы да қасарысып: "Сенбеймін, бұл мемлекеттің тас-талқаны шығып, басқа жаққа көшуі мүмкін емес,"-деді. Будан кейін жолдасы: "Қасарысып қоймадың, сөзіме құлақ қой. „Үлкен бір сот" (Махкеме-и кубра) бар екендігін, бір сый-құрмет жері мен жаза беретін зынданы бар екендігін, әрі мына мемлекет бос қалып тас-талқан болатынын бұлтартпас шексіз дәлелдерден тек бірнешеуін "Он екі сурет" арқылы көрсетіп берейін,"-деді.
БІРІНШІ СУРЕТ:
Бір салтанат, әсіресе мұндай кемелденген өзінің адал да жақсы қызмет етушілеріне сый-құрмет көрсетпеуі, ал қарсы шығып заңға бағынғысы келмегендерге жаза бермеуі мүмкін бе? Бұл жерде көре алмағаныңмен басқа жерде үлкен сот бар.
ЕКІНШІ СУРЕТ:
Болып жатқан мына жағдайларға назар сал. Ең жарлы, ең нашарынан бастап бәріне де өте жүйелі түрде ризық берілуде. Ешкімі жоқ (жалғыз басты) науқас жандардың күтімі тым жақсы. Тәтті тағамдар, сырмалы нақыштар, безендірілген киімдер мен жасаулы дастарханға назарыңды сал. Сен секілді алаңғасардан басқаның бәрі өз істерін толық атқаруда. Титтей де болса артық кетіп жақтан ешкім жоқ. Ең жоғарғы мақам иесі, ең тілалғыш та сол. Оның үстіне патшаның әмірінен қорқып қызмет атқаруда. Демек, мына салтанат иесінің өте күшті жомарттығы, өте кең пейілі бар. Өте жоғары намысы, қаhары мен абыройы бар. Ал, жомарттық болса нығмет бергісі келеді, кең пейілі жақсылықсыз бола алмайды. Намыс болса жігер қажет етеді. Абырой мен намыс әдепсіздерді жөнге салуды қажет етеді. Ал, мына мемлекетте ондай мәрхамет пен намыстылыққа лайық істердің мыңнан бірі де атқарылып жатқан жоқ. Залым зұлымдығын жасап, жәбірленушілер қор болып, бұл жерден көшіп жатыр. Демек, үлкен бір сотқа қалып отыр.
ҮШІНШІСУРЕТ:
Назар салып қарасаң жұмыс біткен қаншама асқан хикметпен жүргізіліп жатқанын көресің. Әрі нағыз әділетті түрде. Үкімет болса, патша салтанатының қол астына кіргендерге хикметімен жақсылық жасауда. Әділет болса, үкіметтің абыройы мен салтанатының қадірін сақтау үшін қол астындағылардың құқын сақтап отыруы қажет. Шындығына келсек, бұл жерде ол хикметтер мен әділеттілікке лайық істердің мыңнан бірі атқарылып жатқан жоқ. Сен секілді бұзақылар жазасын тартпастан кетіп жатыр. Ендеше, үлкен бір сотқа қалып отыр.
ТӨРТІНШІСУРЕТ:
Жақсылап зер сал. Мына жаймадағы сансыз жауhарлар мен дастархандағы сансыз тағамдар, бұл жердің патшасының аса жомарт, байлығының шегі жоқ екендігін көрсетеді. Ал мұндай жомарттық пен шексіз байлық, барлық нәрселерге толы дастархан мәңгілікке жиналмай, келушілердің де үзілмегенін қалайды. Таусылып біту мен көз жазып, бөлек қалуды әсте қаламайды. Себебі, қайғы-қиыншылықтың бітуі ләззәт болғанындай, ләззәттің бітуі, таусылуы да қайғы-қасірет. Жаймаларға назар сал. Мына жарлықтар мен хабарландыруларға көңіл бөліп қара. Патшаның ғажайып өнер туындыларын жаймаға шығарып, әлемге жар салушы делдалдардың сөздеріне құлақ түр. Мағынауи кемелдігін көрсетіп, теңдесі жок, сұлулығын паш етуде. Жасырын сұлулығының жұмақтай әсемдігінен хабар беруде. Демек, оның аса таңқаларлық кемелдігі, мағынауи сұлулығы бар. Жасырын да кемшіліксіз кемелдік болса, қадір қасиетін біліп, сұлулығын танып „Машаллаh" деп куә болушыларға сырын ашқысы келеді. Жасырын, теңдесі жоқ сұлулық болса, көрінгісі және көргісі келеді. Яғни өз сұлулығын екі жақты көргісі келеді. Біріншісі; көптеген айналардан өзін көргісі келеді. Екіншісі; сулулығын танып, оны көруге құштар көрермендерге көріну арқылы өз сұлулығын көру. Әрі көргісі, әрі көрінгісі келеді, hәм мәңгі көрінгісі, hәм көргісі келеді. Ондай сұлулық, оны көріп таң қалушылардың да тоқтаусыз болғанын қалайды. Себебі, мәқгі сұлулық өткінші махаббатқа разы бола алмайды. Себебі, еш уақыт қайта оралмайтындай тұқғыйыққа айдауға кетіп бара жатқан жанның махаббаты дұшпандыққа айналады. Махаббаты мен қурметі тас-талқан болады. Себебі, адам баласы қолы жете алмаған, біле алмаған нәрселерге дұшпан келеді. Ал мына қонақжайдағылардың бәрі де тез кетіп, жоғалуда. Мынадай кемелдік пен сұлулықтың бір ғана сәулесін тіпті қараң еткен көлеңкесін аз уақыт ішінде қарап үлгірместен, тоя алмай кетіп жатыр. Демек, басқа жерде мәңгі тамашалау орны бар.
БЕСІНШІ СУРЕТ:
Жасалып жатқан мына істер теңдесі жоқ бір Күштің аса мейірімі бар екендігін көрсетеді. Неге десеңіз, бәлеге душар болғандардың бәріне көмекке келеді. Барлық сұрақтар мен талап-тілектерге жауап береді. Тіпті қарамағындағылардың ең төменгі сатысындағылардан болмашы бір қажеттілік көрсе, оны да қамтамасыз етеді. Бір қойшының қойының аяғы ақсап қалса, жарасына дәрі жағуға мал дәрігерін жіберіп отыр. Мына аралда үлкен бір жиналыс бар, ал енді соған барайық. Бул мемлекеттің барлық игі жақсылары сол жерге жиналуда. Назар сал, үлкен бір таңбасы, нышаны бар бір Яуер-и Әкрем сөз сөйлеуде. Мейірімді патшасынан бір нәрсе сұрауда. Жанындағылардың бәрі де „Иә, иә біз де қалаймыз,"-деп оны қуаттауда. Ал, патшаның сүйіктісі болса: „Әй, біздерді нығметтермен азықтандырушы Султанымыз! Бізге усынып отырған үлгілерің мен көлеңкелеріңнің асыл негіздері мен қайнарларын көрсет. Бізді салтанат сарайыңның орталығына ал. Бізді мына шөлдерде қақтатпа. Бізді құзырыңа ал. Бізге мәрhәмет ет. Бұл жерде дәмін татқызған ләззәтті нығметтеріңді ол жерде жегіз. Бізді жоқ етіп, өзіңнен ұзақ ұстап азап берме. Сені сағынып, саған шүкір етуші қол астыңдағы бізді бос тастап, жоқ ете көрме!"-деп қатты жалбарынуда. Оны сенде естіп отырсың. Апырым-ай, осыншама мейрімді де құдіретті патшаның ең төменгі дәрежедегі бір адамның болмашы тілегіне өте мән беріп қамтамасыз етіп ең сүйіктісі Яуер-і Әкрамының тілектерін қабылдамауы еш мүмкін бе ? Ал шындығында ол сүйіктісінің тілектері, көпшіліктің де мақсат тілегі. Әрі патшаның разы болып көңілінен шығатын нәрселері, hәм мерhаметі мен әділеттігіне сай. Әрі оған бұл істер өте оңай. Мына қонақжайда411171;ы фәни өткінші көрсету алаңындағылардан да оңай. Үлгілерін ғана көрсету үшін бес-алты күндік жаймаларға осынша шығын жасаған екен. Әлбетте, нағыз қазыналары мен кемелдіктерін, өнерін көрсету үшін Салтанат Сарайының орталығында бір көрме ашатын болады. Ол көрменің кереметтігі сондай, көргендер есінен танады. Демек мына емтихан алаңында олар жәй әншейін емес. Оларды бақыт сарайлары мен зындандар күтуде.
АЛТЫНШЫ СУРЕТ:
Енді мыналарға зер сал: Мына поездар, ұшақтар, қоймалар, жаймалар мен жабдықтаулар перденің арғы жағында кереметтей патша салтанатының бар екендігін көрсетеді. (Сілтеме)(2)
(2)(Сілтеме): Мәселен: қазіргі заманда әскери жаттығуларда Қарулан, сүңгі тақ!" әмірімен үлкен әскери бөлім найзалы ормандай бола қалатыны секілді. Әр мейрам күндерінде парадқа шығушы әскерлардің "Формаларыңызды киіңіз, қару жарақтарыңызды алыңыз!" әмірімен горнизондағылар түрлі түсті шешек атқан әсем бақтарға үқсап қалатынындай-ақ, жер жүзінің майданында Султан-ы Эзәлидің шексіз әскерлері; періште, жын және адамзат пен хайуанат сияқты тіпті санасыз өсімдіктерде өмір үшін жасаған жиhадтарында كُنْ فَيَكُونُ эмірімен "Қорғану үшін қару-жарақтарыңызды алыңыз"-деген Аллаhтың әмірін алған кездерінде; жер жүзіндегі барлық тікенді өсімдіктер, тікендерін таққан кездерінде, манағы сүңгілерін тағып әзір турған әскерлерге уқсап қалады. Әрі көктемнің әр күні, әр аптасы, әр түрлі өсімдік тайпасының мейрамы секілді болғандықтан, әр бір тайпа өз Султанының ол тайпаға тарту етіп таққан нышандарын тағып Султан-ы Әзәлидің алдынан өтіп эскери парад жасайды. Бүкіл өсімдік атаулы мен ағаштар және гүлдер мен жемістер нышандарыңызды тағыңыз, шешек ашыңыз деген Раббани әмірлерді тыңдағандықтан, жер жүзі қулпырып, әскери формалары мен әскери нышандарын тағып парадқа шыққан әскерлерді еске түсіреді.
Осыншама хикметті дәрежедегі тәртіппен жиhаздалу, әлбетте шексіз қуатты бір султанның, өте әділ әкімнің әмірлерімен болып жатқандығын соқыр болып қалмағандарға көрсетеді.
Мұндай салтанат; өзіне лайық бас июшілердің болғанын қалайды. Солай бола тура өзің көріп отырғаныңдай бәрі де мына қонақ жайға жиналған. Ал қонақжай болса әр күн жаңарып отырады. Әрі барлық бағынушылар, мына емтихан алаңында. Ал алаң болса сағат сайын ауысып отыр. Һәм барлық қол астындағылар Патшаның қымбат сыйлықтарының үлгілерін, ғажайып өнер туындыларын жаймаларда қызықтау үшін мына көрмелерде бірнеше минут турып тамашалауда. Ал жаймалар минут сайын өзгеріп отыр. Кеткендер қайта оралмайды, ал келгендер кетеді. Ендеше мына қубылыс; бұл қонақ үй және алаң* сондай-ақ жаймалардың арғы жағында мәңгілік сарайлар, өзгермес орындар, мына үлгілер мен суреттердің негіздеріне толы бау мен қазына бар екенін көрсетеді. Демек бұл жердегі күйкі тірлік солар үшін. Бұл жерде жұмыс істеткізіп, ол жерде ақысын төлейді. Әркімнің қабілетіне қарай ол жерде бақыты бар.
ЖЕТІНШІ СУРЕТ:
Жүр, біраз серуендеп қайтайық. Мына мәдени тұрақтардың ішінде не бар, не жоқ аралап шығайық. Ал енді зер сал. Әр жерде әр бұрышта көптеген фото аспабы суретке түсіруде. Әне қара, әр жерде сансыз хатшылар отырып алып бір нәрселер жазуда. Барлық нәрселерді тіркеп қоюда. Түкке тұрғысыз істер мен болмашы оқиғаларға дейін жазып тіркеп қоюда. Әй әне қара, ана бір биік таудың басында Патшаның үлкен фотоаспабы құрылған екен. Ол бұл жердегі барлық оқиғаларды суретке түсіріп алуда. (Сілтеме)(3)
(3)(Сілтеме): Бул суреттің мегзеп отырған мағыналарының бір бөлімі жетінші ақиқатта баяндалған. Бір айта кететін жағдай, бул жердегі Патшаның фотоаспабы деп отырғанымыз шындығында Леух-и Махфуз. Леух-и Махфуздың бар екендігі Жиырма алтыншы сөзде былайша дәлелденген: Кішкене-кішкене куәліктер (паспорттар) үлкен мемлекеттік тіркеудің бар екендігін дәлелдейді. Кішкене-кішкене есеп қағаздар (чектер) үлкен есеп дәптердің бар екендігін көрсетеді. Сызақтап аққан тамшылар үлкен су көзінің бар екендігін дәлелдейтіні секілді, адамзаттың еске сақтау қабілеті, ағаштардың жемістері, жемістердің туқымдары әлбетте бір Хафыза-и Күбраның, Үлы дәптер мен Леух-и Махфуздың бар екендігін дәлелдейді. Тіпті ақылы барға керсетіп береді.
Демек, Патша қол астындағы мемлекетте жасалып жатқан іс-әрекеттердің барлығын тіркеп, жазып отыруға әмір берген. Олай болса оның көзінен еш нәрсе таса қалмайды. Міне, осыншама мүқият тіркеу, жазып отыру, әлбетте сұраққа тарту үшін. Олай болса ең төменгі дәрежедегі тұрғынның болмашы іс-әрекетін көзден таса қылмай отырған Хаким-ы Зүлжәлалдің тұрғындар ішінде ең жоғарғы дәрежедегілердің ең үлкен іс-әрекеттерін есепке алмай, сый-құрмет немесе жазаламауы мүмкін бола қояр ма? Ол патшаның абырой мен намысына тиіп, қамқорлығының қабыл ете алмайтын сойқандықтарды, әлгі жоғарғы дәрежедегілер жасауда. Бұл жерде жазаға тартылып жатқан жоқ.
Демек, Махкеме-и Күбраға қалып жатыр.
СЕГІЗІНШІ СУРЕТ:
Кел, саған әлгі патшадан келген хабарды оқып берейін. Қулақ сал, Ол уәде беруде әрі қатаң ескерту жасауда. Сендерді ол жерден алып, Салтанат сарайымның орталығына әкелемін. Маған тәуелді болып заңдарымды орындағандарды бақытқа бөлеймін. Қарсы шығып бас көтергендерді зынданға қамап тастаймын. Ал ана уақытша жердің тас-талқанын шығарамын. Мәңгі зәулім сарайлары мен зындандары бар басқа мемлекет құрамын. Уәдесі болған бұл нәрселер оған өте оңай. Қол астындағылар үшін де өте маңызды. Уәдесінде тұрмай сөзінен таю, әкімшілік қасиетіне қайшы келеді. Әй есалаң, ал енді бері қара. Сен жалған әрі турақсыз пікіріңді, қисынсыз ақылың мен алдатушы нәпсіңді мақұлдаудасың. Қай жағынан алсаң да өтірік пен уәде бұзуына мәжбүрлігі жоқ, әрі өтірік пен уәде бұзушылық қасиетінің жараспайтынын әрі барлық жасалып жатқан істер оның тура да әділ екендігін дәлелдеп отырған біреуді өтірікші қылғың келеді. Әлбетте ауыр жазаны тілеп алып отырсың. Мына бір мысалдағы батырға ұқсайсың: Бір жолаушы күннің жарығынан қашып көзін жүмады. Қиялдап, қияли жарқырауық қоңызы тәрізді басындағы шамның жарығымен қараңғы жолды жарық қылғысы келеді. Уәде берген екен әрине, орындайды. Алайда орындау оған өте оңай. Біздер және барлық жаратылыс атаулыға және оған, Оның салтанаты өте қажет. Демек, бір Махкеме-и Күбра және үлкен бақыт бар.
ТОҒЫЗЫНШЫ СУРЕТ:
Енді мынаған зер сал. Мына ұйымдар мен жамағаттардың басшыларында (Сілтеме)(4) тікелей Патшамен сөйлесе алатын телефондары бар.
(4)(Сілтеме): -Бул суреттегі дәлелденген мағыналар „Сегізінші ақиқатта" анықталады. Мысалдағы басшы деп отырғаны; Пайғамбарлар мен Әулиелер. Ал телефондар болса уаhилерді қабылдаушы жүректерден шыққан Илаhи байланыс. Журек, ол телефонның (трубкасы)қүлағы тәрізді.
Олардың кейбіреуі Патшаның Хұзырына шыққан. Олар не дейді құлақ берейік. Олар бірауыздан былай дейді: Ол; сый-құрметтер мен жаза беру үшін әрі көркем, әрі қорқынышты бір жер дайындаған. Орасан зор уәде беріп, қатаң да қаhарлы ескертулер жасауда. Әрі оның абыройы мен айбындылығы қай жағынан алсаң да уәдеден таюға жол бермейді. Ана хабаршылар болса бір ауыздан бірін-бірі қуаттай отырып мынаны хабар беруде: Кейбір нышандары көрінген мына үлкен салтанаттың негізгі орталығы, бұл жерден ұзақ басқа мемлекетте. Сондай-ақ мына емтихан алаңындағы үйлер уақытша нәрселер. Кейін тұрақты сарайларға өзгеретін болады. Бұл жерлер орын ауыстыратын болады. Себебі, шығармаларынан ұлылығы білініп тұрған мына зәулім мәңгілік салтанат; мынадай өткінші, жалған, түрақсыз, түкке тұрғысыз, қубылмалы, баянсыз, шолақ істер үшін болуы мүмкін емес. Демек оған лайық, мәңгі де тұрақты істер үшін қурылған. Демек, басқа бір ел бар; әлбетте сол орталыққа орналасатын болады.
ОНЫНШЫ СУРЕТ:
Кел, бүгін наурыз мейрамы. (Сілтеме)(5) Үлкен төңкерістер болып, таңғажайып істер жасамақ. Көктемнің мына уылжыған күнінде, жасыл желекті далаға серуенге шығайық. Міне қара! Халық та осы жаққа келе жатыр. Бір сиқыр бар. Әнебір үйлер бірден тас-талқаны шықты. Басқа түрге ене қойды. Зер сал, мүғжизе бар. Әлгі тас-талқаны шыққан үйлер; кенет бұл жерге қайта салынды. Бейне бір мына ен дала мәдени қалаға айналды. Қарашы! Кино перделері секілді әр сағатта әр түрлі әлем көрсетеді. Басқа бейнеге ене қояды. Көңіл бөліп қарасаң осынша аралас, тез, көптеген нақты перделерде неткен керемет тәртіп бар. Барлық нәрсе орынды орнына қойылуда. Қиялымыздағы кино кадрлары да осынша керемет бола алмайды. Миллиондаған сиқыршылар жиналса да мынадай өнер көрсете алмайды. Демек, бізге көрінбей тұрған әлгі патшаның өте күшті мүғжизелері бар.
(5)(Сілтеме): Бул суреттің сілтемесін “Тоғызыншы ақиқатта” көресің. Мәселен: Наурыз күні, көктем маусымын білдіреді. Қулпырған жасыл алқап болса; көктем айларындағы жер жүзі. Ал өзгеріп отыратын перделер мен көріністер болса; ерте көктемнен бастап жаздың аяғына дейінгі Сани-и Қадир-и Зүлжелалдың, Фатыр-ы Хаким-и Зүлжелалдың Қүдіретімен жүйелі түрде өзгеріп отырған асқан мейірімімен жаңартып, бірінен соң бірін жіберіп тырған көктемдегі мақүлықтардың түрлеріне, жаздық шығарма туындылардың тайпаларына және хайуанат пен адамзатқа жіберіп отырған азық, тағамдарға ишарет.
Әй, нақұрыс! Сен ғой: "Мына алып ірі мемлекет қалайша тас-талқан болып, басқа жерге көшірліеді?"-дейсің. Міне, сенің ақылыңа сыймай отырған манағы көшірілулерге ұқсас көптеген төңкерістер, өзгерістер жасалуда. Мына көз алдыңдағы бір жерге жиналулар, ыдыраулар, тағы сол сияқты көріністерден шығатын ұйғарым: мына көрінген жылдам жиналыстар, ыдыраулар, түрге ену, бузылулар босқа емес, онда бір мақсат бар.
Бір сағаттық жиналыс үшін он жылға жетерлік шығын жұмсалуда. Демек бұл түрге енулер басты мақсаттары емес. Бұл бір тәмсіл, бір еліктеу. Олардың суреттері алынып, нөмірленіп тіркеліп қойылсын, әрі нәтижелері сақталып жазылып алынсын деп, әлгі Мүғжизеші, мұны өз құдретімен атқаруда. Мәселен, соғыс тәсілін үйретерде сынақ алаңда болған барлық көріністер тіркеліп, жазылып қойылады.
Демек, "Үлы жиналыста" осы мәселелер талқыланады. "Мәhшәр-і ағзамда" әрдайым көрсетілетін болады. Олай болса, мына өткінші, турақсыз көріністер; нақты суреттер, бақи жемістер береді.
Демек, мына турақсыз, қүбылмалы жағдайлар; соңында тұрақты көрініс, мәңгі жемістер беретін болады.
Демек, бұл құбылыстар жәй емес, бір улы бақыт, бір Махкемә-и Күбра әрі біз білмейтін улы мақсаттар үшін жасалуда.
ОН БІРІНШІ СУРЕТ:
Кел, әй қасарысқан достым! Батыс пен шығысқа, яғни өткен шақ пен болашаққа апаратын ушаққа немесе отарбаға мінейік. Мына мүғжизеші тулғаның басқа жерлерде қандай мүғжизелер жасағандығын көрейік. Міне, қара! Куә болған алаңдар мен көрмелер сияқты ғажайыптар барлық жерде бар.Тек өнер тұрғысынан, пішіні жағынан бір-бірінен өзгеше. Ал, сен мынаған жақсылап назар аудар: әлгі тұрақсыз мекен-жайлар мен өткінші алаңдарда, әлгі баянсыз көрмелерде қаншалықты ашык, хикметтің тәртібі, қаншалықты жақсылықтың белгісі, өте жоғары әділеттің нышаны, қаншалықты мол мәрхаметтің жемістері бар екендігі көрінеді десеңізші! Оның хикметінен асқан хикмет, оның инаетінен өткен инает, оның мәрхаметінен күшті мәрхамет, оның әділетінен жоғары әділет болуы мүмкін еместігін, ақылға да келмейтінін соқыр емес көреді. Сонда да болса, сенің ойлағаныңдай оның мемлекетінде тұрақты мекендер, мәңгі жерлер, баянды мақамдар, отырықшы халық, бақытты мойынсұнушылары жоқ деп қараса; Мына хикмет, инает, мәрхамет және әділеттің ақиқаттарына мына жалған мемлекет лайық бола алмайтыны мәлім. Және оларға лайық болатын басқа жерде де болмайтын болса, ол кезде тал түсте Күн сәулесін көре тұра, Күнді жоққа шығару сияқты ақымақтық жасап, көз алдымыздағы хикметті жоққа шығаруға, өзіміз көріп отырған инаетті бекерге шығаруға, көріп жүрген мәрхаметті өтірікке шығаруға, мына толып жатқан нышандарды, ишареттерді, көрініп тұрған әділетті жоққа шығаруға тура келеді.
Ал, жасалып жатқан әділ де мейрімді істердің иесін, Астапыраллаh, артист залым деп білуіміз керек, Құдай сақтасын. Ал бұл дегенің ақиқаттардың теріс айналуы. Алайда, ойшылдардың бірлеьз қабылдағанындай, ақиқаттардың теріс айналуы мүмкін емес, әрі қисынсыз. Айта кететін жағдай: болмыс атаулыны жоққа шығаратын скептиктер дейтін ақымақтар ақыл иесіне жатпайды.
Демек, бул жерден басқа бір жер бар. Ол жерде бір „Махкеме-и Күбра" бар. Жоғары дәрежелі сыйға бөлеу мен жазаға тарту орны бар. Мақсат; әлгіндей мәрхамет, хикмет пен инает және әділет толық көрінсін.
ОН ЕКІНШІ СУРЕТ:
Ал енді кері қайтамыз. Мына жамағаттардың басшыларымен кездесіп, қалай жабдықталған екен соған қарайық. Мына жабдықтау; тек қана сол алаңдағы аз ғана өмір үшін берілген бе? Әлде басқа жерде бақытты да ұзақ емірді иелену үшін берілген бе? Көрейік. Барлығына, әрбір жабдықтауларға қарап шығу мүмкін емес. Бірақ, өрнек ретінде мына басшының куәлігіне, дәптеріне қарайық. Бул куәлікте оның шені, айлығы, міндеті, талап-тілектері мен әрекет ету ережелері жазылған.
Қара, оның шені бірнеше күндік емес, өте ұзақ мерзім үшін берілген. "Айлығыңды пәлен кезден бастап қазынадан аласың" деген уәделі жазу бар. Ал, ол уәделі мерзім болса; ұзақ уақыттан соң, бул алаң жабылғаннан кейін келеді. Мына атқарар міндеті болса; мына уақытша алаң үшін емес, патшаның өзіне жақын жерінде, мәңгі бақытты иелену үшін берілген. Одан талап етілген нәрселер болса; мына бірнеше күндік қонақүйде күн көру үшін болуы мүмкін емес. Олар; ұзақ әрі бақытты өмір үшін беріледі. Демек, куәлік иесі басқа жерге шақырулы, басқа әлем үшін жұмыс істеуде. Мына ережелер соны көрсетеді. Міне, мына дәптерлерде құрал жабдықтардың пайдалану жолдары, жауапкершілігі көрсетілген. Егер басқа бір мәңгілік жері болмаса, мына дәптерлер мен куәліктер түкке қажетсіз болар еді. Әрі мына қадірлі басшы; бәрінен де бейшара, пақыр, әлсіз дәрежеге түсер еді. Осыған қарап салыстыр.
Байқап отырғаныңдай, қай нәрсені алсаң; бұл фәниден кейін, мәңгілік бар екеніне шәhәдат етеді.
Әй, достым! Демек, бұл уақытша мемлекет бір егістік. Тәлім жері әрі базар. Әлбетте бұдан кейін бір Махкеме-и Күбра, Үлы бақыт орнайды. Егер мұны жоққа шығарсаң, барлық басшылардағы куәліктерді, дәптерлерді, құрал жабдықтарды, ережелерді, тіпті мемлекеттегі барлық тәртіпті тіпті үкіметті жоққа шығаруға тура келеді. Барлық істерді өтірікке шығару керек. Ол кезде саған ақыл иесі, саналы деуге болмайды. Скептиктерден де бетер ақымақ боласың.
Мемлекеттің орын алмасуы осы „он екі суреттегілер" мен бітті деп ойлама. Есепсіз дәлелдері бар. Мына тұрақсыз мемлекет; мәңгі, соңсыз мемлекетке айналады. Тұрғындардың бұл қонақ үйден көшіп салтанат орталығына жайғасатынына сансыз дәлел мен нышандар бар.
Бұл он екі суреттен де қуатты айғақ көрсетейін.
Қара, мына ұзақта көрінген жамағаттың ішінде ең баста аралда көрген үлкен нышан иесі Явер-и Әкрем сөз сөйлеуде. Барып соны тыңдайық. Ол Явер-и Әкрем жоғарыда ілулі ұлы хабарды халыққа жеткізуде. Онда былай делінген:
“Дайындалыңдар! Басқа мәңгі мемлекетке барасыңдар. Мемлекет болғанда қандай, оның қасында бүл жер, зындан тәрізді. Патшамыздың Салтанат Сарайына барып мейріміне, игілігіне бөленесіз. Әрине егер әлгі хабарларды ден қойып тыңдасаңдар. Ал, қарсы шығып, бас көтеретін болсаңдар, зынданға қамаласыңдар.”
Үлы хабарда басылған мөрдің жалған әрі жасанды еместігін сен де көріп түрсың. Сен сияқты нақұрыстардан басқалардың бәрі ол хабардың патшадан келгендігін біледі. Сен секілді соқырлардан басқалар Явер-и Әкрәмнің патшаның хабарын жеткізуші шабарман екенін толық түсінеді. Апырым-ай, Явер-и Әкрәмнің Үлы хабармен бірге бар күшін салып, жеткізуге тырысқан қоныс аудару мәселесін жоққа шығару мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес. Жоққа шығару үшін көрген нәрсеміздің бәрін жоққа шығаруымыз керек.
Ал достым! Сөз сенде, бұған не дейсің?
Мен не дейін. Буған қарсы не айтуға болады. Тапа-талтүсте Күнді жоққа шығаруға бола ма? Әлхамдүлиллаh... Жүз мың шүкір. Нәпсі мен әуесқойлыққа тұтқын болудан құтылдым. Зынданнан да құтылдым. Мына қонақжәйдан басқа бақыт жері, жақынында шаттық сарайы бар екендігіне кәміл сендім. Біз де ол жаққа шақырулымыз.
Міне, хашир мен ахиретті мегзейтін, сол жәйіндағы „он екі сурет" осымен аяқталды. Енді Аллаhтың таупықымен ұлы ақиқаттарға көшеміз. Өткен "Он екі суретке" қатысты "Он екі ақиқат" және "Кіріспе" баяндаймыз.
Кіріспе
(Бірнеше ишареттермен басқа жерде ягни Жиырма екінші, Он тоғызыншы, және Жиырма алтыншы Сөздерде баяндалған бірқатар мәселеге ишарет етеміз.)
БІРІНШІ ИШАРЕТ:
Жоғарыда баяндалған хикаядағы есалаң адам мен оның сенімді жолдасы арасындағы айтыста үш ақиқат бар.
Біріншісі: Жүгенсіз нәпсім мен жүрегім.
Екіншісі: Пәлсәпә шәкірттері мен Қасиетті Құранның тәлабалары.
Үшіншісі: Ислам үмбеті мен Қудайдан безгендер тобы.
Пәлсәпә шәкірттері, Құдайдан безгендер және жүгенсіз нәпсі қатты қателесіп отыр. Қателік: Жаратқан Аллаhты танымау. Хикаяда сенімді жолдасы оған: "Бір әріп жазушысыз болмайды, бір заң әкімсіз болмайды" дегеніндей, біз де оның ойын •жалғапбылайдейміз:
Мәселен, бір кітап болса, бірақ қарапайым емес. Керемет кітап. Әр сөзінің үстіне ұсақ қаламмен бір кітап жазылған. Әр бір әрпіне майда қаламмен тыянақты түрде бір өлең жазылған. Кереметтігі сондай, жазушысының болмауы әсте мүмкін емес. Сол сияқты, мына әлемнің суретшісінің болмауы ақылға сыйымсыз, әсте мүмкін емес әрі қисынсыз. Неге десеңіз, бұл әлем бір кітап тәрізді. Кітап болғанда қандай кітап десеңізші! Әр бір парағында көптеген кітаптар жазылған. Тіпті әр сөзінде бір кітап бар. Әріптерінің әр қайсысында бір өлең бар. Жер жүзі- бір парақ, онда қаншама кітап бар десеңізші! Ағаш -бір сөз. Ішінде қаншама парақ бар десеңізші! Бір түйір жеміс-бір әріп, бір түйір дән-бір нүкте. Нүкте болғанда қандай нүкте, ішінде зәулім ағаштың програмасы, мазмуны бар.
Міне, мұндай бір кітап; Жәлал мен Жәмал қасиеттеріне ие, асқан қүдрет пен хикмет иесі Зат-ы Зүлжәлалдың құдрет қаламының ғана нақышы болуы мүмкін. Демек, әлемді көре тұра иманға келмеу мүмкін емес. Құдайдан беземін деп мәңгүрт болғандар, тақырыптан тыс.
Сондай-ақ, мысалға бір үйді алайық. Оның ұстасыз салынуы мүмкін емес. Оның үстіне үй; таңғажайып шеберліктермен, ою-өрнектермен, сан-алуан нақыштармен безендірілген, тіпті дуалындағы әрбір тас, бір сарай тәрізді әшекейленген. Ондай сарайдың ұстасыз болуы өте қисынсыз. Ол, міндетті түрде шебер бір ұстаның туындысы. Әсіресе, ол сарайдың бөлмелері кино кадрлары тәрізді сағат сайын түрлі бейнеге еніп, жүйелі түрде бейне бір киім ауыстырғандай, сан қубылады. Тіпті әр перде ашылған сайын сан-алуан кішкене-кішкене бөлмелер жасалады. Сол сияқты, мына әлемге шексіз хикмет иесі, өте ғалым, құдреті күшті уста қажет. Өйткені, мына ұшы-қиыры жоқ әлем; сарай тәрізді. Сарай болғанда қандай сарай, Ай мен Күн оның шамы, жулдыздар шырақтары, уақыт бір лента тәрізді, ол лентаға Зат-ы Зүлжәлал, жыл сайын басқа әлемді іліп назарларға ұсынады. Лентаға асылған әлем, үш жүз алпыс түрлі, көз жауын алатын суреттерден турады. Суреттерді жүйелі түрде, асқан хикметпен сан құбылтуда. Жер жүзін нығмет толы дастарқан бейнесінде жаратқаны сондай, әр көктемде үш жүз мың мақулық түрімен безендіріп отырады. Сан жетпес ихсан түрлерімен көмкеріп, жайнатып қойған. Жайнатып қойғаны сондай, аралас-қуралас күйде болса да асқан реттілікпен, өзгешіліктермен ерекшеленеді. Бұған басқа жақтарын салыстыр...Мұндай сарайдың Үстасын танымай, немқұрайды қарауға бола ма екен?
Һәм, мәселен, ашық аспанда жарқырап Күн тұр. Оның теңіз бетінде және барлық көпіршіктерде әрі жер бетіндегі жалтырақ нәрселерде, сондай-ақ ақша қардың бетінде сәулесі көрініп, шағылыса жарқыраған сәтте Күнді жоққа шығару қаншалықты ақымақтық, ақылсыздык, десеңізші. Себебі, ондай жағдайда бір ғана Күнді жоққа шығару мен мойындамау салдарынан тамшылар, көпіршіктер, қар түйіршіктерінің санындай кішкентай нағыз күндердің бар екендігін мойындауы қажет. Әр бөлшекте, бір атом әрең сыятын әрбір бөлшекте, алып Күннің ақиқатының бар екендігін мойындауға мәжбүр болатыны сияқты, кезекпен, әрдайым хикметті түрде құбылған, жүйелі түрде өзгеріп, жаңарып отырған мына әсем бір әлемді көре тұра, Халиқ-ы Зүлжәләлды әсем ерекшеліктерімен, толық сипаттарымен мойындамау, бекерге шығару әлгіндегіден бетер далалет, ақымақтық, барып тұрған есуастық. Өйткені, кез келген нәрседе тіпті әрбір бөлшекте Улухиеті Мутлақа бар екенін мойындауы тиіс. Неге десеңіз, ауаның әрбір бөлшегі, әр гүл мен жемістерге, әрбір жапыраққа сіңіп, кіріп жұмыс атқарады. Міне, бұл бөлшек, қызметші болмаса, кіріп жұмыс атқара алатын туындылардың құрылыс бейнелерін, суреттерін, құрамын білуі тиіс. Сонда ғана іс атқара алады. Демек, мұндай іс атқару үшін теңіздей білімі, асқан құдіреті болуы қажет. Мәселен, топырақтың әрбір бөлшегі барлық дәнді дақылдар мен тұқымдарға бастау, қайнар көзі бола алады. Егер ол қызметші болмаса, онда оның ішінде өсімдіктер мен ағаштардың санындай мағынауи құрал-жабдықтармен, қондырғыштар болуы тиіс. Және олардың барлық қүрылысын білетін, жасайтын, оларға кигізілген бейнелерді білетін, әшекейлейтін өнер мен құдіреті болуы керек. Будан басқа жаратылыс атаулыны да салыстырып көр. Сонда, барлық нәрсе де ап-анық Уахданиеттің қыруар дәлелдері бар екенін аңғарасың. Иә, бір нәрседен барлық нәрсені жасау, барлық нәрсені бір ғана нәрсе жасау, барлық нәрсені жасай алушыға ғана тән қасиет.
وَ اِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلاَّ يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ
деген атақты бұйрыққа зер сал. Демек, Уахид-ы Әхадты жоққа шығарудың салдарынан қанша болмыс атаулы болса, сонша илаhтарды, құдайларды мойындауға тура келеді.
ЕКІНШІ ИШАРЕТ:
Хикаяда бір Явер-і Әкрем дегеннен әңгіме қозғалды. Онда былай делінген болатын: Көзі бар адам оның нышандарын көріп, ол кісі патшаның әмірімен жүретінін әрі оның өзіндік жеке құлы екенін түсінеді. Міне, ол Явер-і Әкрем дегені, Расул-ы Әкрем болып табылады (С.Р.С.). Рас, муншама әсем бір әлемнің, сондай бір қасиетті Үстасына осындай бір Расул-ы Әкрем, күн қалай сәуле шашпай тұра алмайтын болса, солайша ол да керек-ақ. Себебі: Күннің сәуле шашпауы әсте мүмкін емес. Дәл сол сияқты Улухиеттің де Пайғамбар жіберіп, өзін көрсетпеуі әсте мүмкін емес.
Һәм, шексіз бір жәмал; өзін көрсетуші, таныстырушы арқылы көрінгісі келмеуі әсте мүмкін бе?
Һәм, өте жәмал әрі асқан шеберлік; назарларды оған аударушы бір делдал арқылы көрмеге шыққысы келмеуі, көрінуді қаламауы әсте мүмкін бе? Һәм, жаппай Рубубиеттің ұшы-қиырсыз салтанаты; жалпыға ортақ әрі жеке түрде өзінің Уахданиет және Самеданиетін; қос қанатты өкіл арқылы жар салынуын қаламауы мүмкін бе? Яғни Ол өкіл, өзінің ауқымды құлдығы жағымен кесрет қабатының Иләhи елшісі болуымен қатар қурбиет (жақындық) әрі елшілік жағымен де кесрет қабатының Иләhи жауапты қызметкері болып табылады.
Һәм, шексіз дәрежедегі әсемдік атаулынын иесі, өзінің жәмалының әсемдіктерін, көркінің нәзік жақтарын көргісі, көрсеткісі келмеуі әсте мүмкін бе? Яғни, сондай бір сүйікті расул арқылы көрінбеуі мүмкін бе? Ал, ол расул hәм сүйкімді, hәм өзін құлдығымен сүйсіндіреді, айна қызметін атқарады. Һәм бір жағынан расул Оны мақұлықтарға сүйгізеді. Оның әсем есімдерін көрсетеді.
Һәм, таңғажайып мүғжизелер және ғажап әрі құнды нәрселерге толы қазыналардың иесі; өзі ғауhаршы, әрі хабаршы бірісі арқылы халықтың назарына усыну жайып салу арқылы өзінің құпия әсемдіктерін баяндағысы келмеуі, қаламауы әсте мүмкін бе?
Һәм, бул әлемді өзінің есімдерінің абырой даңқын білдіретін туындылармен әшекейлеп, тамашалау үшін таңғажайып, нәзік шебер өнерлерімен безендірілген бір сарайға ұқсатып, оған бір таныстырушы мұғалім тағайындамауы әсте мүмкін бе?
Һәм, бұл әлемнің иесі, мына әлемнің құбылысындағы мақсат пен мурат не екенін хабаршы арқылы білдірмеуі және құпия сырын, hәм болмыс атаулының „Қайдан, Қайда, Кімсің" деген үш мүшкіл сауалының жауабын бір елші арқылы бермеуі әсте мүмкін бе?
Һәм, мына әсем болмыстар мен саналыларға таныстырған әрі баға жетпес нығметтерімен өзін сүйсіндірген Сани-й Зүлжелал; жасаған жақсылықтарына қарсы өзінің талап-тілегін, не қалайтынын бір елші арқылы білдірмеуі әсте мүмкін бе?
Һәм, адам баласын, санасымен көпшілікке құштар; ал, бейімділік жағынан ауқымды терең құлдық жасауға сай түрде жаратып, жетекші бір мұғалім арқылы оларды кесреттен уахдетке, яғни көп нәрсеге емес бір Аллаhқа бағыттауды қаламауы әсте мүмкін бе? Тағы бұл сияқты пайғамбарлықтың міндеттері бар. Ол міндеттер Улухиеттің елші жібермеуі қисынсыз екенін анық түрде дәлелдейді.
Енді, тарихқа зер салайық. Апырмай, әлемде Мұхаммеди Араби Ғалейhиссалату Уәссәламнан артық, жоғарыда аталған міндеттер мен ерекшеліктерге ие, әлдеқайда қабілетті әрі қасиетті кім болған? Елшілік мәртебесіне, оны жеткізу, жаю міндетіне одан артық, өте лайық, әрі үстем біреу болғанын заман көрсете ала ма? Жо-жоқ, мүмкін емес. Ол-барлық пайғамбарлардың мырзасы, барлық елшілердің имамы, барлық асфияның басшысы, барлық муқаррабиннен де жақын, барлық мақұлықтардың аса қадірлісі, барлық муршидтердің султаны.
Иө, шыншылдардың бірлесе мақулдағанына сүйене отырып, шаққы Қамәр және саусақтарынан су ағуы сияқты мыңдаған мүғжизелермен және қисапсыз пайғамбарлығын растайтын дәлелдерден басқа Құран-ы Азимушшан секілді ақиқат теңізі, қырық жағынан мүғжизе болған әлгі мүғжизелердің мүғжизесі, оның пайғамбар екендігін ап-анық көрсетуге толық жетеді. Басқа еңбектерімде, әсіресе "Жиырма бесінші Сөзде" Құраннын қырыққа жақын ижаз жақтары баяндалған болатын. Соған сілтеп бул жерде қысқартып отырмыз.
ҮШІНШІ ИШАРЕТ:
Бұл алып дүние оның іс-әрекеттерін сұраққа тарту үшін жабылып, басқа бір әлем ашылатындай, мына кіп-кішкене адамның қандай маңызы бар?-деген ой келмесін. Себебі: Мына кіп-кішкене адам, жаратылысының ауқымды күрделілігімен бұл болмыс атаулының басұстасы, Илахи Салтанаттың жаршысы, ауқымды құлдык, жасай алатындықтан маңызды ролі бар. Қып-қысқа өмірде қалайша мәңгі азап шегуге лайық болады деген ой тағы келмесін. Өйткені, күфүр мына Самедани хаттар дәрежесіндегі және құндылығындағы әлемді мағынасыз, себепсіз, жәй бір сатыға түсіргендіктен, бір жағынан бүкіл әлемнің намысын таптау, бір жағынан осы болмыс атаулыда шағылыстары мен нақыштары көрінген барлық Илахи қасиетті есімдерді жоққа шығарып, мойындамау, сондай-ақ, Аллаhу Тағаланың хақтығы мен турашылдығын көрсететін шексіз күллі дәлелдерін бекерге шығару болғандықтан, соңсыз ауыр қылмыс болып саналады. Соңсыз ауыр қылмысқа соңсыз азап тиісті.
ТӨРТШШІ ИШАРЕТ:
Жоғарыдағы хикаяда, аты шулы бір патшаның әсем де уақытша құрылған қонақжәйі сияқты бір елі болсын да, тұрақты және айбындылығына сай, Үлы салтанатына сәйкес басқа бір мәңгілік елі болмауы мүмкін еместігін он екі сурет арқылы көрдік. Сол сияқты мына фәни әлемнің мәңгі Халиқы, мұны жаратсын да, мәңгі бақи бір әлемді жаратпауы әсте мүмкін бе? Һәм, мына көркем әрі баянсыз әлемнің мәңгілік Саниы мұны жаратып, ал басқа тұрақты да әрдайымғы бір әлемді жаратпауы мүмкін емес. Көрме және өмтихан алаңы және егіс алқабы тәріздес мына дүниенің Хаким, Қадир, Рахим болған Фатыры, оны жаратып, ал оның көздеген барлық мақсаттарына сәйкес ахирет мекенін жаратпауы мүмкін емес. Бұл ақиқатқа „Он екі қақпа" арқылы кіріледі. Ол қақпалар „Он екі ақиқат" арқылы ашылады. Ең қысқа әрі қарапайымынан бастаймыз,
БІРІНШІ АҚИҚАТ:
Рабби есімінің шағылысы болған Салтанат пен Рубубиет кақпасы.
Рубубиеттің ісімен Улухиеттің салтанаты, әсіресе мына сияқты әлемді өзінің кемелдіктерін көрсету үшін, өте жоғары мақсаттар, жоғары талаптар қойып жаратып; Оның талап-тілектеріне орай, иман және құлдық ету арқылы әрекет еткен мү'миндерге сый-сыяпаты болмауы, ал ол мақсаттарға қарсы шығып, беделін түсірген әхли далалетке жазасы болмауы әсте мүмкін бе?
ЕКІНШІ АҚИҚАТ:
Керем мен Рақымдылық есімдерінің шағылысуы Рахмет пен Керем қақпасы болып табылады.
Жаратқан туындыларымен шексіз жомарт, орасан рахмет және асқан абырой, соңсыз қайрат иесі болған мына әлемнің Раббы, жомарттығы мен рахметіне лайық сыяпат, абырой мен қайратына сәйкес жаза бермеуі әсте мүмкін емес. Иә, мына дүниенің судай аққан құбылысына көз тастап көрейікші: өте әлсіз, тым дәрменсізден бастап (Сілтеме)(6) сонау ең күшті қуаттыға дейін әрбір жан-жануарға лайық ризық берілуде.
(6)(Сілтеме): *Адал азық, кушпен келмейтініне, керісінше қажеттілік салдарынан берілетініне, бултартпас дәлел мынау: Әлсіз сәбилердің керемет қоректенуі, hәм ақымақ аңқау балықтардың семіз келетіні, ал зерек, қу түлкі мен маймылдардың пішіні күн көрудің қамын жеп арық келетіні. Демек азық, күш және ерікпен кері пропорционал. Негурлым өзінің күш-қуатына, еркіне сүйенсе, согүрлым қоректенудің қамын жейді, қиындық көреді.
Ең әлсіз, өте дәрменсізге ең күшті азық берілуде. hәр мақұлыққа күтпеген жерден дәрмен жеткізуде. Өте қайырымды, жомарт сый-сыяпат, жарылқаулар жасалатыны сондай, аса жомарт бір қолдың атқарғандығын анық түрде көрсетеді.
Мәселен, көктем кезінде жәннәт хор қыздары тәрізді ағаштарға жібектей көйлектер кигізіп, гүл-шешек, жемістерді әшекейлермен безендіріп, қызметші жасап, олардың нәзік қолдары-бүтақтарымен сан-алуан дәмді әрі шебер жасалған жемістерін бізге ұсыну. Һәм, улы бір жәндіктің қолымен шипалы да тәтті бал жегізу, hәм, әсем де жұмсақ көйлекті, қолы жоқ бір жәндіктің қолымен бізге кигізу, hәм біз үшін рахметтің мол қазынасын шағын бір дәннің ішінде сақтау, міне, бұл қаншалықты жәмил бар жомарт керем, қаншалықты нәзік бір рахмет қол таңбасы екені айдан анық белгілі.
Һәм, адам және кейбір жануарлардан басқа Күн, Ай, жер жиhаннан бастап, сонау кіп-кішкене мақұлыққа дейін барша нәрсе мүқият түрде міндет атқарулары, сәл де болсын шектен тыс аспауы; айбынды айбаттың қол астында бірдей мойынсунғандарын, алып бір жәлал, абырой иесінің әміріне әрекет еткендерін білдіреді. Сондай-ак,, өсімдіктің болсын, хайуанның болсын, адам баласының болсын аналары арқылы әлгі әлсіз әрі дәрменсіз балаларын рақымды түрде (Сілтеме)(7) сүт сияқты нәзік қоректік заттармен өсіп-өніп тәрбиеленуі, қаншалықты ауқымды мол рахметтің шағылысы іс атқарғанын анық түрде көрсетуде.
(7)(Сілтеме): * Иә, аш арыстанның, элсіз күшігін өзінен устеи санап, тапқан етін жемей кушігіне әкеліп беруі; hәм сужурек тауық балапанын қорғаштап ит пен арыстанға шабуыл жасауы; hәм інжір ағашы өзі шалшык, су ішіп, жеиісіне таза сут беруі анық турде шексіз Рахим, Кәрим, Шефик біреудің атымен әрекет еткендерін соқыр еместерге көрсөт/п отыр. Рас, өсімдіктер мен жануарлар сияқты санасы жоқ иақулықтардың өте саналы түрде, хикмет толы істерді атқарулары; өте ғалым, Хаким біреудің бар екендігін, оларды атқарып отырғандығын ап-анық көрсетеді. Олар, оның атымен іс атқарады.
Бұл әлемнің билеушісінің мұнша шексіз жомарттығы, мұнша соңсыз рахметі, мұнша ұшан-теңіз жәлал мен абыройы бар екені рас болса, онда әлгі ұшан-теңіз жәлал мен абырой, әдепсіздердің тәртіпке салынуын қалайды. Ал, шексіз жомарттық болса, шексіз сыйға бөлеуді қалайды. Үшы қиырсыз рахмет болса, өзіне лайық жарылқау болғанын қалайды. Алайда мына фәни дүниеге, қысқа өмірге, олардың теңізден бір тамшы сияқты миллионнан бір ғана мөлшері сыйып, шағылысуда. Демек, ол асқан жомарттыққа, сол рахметке,сәйкес бір бақыт жері ашылады. Әйтпесе, әлемді жарыққа бөлеп тұрған Күнді жоққа шығаруға тура келеді. Өйткені, қайтып келмеске қоштасу мейрімділікті қайғыға, сүйіспеншілікті өкінішке, нығметті ауыр азапқа, ал ақылды мазалаушы аспапқа, ләззатты уайымға айналдырып жібереді. Осылайша рахмет ақиқатының өшіп қалуы керек. Һәм әлгі Жәлал мен Иззетке сай жазалау орны ашылады. Өйткені, көбінесе залым абыроймен, жәбірленуші қорлықпен бұл жерден көшіп барады. Демек, бұл істер Махкеме-и Күбраға қалып, кейінге қалдырылып жатыр. Әйтпесе қараусыз қалып жатқан жоқ. Кейде дүниенің өзінде жазаға тартылады. Өткен ғасырларда із қалдырған, қыршын да қырсық қауымдардың бастарына келген азаптар, адам баласының бостан еместігін, әрдайым жәлал мен қайраттың соқпағына ушырап отыратынын көрсетеді. Адамның болмыс атаулыдан салыстырғанда маңызда міндеті, күрделі бейімділігі болып, және оның Раббы оған мұншама керемет туындыларымен өзін таныттырса, жауап ретінде адам иман етіп, оны танымаса... Һәм мұншама рахметінің балдай тәтті миуаларымен өзін сүйсіндірсе, жауап ретінде адам гибадет арқылы Оны сүйсіндірмесе... Һәм мұншама сан-алуан нығметтерімен өзінің сүйіспеншілігі мен рахметін көрсетсе, жауап ретінде адам, шүкір және хамд арқылы Оны қурметтемесе; жазаға тартылмауы әсте мүмкін бе? Бостан жүруі, әлгі иззет пен қайрат иесі Зат-ы Зүлжәлалдың бір жазалау орнын дайындамауы мүлдем мүмкін бе? Ондай Рахмән-ы Рахим өзін таныттырған кезде, иман келтіріп танып, сүйсіндірген кезде ғибадет арқылы сүйсініп әрі сүйсіндіріп, рахметін бөлеген кезде шүкір ету арқылы жауап берген мү'миндерге арнайы бір сыйға бөлеу орнын, сондай-ақ, мәңгі бақыт жерін ашпауы әсте мүмкін бе?
ҮШІНШІ АҚИҚАТ:
Хикмет пен Әділет бабы. Бұл Хаким және Әділ есімдерінің шағылысы.
Молекулалардан бастап Күнге дейін жайылып жатқан хикмет, тәртіп, әділет, жүйе арқылы өзінің салтанатын көрсеткен Зат-ы Зүлжәлал, Рубубиетінің қол астына тығылған, хикметі мен әділдігіне иман арқылы, құлдық ұру арқылы орынды әрекет жасаған мү'миндерді қуанышқа бөлемеуі, еркелетпеуі әсте мүкін бе? (Сілтеме)(8) Сондай-ақ, әлгі хикмет пен әділдікке, күпірлік пен азғындық арқылы қарсы шыққан әдепсіздерді тәртіпке салмауы әсте мүмкін бе? Алайда, мына баянсыз дүниеде, адамдар арасында ол хикмет пен әділетке лайық істердің мыңнан бірі іске асып отырған жоқ, кейінге қалуда. Әхли далалеттің көбі, жазаға тартылмай, әхли хидаеттің көбі ақысын алмастан бұл жерден көшіп барады. Демек, бір Махкеме-и Күбраға, сөз жетпес басқа бақыт жеріне қалуда.
(8)(Сілтеме): Рас,осы бір "әсте мүмкін бе?" сөзі көп қайталанып отыр. Неге десеңіздер, маңызды сыры бар. Жалпы күпір мен далалет көбінесе истиб'адтан келеді. Яғни, ақылға сыйьшсыз, жөнсіздік деп, жоққа шығарады. Міне, осы хашир кітабында нағыз жөнсіздік, тура бекершілік, ақылға сыймастық пен қисынсыздық, тіпті түғырыққа тірейтін мүшкілдер, күпірліктің дәл өзінде екендігін, ал нағыз мүмкіндік, тура қисын, тіпті сөзсіз жеңілдік; имандылық пен Исләмиеттің кең арнасында.
Сонымен әхли пәлсәпә истиб'ад етіп Қүдайдан безеді. Бүл кітап истиб' кімнің тарапында екенін сол сөзбен көрсетеді. Олардың ауыздарына қум қүяды.
Иә, мына әлемнің билеушісі, шексіз хикметпен іс атқарғаны көрініп тұр. Айғақ керек деймісің? Барлық нәрсе де бір пайда, бір себеп бар. Өзің де білесің, адамның барлық мүшелерінде, сүйектер мен тамырларында, тіпті денедегі клеткаларда, барлық жерде, түкпір-түкпірінде пайдалар мен хикметтер бар. Тіпті кейбір мүше, ағаш тәрізді, ағашта қанша жемістер болса, әлгі мүшеге де сонша хикметтер мен пайдалар жаратуы; асқан хикметті бір қол жасаранын көрсетеді. Сондай-ақ, барлық нәрсенің жасалуындағы өнерде шексіз түрде реттіліктің болуы; шексіз бір хикметті іс атқарылғанын көсетеді.
Иә, әдемі бір гүлдің шебер программасын кіп-кішкене тұқымда орналастыру; зәулім ағаштың амал дәптерін, өмірбаянын, жиhаздар тізімін кіп-кішкене дәнінде мағынауи тағдыр қаламымен жазу; міне бүлар, шексіз хикметті бір қаламның іс атқарғанын көрсетеді.
Һәм әр нәрсенің жаратылысында асқан шеберлік; өте дана хаким бір устаның нақышы екендігін көрсетеді. Иә, мына шап-шағын адам болмысына бүкіл әлемнің мазмұнын, рахметінің барлық қазынасының кілттерін, барлық есімдерінің айналарын орналастыру; асқан шеберлікті әрі мол хикметті көрсетеді.
Ал енді, мұндай Рубубиеттің басқарма істерінде билігін жүргізген хикмет; сол Рубубиеттің қанатының астына тығылған және иман арқылы мойынсұнғандардың көңілін жайлағысы келмеуі, мәңгілік қуанышқа бөлемеуі әсте мүмкін бе?
hәм, әлемде әділдік және өлшеммен іс атқарылғанына айғақ көрсет деймісің? Болмыс атаулыға дәл мөлшерде, өзіндік өлшемдермен дене, түр беру, тиісті орнына орналыстыру міне бүлар асқан әділдікпен, өлшемді түрде іс атқарылғанын көрсетеді.
hәм, ақы иесі әр нәрсеге қабілетіне қарай ақысын беру, яғни тіршілігіне қажетті барлық заттарды, өмір сүру үшін қажет жиhаздарын тиімді түрде беру; шексіз түрде әділдікті көрсетеді.
hәм, бейімділік тілімен сұралған, қалаулы әр нәрсені еш бірісін жауапсыз қалдырмай әрдайым жауап беру; шексіз дәреже әділдік пен асқан хикметті көрсетеді.
Енді, мұндай кіп-кішкене бір мақүлықтың, өте қарапайым қажеттілігін қамтамасыз еткен әділет пен хикмет; адам сияқты ең үлкен мақұлықтың мәңгілік сияқты ең үлкен талабын орындамай, құлақ аспауы, өте маңызды өтінішіне, қажетті тілегіне жауап бермеуі, Рубубиетінің айбындылығын, қулдарының намысын қорғай отырып сақтап қалмауы; әсте мүмкін бе?Алайда, мына фәни дүниеде қысқа өмір сүретін адам болмысы, ондай әділеттің ақиқатын толық көре алмайды, көре алмауда. Олай болса, Махкеме-и Күбраға қалып барады. Өйткені нағыз әділет; мына кіп-кішкене адамның кішкентайлығына қарай емес, керісінше қылмысының үлкендігіне, оның мағынасына, жүктелген жауапкершілігіне, маңыздылығына қарай я құрмет, я жазаға тартуды талап етеді. Рас, мына баянсыз, фәни дүние, мәңгі тіршілік үшін жаратылған адам тұрғысында ондай әділет пен хикметтің іске асуына оңтайлы жер емес. Олай болса, міндетті түрде өте әділ Зат-ы Жәлил-і Зүлжәлалдың, және Хаким болған ол Зат-ы Жәмил-і Зүлжәлалдың мәңгі жәhәннамы әрі таусылмас жәннаты бар.
ТӨРТІНШІ АҚИҚАТ:
Жуд пен Жәмал есімінің шағылысы. Аса жомарттық пен қайрымдылық, сарқылмас байлық пен бітпес қазыналар, теңдесі жоқ таусылмас жәмал, кемшіліксіз мәңгі кәмал; мәңгі бақыт және қонақ жайда мәңгі қалғысы келетін, мүқтаж шүкір етушілерді, ынтық айна қызметін атқарушыларды, таңқалар көрермендерді қаламауы әсте мүмкін бе? Рас, дүниені мұншама әсем туындыларымен безендіру, Ай мен Күнді шам шырақ жасау, жер жүзін нығмет толы дастақанға айналдырып, тағамдардың ең әдемі түрлерімен құлпырту, жемісті ағаштарды қазан тәрізді әрбір маусымда бірнеше рет жаңаландыру; міне бұл істер, асқан жомарттық пен қайрымдылықты көрсетеді. Ал, мундай шексіз жомарттық пен қайырымдылық; іші тола бітпес қазыналар, рахметтер, мәңгі әрі қалаулы нәрселер бар бір қонақжай, және бақыт сарайларын қажет етеді. Аяқталу мен қоштасу, оларды қайғыға салмауы үшін міндетті түрде әлгі қонақ астан ләззат алғандардың сол бақыт сарайларында одан әрі жалғастырып мәңгі қалуларын керектіреді. Өйткені қайғының соңы ләззат. Сондықтан мұндай қайрымдылық; қайғыға салғысы келмейді. Демек, оның мәңгі жәннаты; ішінде қалатын мәңгі мұқтаждарды қалайды. Себебі, шексіз жомарттық пен қайрымдылық, шексіз түрде жарылқағысы, әрі нығметке бөлегісі, ихсан еткісі келеді. Шексіз ихсан мен нығметке бөлеу болса шексіз қарыздар және нығметке бөленетіндерді қажет етеді. Бул болса, жарылқаушының мәңгі бар болғанын қалайды. Неге десеңіздер, мәңгі түрде мейрімге мәңгі түрде бөлене отырып, әлгі шексіз мейрімге бөлеуге деген өзінің шүкір ететінін, қарыздар екенін білдірсін. Әйтпесе аяқталудың нәтижесінде ащы болып кететін азғантай ләззат алу, қысқа мерзімдік болғандықтан әлгіндей байлық пен жомарттықтың талабына сай келмейді.
Сондай-ақ, Аллаhтың өнер туындыларының көрмесі, мына әлемге назарыңды сал. Жер бетінде тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарладың қолдарындағы Раббани жарнамаларға зер сал. (Сілтеме)(9) Рубубиеттің әсемдіктерін жар салушы пайғамбарлар мен әулиелерге қулағыңды түр. Бәрі де Сани-ы Зүлжәлалдың нұқсансыз кемелдігін, оның таңғажайып туындылары арқылы көрсетіп жатыр, назарларды өзіне аударуда.
(9)(Сілтеие): Иә, кеуіп қалған бір ағаштың басындағы жіңішке бүтағында өте эсем әрі керемет бір гүл және өте шебер жасалған бір жеміс тур. Сәзсіз түрде ол, асқан шебер, мүғжизе көрсететін әрі дана бір Үстаның әсем туындыларын саналыларға оқытқызатын бір жарнама болып табылады. Міне, өсімдіктердің орнына жануарларды қойып салыстыр...
Демек, мына әлемнің Саниының өте маңызды да таңқаларлық құпия кәмалдары бар. Мына керемет өнерімен оларды көрсеткісі келеді. Неге десеңіз, құпия әрі нұқсансыз кемалат болса, қадірлеуші, ұнатушы „Машаллаh" деп тамашалаушылардың көзіне түскісі келеді. Мәңгілік кемалат болса, мәңгі бақи көрінуді қалайды. Ол болса, қадірлеп, унатушылардың әрдайым болғандарын қалайды. Жалғасы жоқ, өткінші нәрселердің ұнатушы алдында қанша сұлу болса да қадірі жоқ. (Сілтеме)(10)
(10)(Сілтеме): *Рас, кең тараған бір мәтел сөз бар. Бірде әлем аруы өзіне ғашық қарапайым бір адамды менсінбей, көңілін қайтарады. Әлгі адам өзін жубату үшін „Ту, неткен үсқынсыз еді,"-деп, арудың сулулығын жоққа шығарған екен.
hәм, бірде бір аю, балдай тәтті жүзім ағашын көреді. Жемісін ала қояйын десе, бойы жетпейді. Бүтағына да шыға алмайды. Қайтіп қалған көңілін демеу үшін өзіне тән тілімен: Неткен қышқыл еді" дейді де қуйрығын былғап кете берген екен...
Сондай-ақ, әлемге жайып тасталған мына әсем де шебер, өнерлі де жарқын сұлу болмыс атаулы: Жарық Күнді білдіретіні сияқты теңдесі жоқ мағынауи бір жөмалдьң әсемдігін білдіреді, ештеңеге ұқсамайтын әдемілігінің нәзіктігін аңғартады. (Сілтеме)(11)
(11)(Сілтеме): Айна тәріздес болмыстың кезекпен кезек көзден таса болып жоғалулары, артынан келгендердің бетінде, үстінде дәл сол әсемдік пен жәмалдың шағылысуы, жәмалдың оның өзінде еместігін, ол жәмалдар; асқан сулу, әсемдердің әсемі бір Жәмал-ы Муқаддистің аяттары және нышандары екендігін көрсетеді.
Мундай теңдесі жоқ пәк сұлулық пен әсемдік, әлгі қасиетті жәмалдың сәулесінен шағылысып тұрғандығын, ягни есімдерде, тіпті әрбір есімде өте құпия қазыналар, қорлар бар екендігін көрсетеді.
Міне, мұншалықты атақты жоғары дәрежелі, теңдесі жоқ құпия жәмал, өзінің әсемдігін айнада көргісі келеді және сұлулығының қаншалықты екенін оның дәрежесін, жәмалының мөлшерін, саналы да құштар айналарда көргісі келеді. Сол сияқты басқалардың көзімен де тағы сол сүйікті жәмалына қарау үшін, көрінгісі де келеді. Демек, өз жәмалын екі түрлі тамашалау: бірі, әрқайсысы сан алуан түрлі айналарда өзі тамашалау; екіншісі, құштар көрермендер мен таңданған ұнатушылардың назарымен көз салғысы келеді. Демек, әсемдік пен жәмал, көргісі әрі көрінгісі келеді. Көру мен көріну болса,құштар көрермен, таңданған ұнатушының бар болғанын қалайды. Әсемдік пен жәмал соңсыз болғандықтарынан, құштарлардың да әрдайым болғанын қалайды. Өйткені мәңгі жәмал, өткінші қуштарға разы болмайды. Себебі, қайтып келмеске кететін бір көрермен қайтатынын ойлау арқылы бойындағы сүйіспеншілігі қастандыққа айналады. Таңданғаны менсінбеуге, сыйлауы сөгуге айнала бастайды. Неге десеңіз, өзімшіл адам, білмейтін нәрсесіне жаны қас келетіні сияқты, қолы жетпеген нәрсесіне дұшпан. Алайда, шексіз махаббат, баршаға ұнап өзіне ынтықтыратын бір сұлулыққа келгенде астыртын қастандық, ыза әрі жоққа шығару арқылы тепкі көрсетеді.
Міне, кәпір неліктен Аллаhтың дұшпаны болатыны осы сырдан түсінікті болды.
Иә, әлгі шексіз қайырымды жомарттық, манағы әсем жәмал, сол бір кемшіліксіз кемалат, мәңгілік алғыс білдірушілерді, құмарларды, унатушыларды керек етеді. Алайда, мына қонақжай дүниеде әр нәрсе тез келіп, жылдам көзден таса болуда. Әлгі жомарттықтын жарылқауын азғана дәмін татып, тәбеті ашылады да бірақ жемейді кетіп қалады. Тіпті, манағы жәмал мен кәмалдың көркіне, оның көмескі көлеңкесіне бір сәт қарап, тоймастан кетіп жатыр. Демек, мәңгілік серуенжайға бет алуда. Қорытынды: мына әлем барлық болмысымен Сани-ы Зүлжәлалра толық дәлел болғаны сияқты, Сани-ы Зүлжәлелдың да сипаты мен ұлы есімдері ахирет жәйінің бар екеніне толық дәлел болып, оны көрсетеді әрі керек етеді.
БЕСІНШІ АҚИҚАТ:
Мужиб әрі Рахим есімдерінің шағылысы болған Мейірім мен Мұхаммедтің (Р.С.М.) құлдығының бабы яғни қақпасы.
Өте қарапайым бір мақұлығының өте қарапайым қажеттілігін көріп, асқан мейірімділікпен күтпеген жерінен қамтамасыз еткен және көзге көрінбейтін мақұлығының құлаққа естілмейтін даусын естіп медет берген хал-күйімен, сөзбенен сұралған әр нәрсеге жауап берген шексіз мейірім мен қамқорлық иесі- Раб, өзінің ең үлкен құлының, (Сілтеме)(12) ең сүйікті мақүлығының маңызды қажеттілігін көріп, қамтамасыз етпеуі, орындамауы, мәнісі зор дуғаны естіп қабыл алмауы әсте мүмкін бе?
(12)(Сілтеме) Рас, мың үш жүз елу жыл бойы салтанат қүрған, күні бүгінге дейін жалғасып келген, кезеңінде жалпы есеппен злғанда үш жүз елу миллионнан астам бас июшілері болған, күн сайын барлық бас июшілер онымен бір теждид-и биат еткен жэне оның кемалатына куәгерлік етіп, өте мүләйіммен әмірлеріне мойынсүнған және жердің жартысы, адамзаттың бестен бірі әлгі кісінің нүрына бөленген, ягни оның мағынауи шуағынан әсер алып нүрланса және ол кісі олардың жүректерінің сүйіктісі, рухтарының тәрбиешісі болса, әлбетте ол кісі мына элемді басқарған Раббының ең үлкен қулы болып табылады. Сондай-ақ әлемнің көптеген бөлшектері, әлгі кісінің мүғжизе миуаларына айналып оның міндетін, қызметін қолпаштаса, әлбетте ол кісі мына әлемнің Жаратушысының ең сүйікті мақүлығы болып табылады. Һәм, барлық адамзат барлық қабілетімен, жан-тәнімен қалаған „мәңгілік" сияқты бір қажеттілік адам баласын әсфәлі сафилиннен алай-ы илиине шығарады. Әрине, мүндай қажеттілік өте маңызды қажеттілік. Сонымен „мәңгілік" сияқты қажеттілікті өте маңызды бір қул жалпының атынан шығып Қади-үл Хажаттан өтінеді.
Иә, мысалдағы жануарлардың дәрменсіздеріне, төлдерінің өсіп жетілуіндегі қамқорлық пен жеңілдікке қараңыз. Бұл бізге мына әлемнің иесі, шексіз Рахметпен Рубубиет жасайтындығын көрсетеді. Рубубиетінде жасалған мұндай қамқорлық; мақұлықтардың ең абыройлысының өте керемет дұғасын қабыл алмауы әсте мүмкін бе? Бұл ақиқатты Он тоғызыншы Сөзде түсіндірген болатынмын, орайы келген соң қайталай кетейін.
Әй, нәпсіммен бірге мені тыңдаған достым! Тәмсіли хикаяда былай деген болатынбыз: Анау бір аралда жиналыс бар...Бір Явер-і Әкрәм жарлық оқып тұр. Бұл жерде мегзеп отырған ақиқат мынау: Кел, осы заманнан шығып, пікірге мініп Ғасыр-ы Сағадетке, қиялды ерттеп Арабстан шөлейттеріне барамыз. Сонда Расул-ы Әкрәмді (Ғаләйhиссалату Уәссәлам) міндет атқару үстінде, құлдық ұрып жатқанын көріп, зиярат етеміз. Қараңыз, Ол; пайғамбарлығымен, хидаетімен мәңгі бақыттын орнауына басты себеп болды, әрі оған бөленуге ұйытқы болды, сол сияқты өзінің құлдығымен, дұғасымен әлгі бақыттың бар болуына себеп әрі жәннаттың жаратылуына себеп болды.
Міне, қара! Ол, Үлы бір намазда, бір қасиетті құлшылығында, мәңгі бақыт үшін дұға етіп жатқаны сондай, бейне бір мына арал, тіпті жер шары оның үлкен намазымен намаз оқиды, жалбарынады. Өйткені, оның құлшылығы; оған тәуелді болған үмбетінің құлшылығын қамтығаны сияқты, табысқа жету сырымен Пайғамбарлардың құлшылық сырын қамтиды. Һәм, Ол, Үлы намазын үлкен жамағат ішінде оқып, қатты жалбарынатыны сондай, бейне бір адамзатты Адам атадан осы ғасырға дейінгі, тіпті қиямет қайымға дейінгі нүрлы да кәміл адамдар оның ізінен еріп, тәуелді болып жасаған дұғасына "амин"дейді. (Сілтеме)(13)
(13)(Сілтеме): Рас, Ардақты пайеамбарымыздың мінэжатынан бастап қазірге дейін барлық үмбеттің бүкіл салауаттары, оның дүғасына мәңгілік амин әрі ортақтасу болып табылады. Тіпті оған арнап жасалған әр бір салауат, оның дүғасына амин, сондай-ақ, үмбетінің зр қайсысы әр намазда оған арнап салауат пен сәлам етуі, және Шәфилердің қаметтен соң оған арнап дүға оқуы; оның мәңгі бақыт тілеп жасаған дүғасын растайтын қуатты да жалпыға ортақ бір амин. Міне, барлық адамзаттың адамзаттық жаратылыс тілімен, хал тілімен, жан тәнімен қалаған "мәңгілік" пен "соңсыз бақыт" дейтің арманды, бүкіл адамзат атына Ардақты пайғамбарымыз Зат-ы Ахмәдие (Ғ.С.М.) сүрауда, адамзаттың да нүрлы бөлігі оның артына сап түзеп амин деуде. Апырым-ай, мүндай дуғаның қабыл болмауы әсте мүмкін бе?
Назарыңды сал, hәм "мәңгілік" сияқты жалпының арманын қалап дұға етуде. Ол дұғаға тек жер шары тұрғындары емес, аспан тұрғындары тіпті болмыс атаулы, бәрі-бәрі, оның жалбарынған ниязына қосылып хал тілдерімен: "Шіркін... Я Раббенә! Бер, тілеуін бер! Қабыл ал, біздіи де қалауымыз сол!" деп жатыр.
Һәм, зер сал! Күңірене, сүйсіне, құмарлана, инабатты түрде мәңгілік бақыт қалап жалбарынып жатыр. Қалай жалбарынады десеңізші! Бүкіл әлемді қосыла жылатып, дұғасына қатыстырып отыр.
Һәм қара, алдына мақсат қылып, армандап, бақыт тілеп дұға еткені сондай, ол тілегі адам баласын және мақұлық атаулыны әсфел-і сафилин болған сөзсіз жойылудан, азғындықтан, қадірі жоқ пайдасыздықтан, түкке тұрғысыздықтан алып ала-й иллиин болған қадірлі, мәңгі, маңызды міндет жүктелген Самедани хат тәрізді жоғары мәртебеге шығаруда. Һәм қара, жалбарына медет сұрай және тәтті өтініш ниязбен жалбарынғаны сондай, оны барлық болмыс, аспан, ғарыш естіп, толқып тасып дұғасына қосылып „Амин, Аллаhуммә амин" дегізіп отыр. (Сілтеме)(14)
(14)(Сілтеме): Ия, мына әлемнің билеушісі, оның билігі ап-ашық саналы, білімді, хикметті екені белгілі; олай болса оның өз жаратқандары ішіндегі ең таңдаулы бір түлғачың іс-әрекетін білмеуі, түсінбеуі әсте мүмкін бе? Әрі сондай-ақ, Ол Мутассарыф-ы Алим, әлгі парасатты тулғаның іс-әрекетінен, дүғаларынан хабардар бола тура, оған мән бермеуі,
Мутассарыф-ы Қадир-ы Рахим, оның дуғаларына селқос болмай, алаңдап, әлгі дуғаларды қабыл алмауы әсте мүмкін емес.
Иә, Зат-ы Ахмедиенің (Ғ.С.М.) нүрымен әлемнің өңі өзгерді. Адамның, тіпті бүкіл әлемнің мәнісі не екендігі анықталып, біліне бастады. Яғни, олардың мәнісі, Аллаhтың есімдерін оқытқан Самедани хаттар екендігі, міндет щктелген қызметші, мәңгі жасаушы, қадірлі де көз тартар болмыс екендіктері белгілі болды. Егер әлгі Нур болған болса, болмыс атаулы жойылуға душар, қадірі жоқ, мағынасыз, пайдасыз, әбес, түкке түрғысыз, астан-кестен кездейсоқтықтың ойыншығы болып, уайым-қайғы ішінде қалар еді. Міне осыдан барып, адамзат, Зат-ы Ахмедиенің (Ғ.С.М.) дүғасына амин дегендері сияқты, аспан мен ғарыш, Жер, атомнан бастап планеталарға дейін барлық болмыс атаулы, Оның нурымен шаттанып, байланыстылығын көрсетеді. Онсыз да Ахмедің қулдығының (Г.С.М.) рухы, дүға болып табылады. Тек ол емес-ау, бүкіл әлемнің қозғалысы мен атқарған қызметтері бір жағынан дүға. Мәселен; бір дәннің іс-қимылы, оның өз Жаратқанынан ағаш болуын сурап, жасаған дүғасы болып табылады.
Қара, сондай бір Сәми, Кәрім бір Қадирден, сондай бір Басир және бір Алимнен бақыт пен мәңгілік тілейді, ол сөзсіз түрде құпия бір тіршілік иесінің өте құпия талабын, өте жеңіл бір ниязын көреді, естиді, қабыл алады, жаны ашиды. Хал тілімен болса да жауап береді. Хикметті әрі көріп тұрғандай, мейірлене түрде жауап беретіні сондай, күмәнсыз түрде ондай тәрбие, ондай үйғарымды іс атқару, тек Сани мен Басирге тән, әрі Кәрім мен Рахимге тиісті.
Апырым-ай, барлық адамзат атаулыны бастап, жер жиhанның үстінде тұрып Ғарш-ы Ағзамға бетін бұрып, қолын жайып, адамзаттың құлшылықтарының жиынтығын қамтитын Ахмедтің (Ғ.С.М.) құлшылық ақиқатымен бірге дуға еткен осы бір адамзаттың ардақтысы, уақыт пен әлемнің ерекше тұлғасы Фахр-ы Кайнат (Ғ.С.М.) не сұрайды тыңдап көрейік. Бетіңді бұр, Өзіне және үмбетіне мәңгі бақытты қалайды. Мәңгілікті қалайды, Жәннатты қалайды. Һәм болмыс атаулы жүзінде жәмалдары шағылысқан Илаhи қасиетті есімдерді де қалайды. Ол есімдерден шапағат талап етіп отырғанын өзіңде көріп отырсың.
Егер ахиретті керектіретін себептер мен бар екендігіне дәлелдер болмаған күннің өзінде тек мына кісінің бір дұғасы, Халиқ-ы Рахимнің құдіретіне көктемнің жаратылуы іспеттес жеңіл болатын жәннаттың жаратылуына себеп болар еді. (Сілтеме)(15)
(15)(Сілтеме): 'Рас, ахиретпен салытырғанда өте тар, бір жапырақ тәрізді мына жер жүзінде есеп-қисапсыз таңғажайып өнер туындыларының өрнектерін, хашир мен қияиеттің нышандарын көрсету, сондай-ақ үш жүз мың кітап тәріздес эсем туынды түрлерін, сол бір жапырақ бетте өте жүйелі түрде жазып, орналастыру, әлбетте кең ахирет әлемінде нәзік әсем жәннәтті жаратудан, жумақты жасаудан әлдеқайда мүшкіл. Рас, жәннәт, көктемнен қаншалықты жоғары болса, соншалықты да кәктемнің бау-бақшаларының жаратылуы, элгі жэннәттан бетер мүшкіл, тащаларлық деуге болады.
Иә, көктем кезінде жүр жүзін бір көрмеге ендіріп хаширдің жүз мыңдаған өрнектерін жаратқан Қадир-ы Мутлаққа, жәннәтті жарату қалай ғана қиынға түссін. Сонымен, оның пайғамбарлығы, мына емтихан жерінің ашылуына себеп болғанындай
لَوْلاَكَ لَوْلاَكَ لَمَا خَلَقْتُ اْلاَفْلاَكَ сырына бөленеді. Сол сияқты құлдығы да о дүниедегі мәңгілік бақыттың ашылуына себеп болды. Апырмай, барлық ақыл иелерін таңқалдырған мына әлемнің жүйесі және аса мейірімділікпен, кемшіліксіз әсем туынды, теңдесі жоқ Рубубиеттің жәмалы әлгіндей дұғаға жауап бермеу арқылы сондай жағымсыз, қатігездік пен бассыздықты жөн көруі, яғни өте қарапайым, түкке тұрғысыз талап-тілектерге, дауыстарға мән бере орындап; өте маңызды, қажетті талап-тілектерге мән бермей, құлақ аспауы, түсінбеуі, жасамауы әсте мүмкін бе? Жо-жоқ, жүз мың мәрте мүмкін емес! Мұндай бір жәмал, мұндай жағымсыз нәрсені жөн санап, жағымсыз атанбайды. (Сілтеме)(16) Демек, Расул-ы Әкрем (Ғ. С. М.) пайғамбарлығымен дүниенің есігін ашқаны сияқты, құлдығы арқылы ахиреттің есігін ашады.
عَلَيْهِ صَلَوَاتُ الرَّحْمنِ مِلْءَ الدُّنْيَا وَ دَارِ الْجِنَانِ
اَللّهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلَى عَبْدِكَ وَ رَسُولِكَ ذلِكَ الْحَبِيبُ الَّذِى هُوَ سَيِّدُ الْكَوْنَيْنِ وَ فَخْرُ الْعَالَمَيْنِ وَ حَيَاتُ الدَّارَيْنِ وَ وَسِيلَةُ السَّعَادَتَيْنِ وَ ذُو الْجَنَاحَيْنِ وَ رَسُولُ الثَّقَلَيْنِ وَ عَلَى اَلِهِ وَ صَحْبِهِ اَجْمَعِينَ وَ عَلَى اِخْوَانِهِ مِنَ النَّبِيِّنَ وَ الْمُرْسَلِينَ آمِينَ
(16)(Сілтеме): Иә, ақиқаттың өңі өзгеруі бірауыздан қисынсыз нәрсе. Сол қисынсыздықтың да ішінде ең жөнсіз ақылға қонбайтыны, бір теріс нәрсе өзінің терісіне айналуы әрі осы теріс айналулардың ең қызығы, теріс, өз нәнісін сақтай отырып, өзгерісінің дэл өзі болуы. Мысалға: Шексіз бір Жәмал, нағыз жэмалдың өзі бола түра, нағыз үсқынсыз болуы мүмкін бе? Міне, мына мысалымызда көзге көрінер әрі бар екені бүлтартпас болған бір Рубубиеттің жәмалы мәнісін мәңгі сақтай отырып нағыз усқынсыз, жағымсыз болуы мумкін бе? Міне бул аталған мысал дуниедегі жөнсіздіктер мен қисынсыздықтардан бетер сандырақ бір мысал.
АЛТЫНШЫ АҚИҚАТ:
Жәлил мен Бақи есімдерінің шағылысы болған Хашмет пен Сәрмәдиет қақпасы.
Бүкіл болмыс атаулыны, Күн болсын, ағаш болсын, атом болсын тілалғыш нөкер секілді қызмет еттіріп басқарып отырған бір Рубубиеттің хашметі(айбындылығы) мына қонақжәй дүниеде, қысқа өмір сүретін бейшара мақұлықтарға күні қарап, шешілместей байланып қалуы және соңсыз, мәңгі бір әйдік алаң, жоғары дәрежелі Рубубиеттің негізін жаратпауы әсте мүмкін бе? Иә, мына әлемде көріп жүрген маусымдардың құбылуы сияқты айбынды басқармалар және планеталардың ұшақ тәріздес қозғалыстары сияқты алып құбылыстар сондай-ақ, адам үшін жер жиhанды бір бесік, Күнді шам жасау сияқты орасан бас идірулер, өлі, қуаң жер жиhанды тірілту, оны әшекейлеп безендіру сияқты ірі құбылыстарға қарап, перде артында осыншама бір Рубубиет, айбынды да үлкен салтанат бар екенін білеміз. Мүндай Рубубиеттің салтанаты, өзіне лайық бас июшілерді, нағыз лайық болғандарды қажет етеді.
Алайда, мәнісі зор әрі күрделі, маңызды бас июшілер мен құлдары, мына қонақжайда баянсыз, мұңлы күй кешуде. Қонақжай болса күн сайын толып азаяды. Һәм барлық бас июшілер бұл жерде қызмет пен тәжірбие үшін уақытша тұрып жатыр. Алаң болса сағат сайын мың құбылады. Һәм, барлық бас июшілер Сани-ы Зүлжәлалдың қунды жарылқауларының үлгілерін, шебер өнерінің таңғажайып туындыларын „әлем" атты көрмесінде сатып алушы назарымен тамашалау үшін мына көрмежайда бір сәт тұрып қызықтап, көзден таса болуда. Мына көрмежай болса минут сайын сан құбылады. Келген кетіп барады, кеткендер қайтып оралмайды. Міне бұл хал мен бұл жағдай; бізге мына қонақжай мен мына көрмелердің арқасында; әлгі соңсыз салтанатқа лайық, әрі негіз болатын мәңгілік сарайлар, соңсыз мекенжайлар сондай-ақ, дүниеде көріп жүрген үлгі-өрнектер мен суреттердің өте анық құнды негіздері сақтаулы бау-бақшалар мен қазыналар бар екенін көрсетеді. Демек, бул жерде еңбектену солар үшін. Бұл жерде еңбек еткізеді, ол жерде ақысын береді. Әркімнің қабілетіне қарай, әрине егер адаспаған болса, ол жерде бір өзіндік бақыты бар. Рас, ондай соңсыз салтанаттың мына фәнилер мен өткінші бейшараларға ғана үкім етуі әсте мүмкін емес, болмашы нәрсе. Бұл ақиқатқа мына тәмсіл арқылы назарыңды сал. Мәселен: Сен сапарға шықтың. Қарасаң, жол үстінде бір керуен сарай. Аты шулы біреу ол керуен сарайды өзіне келетін қонақтарына арнап салдырған екен. Жолшыбай қонақтардың бір түн көңіл көтеруі мен гибреттері үшін әлгі керуен сарайдың безендіру жумыстарына миллиондаған алтын қаржы жұмсалуда. Һәм, ол қонақтар, сол әшекейлердің шамалысын бір сәт тамашалап, тоймастан кетіп барады. Бірақ та келген әрбір қонақ, өзіндік фотожиhазымен әлгі керуен сарайдағы бұйымдардың, нәрселердің суретін алуда. Һәм, манағы атышулы ханның қызметшілері де келгендердіи іс-әрекеті мен жасаған қылықтарын өте муқият түрде бақылап, суретке түсіріп, тіркеп қоюда. Сондай-ақ ол хан, күн сайын әлгі қунды әшекейлердің көбін тас-талқан етіп, жаңадан келгендерге басқа әшекейлер, безендірулер жасауда. Мұны көзіңмен көре тұра, бұл жолда мына керуен сарайды жасаға ханның; тұрақты тым әсем сарайлары, сарқылмас қунды қазыналары бар екеніне әрі өзі әрдайымғы өзгермейтін аса қайырымды екеніне күмәнің бола ала ма? Мына керуен сарайда көрсеткен сый-сыяпаты арқылы өзіндегі иеліктеріне қонақтардың тәбеттерін ашып, оларға арналған сыйлықтарға, ынтасын арттыруда. Дәл сол сияқты, мына дүние қонақжайындағы жағдайға мас болмай, зер салып қарасаң төмендегі „тоғыз негізді" білетін боласың.
Бірінші негіз: Әлгі керуенжай секілді мына дүние де, өзі үшін емес... Өзінен-өзі мундай күйге енуі әсте мүмкін емес. Ол мақұлықтар керуеннің келіп қонулары мен көшулері үшін, бірде босап, бірде толатын хикметті түрде жасалған бір қонақжәй екендігін түсінген боларсың.
Екінші негіз: Мына керуен сарай ішінде отырғандар қонақтар екенін, олардың Рабб-ы Кәрімі оларды Дар-ус Сәламға шақыратынын түсінесің.
Үшінші негіз: Мына дүниенің әшекейлі сұлулықтары тек рахатқа бату, көңіл көтеру үшін емес. Себебі, бір сәт ләззәт берсе, айырылысу салдарынан ұзақ уақыт уайымға салады. Саған дәмін таттырады, тәбетіңді де ашады, бірақ тояттандырмайды. Себебі, я оның гұмыры қысқа, я болмаса сенің өмірің қысқа тоюға жетпейді. Демек, тым қымбат, қысқа мерзімді мына әшекейлер рибрет үшін, (Сілтеме)(17) шүкір ету үшін, мәңгілік асыл негіздеріне құлшындыру, ынталандыру үшін. Басқа жоғары ұлы мақсаттар үшін... екенін түсінесің.
(17)(Сілтеме): Иә, дүниедегі барлық нәрсенің қадірі мен асқан шеберлігі өте қунды әрі әдеиі бола тура, мерзімі қысқа, гүмыры аз. Демек, олар өрнек ретінде. Олар басқа нәрселердің бейнелері. Сондай-ак, тутынушылардың назарларын, олардың асылдарына, шыққан тегіне аударатындай күйлері бар. Олай болса, мына дуниедегі әлгіндей әшекейлер күмәнсіз түрде бір Рахманир-Рахимнің рахметімен сүйікті қулдарына арнаған жәннәт нығметтерінің өрнектері деп айтуға болады, эрі солай.
Төртінші негіз: hәм, мына дүниедегі әшекейлер (Сілтеме)(18) жәннәтта Рахманның рахметі түсіп имандылар үшін жәннәтта толтырылған нығметтердің өрнектері, суреттері тәрізді.
(18)(Сілтеме): Рас, әр нәрсечің болмысының көптеген мақсаттары және тіршілік етуінің көптеген нәтижелері бар. Әхли-далалеттің ойлағаны сияқты олардың мақсаттары, нәтижелері тек дүниеге ғана, өз жанына ғана қатысты емес, керісінше әрнәрсенің болмыстағы мақсаты мен тіршіліктегі орны үш топқа айрылады.
Біріншісі әрі ең маңыздысы, Үстасына қатысты. Ол нәрседегі таңғажайып өнер туындыларды Шахид-ы Әзәлидің назарына салтанатты сап түзеген түрде усыну. Ондай назарға бір сәт, бір жалт етіп көріну жетіп жатыр. Тіпті денеге айналмастан барлық мүмкіндігінше ниеттенуі ретінде оның бейімділігінің өзі жетеді. Міне, өткінші нәзік туындылар жәнв денеге айналмаған яғни тамырланбаған таңеажайып туынды - дәндер, туқымдар әлгі мақсатты толық орындайды. Пайдасыздық, әбестікке жол жоқ. Демек, барлық нәрсе өзінің тіршілігімен, болмысымен Санидың қудрет мугжизелерін, өнерін көрсетіп Султаны Әзәлидің назарына усыну бірінші мақсаттары.
Болмыстағы екінші мақсаттары мен тіршіліктегі нәтижесі. Ол саналыларға қатысты. Яғни әр нәрсе, Сани-ы Зүлжәлалдың хақиқат жазылған хаттары, қулаққа жағымды өлең тізбек, хикмет толы сөз тәрізді. Міне, буларды періштелер, жындар, жануарлар мен адамдардың назарына усыну оларды талқылауға, ойлануға шақырады. Демек, оған қараған әр саналыға ғибрет беретін толғаныс орны.
Үшіншісі: Болмыстарының үшінші мақсаты мен тіршілік етуінің нәтежесі. Олардың жеке басына қатысты. Яғни ләззәт алу, көңіл көтеру, тіршілік ету, рахат өмір сүру сияқты кішкене нәтижелер. Мысалға; Султанның алып, үлкен кеиесіндегі қызметшінің басқару түтқасын устауындағы мақсаты кеме турғысынан алып қарағанда жүзден бірі (жеке басына) азғана жалақысына тиесілі, жүзден тоқсан тоғызы Сүлтанға тиесілі болатыны сияқты; әр нәрсенің жеке басына, дуниеге қатысты мақсаты бір болса, Саниіне тиесілі тоқсан тоғыз. Міне, мундай мақсаттардың кептігінен бір-біріне қарама-қайшы, теріс сияқты көрінетін хикмет пен үнем, жомарттық пен сақилық әсіресе шексіз жомарттықтың уйлесімдігінің сыры мынау: Бір жақтан алып қарасаң жоиарттық пен сақилық көрінеді. Жәуад есімі шағылысады. Бул турғыда жеміс-жидектерді алып қараса, есеп-қисабы жоқ, сансыз. Шексіз жомарттықты кәрсетеді. Алайда жан-жақты барлық мақсаттарды ескеріп қарағанда байқалады. Хаким есімі шағылысады. Жеміс ағашының қанша жемістері болса, сонша мақсаттары бар. Олар да жоғарыда аталған төрт топқа бөлінеді. Осы жалпы мақсаттар, шексіз асқан хикмет пен үнемділік көрсетеді. Теріс сияқты көрінген шексіз хикмет, шексіз жомарттықпен, оақильщпен үйлесімді-ақ. Мысалға әскери қолдың бір мақсаты, тәртіп сақтау. Бул мақсат ушін қанша әскер қаласаң бар, тіпті шамадан тыс көп. Бірақ шекара қорғау, жауға қарсы туру сияқты мақсаттарға келгенде шамаға сай мөлшерде. Міне, укіиеттің хикметі; оның айбындылығымен улан-ғайыр үлкендігіне сай әрі үйлесімді болды, Олай болса ондай әскери қолдың саны көп емес деуге болады.
Бесінші негіз: hәм, мына фәни жаратылыс, уақытша қысқа мерзім үшін емес, бір жалт етіп жоғалып кету үшін емес. Керісінше олар бір сәт денеге айналып, талапқа сай күйге енеді. Ондағы мақсат; суреттері, өрнектері алынып мағыналары білінсін, берген нәтижелері тіркелсін дегені.
Мәселен, әдепті жандар үшін мәңгілік көріністер, бейнелер жасау үшін сондай-ақ, бақи әлемде басқа мақсаттарға қолданылсын. Болмыс атаулы мәңгілік үшін жаратылғандығын, баянсыз еместігін, суреті уақытша болса да белгілі бір міндет атқарғандығын, демалысқа шыққандығын, босатылғандығын мынадан байқауға болады; Фәни бір нәрсе бір жағынан жойылса да, көп жақтарымен мәңгі боп қалады. Мысал ретінде; Қудрет қаламы жазған мына гүлге қараңыз! Қысқа мерзім ішінде бұл бізге қарап күлім қағады. Содан соң, дереу фәнилік пердесіне тығылып көзден таса болады. Алайда сенің сөйлеген сөзің сияқты ол да жоғалады. Бірақ мыңдаған үлгі-мысалдарын құлақтарға сіңдіріп кетеді. Оны естіген қанша ақыл болса сонша мағыналарды ақылға сіңдіріп мәңгіге айналады. Өйткені мағынасын түсіндіру үшін міндетін атқарған соң өзі кетеді, бірақ оны көрген баршаның естерінде сыртқы пішінін және әр бір тұқымда мағынауи мәнісін сіңдіріп солай кетеді. Әр бір ес пен әр бір туқым бейне бір әшекейліктерді сақтайтын фотожиhаз, бейне бір мәңгі жасау үшін әр қайсысының үйі. Өте қарапайым тіршілік түрі болып саналатын өсімдік мұндай болса, ең жоғары тіршіліктің түрі әрі мәңгі рухтардың иесі- Адам, мәңгілікпен қаншама тығыз байланысты екендігі түсінікті шығар. Гүлді және жемісті ағаштардың бір түрлі рухқа ұқсас әрқайсысының бейімділік заңы сондай-ақ, пішінінің түрі құйтақандай тұқымдарда жүйелі түрде, алай-түлей кезеңдер бастан кешірсе де жалғасын тауып, сақталып қалуы; өте күрделі әрі жоғары мәртебелі, кәдуілгі болмыс кигізілген , саналы да нұрлы әмірдің заңы болып табылатын адамзат рухы, қаншалықты мәңгілікпен тығыз байланысты екені түсінікті болады...
Алтыншы негіз: hәм, Адам баласы мойнында жібі салбырап, қалаған жерінде оттасын деп бос жіберілмеген. Оның жасаған барлық амалдарының түрлері алынып жазылуда, түгел іс-әрекетінің нәтижелері сұраққа тартылу үшін тіркеліп қойылуда екенін білесің.
Жетінші негіз: hәм, күз маусымында, көктем мен жаздың әсем нәзік мақұлықтарының солып, қирауы жойылу емес. Ол дегеніміз міндеті аяқталғандықтан демалысқа шығару болып табылады. (Сілтеме)(19)
(19)(Сілтеме): Иә, рахметтің азық-түлік қазыналарынан келетін бутаққа асулы жеміс-жидектер, шешектер мен жапырақтар қартайып міндеттері толық аяқталған соң кетіп қалады. Одан мақсат, артынан жалғасып келгендерге жол беру. Эйтпесе рахметтің молшылығына және басқа тектестерінің қызметіне кедергі болады. Һәм өздері де жастық кетіп қарттық басып, қорланып пушайиан болады. Міне, кәктем де махшер тәрізді жемісті ағаш. Әр ғасырдағы адамзат әлемі де гибрет аларлық ағаш. Тіпті Жер шары өзі ғажап махшер сияқты қудрет ағашы. Тіпті дүние де, жемістері ахиреттік базарға жіберілген бір таңғажайып ағаш.
Һәм келесі көктемде келетін мақұлықтарға орын беру үшін босатылу, сондай-ақ жаңа міндеттілер орналасатын әрі міндетті болмыстардың келуіне әзірлік екендігін түсінесің. Һәм саналы жандарға міндетін ұмытқызған немқұрайдылықтан және шүкір етуді есінен шығарған мастықтан Сүбхани ескерту екендігін түсінесің.
Сегізінші негіз: Мына фәни әлемнің мәңгілік Саниының мәңгілік әлемі бар. Құлдарын ол жерге аттандырып, ынталандырып отырғанын түсінесің.
Тоғызыншы негіз: Мұндай Рахман, сондай бір әлемде әлгіндегі жеке құлдарын сыйға бөлейтіні сондай я ақыл я тіл жетпейді: ол жерді көз көрмеген, құлақ естімеген. Иә, иә солай екенін түсінесің.
ЖЕТІНШІ АҚИҚАТ:
Хыфз және хафизиет бабы. Бұл Хафиз және Ракиб есімдерінің шағылысы,
Аспандағы, жердегі, құрлықтағы, теңіздегі: жан-жануар, өсімдік, ұсақ-тиек, үлкен-кіші жаппай өте жүйелі де тәртіппен аман сақтап әр түрлі сұраққа тарту сияқты нәтижелерін сараптаған хафизиет: адам сияқты маңызды жаратылыс Үлы патша мәртебесіндегі, ұлы аманат арқалаған атқарар міндеті бір адамзаттың жалпыға ортақ Рубубиетке қатысты іс-әрекеттері, қимылдары сақталмауы, сұраққа тартып әділет таразысына өлшенбеуі, өзіне лайық жаза, не сыйапат көрмеуі, әсте мүмкін бе? Жо-жоқ мүмкін емес. Ия, мына ғаламатты басқарып отырған Ол әр нәрсені ретпен өлшеммен сақтап қояды. Жүйе мен өлшем болса Ғылым мен хикмет, ерік пен қудіреттің көрінісі. Неге десеңіз, әрбір жаратылыстың пішіні, болмысы өте тыянақты өлшемді жаратылуда. Сондай-ақ өмір бойы ауыстырып отыратын пішіндері де, жүйелі түрде, әрі оның үстіне жалпы алып қарағанда да бір жүйеге тәуелді екенін көреміз. Қалай десеңіз, міндеті аяқталып өмірі өшірілген және мына шәhәдет әлемінен көшіп кеткен нәрселерге көз салайық, Хафиз-ы Зүлжәлал бірнеше пішімдерін сақтау қоры тәріздес (Сілтеме)(20) еске сақтауда ие бір түрлі тектестерде жаттап, өмірбаянының басты көпшілігін дәндерінде, жемістерінде нақыштап жазуда. Ішкі сыртқы, яғни көзге көрінетін, әрі көрінбейтін айналарда мәңгілік сыйлауда. Мәселен: Адамның есі, ағаштың жемісі, жемістің дәні, бәйшешектің тұқымы Хафизиет заңының кең көлемді, әрі ауқымды екендігін көрсетеді. Әп-әйдік көктемнің гүл-гүл жайнаған, жеміс-жидектерінің өзіне тиісті іс-амал парақтары мен өсіп-өнуінің заңдары, сондай-ақ пішіндерінің үлгілері шектеулі кіп-кішкене дәндердің ішіне жазып, сақтап қойылып жатқанын көріп отырсың. Келесі көктемде, соған қарай есебін ашып амал парақтарын жойып, өте жүйелі әрі хикметті түрде басқа бір әйдік көктем маусымын әкелу арқылы Хафизиет қаншалықты қуатты ауқымды іс атқарғанын көрсетеді. Апырмай, өткінші қарапайым, баянсыз, түкке тұрғысыз жәй нәрселер осыншама муқият сақталатын болса ғайып әлемінде, ахирет әлемінде, рухтар әлемінде Рубубиеті аммеде маңызды жеміс беретін адамзаттың іс-қимылдары, амалдары сақталып бақылауға алынбауы өте муқиятты түрде тіркелмеуі әсте мүмкін бе? Жо-жоқ мүмкін емес.
(20) (Сілтеме): Жетінші суреттің сілтемесіне қара.
Иә, мына Хафизиеттің осындай әсерлі құбылысына қарап, бул әлемніқ Иесі өз мүлкінде болып жатқан әр нәрсенің тәртіп жүйесін қадағалап отырғандығы, әкімшілік тұрғысында да мұқият бағдарлап отыратындығы, сондай-ақ Салтанаттың Рубубиетінде де зор мән бергендігі сондай түкке тұрғысыз бір оқиғаны өте шағын бір қызметті жазып, жаздырады. Мүлкінде, қол астындағы болып жатқан барлық нәрсенің бейнесін сан-алуан түрде алып отырғандығы түсінікті. Осы бір Хафизиет былайша ишарет етеді: Өте маңызды амалдардың есеп-қисап дәптері ашылатын болады, әсіресе мәнісі зор, өте қадірлі, ардақты, бір мақұлық болып табылатын адамның ірі амалдары, маңызды іс-қимылдары; өте маңызды есепке, өте дәл әрі нәзік таразыға тартатын болады. Амал парақтары жайылатын болады.
Апырмай, адам баласы халифелік пен аманат арқалайтын қадірге ие бола тұра, әрі Рубубиеттіқ істерінің жалпыламасын көріп, аңғара құжынаған нәрселер ортасында Аллаhтың бірлігінің жаршысы қызметін атқара, көптеген болмыс атаулының тәсбихат пен құлшылықтарына араласып жетекшілік пен куәгерлік мәртебесіне өрлеп шықсын да, қабірге кіріп, жайбарақат жатып, оятылмауы мүмкін бе? Аз-көп, әр амалдарынан сұраққа тартылмауы, махшерге апаратын ұлы сотқа тартылмауы әсте мүмкін бе?
Һәм болашақта болатын барлық (Сілтеме)(21) нәрселерге күші жететіндігін құдрет мүғжизелері болған құбылыстары дәледеп отырған, қиямет пен хаширге өте ұқсас қыс пен көктемді, әрдайым көз алдымызда жаратып отырған бір Қадир-ы Зүлжәлалдан, адам баласы жоқ болып қалайша құтыла алады, топыраққа кіріп жасырынуы мүмкін бе? Көріп отырғандай бұл дүниеде оған тиесілі жазасын алмай кетіп барады. Әлбетте оларды бір үлкен сот, үлкен бақыт күтіп тур.
(21)(Сілтеме): Иә, осы уақытта сонау элемнің жаратылыс кезеңіне қарай жаппай оқиғалар, ягни болған іс. Өткен әрбір куні, әрбірі жылы, әрбір ғасыры, қудірет қаламымен жазылған бір жол, бір парақ, бір кітап тәрізді. Қудіретті қол өзінің мугжизе белгілерін, соларда асқан хикметті өте жүйелі түрде жазған.
Мына заманнан сонау қиямет қайымға, жәннәтқа, мәңгілік әлеміне дейінгі болашақ болса, жаппай мумкіндіктер. ягни өткен шақ оқиғалар, болашақ мүмкіндіктер. Міне, сол екі шақтың екі тізбегі бір-біріне салыстырылса: қалайша кешегі күнді жаратқан және сол күнге тиісті болмысты жаратқан Біреу, ертеңгі күнді болмыстарымен бірге ғажайыптары, бір Қадир-ы Зүлкемалдың мугжизелері болып табылатынына шүбә жоқ. Бүл әрине әлгі Қадірдің жаппай болашақтың, жаппай мүмкіншіліктің жаратылуына, әрі барлық ғажап істерді атқаруға толық күші жететіні бултартпас айғақ. Иә, мәселен, бір ғана алманы жаратушы, сөзсіз дүниедегі барлық алмаларды жаратуға, әрі әйдік көктемді жаратуға куші толык, жететін болуы керек. Көктемді жаратпаған бір түйір алманы да жарата алмайды. Өйткені алма сол жерде жасалады. Бір алманы жаратқан , бір көктемді де жарата алады. Бір алма бір ағаштың тіпті бір баудың керек десеңіз бүкіл әлемнің кішірейтілген үлгісі. Һәм шеберлік жағынан зәулім ағаштың өмір баянын толық қамтитын дәні онда болғандықтан таңғажайып өнер туындысы болғаны сондай, оны солай жаратқан; еш нәрседен тайынбайды, дәрменсіздік атауымен жоқ. Сол сияқты бүгінді жаратқан , қияметті де жарата алады, және көктемді жарата алатын күшке ие. Өткен шақтағы элемдерді уақыт дейтін таспаға хикметті де жүйелі түрде асып көрсеткен; әлбетте болашақтың таспасына да басқа әлемдерді асып көрсете алады әрі көрсететін болады. "Сөздер"де әсіресе "Жиырма алтыншы алтыншы Сөз"де қанағатты түрде расталған болатын.
"Барлық нәрсені жарата алмаған, еш нәрсені жарата алмайды және бір ғана нәрсені жаратқан, барлықнәрсені жарата алады. Сондай-ак,, дененің жаратылуы жалғыз бірісіне жүктелсе, барлық нәрсе бір нәрсе сияқты оңай болады, оңайға түседі. Егер көптеген себептерге жүктелсе онда бір ғана нәрсенің жаратылысы барлық нәрсенің жаратылысы сияқты мүшкіл әрі шығар жолы жоқ, қиын соғады.
СЕГІЗІНШІ АҚИҚАТ:
Уаад және Уаид бабы: Бұл Жәмил және Жәлил есімдерінің шағылысы.
Алим-ы Мутлақ әрі Қадир-ы Мутлақ болған мына әлемнің Үстасы; күллі пайғамбардың нақты түрде хабарлап кеткен және сыздықтар мен әулиелердің ижма арқылы куәландырып кеткен көп қайталанған уәде мен Илаhи уәидені орындамай-Астапыраллаh-өзінің әлсіздік пен қараңғылығын көрсетуі әсте мүмкін бе? Алайда уәде мен уәиде әмірлері оның құдрет-күшіне түк ауыр емес, өте оңай әрі жеңіл. Өткен көктемдегі қыруар болмыстарды келесі көктемде кейбірін дәлме-дәл (Сілтеме)(22), кейбірін ұқсас (Сілтеме)(23) түрде қайталағаны сияқты оңай.
(22)(Сілтеме): Ағаш пен өсімдіктердің тамырлары.
(23)(Сілтеме): Жапырақтар мен жеміс-жидектер
Уәденің орындалуы болса; hәм бізге, hәм баршаға, hәм өзіне, hәм Рубубиетінің салтанатына өте қажет-ақ. Уәдеден таю болса; hәм құдретіне, hәм абыройына, ілімінің ауқымдылығына керағар. Өйткені, уәдеден таю; я қараңғылықтан келеді, я әлсіздіктен келеді.
Әй, Мүнкир, Құдайдан безген! Қудайдан беземін деп қаншалықты ақымақтық әрі ауыр қылмыс жасап отырғаныңды білемісің? Сен өтірікші қиялыңды, суайт ақылыңды, алдамшы нәпсіңді мақұлдап, сөзден таю сияқты жат қылыққа әсте мәжбүр болмайтын, абыройына дақ түсіретін, асыл қасиетіне керағар, атқарған барлық істері мен жаратқан барлық нәрселері оның әділдігіне, ақиқатшылдығына куәлік ететін Біреуді әшкерелеп отырсың! Өте кішкене болмысыңмен, шексіз ауыр қылмыс жасап отырсың. Әрине мәңгі ауыр жазаға лайық боласың. Кейбір әхли жәhәннамның бір тісі таудай үлкен болады дегені, оның қылмысының үлкендігіне ишарат. Сен мынадай жолаушыға ұқсайсың : Күн сәулесін көрмейіндеп көзін жұмады. Басындағы қиялына сенеді. Қиялы, жарқырауық қоңызы тәріздес басындағы шырақтың жарығымен қорқыныш тас түнек жолыңды жарықтандырғың келеді. Иә, мына жаратылыс; Аллаhу Тағаланың хақ сөйлеген сөздері ал әлемдегі құбылыстар шындықты айтқан сөйлейтін аяттары. Міне сондай Аллаh уәде еткен екен, әлбетте орындайтын болады. Бір Үлы Сот ашатын болады. Бір Үлы Бақытқа кенейтін болады.
ТОҒЫЗЫНШЫ АҚИҚАТ:
Ихна мен Имате бабы. Бұл Хай-ы-Қаюм мен Мухи және Мухит есімдерінің шағылысы.
Өлі, құрып кеткен алып Жер шарын жандандырып, әрі тек жандандырып қана қоймай адамзаттың хаширы сияқты үш жүз мыңнан астам мақүлық түрлерін таңғажайып түрде әрқайсысын хашир мен нешир етіп өзінің құдыретін көрсеткен және сол хашир мен нешир ішінде өте аралас-құралас жатқандар ішінен өте тыянақты, жүйелі айырмалар арқылы өзінің ілімінің ауқымдылығын көрсеткен, сондай-ақ барлық сәмауи бұйрықтармен арыздықтың хаширын әде беруі арқылы барлық құлдарының назарын мәңгілік бақытқа аударып отырған әрі болмыс атаулыны қоластында, арқа сүйеген түрде билеп, қол астында ұстап бір-біріне көмекші, қызметші жасау арқылы Рубубиетінің алыптығын көрсеткен: және адамзатты ағаш тәріздес бүкіл әлемнің ең күрделі, өте нәзік, тым әлсіз, өте ерке, өте ниязқой бір жемісі түрінде жаратып өзі әңгімелесуші етіп, әр нәрсені оған қызметші жасап отырып адам баласына мұншама маңызды рол бергендігін көрсеткен бір Қадир-ы Рахим, бір Алим-ы Хаким Қиамет қайымды әкелмеуі, Хаша жасамауы не жасай алмауы, Маhкеме-й Күбра ашпауы, Жәннат пен Жәhәннамын жаратпауы әсте мүмкін бе?
Иә, мына әлемнің Абыройлы билеушісі, әр ғасырда, әр жылда, әр күнде мына тар баянсыз жер бетінде Үлы Хаширдің , қиямет алаңының көптеген өрнектерін, үлгі мысалдарын, ишараттарын жаратып отыр. Қысқаша айтқанда:
Хашир тәріздес көктемде көз алдымызда бес-алты күн ішінде үлкенді-кішілі жануарлар мен өсімдіктердің үш жүз мыңнан астам түрін хашир етіп жайып салуда. Барлық ағаштардың, өсімдіктердің тамырларын және кейбір жануарларды дәлме-дәл тірілтіп, қайта әкеліп отыр. Басқаларында дәлме-дәл болмаса да ұқсас бір түрде қайта жаратуда. Тіпті дене пішімі өте ұқсас дәндер бір-бірімен шатасқан күйде болса да асқан реттілік бөлу арқылы өте жылдам әрі жаппай оңай түрде жүйелі де өлшеулі түрде алты күн де және алты апта ішінде жан бітіп тірілуде. Бұл істерді атқарып отырған біреуге, бір істің ауыр келуі, жер мен көкті алты күнде жарата алмауы, адамзатты бір айқай мен хашир ете алмауы әсте мүмкін бе? Жо-Жок, мүмкін емес.
Апырым-ай, Мұгжизе көрсететін бір Жазушы болса, әріптері я өшіріліп қалған я күл-талқан болған үш жүз мың дана кітапты бір ғана парақта еш араластырмастан, қатесіз, нұқсансыз, жаңылыспастан, бәрі бірге өте әдемі түрде бір сағаттың ішінде жазатын болса: бірі саған «мына Жазушы, өзі жазған сенің суға түсіп кеткен кітабыңды жаңадан, бір минуттың ішінде жадынан жазады »- десе: Сен оған жаза алмайды, сенбеймін дей аласың ба?
Немесе, мұғжизекер Сұлтан болса өзінің күш қуатын көрсету үшін және қонақтары гибрет алып көңіл көтерулері үшін бір ғана ишаретпен биік таулардың орнын ауыстырып, елді мекендерді көшіріп отырса, теңізді құрлыққа айналдырып отырғанын өз көзіңмен көрсең сосын үлкен бір тас сайға аунап кеткен екен, әлгі тас манағы Сұлтанның қонаққа шақырған кісілерінің жолын бітеп тастаған екен жолаушылар да өте алмай қалған екен. Сонда саған біреу келіп: әлгі Сұлтан бір ишаратпен мына тасты негұрлым үлкен болса да көтеріп алып тастайды я болмаса тас-талқан етеді. „Қонақтарын жолда тастамайды" десе сен оған: Алып тастамайды не көтере алмайды десең...
Тағы бір мысал: біреу бір күнде жаңадан жер қаптаған үлкен полк әскерін көп жинап, орда турса біреу «Мына біреу, керней шалып демалып жатқан әскерін жинап алады, әскері де ретті түрде сап қурайды» десе. Сен оған: "Сенбеймін" десең қаншалық ақымақтық жасағаныңды түсінген шығарсың. Міне, мына үш мысалды түсінсеқ бері қара: Наққаш-ы Әзели көз алдымызда қыстың ақ парағын жауып көктем мен жаздың жасыл парағын ашып Жер жиhанның бетіне үш жүз мыңнан астам түрлерді Құдірет пен Қадер қаламдарымен көркем сурет түрінде жазып отырады. Барлығы бірге болса да бір-бірімен шатаспайды. Бірге жазылады, бір-біріне кедергі жасамайды. Түрлері, бейне-пішіндері бір-бірінен өзгеше, сонда да еш жаңылыспайды. Қате жазбайды. Иә, зәулім ағаштың рух бағдарламасы тырнақтай, өте шағын дәнге орналастырып, сақтап қойып отырған Заты Хаким-ы Хафиз қайтыс болғандардық рухтарын қалай сақтайды деуге бола ма? Сонымен қатар, жер жиhанды шыр көбелек айналдырған Заты Қадир, ахиретке кеткен қонақтарының жолында қалайша мына жерді алып тастайды немесе тас-талқан етеді деуге бола ма?
Һәм молекулаларды жоқтан, жаңадан барлық тіршілік атаулының әскерлерінде, бүкіл тулғаларының түмендерінде өте ұқыпты түрде كُنْ فَيَكُونُ „Күн фаякүн” әмірімен тізіп орналастырған, әскерлер жаратқан Зат-ы Зүлжәлал; түмен тәріздес денелердіқ тәртібіне көндігіп, бір-бірімен танысып, үйренісіп қалған негізгі молекулаларды сондай-ақ асыл, әу бастағы бөлшектерді бір айқаймен қалай жинайды деуге бола ма?
Һәм, сол бір көктем хаширіне уқсас әр дәуірде, әр ғасырда, тіпті түн мен күннің ауысуында, тіпті аспанда бұлттардық жаратылысы мен жойылмасында хаширға өрнек әрі мысал, нышан болатын қаншама нақыштар жасағанын көзіңмен көріп отырсың. Тіпті, сен өзінді мың жыл бұрынғы замандамын деп қиялдап көрсең, сосын заманның екі қанаты тәріздес өткен мен болашақты бір-бірімен салыстырсаң, ғасырлар, күндер есебінше хаширдың мысалын және қияметтің өрнектерін көретін боласың. Содан соқ мұншама өрнектер мен мысалдарды көре тура денемен бірге хашир болуды ақылға сыйымсыз көріп, жоққа шығарсақ неткен ақымақ, диуана екеніңді түсінетін боласың.
Қара! Ферман-ы Азам аталған ақиқатқа қатысты недейді тыңда:
فَانْظُرْ اِلَى آثَارِ رَحْمَةِ اللّهِ كَيْفَ يُحْيِى اْلاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَآ اِنَّ ذلِكَ َلمُحْيِى اْلمَوْتَى وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Қорытынды: Хаширге керағар еш нәрсе жоқ. Қажеттіретіндер болса, әр нәрсе. Рас, ғажап махшер болған мына алып жерді қарапайым хайуан секілді өлтіріп тірілткен, hәм оны адам мен хайуанға ыңғайлап бір бесік, әсем бір кеме жасаған, күнді болса мына қонақжәйдің жарық беретін, әрі жылу беретін шам-шырағы еткен, планеталарды періштелеріне арнап ұшақ жасаған біреудің, мұншалықты айбынды, мәңгі бітпес Рубубиеті және мұншама алып, асқар әкімшілігі әрине мұндай өткінші, жалғасы жоқ, құбылмалы, мәнісі жоқ, ауыспалы, баянсыз, нұқсан, кемелденбейтін дүниелік тірлік үшін құрылмайды әрі турмайды. Будан басқа мәңгі бақи бір мемлекеті бар. Бізді сол үшін еңбек еттіріп, ол жерге шақырады, ол жерге көшіретін болады. Бұған ақиқатқа қолы жеткен, жалпы қузырға бөленген, нұрға бөленген рух иелері мен нурға толған жүректер актабы барлық нурлы ақылдар иесі шәhәдет етуде. Бір сыйлап баға беру мен жазаға тарту күтіп тұрғанын бірлесе хабар беруде, қайта-қайта қуатты уәде мен өте қатал ескертулер жасап, жеткізіп отыр.
Уәдеден таю болса, hәм қорлық, hәм масқаралық болып табылады. Еш бір тұрғыдан оның қасиетті абыройына көлеңке түсіре алмайды, уәдеден таю, яғни жаза беруден бас тарту болса я кешірімнен, я болмаса әлсіздіктен келеді. Алайда, күфір дегеніміз, барып тұрған ауыр қылмыстың өзі. (Сілтеме)(24)
Кешірілуі әсте мүмкін емес... Қадир-ы Мутлақ болса шарасыздықтан ада әрі таза. Оған куәгерлер, хабарлаушы кімдер десеңіз, олар кәсіптері, саласы, жолы басқа да бұл мәселенің негізіне келгенде бір ауыздан мақұлдағандар саны жағынан теуатур дәрежесінде. Сапасы жағынан ижма қуатында. Мәртебе жағынан әрқайсысы адамзаттың жарқыраған жұлдыздары, бір тайпаның көзі, бір халықтың қадірлілері. Маңыздылығы, бұл мәселе турғысында кәсіпкерлер hәм растаушылар болып табылады. Алайда өздеріңе белгілі, бір салада немесе бір өнерде екі маман, мыңдаған басқа адамдардан басым, hәм бір хабарландыруда екі дәлелдеуші мыңдаған жоққа шығарушылардың ойын басып кетуі, мысалға: Рамазан айының туғаны жайында хабар берген екі адам мыңдаған жоққа шығарушыларды жарамсыз етеді.
(24)(Сілтеме): Иә, күфірлік деген, қоршаған ортаның қадірін түсіріп, мағынасыз деп мінегендіктен, бүкіл әлемді қорлау, әрі болмыс атаулының жүзіндегі Илахи есімдердің шағылысын жоққа шығару болғандықтан; барлық Илахи есімдерді кемсіту әрі болмыс атаулының Уахданиетке күәліктерін мойындамау; әрі барлық мақлүқтарға жала жабу, өтірікке шығару болғандықтан; адамның бейімділігін көрсоқыр еттіретіні сондай, қайырымдылыққа, игілікке зауқы соқпайды. Сондай-ақ үлкен зүлымдық болып табылады. Өйткені, барльщ иақүлықтардың және барлық Илахи есімдердің қүқығына жауыздық болып есептеледі. Мiне, осы құқықтң сақталуы, сондай нағыз кәпip, қайырымдылыққа қабілетсіз келетіндігі; міне бүлар күпірлік ешбір турғыдан кешірілмейтінін көрсетеді.
اِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ
осы мағынаны түсіндіреді.
Сонымен: дүниеде бұдан асқан жақсы хабар, берік дау, ашық бір ақиқат болуы мүмкін емес... Демек, шүбәсіз дүние бір егіс алқабы. Махшер болса бір қырман, ал жәннәт, жәhәннәм болса бір қойма.
ОНЫНШЫАҚИҚАТ:
Хаким, Керим, Адил, Рахим есімдерінің шағылысы болған Хикмет, Инает, Рахмет, Әділет қақпасы.
Мына баянсыз дүние қонақжайында, мына өткінші емтихан алаңында мына, аумалы жер шары көрмесінде байқалған мұншама ап-анық хикмет, осыншама ашық жарылқау, мұншама үстем әділдік, осыншама ұлан-ғайыр мейірімділіктің іздерін көрсеткен Малик-и Мүлк-і Зүлжәлалдың мемлекеттік аймақтарында мәңгілік тұрғындар, бақи күн көрушілер, соңсыз мекен-жайлар тұратын мақұлықтар болмай, мына көз алдымыздағы хикмет, жарылқау, жәрдем, әділет, мейірімділіктің ақиқаттары сөніп, түкке жарамай қалуы әсте мүмкін бе? hәм, ол Зат-ы Хаким, мына адам баласын мақұлықтар ішінен таңдап, өзіне әңгімелесуші, күрделі айна жасап, барлық рахмет қазыналарының ішіндегіден ауыз тидіріп, бағалатып, таныстырып, өзін барлық есімдерімен бірге таныстырып, оны жақсы көріп, сүйсіндіріп, содан әлгі бейшара адамды манағы мәңгі бақи мемлекетіне жөнелтпеуі, сол бір бітпес бақыт сарайларына шақырып шаттыққа бөлемеуі әсте мүмкін бе?
hәм, тіпті дәндей шағын әрбір болмысқа бір ағаш үлкендігіндей міндет жүктеліп, гүлдері есебінше хикметтер артып, жемістері қанша болса сонша пайдалар тағып, аталған барлық міндеттерге, хикметтерге, пайдаларға, дүниеге ғана қатысты тырнақтай мақсат беруі түкке тұрғысыз, мәнісі жоқ дүниедегі тірлігін мақсат тұтсын. Олар нақты, лайық мақсаттарды орындаулары үшін, оларды Алем-і мағынаға дәндер мен Ахирет әлеміне бір егінжай жасамауы, мұншама маңызды жиналыс рәсімді босқа, әншейін, түкке тұрғысыз қалдыруы әсте мүмкін бе? Асыл мақсаттары мен лайық жемістерін берулері үшін олардың бағытын әлем-і мағынаға, әлем-і ахиретке бұрмауы қисынсыз. Ия, оларды былайша ақиқатқа қайшы жасау арқылы өзінің ақиқи ерекшеліктері болған Хаким, Кәрим, Адил, Рахимге керағар-Құдай сақтасын, араластырып, хикмет пен кереміне, әділ мен рахметін дәлелдейтін бүкіл әлемнің ақиқатын теріске шығаруы, барлық болмыстың шәhадаттарын бекерге шығаруы, барлық туындыларының куәліктерін жарамсыз етіуі мүмкін бе?
hәм, Адамның басына және ішіндегі миына шаштары пана болса, сонша міндеттер жүктеп, онысына бір қылдай дүниеуи ақы беруі, нағыз Әділдігіне теріс және нағыз хикметіне керағар, мағнасыз іс атқаруы мүмкін бе?
hәм, бір ғана ағашқа таққан нәтижелер мен жемістер мөлшерінше әр бір тіршілік иесіне, тіпті тіл сияқты әр бір мүшесіне тіпті әрбір жаратылысқа осыншама хикметтер, пайдалар тағып өзінің Хаким-ы Мутлақ екендігін растап көрсетіп де сосын, барлық хикметтердің ең үлкені және барлық пайдалардың өте маңыздысы, барлық нәтижелердіи ең керегі, хикметті хикмет, нығметті нығмет, рахметті рахмет еткен барлық хикметтердің, нығметтердің, рахметтердің, пайдалардың қайнар көзі, мақсаты болған мәңгілік қауышу мен мәңгілік бақытты бермей тәрк етіп барлық істерін әбден әбестік шұңқырына төгіп өзін мынадай бір іске уқсатуы мүмкін бе? Зәулім бір сарай салып, сарай болғанда қандай, әрбір тасы мыңдаған нақыштар мен ою-өрнектермен әшекейленген, жан-жағы безендірілгеқ әрбір бөлмесі құнды бұйымдар мен қажетті заттарға толы. Осындай әсем ғимараттың үстін жаппай, шатыр соқпай., барлық нәрсе шіріп, босқа бұзылып қирап ысырап болуына жол берілуі мүмкін бе? Жо-жоқ. Сөзсіз түрдегі қайырдан қайрымдылық шығады, толық жәмилден әсемдік туындайды. Сөзсіз түрдегі Хакимнен әбестік шықпас.
Иә, әр кім ойша тарихқа мініп өткен заманға сапар шексе осы күні көріп жүрген дүние сарайы, емтихан майданы, заттар көрмесі сияқты жылдар есебінше
көміліп қалған сарайлар, майдандар, көрмелер мен әлемдерге куә болады. Олар пішіні, мәнісі жағынан бір-бірінен өзгеше болса да, жүйелілігі, таңға-жайыптығы, соншалық ұстасының құдірет пен хикметін көрсету жағынан бір-біріне уқсас келеді.
hәм, әлгі ауыспалы өлкелерде, қубылмалы майдандарда, турақсыз көрмелерде муншама анық хикметтің реттілігі, осыншама анық жарылқаудың ишареттері; соншама айбынды әділдіктің нышандары, соншалықты көлемді мейрімділіктің нәтижелерін көруге болады.
Көрсоқыр болмаған біреу, яқинен біледі: Бул хикметтен асқан хикмет бола алмайтынын, hәм іздері көрінген жатылқаудан асқан жарылқау мүмкін еместігін, hәм нышандары байқалған әділдіктен асқан әділдіік жоқтығын, hәм нәтижелері көрінген мейрімділіктен асқан мейрімділіктің болуы мүмкін еместігін аңғаратын болады.
Егер болымсыз болжап, мына істерді атқарған, мына қонақтарды, қонақ үйлерді ауыстырған Сұлтан-ы Сермедидің мемлекеттік аумағында, мәңгілік өткелдер, әсем орындар, тұрақты жерлер, баянды мекенжәйлар, отырықшы халқы, бақытты тұрғындары болмаса; жарық, ауа, су, топырақ тәрізді, қуатты әрі ауқымды төрт мағнеуи себепкер болып табылатын хикмет, әділет, жарылқау, мейрімділіктің бар екендігін олардың ақиқатын жоққа шығару керек болады. Өйткені: Мына баянсыз дүние және оның ішіндегілер толық ақиқатына лайық бола алмайтындығы мәлім. Егер басқа жерде болсын, оларға лайық болатын мекенжәй болмаса, ол кезде күндіздің қаптаған жарығын көре тұра күннің барлығын жоққа шығару сияқты ақымақтық жасап, көз алдымыздағы хикметті жоққа шығаруға, сондай-ақ өте қуатты нышандары көрінген әділетті бекерге шығаруға hәм әржерде көрінген мейрімділікті өтірікке шығаруға тура келеді. (Сілтеме)(25)
(25)(Сілтеме): Рас, әділет екі түрлі: Бірі жағымды, бірі жағымсыз. Жағымды әділдік, ақы иесіне ақысын беру. Әділеттің бул түрі дүниені ап-анық жайлап жатыр. Өйткені, Үшінші ақиқатта дәлелденгендей, эр нәрсенің бейімділік тілімен, қажеттілік сезінгендегі жаратылыс тілімен, қиын жағдайға душар болғанда шығатын тілімен Фатыр-ы Зүлжелалдан қалаған талап тілектерін сондай-ақ, бар болмысына, тіршілігіне қажетті барлық қүқықын өзіндік әлшемдермен дәлдік таразылармен берілгендігі айдан анық. Демек, әділдіктің бүл түрі дене мен өмірдің болмыстары сияқты анық.
Екінші, жағымсыз түрі: ақы жегендерді жөнге салу. Яғни ақы жегендердің ақысын азапқа салу, жазаға тарту арқылы береді. Әділеттің бул түрі шындығында бул дүниеде толық көрінбейді. Алайда бул ақиқаттың бар екендігін сездіретін басқа түрлі ишареттер мен іздер бар. Мысалға, Ад қауымы мен Сәмуд қауымын, сондай-ақ осы заманның қырсық қауымдарының басына түскен соққылар, жер жастандырған дауылдар әте айбынды бір әділеттің үкім еткендігін анық түрде көрсетеді.
Сол сияқты көрген хикметті істер мен жомарт әрекеттер, рақымшылықпен атқарылған жарылқаулардың иесін „Астафралла" әуесқой ойламсыз, қанішер залым екендігін мойындауға тура келеді. Бұл әрине соңсыз жөнсіздік болып ақиқаттың өңі ауыстыру, тіпті бұған, қоршаған ортаны, барлық нәрсені, тіпті өздерін де жоққа шығарған ақымақ скептиктер дағы, оңай мақұлдайтын болса керек.
Сонымен, мына көз алдымыздағы құбылыстар, дүниедегі ауқымды көп болып өмірге келулер, жылдам өліп айырылысулар, орасан әйдік жиналыстар мен лезде әп-сәтте таралулар, өте үлкен бас қосулар. Демек, мына жаратылыстар мен құбылыстар, дүниеге қатысты мақсаттар арасында мұншама қайшылық, бұл жаратылыс атаулының жүздері әлем-і мағынаға бағыттаулы екендігін, лайық жемістерін ол жерде беріп, көздерін Әсма-и Кудсиеге назар етуде, мақсатта ол әлеммен байланысты; ал өзегі болса дүние топырағы астында, бұтақтары әлем-і мысалда жайылатынын және адам бейімділігіне қарай бұл жерде егеді, егіледі. Ахиретте жемісін жейтіндігін анық түрде көрсетеді.
Рас, мына нәрселердің Әсма-и Илахиеге және әлем-і ахиретке қатысты жүздеріне қарасаң, Құдай мүғжизесі әрбір дәннің бір ағаштай мақсаттарбі бар екендігін көресің. Хикметті сөз болған әрбір гүлдің (Сілтеме)(26) бір ағаштың гүлдері санынша мағыналары бар және әлгі таңғажайып туынды мен Рахмет өлеңі болған әрбір миуаның, бір ағаштың миуалары есебінше хикметтері бар.
(26)(Сілтеме): Сауал: Егер: Неліктен ең көп мысалдарды гулден, дәнден, жемістен бересің деп суралса;
Жауап: Өйткені, олар Мүғжизүл Қудіреттің өте таңғажайыптары, ең керемет әрі нәзік еркелері. Һәм, зерттеу сырын ашу жолында әхли табиғат әхли-далалет, әхли-пәлсәпә олардағы Қадир қаламы мен қудіреттің жазған майда жазуды оқи алмай, табиғат батпағына батқан.
Бізге рызық болуы болса, әлгі мыңдаған хикметтерінен бір ғана хикметі, яғни міндеті аяқталып, мағынасын түсіндіреді, өліп, асқазанға барып көміледі. Демек, мына фәни нәрселер бақи жерде мәңгі жеміс салады екен, hәм мәңгі суреттерін тастап, басқа тұрғыдан мәңгі мағыналар түсіндіреді. Үздіксіз тәсбихат жасайды. Адам болса олардың бұл жағынан тамашалап сол арқылы адам болады. Фәниден мәңгіге бет алған жол табады. Демек, бұл өмір мен өлім ортасында шыр айналған, қосылып ыдыраған болмыста басқа мақсат бар. теңеуде қате болмасын. Бұл құбылыс: ұқсатып, еліктеу(имитация) және тәмсіл үшін ұйымдастырылғанға уқсайды. Мәселен, көп шығындар қаржыланып, ойындар, сахналар құрылады. Ондағы мақсат көріністер алынып, тіркелу үшін. Содан соң экранда ұзақ жылдар бойы көрсетіледі. Содан соң бұл дүниеде қысқа мерзім ішінде жеке өмір сүрудің, қоғамдық өмір сүрудің бір мақсаты, көріністер алынып тізіліп қою. Іс-әрекеттерінің нәтижелері алынып сақталып қалсын. Не үшін? Үлы жиналыста сұраққа тартылып жауап берілсін. Сондай-ақ, үлкен көрмеде көрсетілсін. Демек, киелі хадис: "Дүние ахиреттің егіс алқабы" деп айтылғаны осы ақиқатты мегзеп отыр.
Дүниенің бар екені шүбәсіз. Сондай-ақ әлгіндей өзінің шығармаларымен хикмет, инает, рахмет, адалет бар. Әлбетте, дүниенің бар болғаны сияқты нақты түрде ақиқат та бар. Әрі сондай-ақ дүниедегі барлық нәрсе бір жағымен анау әлеммен қатысты. Демек, ол жаққа барылады. Ахиретті жоққа шығару дүниені және оның ішіндегілерді жоққа шығару деген сөз. Демек, ажал мен қабір адамды күткен сияқты. жәннәт пен жәhәннәм да адамды күтіп, бақылап отыр.
ОН БІРІНШІ АҚИҚАТ:
Хақ есімінің шағылысы болған адамзат қақпасы.
Аллаhу Тағала, Мағбуд-у Билхақ адам баласын бұл әлемде өзінің сөзсіз Рубубиетінде, бүкіл әлемдерде, Рубубиеті аммесінде маңызды зор құл, сондай-ақ Субхани үндеуіне тым ойшыл бір әңгімелесуші, тыңдаушы және есімдерін қамтуда ауқымды айна, әрі оны Исм-и Азамның шағылысына, сондай-ақ әрбір есімде болатын Исм-и Азамның мәртебесінің шағылысына лайық ахсен-і тақуимде өте әсем, бір кудірет мұғжизесі және Рахмет қазыналарының байлықтарын тарту, тану үшін, өте көп таразылар мен құрал-жабықтарға ие қазымыр, сондай-ақ шексіз нығметтеріне өте мұқтаж және қоштасудан қатты қамығатын, ал мәңгілікке жаны құмар, хайуанат арасында өте нәзік әрі ерке, өте пақыр әрі муқтаж, ал дүниелік тұрмысқа келгенде өте мұңлысы, асқан бейшара, бейімділік жағынан ең үстем, ең жоғары сатыда жаратып қойып оны, бейім болғаны, қалаған, лайық болған мәңгілік еліне жібермей адамзаттың ақиқатын жоққа шығарып, өзінің әділдігіне мүлдем керағар, шындығында өте жағымсыз әділетсіздік, қиянат жасауы әсте мүмкін бе?
hәм, Хаким-ы Билхақ, әрі Рахим-ы Мутлақ адам баласына күрделі бейімділік бергені сондай, жер мен көк, таулар арқалауға батылы жетпей Аманат-ы Кубраны арқасына алып, яғни өзінің кішкене, шағын өлшем бірліктерімен, азғана өнерімен Жаратушысының ұшы-қиырсыз сипаттарын, ауқымды істерін, шексіз шағылыс әсерлерін өлшеп білетін, hәм, жерде өте нәзік, ерке, назды, дәрменсіз, әлсіз түрде жаратып, оның үстіне жердің барлық өсімдік болсын, жануар болсын мақұлықтарына бір түрлі реттеуші, бақылаушы қызметкер тағайындап, олардың тәсбихат тәсілдеріне, ғибадеттеріне араластырып әлемдегі Илахи істерге шағын мөлшерде бір өрнек көрсетіп Субхани Рубубиетті іс-әрекетімен, тілімен әлемге жар салдыру, періштелерден үстем етіп, халифелік шенін бере тұра, оған бұл аталған барлық міндеттердіи мақсаты, нәтижесі мен жемісі болған мәңгі бақытты бермеуі әсте мүмкін бе? Оны барша мақұлықтарының ең сорлысы, өте бейшара, өте мұңлық, аса дертті, өте төмен дәрежеге тастап; өте мүбарак, нурлы хикмет сыйлығының шаттандырушы құралы ретінде болған ақылды әлгі бейшараға ең жаман әрі қараң қалған азаптаушы құрал жасап, сөзсіз хикметіне әбден қайшы, асқан мейірімділігіне әсте жараспайтын бір қатігездік жасауы еш мүмкін бе? Жо-жоқ мүмкін емес.
Сонымен, естеріңізде болар, тәмсіл хикаяда бір қызметкердің куәлігіне қарап, оның шені, міндеті, hәм айлығы, hәм әрекет үлгісі, hәм құрал-жабдықтары оның мына тұрақсыз жер үшін еместігін, турақты бір елге кететінін, сол үшін қызмет еткенін көрген болатынбыз. Дәл сол сияқты адамның жүрек қойнауындағы сезімдер, сана дәптеріндегі түйсіктер және бейімділігіндегі жиhаздар барлығы әрі бірауыздан мәңгі бақыт үшін, соған қарай берілген, соған қарай жабдықталғанына екендігіне зерттеушілер мен әулиелер бір ауыздан куәлік етуде.
Қорытынды. Мысалға; Сананың қызметшісі әрі суретшісі болып табылатын қиялдау қабілетіне былай деп сауал тастаса: "Саған бір миллион жыл өмір, әрі дүниенің салтанатын берсе, бірақ ақырында сөзсіз жоқ болып кететін боласың." Егер күмәндәну алдандырмаса, нәпсі араласпаса "мақул"деудің орнына "жоқ" деп өкінішпен жауап береді. Демек, ең үлкен фәни нәрсе, өте кішкентай бір сезімді және адамзаттың жиhаздарын қанағаттандыра алмайды. Міне осы бейімділіктің салдарынан адам баласының мәңгілікке деген армандары мен әлемді қамтып алған пікірлері және мәңгі бақыттың түрлеріне жайылған талап-тілектері мына адам баласының, мәңгілік үшін жаратылғанын, әрі мәңгілікке кететінін, бұл дүние оған қонақжай әрі ахиретке барар жолда бекет екендігін көрсетеді.
ОН ЕКІНШІ АҚИҚАТ:
"Бисмиллаhир рахмәнир рахим"нің шағылысы болған рисалет пен тәнзил қақпасы.
Барша пайғамбар мүғжизелеріне сүйене отырып қуаттап айтқан, барлық әулие кәшф пен керәмәттеріне сүйеніп растаған, бүкіл асфия зерттеулеріне сүйене отырып шындығында куәгер болған Ардақты Пайғамбарымыздың (Р.С.М) жасаған мың мүғжизесінің қуатына арқа сүйеп, әрі қырық жағынан мүғжизе болған Қасиетті Құран өзінің мыңдаған бұлтартпас аяттарына сүйене, шынайы түрде білдірген ахиреттің жолын, Жәннаттың қақпасын шыбынның қанатындай нәзік, негізсіз күмәндардың жауып тастауы әсте мүмкін бе?
Аталған ақиқаттарды қорытындылай келіп, хашир мәселесі өте анық ақиқат екендігін, оны жер шарын орнынан қозғап, күл талқанын шығаратын күш те қозғай алмайды дейміз. Өйткені, ол ақиқатты Аллаhу Тағаланың барлық есімдері мен сипаттарының қажеттілігіне орай бекітіп отыр, әрі Расул-ы Әкрамы барлық мүғжизелерімен, айғақтарымен растап отыр, Қасиетті Құран күллі ақиқаттарымен, аяттарымен дәлелдеп отыр, мына әлем тәкуин аяттарымен, хикмет толы құбылыстарымен шәhадат етуде. Апырым-ай, Хашир тұрғысында Жаратқан Аллаhпен бірлесе барлық болмыс атаулы (кәпірлерден басқалары) шәhадат еткенде, негізі жоқ күмәндар, шәйтани күдіктер әлгі заңғар таудай шыңырау биік ақиқаттарды орнынан қозғап сілкуі әсте мүмкін бе? Жо-жоқ... мүлдем олай емес!
Ойлап қалма, Хаширдің дәлелдері осы аталған он екі ақиқат ғана екен деп. Жоқ, қайта Қасиетті Құран мына он екі ақиқатты дәріс бергені сияқты одан басқа мыңдаған жақтарына ишарет етеді. Әр бір ишарет, Жаратқан Иеміз бізді мына фәни жерден басқа бақи жерге көшіретін мегзейді.
hәм, ойлап қалма, Хаширді керектіретін Илаhи есімдер баяндалған (Хаким, Кәрим, Рахим, Адил, Хафиз) есімдерімен шектеліп қалады деп. Жоқ, керісінше әлемнің қозғалысында байқалатын Илаhи барлық есімдер, Ахиретті керетіреді, тіпті ауадай қажеттіреді.
Һәм, ойлап қалма, Хаширді дәлелдейтін әлемнің тәкуин аяттары, жоғарыда аталғандар ғана деп. Жоқ, олар көптеген болмыста кездесетін оңға солға ашыла беретін перделер тәрізді, қыр мен сырлары бар. Олар, бір жағынан Үстасын көрсететіні сияқты, бір жағынан хаширге ишарет етеді. Мысал ретінде: Адамның ахсән-і тақуим түріндегі керемет жаратылысы, Үстасын көрсететіні сияқты, өзі ахсән-і тақуим түріндегі күрделі қабілетті бола тұра қысқа мерзім ішінде көзден таса болуы Хаширді көрсетеді. Кейде, бір жақтан екі назармен қарасаң, hәм Үстасын hәм Хаширді көрсетеді. Мәселен; көз алдымыздағы көптеген жаратылыстарды хикметтің реттеуі, инаеттің әшекейлеуі, әділдіктің орын-орнына қоюы, рахметтің мәпелеуі; міне осылардың мәнісіне зер салса бір Сани-ы Хаким, Кәрим, Адил, Рахимның құдрет күшімен жасалғанын көрсететіні сияқты, олардың асқан қуаты мен шексіздіктерімен бірге оларға айна болып шағылысқан мына фәни болмыс атаулының қысқа мерзім тіршілік ететіне, мағынасыздығына назар аударылса ахиреттің ауылы көрінеді. Демек, барлық нәрсе өзіне тән хал тілімен:
اَمَنْتُ بِاللَّهِ وَ بِالْيَوْمِ اْلاَخِرِ
дейді әрі дегізеді.
СОҢЫ
Аталған он екі ақиқат бір-бірін растап, бір-бірін толықтырып, бір-біріне қуат беріп отырады. Бәрі бірлесе уйымдасқан түрде нәтижені көрсетеді. Қайсы бір күмәннің батылы жетіп мына болаттай берік, алмастай өткір он екі нық қорғанды жарып өте алады. Негізсіз күмәндар мызғымас қорғандай болған хаширге иманды зақымдай алушы ма еді?
مَا خَلْقُكُمْ وَلاَ بَعْثُكُمْ اِلاَّ كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ Мына кәрим аят былай дейді: "Барша адамзаттың қайта жаратылысы мен бір жерге жиналуы Құдайдың құдретіне бір адамның жаратылысы мен шақырылуы секілді тым оңай." Иә, солай. "Нүкте1 атты шығармамда хашир тұрғысында мына аяттың айтқысы кеп отырған ақиқатты егжей-тегжейімен жазған болатынмын. Қазір тек қана бірнеше тәмсілдермен мазмұнына ишарет етемін. Қаласаң сол "Нүкте"ге зер сал.
Мәселен: وَلِلّهِ اْلمَثَلُ اْلاَعْلَى -тәмсілде қата болмасын „Нураниет (шұғыла) сыры" арқылы. Күн сәулесі өзінің еркімен болса да, бір атомға (зәреге) оп-оңай түрде шашқан сәулесін, дәл сол жеңілдікпен шексіз жылтылдақ нәрселерге де шашады.
hәм, „Шәффафиет сыры арқылы" (мөлдірлік) бір мөлдір бөлектің кішкене көзінің қарашығы Күн сәулесін шағылыстыруға келгенде, теңіздің ұлан-ғайыр бетімен теңдес.
hәм, „Интизам (реттілік) жинақылық сыры" арқылы бір бала саусағымен ойыншық кемесін қалай айналдырса әп-әйдік соғыс кемесін де солай айналдырады.
hәм, „Имтисал (тәуелділік) сыры арқылы бір қолбасшы бір жауынгерді бір „марш" бұйрығымен қозғалысқа түсіргені сияқты қалың әскерді де дәл сол сөзбен қозғалысқа ендіреді.
hәм, „Мувазене-тепе теңдік" сыры арқылы аспанда бір таразы елестетейік. Таразы өте нәзік, әрі үлкен таразының нәзіктігі сондай екі жағына екі жаңғақ қойса сезеді. Ал үлкендігі сондай бір басына күн сыйып кетеді. Әлгі екі басына қойылған екі жаңғақтың бірін көкке, бірін жерге басқан дәл сол қуатпен әлгі таразынық бастарына екі күн қойылса: бірін жоғары, бірін төмен көтеріп түсіреді. Демек мына қарапайым, нұқсаны көп, фәни мүмкіндік әлемінде нураниет, шәффафиет, интизам, имтисал және мувазене сырлары арқылы ең үлкен нәрсе, өте кіші нәрсеге теқ келеді. Шексіз, есеп-қисапсыз, сансыз нәрселер бірғана нәрсеге тең келеді. Әлбетте Қадир-ы Мутлақтың өзіндік, әрі шексіз өте камалда болған қудіретінің жарқын шағылысы, әсері және нәрсенің мелекутиетінің мөлдірлігі сондай-ақ, хикмет пен тағдырдын жинақтылығы (интизам) және заттардың тәкуин әмірлеріне толық түрде мойынсұнулары және мүмкіндіктің бар болу мен жоқ болу тепе-теңдігінен тұратын болуындағы тепе-теңдік сыры арқылы: аз-көп, үлкен-кіші Оған бірдей болған сияқты, бүкіл адамдарды бірғана адам секілді бір айқаймен хаширге әкеле алады.
hәм, әр нәрсенің қуаты мен әлсіздігінің дәрежелері оның ішінде терістіктіқ араласуынан. Мәселен: жылудың дәрежесі, суықтың араласуынан. Сұлулықтың дәрежесі, усқынсыздықтың арала-суынан, Жарықтың мәртебелері, қараңғының араласуынан. Алайда бір нәрсе өзіндік (зати) болса арызи болмаса(өткінші) оның терістігі оған араласуы мүмкін емес. Өйткені, терістіктердің жиынтығы туады. Бұлай болуы мүмкін емес. Демек асыл зати болған нәрседе дәреже болмайды. Олай болса, Қадир-ы Мутлақтың құдіреті зати. Мүмкіндіктер сияқты арызи емес, әрі сөзсіз кәмал болып табылады. Оның терісі болған әлсіздік болса, оған араласуы , қисынсыз. Сонымен, қорыта айтқанда, бір көктемді жарату Заты Зүлжәлалға бір гүл жаратумен бірдей, оп-оңай. Егер себептерге жүктелсе, бір гүл көктем сияқты қиындық туар еді, hәм, барша адамдарды тірілтіп хашир ету, бір жанның тірілтілуі сияқты оп-оңай. Хашир мәселесінің басынан бастап бұл жерге дейінгі тәмсіл суреттеріне және ақиқаттарына қатысты баяндамамыз Құран-Кәрімнің шапағатымен іске асты. Ол нәпсіні тәслімге (берілуге) көңілді (жүректі) мойындатуға дайындық болатын. Асыл сөз Қурандікі. Себебі, сөздеп соны айт, сөздер тек оған тиесілі. Бұл туралы не дейді, Тыңдайық.
فَلِلَّهِ اْلحُجَّةُ الْبَالِغَةُ فَانْظُرْ اِلَى آثَارِ رَحْمَةِ اللّهِ كَيْفَ يُحْيِى اْلاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا اِنَّ ذلِكَ َلمُحْيِى اْلمَوْتَى وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ قَالَ مَنْ يُحْيِى اْلعِظَامَ وَهِىَ رَمِيمٌ قُلْ يُحْيِيهَا الّذِى اَنْشَاَهَا اَوَّلَ مَرَّةٍ وَهُوَ بِكُلِّ خَلْقٍ عَلِيمٌ يَآ اَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمْ اِنَّ زَلْزَلَةَ السَّاعَةِ شَيْءٌ عَظِيمٌ يَوْمَ تَرَوْنَهَا تَذْهَلُ كُلُّ مُرْضِعَةٍ عَمَّا اَرْضَعَتْ وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمْلٍ حَمْلَهَا وَتَرَى النَّاسَ سُكَارَى وَمَا هُمْ بِسُكَارَى وَلكِنَّ عَذَابَ اللّهِ شَدِيدٌ (اَللّهُ لآَ اِلهَ اِلاَّ هُوَ لَيَجْمَعَنَّكُمْ اِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ لاَ رَيْبَ فِيهِ وَمَنْ اَصْدَقُ مِنَ اللَّهِ حَدِيثًا
اِنَّ اْلاَبْرَارِ لَفِى نَعِيمٍ وَاِنَّ الْفُجَّارَ لَفِى جَحِيمٍ اِذَا زُلْزِلَتِ اْلاَرْضُ زِلْزَالَهَا وَاَخْرَجَتِ اْلاَرْضُ اَثْقَالَهَا وَ قَالَ اْلاِنْسَانُ مَالَهَا يَوْمَئِذٍ تُحَدِّثُ اَخْبَارَهَا بِاَنَّ رَبَّكَ اَوْحَى لَهَا يَوْمَئِذٍ يَصْدُرُ النَّاسُ اَشْتَاتًا لِيُرَوْا اَعْمَالَهُمْ فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرّةٍ خَيْرًا يَرَهُ وَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُ ) اَلْقَارِعَةُ مَا الْقَارِعَةُ وَمَآ اَدْرَيكَ مَا الْقَارِعَةُ يَوْمَ يَكُونُ النَّاسُ كَالْفَرَاشِ الْمَبْثُوثِ وَ تَكُونُ الْجِبَالُ كَالْعِهْنِ الْمَنْفُوشِ فَاَمَّا مَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَهُوَ فِى عِيشَةٍ رَاضِيَةٍ وَ اَمَّا مَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ فَامُّهُ هَاوِيَةٌ وَمَا اَدْرَيكَ مَاهِيَهْ نَارٌ حَامِيَةٌ وَلِلّهِ غَيْبُ السَّموَاتِ وَاْلاَرْضِ وَمَا اَمْرُ السَّاعَةِ اِلاَّ كَلَمْحِ الْبَصَرِ اَوْ هُوَ اَقْرَبُ اِنَّ اللّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Тағы бұл сияқты Құранның аяттарын тыңдап, аменна уә саддақна (әрине әлбетте, иә солай) дейік.
اَمَنْتُ بِاللَّهِ وَ مَلئِكَتِهِ وَ كُتُبِهِ وَ رُسُلِهِ وَ الْيَوْمِ اْلاَخِرِ وَ بِالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَ شَرِّهِ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى وَ الْبَعْثُ بَعْدَ الْمَوْتِ حَقٌّ وَ اَنَّ الْجَنَّةَ حَقٌّ وَ النَّارَ حَقٌّ وَ اَنَّ الشَّفَاعَةَ حَقٌّ وَ اَنَّ مُنْكَرًا وَ نَكِيرًا حَقٌّ وَ اَنَّ اللَّهَ يَبْعَثُ مَنْ فِى الْقُبُورِ اَشْهَدُ اَنْ لآَ اِلهَ اِلاَّ اللَّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ اَللّهُمَّ صَلِّ عَلَى اَلْطَفِ وَ اَشْرَفِ وَ اَكْمَلِ وَ اَجْمَلِ ثَمَرَاتِ طُوبَآءِ رَحْمَتِكَ الَّذِى اَرْسَلْتَهُ رَحْمَةً لِلْعَالَمِينَ وَ وَسِيلَةً لِوُصُولِنَا اِلَى اَزْيَنِ وَ اَحْسَنِ وَ اَجْلَى وَ اَعْلَى ثَمَرَاتِ تِلْكَ طُوبَآءِ الْمُتَدَلِّيَةِ عَلَى دَارِ اْلاَخِرَةِ آىِ الْجَنَّةِ اَللَّهُمَّ اَجِرْنَا وَ اَجِرْ وَالِدَيْنَا مِنَ النَّارِ وَ اَدْخِلْنَا وَ اَدْخِلْ وَالِدَيْنَا الْجَنَّةَ مَعَ اْلاَبْرَارِ بِجَاهِ نَبِيِّكَ الْمُخْتَارِ آمِينَ
Әй бул рисалені нысаппен ынта қойып оқыған достым! Неліктен мына „Оныншы сөзді" жаппай толық түсіне алмадым " деме толық түсіне алмадығыңа өкінбе! Неге десең, Ибн-и Сина тәрізді дананың өзі
اَلْحَشْرُ لَيْسَ عَلَى مَقَايِيسَ عَقْلِيَّةٍ
деген екен. Яғни: "Иман келтірдік. Алайда мұны ақылмен ұғу мүмкін емес" деп ұйғарған. Һәм сондай-ақ барлық Ислам ғұламалары „Хашир бір тасымалданған мәселе. Дәлелі де тасымал. Ақылмен түсініп болмайды" деп бірлесе үкім еткен; былай қарағанда әрине мүндай терең әрі мағынауи ауқымды бір жол бірден әркім түсіне қоятын кең жолға айнала қоймас. Қуран-ы Хакимнің фейізі арқасында Халиқ-ы Рахимнің рахметімен мына уқсатып бағуға келмейтін, тәслімі бузылып тұрған ғасырда, әлгі терең де биік жолды осындай түрде ихсан еткеніне мың да бір шүкір етуіміз керек.
Өйткені иманымызды сақтап қалуға толық жетеді. Неғұрлым уқсақ соған риза болып, қайта-қайта талқылап түсінігіміздің артуына тырысқанымыз жөн. Хаширды ақылмен ұғыну мүмкін еместігінің себебі; Хашир-ы Ағзам Есім-і Ағзамның шағылысы арқылы іске асатындықтан, Аллаhу Тағаланың Есім-і Ағзамынық және әрбір есімінің жоғары мәртебесіндегі шағылысуымен көрінетін алып істерді көру және көрсету арқылы, Хашир-ы Ағзам көктем тәрізді оңай расталып, оған берік сенім әрі толық иман етуге болады.
Мына Оныншы Сөз, Қуранның шапағатымен солай көрінеді. Әйтпесе ақыл, өзінің тар әрі шағын дәстүрлерімен жеке қалса, дәрменсіз қалып, көзін жумып ізінен еріп жүре беруіне тура келеді.
Оныншы Сөздің маңызды
жалғасы және қосымшасының
бірінші бөлімі.
بِسْمِ اللّهِ الرّحْمنِ الرّحِيمِ
فَسُبْحَانَ اللَّهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُونَ وَلَهُ اْلحَمْدُ فِى السَّموَاتِ وَاْلاَرْضِ وَعَشِيًّا وَحِينَ تُظْهِرُونَ يُخْرِجُ اْلحَىَّ مِنَ اْلمَيِّتِ وَيُخْرِجُ اْلمَيِّتَ مِنَ اْلحَىِّ وَيُحْيِى اْلاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَكَذلِكَ تُخْرَجُونَ * وَمِنْ اَيَاتِهِ اَنْ خَلَقَكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ اِذَا اَنْتُمْ بَشَرٌ تَنْتَشِرُونَ وَ مِنْ اَيَاتِهِ اَنْ خَلَقَ لَكُمْ مِنْ اَنْفُسِكُمْ اَزْوَاجًا لِتَسْكُنُوا اِلَيْهَا وَ جَعَلَ بَيْنَكُمْ مَوَدَّةً وَ رَحْمَةً اِنَّ فِى ذلِكَ َلآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ وَمِنْ اَيَاتِهِ خَلْقُ السَّموَاتِ وَاْلاَرْضِ وَاخْتِلاَفُ اَلْسِنَتِكُمْ وَ اَلْوَانِكُمْ اِنَّ فِى ذَلِكَ َلاَيَاتٍ لِلْعَالِمِينَ وَ مِنْ اَيَاتِهِ مَنَامُكُمْ بِالَّيْلِ وَ النَّهَارِ وَابْتِغَآؤُكُمْ مِنْ فَضْلِهِ اِنَّ فِى ذَلِكَ َلاَيَاتٍ لِقَوْمٍ يَسْمَعُونَ وَ مِنْ اَيَاتِهِ يُرِيكُمُ الْبَرْقَ خَوْفًا وَ طَمَعًا وَ يُنَزِّلُ مِنَ السَّمَآءِ مَآءً فَيُحْيِى بِهِ اْلاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا اِنَّ فِى ذلِكَ َلاَيَاتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ وَمِنْ اَيَاتِهِ اَنْ تَقُومَ السَّمَآءُ وَاْلاَرْضُ بِاَمْرِهِ ثُمَّ اِذَا دَعَاكُمْ دَعْوَةً مِنَ اْلاَرْضِ اِذَا اَنْتُمْ تَخْرُجُونَ وَ لَهُ مَنْ فِى السَّموَاتِ وَ اْلاَرْضِ كُلٌّ لَهُ قَانِتُونَ وَ هُوَ الَّذِى يَبْدَؤُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ وَ هُوَ اَهْوَنُ عَلَيْهِ وَلَهُ اْلمَثَلُ اْلاَعْلَى فِى السَّموَاتِ وَاْلاَرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Иманның кең құлашын көрсеткен мына Сәмауи Үлы аяттар және хаширды растайтын мына қасиетті Үлы ақиқаттардың терең сыры, алып бір дәлелі осы «Тоғызыншы Шуақ» атты шығармада баяндалмақ.
Сүйкімді Раббани бір жарылқау. Осыдан отыз жыл бурын Ескі Саид тәпсір жазуға кіріскен кезінде жазған "Мүхакемат" атты еңбегінің соңында:
Екінші мақсат; Қуранның хаширге ишарет еткен екі аятына тәпсір әрі баяндама жасалмақ.
نَحُو بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
деп, тоқтап қалған болатын. Одан әрі жаза алмаған. Отыз жыл өткен соң, таупық ихсан етті. Халиқ-ы Рахимыма дәлелдер мен хаширға қанша нышандар болса, сонша шүкір мен мадақтау болсын
Иә, будан тоғыз-он жыл бұрын сол аяттың бірінші аяты:
فَانْظُرْ اِلَى اَثَارِ رَحْمَةِ اللَّهِ كَيْفَ يُحْيِى اْلاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا اِنَّ ذَلِكَ َلمُحْيِى اْلمَوْتَى وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Илаhи бұйрықтың екі жарқын әрі өте қуатты айғақтары мен тәпсірлері болп табылатын Оныншы Сөз бен Жиырма Тоғызыншы Сөзді сыйлады. Дінсіздердің ауызына құм құйды. Сондай-ақ, хаширға иманның мызғымас әлгі екі берік қорғанынан тоғыз он жыл өткен соң мына екінші аят дегеніміз жоғарыда аталған улы аяттың тәсірін осы шығарма түрінде ұсынды. Міне, осы Тоғызыншы шуақ, аталған аятымен бірге ишарет етілген "Тоғыз биік Мақам" және бір маңызы зор "Кіріспе"ден турады.
КІРІСПЕ
[Хашир нанымының көптеген рухани пайдаларынан және өмірдегі нәтижелерінен бір ғана күрделі нәтижесін қысқаша баяндайтын жэне адам өміріне әсіресе қоғамдық өмірге қаншалықты керек, тіпті ауадай қажет екенін көрсететін әрі Хаширға иман мәселесінің өте көп айғақтарынан бір ғана ауқымды айғағын жинақы түрде керсететін сондай-ақ, осы Хашир нанымының қаншалықты ашық әрі шүбәсіз екендігін түсіндіретін «ЕКІ НҮКТЕ» ]
БІРІНШІНҮКТЕ.
Ахиретке сенім; әлеуметтік тұрмыстың және жеке өмірдің ірге тасы әрі бақытының сондай-ақ кемелденіп жетілуінің бірден-бір себебі екеніне мысал ретінде төрт дәлел ұсынамыз.
Біріншісі: Адамзаттың жартысы жас өспірімдер екені мәлім. Олар өздеріне тым қорқынышты әрі қайғылы көрінетін қазаларға қарсы тек жәннат ұғымы арқылы төтеп береді. Осылайша олардың тым әлсіз әрі нәзік жаратылыстары рухани төзімділік танытады. Әр нәрседен тез сағы сынғыш қорғансыз да әлсіз көңілдері, әлігіндей жәннат уғымымен үміттеніп шаттық өмір сүреді. Мысалға; жәннат уғымымен былай дейді: "Менің кішкентай інім немесе жолдасым өлді. Ол, жәннаттың бір қусына айналды. Ол жерде самғап сайрандап жүр. Бізден әлдеқайда жақсы өмір сүруде." Әйтпесе айналасында әрдайым болып жатқан өзі сияқты балалар мен қарттардың қайғылы қазалары әлгі бишараның үрейін ушырып, көңіл күйін тас-талқан етеді. Тек көзін ғана емес рух, жүрек, ақыл сияқты сезімдерін де жылатып, оны я жойып я диуана бір хайуанға айналдырады.
Екіншісі: Адамзаттың бір жағынан алғанда жартысы болып табылатын қарттар, бауыр басып қалған дүниелерінің жақында өшіп қараң қалатынын ойлап күйзелгенде, тек о дүниелік өмір арқылы ғана көңілін жұбатады. Яғни таяп қалған қабіріне үрейлене емес, сабырлықпен байыпты қарайды. Сәби тәріздес нәзік рухтары мен морт сынғыш көңілдері ажалды ойлап, айырлысудан пайда болған ауыр қайғыға, үрейлі үмітсіздікке қарсы тек сол мәңгі өмір сүру үмітімен қарсы тұра алады. Әйтпесе осы бір ардақты да аяулы, жан тыйыштығына тым мұқтаж уайымшыл қариялар, көңілдері құлазып, рухани зардап шегетіні сондай мына дүние оларға бір зындан, ал өмір болса жан төзгісіз ауыр азап болар еді.
Үшіншісі: адамзаттық қоғамда маңызды рол атқаратын жастар, бойындағы алып ұшқан сезімдерін кейде асыра сілтеп жіберетін нәпсі мен әуестіктерін жөнге салып, зұлымдық пен қиратудан тежеп, қоғамдық өмірді реттеп отыратын тек жәhәннам үғымы. Әйтпесе яғни жәhәннамнан қорықпаса „үкім жеңімпаздың қолында" қағидасы орнап мас жастар әуестікке салынып бишара әлсіздер мен нәзіктерге дүниені жәhәннам ал, жоғары адамгершілікті азғын хайуандыққа айналдырар еді.
Төртіншісі: Қоғамда ұйымшыл орталық, негізгі күш пен дүниеуи жәннат, бір баспана әрі қорған -әр адамның от басы. Әркімнің отбасы оның өзіндік дүниесі. Оның тұрмыс тіршілігі мен бақыты; адалдық, сыйластық, мейірбандық, жанкештілік сияқты қасиеттер арқылы болады. Ал шынайы сыйластық мейірбандық болса, мәңгі жалғасатын ынтымақ, достық, соңсыз жолдастық, өшпес серіктік сондай-ақ мәңгі өмірде бір-бірімен әкелік болсын, перзенттік, ағайындық, жұбайылық болсын қарым-қатынас жалғаса бермек деген ұғыммен, зор сеніммен іске асады. Мәселен; "Мына жұбайым о дүниеде мәңгі өмірде айрылмас серігім. Әзірге қартайып жүзінен көркі тайса да оқасы жоқ. Өйткені қайтіп оралатын мәңгі көркі бар. Осындай мәңгі жұбайылықтың қурметіне қандай да болсын жанкештілікті, мейрімділікті жасаймын." деп әлгі мосқылдау зайыбына сұлу хор қызындай қарап махаббаты мен жан ашырлығы арта түседі. Әйтпесе қып-қысқа екі сағаттық жалған жұбайлықтан кейін мәңгілікке қоштасу мен оралмасқа ажырасумен тынатын жубайылық; тым алдамшы, баянсыз да негізсіз болып хайуан секілді өз жынысынан болғаны үшін ғана бірін-бірі сыйлап жан ашырлық етуі мүмкін. Хайуандарда болатындай бас пайдасы, басқа да сезімдер сыйластық пен мейрімділікті басып кетіп дүниеуи жәннат жәhәннамға айналады.
Міне көріп отырсыздар, хаширға нанымның жүздеген нәтижелерінен бірі, адамның қоғамдық өміріне тигізер пайдасы зор. Әрі осы бір ғана пайдасының жүздеген тиімді жақтары мен қыр-сырын жоғарыда аталған төрт дәлелге салып қарайтын болсақ, хаширдың ақиқат екендігі әрі оның жүзеге асуы адамгершілік деген ұлы ақиқатпен уштасып жатқандығы айдан анық мәселе. Адам ағзасының ашығуы тағамның бар екендігіне бұлтарпас айғақ болатыны сияқты хаширдіқ де жүзеге асуы, анық. Егер хашир ақиқатының нәтижелері адамзаттан жырақ қалатын болса, өте маңызды әрі күрделі, жоғары әрі өміршең адамгершілік микроб торбасына, сасық қоқысқа айналып құлдырап кетер еді.
Адамзатты басқарма және мінез-құлық, әлеуметтік өмірмен тікелей қатысты социологтар, саясатшылар, эстетика-этика мамандарының құлақтары шуласын. Келсін... мына бос жерді немен толтырар екен? Осы бір терең жараны емдей алар ма екен?
ЕКІНШІНҮКТЕ.
Хаширдың шындық екендігіне шексіз айғақтар бар. Оны басқа иман шарттары қалай дәлелдейді, соны бір күрделі де қысқаша түрде баяндаймыз.
Хазіреті Мухаммед Ғалейhиссалату Уәссаламның елшілігін дәлелдейтін барлық мугжизелер және пайғамбарлығы мен оның ақиқаттығын дәлелдейтін өрнектер, айғақтар, бәрі біріге отырып хаширдың хақ әрі міндетті түрде болатындығына шәhәдет етіп дәлелдей түседі. Өйткені оның өмір бойы күресіп ұмтылған дауасы уахданиет болатын болса, одан кейінгі дауасы хаширге келіп тіреледі. Және барлық пайғамбарларды мойындаған да мойындатқан мұғжизелері, айғақтары сол бір ақиқатқа қайта келіп тіреледі. Һәм وَ بِرُسُلِهِ кәлимесінен тұратын шәhәдетті толықтырып, анықтай түсетін وَ كُتُبِهِ шәhәдеті де сол бір ақиқатты дәлелдей түседі. Былайша: Әуелі Қасиетті Қуранның хақ екендігін дәлелдейтін барлық мұғжизелері мен айғақтары, ақиқаттары бәрі бірлесе отырып хаширдың болатынын дәлелдеп, анықтай түседі дедік қой, енді соған тоқталып өтейік. Қасиетті Құранға зер салып қарайтын болсақ оның үштен бірі хашир болып келеді. Көптеген қысқа сүрелердін бас жағындағы аяттар хашир аяттары. Кейде ашық кейде астарлап мыңдаған аяттар сол бір ақиқатты білдіреді әрі дәлелдепбереді.
Мәселен:
( اِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ )( يَآ اَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمْ اِنَّ زَلْزَلَةَ السَّاعَةِ شَيْءٌ عَظِيمٌ )
( اِذَا زُلْزِلَتِ اْلاَرْضُ زِلْزَالَهَا )( اِذَا السَّمَآءُ انْفَطَرَتْ )( اِذَا السَّمَآءُ انْشَقَّتْ )
( عَمَّ يَتَسَآءَ لُونَ )( هَلْ اَتَيكَ حَدِيثُ الْغَاشِيَةِ )
сияқты отыз-қырық сүрелердің бастауларында анық түрде хашир ақиқатын бүкіл әлемде ең маңызды да нағыз ақиқаттың өзі екенін білдіреді. Сол сияқты басқа аяттары да хашир ақиқатын көптеген дәлелдермен баяндай отырып мойындатады. Апырм-ай, күнімізде бір аяты, бір ишареті көптеген ғылыми болсын, жаратылыс тану саласында болсын ақиқат шашқан бір кітаптың осыншама куәліктері, дауалары хаширдың айдан анық екенін көрсетіп түрғанда, оның өтірік болуы айды жоққа шығару немесе бүкіл әлемді жоққа шығару сияқты ақымақтық емес пе? Жүз есе бекершілік пен жалған болмай ма? Апыр-ай, бір сұлтанның бір ғана ишаратын өтірікке шығармау үшін кейде қалың әскер майданға шығып соғысқандары мәлім. Ал, әлгі тым салмақты да намысты Сұлтанның мыңнан аса сөздері мен уәделері, сондай-ақ ескертулері өтірік, бекершілік болуы әсте мүмкін бе? Ақиқат болмауы мүмкін бе? Он үш ғасыр үздіксіз сансыз рухтарға, саналарға, көңілдерге, жандарға хақпен, ақиқатпен үкім еткен, тәрбиелеп, билеп басқарған осы бір мағынауи аса абыройлы Сұлтанның бір ғана ишареті әлгіндей ақиқатты толық дәлелдеуге жеткілікті бола тура оның үстіне мыңдаған анықтамалар жасап хашир ақиқатын көрсетіп дәлелдегеннен кейін, оны мойындамаған бір қараңғы ақымақ үшін жәhәннәмнің зор азабы қажеті болмай ма? Әрі тым әділетті іс емес пе? Сондай-ақ, өз заманын, дәуірін басқарған барлық семауи парақтар мен қасиетті кітаптар болашақ пен өткенді яғни барлық заманға үкім ететін Құранның дәлелдермен, анықтамалармен, түсініктемелермен баяндаған хашир ақиқатын ғасырына, заманына сай түрде қабылдай отырып ашық түрде емес мухтасар түрде баяндап келген. Алайда олар да бұлтартпас айғақ болып табылады. Демек, оларда Құранның дауасын мыңдаған ишареттермен қуаттап отыр.
Тақырыбымызға орай Рисалә-й Нұр Мінәжәт рисаләсінің соңында:
ايِمَانٌ بِالْيَوْمِ الاَخِرِ
"Ахиретке иман" шартына, басқа иман шарттары әсіресе „Расул" мен „Күтуб" шәhәдеті мінәжат түрінде тым қуатты да өзекті түрде және қандай да болмасын күмәндәрді жоққа шығаратындай түрде баяндалған болатын. Сондықтан осы жерде қайталанбақ:
Әй, Рабб-ы Рахимым! Расул-ы Әкремнің тәлімімен, Қасиетті Құранның дәрісінің арқасында мынаны түсіндім; Әуелі Құран мен Расул-ы Әкрем, сосын барып қасиетті кітаптар мен пайғамбарлар сенің бул дүниеде сондай-ақ әр тарапта өрнектері көрінген аса желал әрі жәмал есімдерінің көріністері одан әрі әсем түрде Әбедул Әбадта жалғасынын табатынын сондай-ақ мына фәни әлемде Рахымды түрде көріністері мен өрнектері ихсандарының бақыт әлемінде одан да көркем түрде жалғасатынын, мәңгі екенін және мына қысқа дүниеде оларды таңдана тамашалаған, сүйсіне бірге болған құмарпаздардың мәңгілік әлемінде де бірге болатындарына ижма әрі бірауыздан шәhәдет етіп дәлелдей түседі.
Сондай-ақ, жүздеген күшті муғжизелеріне, нақты аяттарына сүйене отырып әуелі Ардақты Пайғамбарымыз және Құран-ы Хаким болып, барлық нұрлы рухтардың иелері Пайғамбарлар және барлық нурланған көңілдердің кутуптары уәлилер мен өткір де нурлы ойлардың қайнар көздері болып табылатын барлық турашылдар сенің сәмәуи парақтарың мен қасиетті кітаптарыңда қайта-қайта берген мыңдаған уәделеріңе, ескертулеріңе сүйене отырып, hәм сенің қудірет, рахмет, инает(жәрдем), хикмет, желал, жемал тәрізді ахиретті қажет қылатын киелі сыпаттарыңа, атқарған істеріңе сондай-ақ сенін Жәләліңнің қол жетпес үстемдігіне, Рубубиетіңнің салтанатына орай сонымен қатар ахиреттің іздері мен оның бар екенін мегзейтін жаңалықтарына, көргендеріне және ғылымеляқын, айнеляқын нанымдары мен имандарына сүйене отырып адамдарға мәңгі бақыт бар екенін сүйіндіре хабарлайды. Тура жолдан тайғандар үшін тозақ, хидает бұйырғандар үшін жұмақ бар екенін хабарымен білдіреді. Таусылмас иман етіп, шәhәдет етуде.
Әй Қадир-ы Хаким! Әй Рахман-ы Рахим! Әй Садықул Үғдил Кәрім! Әй, Иззет пен Азамет әрі Жәлал иесі Каhhар-ы Зүлжәлал!. Мунша сенімді достарыңды, мұншама уәделерінді әрі осыншама сыпат пен құбылыстарыңды өтірікке(бекерге) шығару, жалған ету және Рубубиетінің салтанатының сөзсіз талап-тілектерін жоққа шығарып орындамау әрі өзіңнің сүйіп оларда сені мақұлдап мойынсұну арқылы өздерін соған сүйдірген көптеген адал құлдарыңның ахиретке қатысты дұғаларын, талаптарын тыңдамай кері қайтару сондай-ақ өздерінің күпірімен, бас көтерулерімен сенің уәдеңді бекерге шығарып азамет пен үстемдігіңе тіл тигізген, әрі Жәлалыңның абыройыңа, Улухиетіңнің қажеттілігін таптап, Рубубиетіңнің мейірімділігін ренжіткен азғындарды, діннен безгендерді жақтап, хашир жоқ дегендерін мақұлдаудан аулақ, мың есе ада, шексіз пәк әрі үстемсің. Мұндай шексіз қатігездіктен, тым жиіркенішті қасиеттен сенің өте әділеттігің, шексіз Жәмалың мен соңсыз Рахметің тым ұзақ деп білеміз.
Сенің жүз мыңдаған сенімді елшілерің және көптеген салтанатыңның турашыл жаршылары болатын пайғамбарлар, асқан әулиелерін хаққаляқын, ғылмеляқын түрінде сенің ахиреттегі мейірімділік қазыналарыңа, мәңгілік әлемдегі жарылқауларыңның қазына қоймаларына, бақыт әлемінде толық түрде көрінетін есімдеріңнің таңғажайып сүлу көріністері шәhәдеттері хақ әрі ақиқат. Сондай-ақ ишареттері дұрыс әрі орынды. Әрі сүйіншілері дурыс екеніне жан тәнімізбен иман етеміз. Олар ақиқат атаулының бастауы өзегі болып табылатын Хақ есімінің үлкен шуағы. Осы бір Хашир мәселесі үлкен ақиқат екеніне иман ете отырып, сенің әміріңмен құлдарға хақ дәрісін беруде. Әрі нағыз ақиқатты тәлім беруде.
Әй, Раб! Осылардың дәріс-тәлімдерінің ақысы мен құрметіне бізге және Рисалә-й Нұр шәкірттеріне толық иман және ақыры қайыр бер. Бізді олардың шапағатына бөле! Амин...
hәм Құранның, тіпті барлық семауи қітаптардың хақ екендігін дәлелдейтін күллі айғақтар, дәлелдер әрі Хабибуллаhтың, тіпті барлық пайғамбарлардың елшіліктерін дәлелдейтін күллі мүғжизелер, бұлтартпас айғақтар, айналып келіп ең маңызды мүддесі болған ахиреттің шындыққа айналуына келіп тіреледі. Сол сияқты Уажибул Ужудтың бар екендігіне, бір екендігіне шәhәдет ететін көптеген дәлелдер мен айғақтар айналып келгенде Рубубиет пен Улухиеттің ең маңызды негізі мен мекені болып табылатын бақыт әлемінің, мәңгілік дүниесінің бар екендігін, ашылатынын дәлелдей түседі. Неге десеңіз төменде баяндалатыны сияқты Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың hәм болмысы, hәм толық сыпаттары, сондай-ақ көптеген есімдері hәм Рубубиет, Улухиет, Рахмет, Инает, Хикмет, Азамет сияқты қасиеттері мен істері ахиретсіз болмайтыны, міндетті түрде бақи әлемді қажет қылып, сөзсіз турде жазалау мен сый-сыяпат жері болып табылатын Хашир мен Неширді керек етеді.
Әзәли де Әбәди бір Аллаhтың бар екені рас болса, әлбетте Улухиетінің салтанатының бітпес өзегі болып табылатын ахирет бар. Сондай-ақ, бул әлемде және ондағы тіршілік атаулы арасында өте айбынды әрі хикмет толы мутлақ Рубубиет бар, әрі көзге көрініп тур, олай болса әлбетте сол Рубубиеттің айбындылығын күйреуден, хикметіні әбестіктен, мейрімділігін зулымдықтан сақтайтын мәңгі бақыт әлемі болады, әрі кірілетін болады.
Сондай-ақ мына көз алдымыздағы нығмет берулер, ихсандар, жарылқаулар, қамқорлықтар, сыйлықтар, көмектер мен рахметтер, су алмаған саналар мен жанды көңілдерге ғайып бір перде артында бір Зат-ы Рахман-ы Рахимның бар екендігін көрсетеді. Әлбетте нығмет беруді масқаралаудан, жарылқауды алдаудан, көмектесуді қастандық жасаудан, жан ашырлықты азаптаудан, сыйға бөлеуді қиянат жасаудан сақтайтын, нығметті нығмет, жарылқауды жарылқау етіп турған Мәңгілік әлемде бір соңсыз өмір бар және болмақ.
hәм, көктем маусымында жер жиhанның алақандай парағына мыңдаған кітапты аралас қурмалас бірақ қатесіз бір Қудретті қаламның жазғанын көріп отырмыз. Әрі шаршамастан тынбастан жазуда. Олай болса сол қаламның иесі:"Мына тар жерде аралас қуралас көктем атты кітаптан әлдеқайда оңай әрі кең жерге әсем әрі мәңгі бір кітап жазамын да сендерге оқытқызамын"- деп, бүкіл әмірлерінде әлгі кітаптан әңгіме қозғайды. Әлбетте ол кітаптың негізі жазылып қойылған, хашир мен нәшир арқылы толықтырылып жалпының амал дәптерлері тіркелетін болады.
hәм жер шарымыз; қыруар мақулықтардың үйі, жүз мыңдаған түрлі тіршілік иелері мен жан-жануарлардың сан құбылған баспанасы, фабрикасы, көрмесі, маhшәрі болғандықтан, бұл әлемнің жүрегі, орталығы өзегі әрі нәтижесі, жаратылу себебі болып өте маңызды ролі бар. Өзінің кішкене болмысымен тұрмай алып аспанмен тайталасады. Сәмауи әмірлерде әрдайым
رَبُّ السَّموَاتِ وَ اْلاَرْضِ
дейді. Сондай-ақ, осы аталған жер шарының әр тарапына үкім еткен, көптеген мақулықтарға билік жүргізген, тіршілік иелерінің көпшілігін бағындырып өзінің айналасына жинаттырған, көптеген туындыларын өзінің қалауына қарай, қажеттілігіне орай реттеп, көркейтіп, жайнатып, таңғажайыптарын кейбір жерлерге жинап безендіріп қойған, безендіргені сондай тек адам мен жын атаулының ғана назарын емес, тіпті аспан тұрғындарының бүкіл әлемнің назарын аударып таңқалдырған және бүкіл әлем иесінің көңілінен шығып маңыздылығы мен қадірі артқан осылайша әлемнің жаратылыс хикметі, зор нәтижесі, құнды жемісі, жер жиhанның халифасы екендігін білімімен, өнерімен дәлелдеген әрі дүниелік жағынан қарағанда әлемнің ұстасының мүғжизелі туындыларын өте жақсы таныстырып, реттегені үшін алайда қасарысқандық және күпірлігімен бірге дүниеге жіберілген, жазасы болса кейінге қалдырылып атқарған қызметі үшін кешіріліп табысқа жеткен адам дейтін тірі жан бар.
Осындай күрделі де қызық адам жаратылысы өзінің мінез-құлқы жаратылыс жағынан тым әлсіз әрі бишара өте мүсәпір де пақыр, оның үстіне толассыз мүң муқтажы мен уайым қайғысы бола тұра күш-қуаты мен ерік тысында әп-әйдік Жер жаhан; оның қажетті заттар қоймасы, әр түрлі тағамдар, тиімді әр түрлі нәрселермен көмкерілген бір дүкен бейнесіне енген. Осыларды істеп отырған асқан құдрет пен мол хикмет иесі, мейрімді Мүтасаррыф бар. Ол, адам баласына қарайлап, азықтандырып қалағанын беріп отырады.
Иә, осындай бір Раб, hәм адамды жақсы көреді hәм өзін адамға жақсы көргізеді, hәм мәңгілік иесі hәм бақи әлемдері бар. Һәм атқарған әр ісі әділетті әрі хикмет толы. Һәм мына қысқа фәни тірлікте, мына тар адамзат дүниесіне, мына баянсыз жерге әлгі Хаким-ы Әзәлидің салтанатының айбындылығы, әкімшілігінің соңсыздығы сыймайды. Адамзат арасында әлемнің заңына, әділет пен тәртібіне, тартымды жүзіне керағар үлкен зұлымдықтар, бас көтерулер болып, нығмет беріп мейірлене азық берген мейірбанға қарсы қиянаттар мен қасарысулар, күпірліктер бұл дүниеде жазасыз қалып, қанішер залым рахат өмір сүріп, бишара жәбірленуші, машақаттармен бұл дүниеден көшіп барады. Қанішер залымдар мен үмітсіз мақұлықтар өлген соң тең болып айырмашылық болмауы; әлемде байқалатын асқан әділдікке қайшы құбылыс. Ол оған әсте рұқсат бермейді.
Сондай-ақ әлем иесі, бүкіл әлем ішінен жер жаhанды, одан адамзатты таңдап тым маңызды рол, мән бергені сияқты адамзаттан да Рубубиеттің мақсаттарына сай болған, өздерін иман және тәслім арқылы сүйсіндірген, нағыз адамдық қасиетке ие пайғамбарларды, әулиелер мен асфияларды таңдап, өзіне дос әрі әңгімелеуші етіп, оларды мұғжизелер, тауфиқтармен жарылқап, дұшпандарын сәмауи тоқпақтармен азаптап отырады. Және осы қадірлі де сүйікті достарының ішінен, олардың имамы мақтанышы, ардақты Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссаламды таңдап жер жаhанның қунды бөлігін, адам баласының маңызды бестен бір бөлігін ұзақ ғасырлар бойы оның нұрымен нұрға бөледі. Бейне бір әлем оның үшін жаратылғандай; барлық мақсаттары онымен, оның дінімен, Құранымен сабақтас. Аса қадірлі әрі миллиондаған жылдар бойы жалғаса беретін еңбегінің қызметінің ақысын шексіз заманда алуға тиіс әрі лайық бола тұра ауыр күндер мен машақатты күреспен алпыс үш жыл ғана қып-қысқа бір өмір сүрді. Япырай, ол кісі барлық жолдастарымен, достарымен тірілмеуі әсте мүмкін бе? Жоқ, жоқ еш те мүмкін емес. Қазірдің өзінде тірі болмауы, жансыз болып, мәңгілікке жойылуы мүмкін бе? Астапыраллаh! Құдай сақтасын! Олай болуы мүмкін емес. Иә, бүкіл әлем, әлемніқ ақиқаттары оның тірілуін даулап әлем иесінен өмір сүруін талап етеді... Сондай, жетінші шуақ Аят-үл Кубра деп аталатын еңбегімде, әр қайсысы таудай заңғар отыз үш алып айғақ баяндаған болатынбыз. Былайша: Мына бүкіл әлем бір қолдан шыққан, бірісінің мүлкі. Ол Илаhи кемелдіктің негізі болып табылатын Уахдет пен Әхадиетті ап-ашық түрде көрсетеді. Он сегіз мың әлем Уахдет пен Әхадиет арқылы әлгі Зат-ы Уахидтің тілалғыш нөкерлері, бас иген қызметшілері бейнесіне енеді. Ахиреттің келуі арқылы кемелденуі құлдыраудан, сөзсіз әділдігі әшкерелеп, қатігез зұлымдықтан, толық хикметі бос әбестіктен, асқан мейрімі әжуа ғылып азап беруден, асқан намысқой қудіреті бейшара мүсәпірлікке айналудан аман қалып жоғары қасиетке ие болады. Әлбетте, әрі сөзсіз Аллаhқа иманның жүздеген нүктесінен және жоғарыда аталған ақиқаттардың ықпалымен қиямет қайым болады. Хашир мен нешир болады. Жазаға тарту мен сыйға бөлеу орны турғызылады. Содан жер жиhаннық аталған маңыздылығы мен өзектілігі, адамның мәнісі мен қадірі артады. Жер мен адамнық жаратушысы сымшанын бсінші бөлімі.
Халиқ, Рабб-ы Мутасаррафы Хакимнің аталған әділдігі, хикмет пен мейірімділігі, әрі салтанаты орнайды. Мәқгілік иесі Рабтың жоғарыда аталған нағыз достары, ынтық болғандары мәңгі жоқ болудан аман қалу үшін және сол достардың ең улысы, ең ардақтысы бүкіл әлемді риза қылған кісі баға жетпес қызметінің ақысын көру үшін және Сұлтан-ы Сәрмәдидің кемелдігі нұқсандықтан, қудіреті әлсіздіктен, хикметі әжуалықтан, әділдігі зұлымдықтан арылып, даңқы арта беруі үшін, тазару үшін жаза мен сый орны ашылатын болады.
Сонымен Аллаh бар екені рас, әлбетте ахирет бар.
Жоғарыда аталған үш иман шарты, өздерінің дәлелдерімен бірге қалайша хаширге шәhәдет етті, солайша
وَ بِمَلئِكَتِهِ وَ بِالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَ شَرِّهِ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى
деген иманның шарты да хаширды керектіріп, бақи әлемнің бар екеніне қуатты түрде дәлел болып, шәhәдет етеді.
Періштелердің болмысы сондай-ақ, олардың қулдық міндеттерін дәлелдейтін барлық айғақтар, сансыз оқиғалар мен әңгімелесулер орайлы түрде рухтар әлемінің бар екенін әрі ғайып әлемі, мәңгілік әлемі, ахирет әлемі сондай-ақ келешекте жын мен адам атаулы мақұлықтармен безендірілетін бақыт сарайы жәннәт пен жәhәннәм сияқты әлемдердің бар екенін дәлелдей түседі. Қалай десеңіз, періштелер мына әлемді Аллаhтың рұқсатымен көре де, кіре де алады. Хазіреті Жәбрайыл сияқты адамдармен кездескен Муқаррабин періштелер сол әлемдердің бар екендігін өздері де сол жерде кезгендерін қуатты хабар беруде. Көзімізбен көрмеген Америка құрылығын ол жақтан келгендер арқылы оның бар екенін анық білгеніміз сияқты, жүз теватур қуатында періштелер әкелген ақпараттармен бақи әлемнің, ахирет дүниесінің, жәннәт пен жәhәннәмның бар екендігіне анық түрде иман ету керек. Әрине, солай иман етеміз.
hәм "Жиырма алтыншы сөз" деп аталған „Тағдыр рисалесінде" тағдырға иман шартын дәлелдейтін барлық айғақтар айналып келгенде Хашир мен Нешир-і Суhуфқа әрі ұлы таразы басында амалдардың тартылатынына дәлел болады. Өйткені әр нәрсенің тағдырын көз алдымызда тәртіп пен жүйе таспаларында тіркеп қою, әр тіршілік атаулының өмір жолдарын естерінде, дәндерінде сондай-ақ басқа да сол сияқты тоспаларда тізу және әрбір рух иелерінің, әсіресе адамдардың амал дәптерлерін сақтаулы таспаларға тіркеп, белгілеп қою дегеніңіз, яғни ондай ауқымды тіркеме; тағдыр, хикметті жазу, муқият тіркеме, сақтаулы жазба; тек қана улы сот кезінде жалпыға ортақ сараптау; зерттеу, шешім қабылдау нәтижесінде мәңгілік қурметтеу немесе жазалау мақсатымен жасалады. Әйтпесе ол көлемді де муқият тіркемелер, сақтаулар, мағынасыз, пайдасыз боп қалады. Хикмет пен ақиқатқа керағар. Һәм, хашир болмаса Тағдыр қаламымен жазылған мына „әлем" атты кітаптың барлық хақ мағаналары жойылып қурып кетеді. Булай болуы мумкін емес. Бул ықтимал, булай ойлау, әлемнің бар екенін жоққа шығару сияқты мүмкінсіздік. Тіпті ертегі деуге болады.
Қорытынды: Иманның бес шарты барлық дәлелдерімен бірге Хашир мен Хаширдің болатынына, болмысына және о дүниенің бар екеніне, ашылатынына дәлел болып, шәhәдет етеді, тіпті талап етеді.
Міне, хашир ақиқатынын азаметіне сай осындай терең де бултартпас айғақтар мен дәлелдер болғандықтан, Қасиетті Құран-ы Кәрімнің шамамен үштен бірі хашир және ахирет боп келеді. Оны барлық ақиқаттарына ірге тас, негіз жасап, әр нәрсені соның үстінеөрбітеді...
(Кіріспе тамам болды)
Қосымшаның екінші бөлімі.
(Бастағы аяттың муғжизелік Ишареттерінен, Хаширге байланысты тоғыз дәлелдің, „тоғыз мақамынан" „Бірінші мақам")
فَسُبْحَانَ اللَّهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُونَ وَلَهُ اْلحَمْدُ فِى السَّموَاتِ وَاْلاَرْضِ وَعَشِيًّا وَحِينَ
تُظْهِرُون َُخْرِجُ اْلحَىَّ مِنَ اْلمَيِّتِ وَيُخْرِجُ اْلمَيِّتَ مِنَ اْلحَىِّ وَيُحْيِى اْلاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَكَذلِكَ تُخْرَجُونَ
Бұл жерде көрсетілген Хашир хабары Қудай қаласа нақты дәлелдермен дәлелденетін болады. (Сілтеме)(27)
(27)(Сілтеме): Ол мақам әлі жазылмады. Өмір мәселесінің хаширге байланысы болғандықтан осы жерге алынды. Бірақ аяқ жағындағы тағдыр мәселесі өте маңызды жэне мағынасы өге терең.
Өмірдің „Жиырма сегізінші" ерекшелігінде баяндалғанындай, Өмір Иманның алты шартына дәлел бола алады. Олардың ақиқатына ишарат етуде. Иә, жаратылыстың ең маңызды нәтижесі және жаратылу хикметі өмір. Әлбетте бұл ұлы ақиқат фәни, қысқа, әрі өткінші бұл дүниелік өмірмен ғана шектелуі мүмкін емес.
Өмірдің жиырма тоғыз ерекшелігімен мен негізінің ұлылығын түсіндіруші өмір ағашының мақсаты және ол ағаштың ұлылығына лайық жемісі, ахиреттегі мәңгі өмір. Әйтпесе мына сансыз да жиhаздармен жабдықталушы өмір ағашы, саналылар жайлы әсіресе адамзат жайлы жеміссіз, пайдасыз, ақиқатсыз қалуы. керек. Дене құрылысындағы жиhаздар торғаймен салыстырғанда жиырма есе көп, жаратылыстың және жандылардың ішіндегі ең маңыздысы, ең жоғарғы дәрежедегі жаратылыс иесі адамзат баласы, өмірдегі бақытты болу турғысында торғайдан жиырма есе төмен түсіп ең бақытсыз ең бишара халге түсер еді. Әрі ең қымбат нығыметтердің бірі, ақылдың өзі, өткен шақтың қайғылары мен болашақтың қиыншылықтарын ойлау арқылы әрдайым адам жүрегін жаралап, қынжылтып бір ләззәтке қарсы тоғыз өкініш шығарғандықтан ең қиын бәлеге айналады. Ал бұл болса ақиқатқа қайшы келеді. Демек, бұл дүниедегі өмір, иманның ахиретке иман ету шартын толық дәлелдеуде және әр көктем сайын хаширдің үш жүз мыңнан астам үлгілерінкөрсетуде.
Ия, сенің денеңде және бақшаңда, отаныңда өміріңе қажет болған барлық жиhаздарды хикметпен, рахметімен жаратып уақытылы саған жеткізіп отырушы, тіпті сеніқ асқазаныңның өмір сүру үшін жасаған дұғасын біліп, естуші және сансыз тәтті нығметтермен сенің асқазаныңның дұғасының қабыл болғандығын көрсетіп, асқазаныңды қуанышқа бөлеуші бір Мутасаррыф-ы Қадирдық, сені білмеуі, көрмеуі және адамзат баласының ең үлкен мақсаты болған мәңгілік өмірге қажетті себептерді жаратпауы мүмкін бе? Жо-жоқ олай болуы әсте мүмкін емес. Әрі адам баласының ең үлкен, өте маңызды, өте лайық және ортақ болған мәқгілікті талап ету дұғасын, ахирет тіршілігін қуру және жәннатты жарату арқылы қабыл етпеуі мүмкін бе? Әрі ғаламның ең көрнекті мақұлығы, тіпті жер бетініқ сүлтаны әрі нәтижесі болған адам баласынын жер мен көкті күркіреткен, ортақ әрі өте қуатты дұғасын естімей, кішкентай бір асқазан құрлы мән бермей, рыза қылмауы әсте мүмкін бе? Асқан даналығы мен соңсыз мейрімділігін жоққа шығаруы мүмкін бе? Жо-жоқ, жүз мың мәрте жоқ!...Өмірдің ең төменгі сатысындағылардың нәзік әрі сыбырлаған дауыстарын естіп, олардың дертін тыңдап, дерман беріп, назын тыңдап өте жоғары кемелділікпен қарап отырып асырап, оларға үлкен жаратылыстарды қызметші етіп, ең үлкен, ең қымбат тіршілік иесінің найзағайдың күркірі сияқты даусын естімеуі мүмкін бе? Оның өте маңызды болған мәңгілік жайлы дұғасына назар аудармауы мүмкін бе?
Бейне бір, бір жауынгерді қарулармен қамтамасыз етіп, ұқыптылықпен қарап, оған басшылық етіп, ал қалың қол әскерге қарамай қоюы; атомды көріп, Күнді көрмеуі; масаның ызыңын естіп, ал күннің күркірін естімеуі; ақылға сыя ма? Жо-жоқ, олай болуы мүмкін емес.
Шексіз рахмет пен махаббат иесі және аса мейрімді, әрі өз өнерін жақсы көретін, өзін сүйсіндіріп, сондай-ақ өзін сүйгендерді әлдеқайда жақсы көретін Зат-ы Қадир-и Хаким; өзін сүюші әрі сүйкімді, әрі сүйілген, сондай-ақ, Саниына әу бастан құштар тіршілікті; әрі сол тіршіліктің өзі мен ғауhары болып табылатын рухты; мәңгілік өліммен жазалап, өзін сүюші әрі өзі сүйген сүйіктісін ренжітіп, рахметін және махаббатын жоққа шығаруы мүмкін бе? Жо-жоқ мүмкін емес.
Жаратылыс атаулыны сұлулығымен безендіруші „Жемал-ы Мутлақ", бүкіл әлемді сүйсіндіруші „Рахмет-и Мутлақ," ондай жиіркенішті халден, ондай мутлақ зұлымнан мерхаметсіздіктен әлбетте үзақ, мүнеззеh және мұқаддес әрі ада.
Нәтиже: Бұл дүниеде тіршіліктің бар екені рас. Олай болса, адамзаттың ішінде өмірдің сырын түсініп, оны босқа өткізбегендер мәңгілік отанында және Жәннатта, мәңгілік өмірге ие болады.
Сондай-ақ жер бетіндегі жылтырақ нәрселер, Күннің сәулесімен жарқыраулары және теңіздердің бетіндегі көпіршіктердің күн сәулесімен жарқырап қайта сөнулері және екінші бір көпіршіктің күнге айналық жасауы, күннің бейнесін сан-алуан тілде жариялап, өзінде көрсетуі, Күннің бар екендігін дәлелдейді.
Дәл сол сияқты; Зат-ы Хаий-ы Қайюмның „Мухи" есімінің ұлы көрністері жер жүзі мен теңіздердегі тіршілік иесінің Аллаhтың құдретімен жарқырап көрініп, өзінен кейінгілерге жер беру үшін „Я Хай"-деп, ғайып пердесі артына жасырынулары, мәңгілік өмір иесі болған Заты-ы Хай-ы Қайюмның өміріне және Ужуб-ы Ужудына ишарет етіп куә болуда. Барлық жаратылыстың бойында туындысы көрінген, Аллаhтың іліміне куә болушы барлық дәлелдер және жаратылысты билеп тұрған құдіретті көрсетіп тұрған хабарлар, бүкіл әлемдерді басқаруда әмірші болған әмірді дәлелдеуші барлық дәлелдер және кәлам-ы Раббани мен уахи-и Илаhидің қайнар көзі болған елшіліктерді дәлелдейтін барлық ғаламаттар, мүғжизелер тағы сол сияқтылар... Аллаhтың жеті сыпаттарын дәлелдеуші барлық дәлелдер, Заты Хаий-ы Қайюмның тірі екеніне бір ауыздан куә болуда. Себебі: Бір нәрсенің көру қабілеті болса өмірінің де бар болғаны. Ести алатын болса өмірдің нышаны. Сөйлей алатын болса өмірінің де бар екендігіне дәлел. Еркі мен күші болатын болса өмірінің де болғанын көрсетеді. Дәл сол сияқты: мына әлемдегі туындыларымен өзінің бар екендігін анық көрсетіп отырған Құдрет-і Мутлақа және Ираде-и Шамиле, Илм-и Мухит секілді сыпаттар; барлық дәлелдерімен Зат-ы Хаий-ы Қайюмның өміріне және Ужуб-ы Ужудына куәлік етеді. Бүкіл әлемді бір ғана саясымен жарықтандырып, бір ғана көрнісімен барлық Ахирет елін, атомдарымен бірге тіршілік еттірушінің мәңгілік өмір иесі екендігіне куәлік етуде. Һәм, өмір иманның шарттарынан, Періштелерге иман бөлімімен де тығыз байланысты, оған ишарет етіп дәлелдейді. Себебі: Әлемдегі ең маиызды нәтиже өмір екені рас. Ең көп тарап, қадір-қасиетіне қарай нусқалары көбейтіліп отырған және жер жүзі қонақжайын келіп-кетер керуендермен безендірген тіршілік иелері болып табылады. Жер шары, осыншама тіршілік иелері түрлерімен толып, тіршіліктің түрлерін жаңалап және көбейту хикметімен әр уақыт толып, қайта босалуда. Тіпті, түкке тұрғысыз шірік заттардың өзінде көптеген тіршілік иелері пайда болып, микроптар жиынтығына айналуда. Әрі өмірдің сүзіліп алынған ең таза өзегі, сана мен ақыл, нәзік әрі тұрақты жәуhары болған рух; Жер шарында көптеген бейнелерде жаратылуда. Бейне бір Жер шары, өмір мен ақыл және сана мен рух арқылы жанданып безендірілген тәрізді. Әлбетте Жер шарынан да әсем, нәзік, одан да нұрлы, әрі үлкен, әрі маңыздырақ болған аспан денелері мен планеталар; өлі, меңіреу, тіршіліксіз, жансыз болуьшүмкін емес.
Демек аспан әлемін, күндер мен жұлдыздарды безендіріп, жандандырып туратын, о аспан әлемінің жаратылу нәтижесін көрсете алатын, әрі Аллаhтың хабарларына дәлел бола алатын саналы тіршілік иесі және аспан әлеміне лайық түрғындары бар. Олар да періштелер. Әрі өмірдің ішкі сыры, иманның Пайғамбарларға иман бөлімін дәлелдейді. Иә, барлық жаратылыстың өмір үшін жаратылғандығы рас. Әрі өмір; Хаий-ы Қайюм-ы Әзелидің сәулесі. Кемелділігінің нақыш оюы, бір сұлулық өнері. Мәңгілік өмір пайғамбарлар жіберлуі және кітаптар түсірілуі арқылы өзін көрсетуде. Иә, егер Пайғамбарлар мен кітаптар болмағанда мәңгілік өмір біліне алмас еді. Бір адамның сөйлеуі арқылы оның тірі екендігі дәлелденеді. Дәл сол секілді,жаратылыстың әлем-і ғайып пердесінің арғы жағында, әрі сөйлеп, әрі өмір беріп отырған Аллаhтың кемелділігін; пайғамбарлар мен түскен кітаптар дәлелдейді. Әлбетте бүкіл әлемдегі тіршілік; Хаий-ы Әзелидің Ужуб-ы Ужудына нақты дәлел болғанындай-ақ, мәңгілік өмірдің сәулесі ретінде болған "Ирсал-ы Русул" және „Инзал-ы Күтуб" шарттарына дәлел бола алады. Әсіресе Мұхаммед (С.Ғ.С.) Пайғамбарлығы және Құранның уахи арқылы түсуі, өмірдің рухы мен санасы болғандықтан, мына өмірдің рас екендігі сияқты, олардың да хақ екендігі рас.
Иә, Өмір; Жаратылыстан сүзіліп алынған бір өзек және сана мен сезім де өмірден сүзіліп алынған өмірдің өзегі. Ақыл да сана мен сезімнен сүзіліп алынған, сананың өзегі. Рух та өмірдің таза да саф жәуhары және тұрақты мүлкі. Сол секілді, Мұхаммедтің (Ғ.С.М) өмірі де өмірден және жаратылыстың рухынан сүзіліп алынған материалдық және мағынауи, өзектердің өзегі. Мұхаммедтің (Ғ.С.М) Пайғамбарлығы да, жаратылыс атаулының сана мен сезімінен және ақылынан сүзіліп алынған ең сафи өзегі.
Мухаммедтің (Ғ.С.М) өмірі өз туындыларының куәлігімен бүкіл жаратылыс атаулының өмірі. Мухаммедтің (Ғ.С.М) Пайғамбарлығы бүкіл жаратылыс атаулының санасы және нұры. Құранның уахиі де, тірі ақиқаттарының куәлігімен, ғаламның тіршілігінің рухы және барлық жаратылыс атаулының ақылы екендігін көрсетеді.
Иә, бұл шын әрі рас. Егер мына әлемнен Мұхаммедтің (Ғ.С.М) пайғамбарлығының нұры шығып қалатын болса, бүкіл жаратылыс атаулы өлім табады. Егер, Құран кететін болса, бүкіл әлем диуанаға айналып, Жер Шары ақыл есін жоғалтады. Санасыз қалған басын басқа бір планетаға соғып тас-талқаны шығады.
hәм, тіршілік, "тағдырға иман" шартымен де қатысты. Көмескі ишареттермен оны растап отырады. Өйткені, тіршілік дегеніміз; шәhәдәт әлемінің нұры, әрі оны түгел қамтып тұрады. Сондай-ақ, болмыстың нәтижесі, мақсаты әрі Жаратқан Аллаhтың өте ауқымды айнасы және Раббани іс-қимылдың керемет өрнегі мен мазмұны (тәмсілде қате болмасын). Бейне бір бағдарламасы тәрізді. Әлбетте ғайып әлемі яғни мази мен мүстақбәл, яғни өткен шақ пен болашақтағы мақұлықтардың мағынауи тіршілігі болып табылатын интизам, низам, мағлумиет, мәшhудиет, тағаиюн, және тәкуин әміріне мойысұнуға дайын күйлерде болуларын тіршілік сыры қажет қылады. Мәселен, бір ағаштың негізгі тұқымы мен тамыры және ақырындағы, жемістеріндегі дәндері; дәл ағаш тәрізді тіршіліктің бір түріне ие. Тіпті онда, ағаштың тіршілік шарттарынан әлдеқайда нәзік тіршілік шарттары бар.
hәм, мәселен, осы көктемнің алдындағы күзден қалған тұқымдар мен тамырлар; осы көктем өткеннен кейін келесі көктемге қалдыратын тұқымдар мен тамырлар; осы көктем сияқты тіршіліктің ұшқындарына бөленген әрі тіршілік шарттарына тәуелді болады. Дәл сол сияқты: Әлем атты ағаштың барлық тал-бұтақтарынық әрқайсысының өткені мен болашағы бар. Өткен және келешек күйлерден, жағдайлардан құралған бір өзіндік тізбегі бар.Аллаhтың ілімінде әр түр мен әр нәрсенің сан-алуан күйлері мен тұлғалары іліми болмыс тібегін құрайды, әрі дене тәрізді ғылыми болмыс та ортақ тіршіліктің мағынауи шуағына бөленеді. Осылайша тіршілік тағдыры әлгі әсем де тірі Тағдыр таспаларынан алынады.
Иә, ғайып әлемінің бір түрі болған рухтар әлемі; тіршіліктің өзегі, оның заты, жауhары мен қажетті нәрселері болып табылатын рухтарға толы болуы, әлбетте мази және мүстақбел деп аталған ғайып әлемінің басқа бір түрі, екінші бөлімі де тіршілік шуағына бөленгісі келеді, талап етеді.
hәм барлық нәрсенің ғылыми болмысындағы керемет жүйелілік, әдемі күйлері, тірі жемістері, жағдайлары, басқа түрлі мағынауи тіршілікке ие екендерін көрсетеді. Рас, Әзәлй тіршілік, күнінің шуағы болған осы сияқты тіршілік шуақтары, әлбетте тек мына шәhәдат әлеміне, мына осы шаққа және қарапайым денеге ғана емес. Керісінше әр бір әлем, қабілетіне қарай әлгі шуақтың нұрына бөленуде, сондай-ақ, ғалам да барлық әлемдерімен бірге сол нұр арқылы былай десе: тіршілік пен нұрға бөленуде. Әйтпесе, далалет көзқарастың көгені сияқты, өткінші, жәй бір тіршілік артында әр бір әлем үлкен әрі үрейлі жаназа және қараңғы қалған бір мазарлық болар еді.
Міне, Тағдыр мен Қазаға иман шартының да бір жағы, тіршіліктің сыры арқылы түсінікті болады әрі нығая түседі. Яғни, қалайша шәhәдат әлемі мен көз алдымыздағы денелер, жүйеліліктермен, нәтижелерімен олардың тірі екендері көрінеді. Дәл солай да ғайып әлемі саналатын өткен және келешек мақұлықтарының да ойша өміршең мағынауи болмыстары, рухы бар іліми тұрақтылығы бар. Міне бұлар, Қаза мен Тағдыр таспасы арқылы әлгі мағынауи тіршіліктің белгісі маңдайға жазылған түріндекөрінеді,білінеді....
Қосымшаның үшінші бөлімі.
Хаширге қатысты бір сүрақ: Құранның көп жерінде
اِنْ كَانَتْ اِلاَّ صَيْحَةً وَاحِدَةً
hәм
وَمَآ اَمْرُ السَّاعَةِ اِلاَّ كَلَمْحِ الْبَصَرِ
деген әмірлер бар. Олар: Хашир-ы Ағзам кенеттен уақытқа тәуелсіз түрде жүзеге асатынын көрсетеді. Саяз ақыл мына шексіз дәреже таңғажайып әрі теңдесі жоқ мәселені толық қабыл етуі үшін демеу ретінде қарапайым бір мысал сұрайды.
Жауап: Хашир кезінде денеге рухтың келіп қонуы, дене қайтадан тірілуі әрі жаралуы бар. Бұл бөлім осы жәйінда баяндамақ.
Бірінші мысал: Рухтың денеге келіп қонуына мысал. Өте тәртіпті бір әскердің сарбаздары тынығу үшін әр тарапқа жайылып кетсе, даусы жер жаратын кернейдің дауысымен жинала қоятыны. Иә, керней тәрізді Исрафилдың суры, әскери кернейден кем түспейтіні сияқты, әбәд тарапында және зәррелер әлемінде түрғанда, әзәл жақтан келген اَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ үндеуін естіген, قَالُوا بَلَى деп жауап берген рухтар; әлбетте әскердегі сарбаздардан мың есе асқан тілалғыш, әрі тәртіпті, бас игіш келеді. Һәм, рухтар ғана емес, тіпті барлық молекулалар Сүбхани әскер мен қол астындағы жауынгерлер екені бұлтартпас айғақтармен "Отызыншы Сөз" растаған болатын.
Екінші мәселе: Дененің тірілетініне мысал. Өте үлкен бір шәhарда, көңілді бір кеште, жүз мыңдаған электр шамдары бір ғана орталықтан бейне бір әп-сәтте, көзді ашып жұмғанша болмай жайнап қоя беретіні, жарыққа кенелуі сияқты, жер жүзінде де бір ғана орталықтан жүз миллион шамдарға нұр беруге болады. Аллаhу Тағаланық электр дейтін бір мақұлығы, қонақжәйіндағы қызметшісі, шам шырағы өзінің Жаратушысының тәрбие мен реттік дәрісі арқасында мұндай ерекшеліктерге ие болып жатса, әлбетте электр сияқты мыңдаған нұрлы қызметшілерінен туратын, Илаhи хикметтің тәртіпті заңдарының алақында Хашир-ы Ағзам көзді ашып жумғанша жүзеге асуы әбден мүмкін.
Үшінші мәселе: Денелердің әп-сәтте жаратылуына бір мысал: Көктем маусымында бір неше күн ішінде бүкіл адамзаттан жүз есе көп ағаш атаулының жапырақтары, өткен көктемдегі сияқты кенеттен, әсем түрде жасалулары сондай-ақ, ағаш атаулының барлық гүлдері, жемістері мен жапырақтары қайтадан өткен көктемнің өнімдері тәрізді әні-міні дегенше жаратылулары; әрі сол бір көктемнің бастамасы болып табылатын қыруар дәндер мен тұқымдардың, тамырлардың кенеттен бәрі бірге көктеп өркен жаюлары және тірілулері; әрі сықырлаған сүйектен тұратын аяқта тұрған өлілер сияқты бүкіл ағаштардың жаназалары бір ғана әмірмен, әп-сәтте «бағсу бағдәл мәут»қа ушыраулары, өркен жаюлары; әрі ұсақ жәндіктердің бірі қалмай әсем түрде бәрі тірілулері; әрі шыбын шіркей тайпасының хаширлері, әсіресе әрдайым жүзін, көзін, қанатын тазалай отырып бізге дәрет алуды, тазалық сақтауды еске салатын және бетімізді аймалап тұратын көз алдымдағы тайпаның бір жыл ішінде жаратылған саны, адамзаттың Адам атадан бері келіп кеткен адамдардын санынан көп бола тура, көктем сайын басқа түрлер мен бірге бір неше күнде тірілулері мен жаратылулары яғни хаширлері; әлбетте қиямет қайымдағы адам денелерінің жаратылуына бір ғана мысал емес, мыңдаған мысал ретінде.
Рас, дүние хикмет жері. Ахирет құдірет жері. Сондықтан, дүниеде Хаким, Мүреттиб, Мүдеббир секілді көптеген есімдердің қажет етуімен дененің жаратылуы бір шама, ауық-ауық, әрі уақытқа тәуелді болуы, Раббани хикметтің талабы болып отыр. Ал, ахиретте болса, хикметтен гөрі құдрет пен рахмет көрінгені үшін материя мен мерзімге, уақыт пен мекенге қарамастан заттың жаратылысы бірден іске асады. Бұл жерде бір күнде, бір жылда жасалған істер, ахиретте әп-сәтте көзді ашып жұмғанша болатынына ишарет түрінде Құран-ы Мүғжизәл Баян
وَمَآ اَمْرُ السَّاعَةِ اِلاَّ كَلَمْحِ الْبَصَرِ اَوْ هُوَ اَقْرَبُ
деп бұйырады.
Егер де хаширдің болатынын, келесі көктемнің болатыны сияқты анық түрде түсінгің келсе, хашир туралы "Оныншы Сөз" бен "Жиырма тоғызыншы Сөзді" мұқияттап оқы, қара. Егер көктемнің келуі сияқты сенбесең, кел, саусағыңмен көзімді шұқы.
Төртінші мәселе: Бұл дүниенің өлімі мен қиямет қайымның орнауы; Кенеттен бір планете немесе қуйрықты жулдыздың Раббани әмірмен жерімізге яғни қонақ жайымызға соғып кетуі; мына үйіміздің тас талқанын шығара алады. Он жылда салынған бір үйдің бір минутта қирауы сияқты...
Қосымшаның төртінші бөлімі
قَالَ مَنْ يُحْيِ الْعِظَامَ وَهِىَ رَمِيمٌ قُلْ يُحْيِيهَا الَّذِ اَنْشَاَهَآ اَوَّلَ مَرَّةٍ وَهُوَ بِكُلِّ خَلْقٍ عَلِيمٌ
Яғни, адам: „Шіріген сүиектерді кім тіріледі?" дейді. Сен оған: „ Кім оларды баста жоқтан бар етіп, тірілтті, қайтадан сол тірілтеді" деп айт.
Оныншы Сөздің тоғызыншы ақиқатындағы үшінші мысалда айтылғандай; біреу көз алдында бір күнде жаңадан үлкен бір әскер жинап, орда құрса, біреу шығып: „Мына адам, дем алуға тарап кеткен бір түменнің мүшелерін кернейдің дауысымен жинап алып, тәртіпке келтіреді" десе. Әй адам! Сен бұған „сенбеймін" десең, мұндай жоққа шығаруың қаншалықты ақымақтық екенін білесің. Дәл сол сияқты; жоқтан, жаңадан әскер тәріздес жан-жануарлар әлемін, сондай-ақ басқа да тіршілік иелерін әскери бөлім тәрізді денелерін асқан реттілікпен әрі хикметті өлшемдермен әлгі дененің молекулаларын, сезімдерін
كُنْ فَيَكُونُ
"күн фая күн" әмірімен тіркен орналастырып отырған, әр ғасырда, тіпті әр көктемде жер жүзінде жүз мыңдаған қалың әскер тәрізді тіршілік иелерінің түрлерін, тайпаларын жаратқан Зат-ы Қадир-ы Алим; әскери бөлімше тәрізді дененің осыдан бұрын реттеліп бір-бірімен танысып алған негізгі атомдарды, асыл бөлшектерді бір дауыспен, Исрафилдің кернейімен қалай жиналады? деп, айтуға бола ма? Айтылса ақымақтық пен диуаналық болып табылады.
Әрі Құранда, кейде Жәнаб-ы Хақтың ахиреттегі таңғажайып істерін көңілге қондыру үшін, оны көрсету әрі ақылға оны қабыл еттіру үшін, шақыру ретінде дүниедегі ғажап істерін тілге тиек етеді. Не болмаса келешекте, ахиретте болатын Иләhи ғажап істерін керемет түрде баяндайтыны сондай, көріп жүрген нәрселерге қарап мойындауға тура келеді. Мысалға:
اَوَلَمْ يَرَالاِنْسَانُ اَنَّا خَلَقْنَاهُ مِنْ نُطْفَةٍ فَاِذَا هُوَ خَصِيمٌ مُبِينٌ
суренің соңына дейін... Міне, осылайша Хашир мәселесін дәлелдеу үшін жеті-сегіз түрде, сан-алуан тұрғыда дәлел баяндайды.
Әуелі, назарға ең алғаш жаратылысты усынады. Былай дейді: Бір тамшы судан ұйыған қанға, ұйыған қаннан бір шайнам етке, бір шайнам еттен адам тұлғасына дейінгі жаратылыстарықды көріп отырсыңдар... соңғы жаратылыстарыңа қалай ғана сенбейсіцдер? Ол кездегі тірілту, мынау сияқты, тіпті бұдан да оңай"
Әрі, Жәнаб-ы Хақ, адам баласына жасаған асқан жақсылығын
اَلَّذِى جَعَلَ لَكُمْ مِنَ الشَّجَرِ الاَخْضَرِ نَارًا
сөзімен ишарат етіп, былай дейді: „Сендерге осыншама нығмет берген Аллаh, қабірге кіріп алып, қайта түрмайтын жатуға рұқсат бермейді, бос қоя бермейді." Әрі ишаретпен былай дейді: "Өлі ағаштардың тіріліп, жасыл желекке бөленгенін көріп отырсыңдар. Отын секілді сүйектерге жан бітуімен салыстра алмай, ақылға сыйымсыз дейсіндер.
Әрі Жер мен көкті жаратқан Аллаh, оның жемісі болған адамды тірілту және өлтіруге күші жетпей ме? Үлкен ағашты басқарып отырған Аллаh, сол ағаштың жемісіне мән бермей басқаның қолына беруші ме еді? Ағаштың жемісін тәрк ету арқылы оның хикмет толы жаратылысын түкке тұрғысыз, мағынасыз жасауы мүмкін деп ойлайсыңдар ма? Хаширда сендерді тірілтетін Аллаh, құдреті күшті болғаны сондай, бүкіл әлем Оның қол асты әскері болып саналады. Олар
كُنْ فَيَكُونَ
әмірін бұлжытпай орындайды. Көктемді жарату, гүл жарату сияқты Оған оп-оңай. Бүкіл хайуанатты жарату, шыбынды жаратқанмен бірдей, қудретіне оңай. Міне Ол; осындай Аллаh. Мұндай күш иесіне:
مَنْ يُحْيِ الْعِظَامَ
деген ауыр сөзбен құдретін дәрменсіз санап қарсы тұруға болмайды.
Сосын
فَسُبْحَانَ الَّذِى بِيَدِهِ مَلَكُوتُ كُلِّ شَىْءٍ
деу арқылы, әрнәрсенің тізгіні мен кілті қолында; күндіз бен тунді, қыс пен жазды кітаптың парақтары секілді оңай ауыстыратын; дүние мен ахиретті екі үй секілді біреуін жауып, екіншісін ашатын; тек бір Қадир-ы Зүлжелал ғана. Олай болса, барлық дәлелдердің қорытындысы ретінде
وَاِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
яғни: қабірден сендерді хаширге әкеліп, ұлы құзырында сұраққа тартатын болады.
Міне, бұл аяттар хаширді қабылдауға ақыл-ойды әзірледі. Жүректі де дайындады. Өйткені, ұқсастарын дүниелік істер арқылы көрсетті. Әрі, кейде ахиреттегі іс әрекетін керемет түрде баяндайтыны сондай, дүниедегі ұқсастарын еске салады. Ондағы мақсаты; ақылға сыйымсыз демесін, жоққа шығармасын дегені. Мәселен:
اِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ
соңына дейін.. әрі
اِذَا السَّمَآءُ انْفَطَرَتْ
соңына дейін.. әрі
اِذَا السَّمآءُ انْشَقَّتْ
Міне, осы сүрелерде қиямет пен хаширдегі ұлы төңкерістерден және Рубубиеттің билігін ерекше түрде баяндайтыны сондай, адам олардың ұқсастарын дүниеде, мысалға: күзде, көктемде көргендіктен жүрекке ұшырып, ақылға сыймайтын әлгі төңкерістерді оңай қабылдайды. Осы үш сүренің қысқаша мағынасына ишареттің өзі өте ұзын болады. Сондықтан тек бір ғана сөзді өрнек ретінде көрсетеміз. Мысалға:
اِذَا الصُّحُفُ نُشِرَتْ
сөзі арқылы былай дейді: Хаширде әркімніқ барлық іс-әрекеті бір параққа жазулы түрде жайып салынады. Бұл мәселе өз бетінше бір ғажап болғандықтан ақылға сыймайды. Алайда, сүренің ишарет еткеніндей, көктем атты хаширде басқа жақтарының мысалдары болғандықтан, бұл сияқты парақтың жайып салыну мысалы ап-ашық. Өйткені, әрбір жеміс ағашы болсын, гүлді өсімдік болсын іс-әрекеттері, атқарар міндеттері бар. Аллаhтың есімдерін қалай көрсетіп отырып мадақтаса, солайша қулшылықтары бар. Міне, олардың осы сияқты барлық іс-әрекеттері өмір баяндарымен қоса барлық дәндеріне, тұқымдарына жазылып келесі көктемде, басқа бір жерде шығатын болады. Көрсеткен бейнесі және суретінің өзіне тән тілімен өте әсем түрде аналықтарының, негіздерінің іс-әрекеттерін баяндағанындай тал, бұтақ, жапырақ, гүл және жемістері арқылы іс-әрекеттері жазылған парақты жайып салады. Міне көз алдымызда мына хикмет толы, әрі муқият сақтау, ұйымдастыру, өсіріп жетілдіру сияқты істерді, әрине Хаким, Хафыз, Мүдеббир, Мүребби, Латиф біреу атқарған. Яғни былай дейді:
اِذَا الصُّحُفُ نُشِرَتْ
Басқа жақтарын осымен салыстыр. Күшің болса тереңге сүңгіп мағынасын түсін. Саған көмек ретінде муны да айтайын.
اِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ
Бұл келам тәкуир сөзімен, яғни орау, жинау деген мағынада, жарқын бір тәмсілге ишарет еткені сияқты, ұқсасын да мегзейді.
Біріншісі: Рас, Аллаhу Тағаланың тарапынан бос кеңістік, әсир және аспан перделерін ашып, Күн дейтін дүниеге жарық беріп турған жарқырап турған шамды, өзінің рахмет қазынасынан алып дүниеге шығарды. Дүние қараң қалған соң, оны перделеріне орап, қайта алып қояды.
Екіншісі: Немесе сәуле шуақтарын жаю әрі жер шарының басына жарықты қараңғылықпен араластыра орап, оны бір қызметші екенін, және әр ақшам әлгі қызметшіге сәуле шуақтарын жинатқызып, тығылып қалатыны сияқты, кейде Ай оның жүзіне келіп перде болады. Ол кезде Күн қызметін аз орындайды. Сәулелерін және есеп дәптерін жинастырғаны сияқты әлбетте әлгі қызметші, бір күні қызметтен босатылады. Тіпті еш бір себеп болмаса да әзірше кішкентай бірақ үлкейіп бара жатқан бетіндегі екі дақ ұлғайып, Күн әлгі өзінің Құдайдың құдіретімен орап тұрған жарығын Раббани әмірмен кері алып, Күннің басына орап "Қане, жерде жұмысың қалмады, жәhәннамға бар. Саған табынғандарды және сен сияқты адал қызметшіні опасыз деп қорлағандарды жақ!" дейді.
اِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ
әмірін қара дақты жүзімен бетінде оқиды.
Қосымшаның бесінші бөлімі.
Иә, Хадистің білдіргені бойынша, адамзат баласының ең таңдаулы өкілдері жүз жиырма төрт мың Пайғамбар, бір ауыздан сөйлеген хабарларымен, бір қатарының куә болуымен, кейбіреулерінің хаққәляқин көрулері; бір ауыздан ахиреттің бар екендігін және адамдардың сол жерге жіберілетіндігін, әлемдерді жаратушынық берген уәдесінде тұрып, ахиретті әкелетіндігін хабарлауда.
Сондай-ақ, олардың хабарлауына ғылымеляқин түрінде куә болушы жүз жиырма төрт миллион әулиелер, ахиреттің бар екендігін мақұлдауда.
Сондай-ақ, бүкіл әлемді жаратушы Сани-ы Хакимнің бүкіл есімдері, бұл дүниедегі көрністері арқылы, басқа бір соңсыз әлемнің ягни ахиреттің бар екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ, әр көктем сайын жер жүзіндегі сансыз ағаштарды
كُنْ فَيَكُونَ
әмірімен қайта тірілтіп
بَعْثُ بَعْدَ الْمَوْتِ
ке қауыштырушы және хашир мен неширдің жүз мыңдаған үлгісі ретіндегі өсімдіктер әлемі мен хайуанаттардың үш жүз мың түрін хашир және нешир етуші, теңдесі жоқ Құдрет-і Әзелие, ысрапсыз Хикмет-и Әзелие куә болуда.
Сондай-ақ, рызыққа мұқтаж барлық тіршілік иелерін аса мейрімімен таңғажайып түрде азықтандырушы және көктем сайын қысқа мерзім ішінде құлпырған сұлулықты көрсетуші Рахмет-и Бақие; Мәңгілік Инает; анық түрде ахиреттің бар екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ, бүкіл әлемнің ең жоғарғы дәрежедегі жемісі және Жаратушының ең сүйікті шығармасы, бүкіл әлеммен байланысы өте күшті болған адам баласындағы тұрақты да толассыз "мәңгілікке ғашықтық", "соңсыздықты аңсау" қабілеті, мына өткінші әлемнен кейін мәңгілік әлемі және ахирет үйі мен бақыт сарайының бар екендігін толық дәлелдейтіні сонша, бұл дүниенің рас екендігі сияқты ахиретті де қабылдауға мәжбүр етеді. (Сілтеме)(28) Қасиетті Құранның бізге беретін дәрістерінің ең маңыздысы; Иман-ы бил Ахирет ягни ахиретке иман екен, әрі ондай иман; муншалықты қуатты екен, және ол иманда сондай бір үміт, бір демеу бар. Ол демеу, әрқайсымыздың қарттығымыз жүз мың есе артып кетсе де, ол иманнан пайда болған демеу, оған қарсы төтеп бере алады. Біз яғни қарттар
اَلْحَمْدُ لِلَّهِ عَلَى كَمَالِ اْلاِيمَانِ
деп, қаpттығымызға қуануымыз керек.
(28)(Сілтеме): Рас, бір болған оқиғаны хабарлаудың оңайлығы, ал оны жоққа шығарудың өте мүшкіл екендігін мына бір тәмсіл арқылы квруге болады. Бір адам: "Жер
жүзінде сүт консервілерді өсетін таңғажайып бір бау-бақша бар" десе, басқа біреу: "Жоқ, өтірік айтасың" деп таласса, pастаушы адам, оның тек өсетiн жеpiн немесе кейбip жемістерін көрсету арқылы таласын оңай растап береді. Жоққа шығарушы адам болса, оның бекер екендігін дәлелдеуі үшін Жер шарының барлық жерін көруі әрі көрсетуі арқылы таласын дәлелдеп шығады. Дәл сол сияқты Жәннаттың бар екенін хабарлағандар, оның мыңдаған үшқындарын, жемістерін (нәтижелерін) нышандарын көрсетіп кеткен. Оларды санамағанның өзінде, ол түрғыда екі сенімді куәгердің шәhәдаты жеткілікті. Оның үстіне оны жоққа шығарған адам, шексіз әлемді және соңсыз үшы-қиыры жоқ уақытты керу, бақылау әрі тексергеннен кейін барып жок, екендігін растай алады, сонда ғана бекер екенін дәлелдейді. Міне, әй қариялар! Ахиретке иман неткен қажымас қуат екендігін біліңіздер...
Саид Нүрси.
Хашир рисалесіндегі
Аллаhу Тағаланың сипаттары
жәнә
Сөздік
Алим - Бәрін білуші, Ілімі соңсыз шетсіз.
Алим-и Мутлақ - Сөзсіз барлық нәрсені білуші.
Асфия - Пәк, тақуа әрі кемелдік иесі. Сондай-ақ Пайғамбардың ізбасары болып, оның жолын, мақсатын жандандырып, іске асыруға тырысқан турашыл жандар.
А'ла-иы Иллииін - Аллаhу Тағаланың алдында нағыз игі-жақсылардың, тақуалардың мәртебесі. Жәннәттің ең жоғарғы сатысы.
Әсма-и Кудси - Аллаhу Тағаланың қасиетті, пәк есімдері.
Әхадиет - Барлық нәрселерде Аллаhтың бір екенмігінің көрінді.
Әхли далалет - Иман немесе Ислам дінінен айрылғандар. Азғындар. Құдайдан безгендер.
Әсфәл-і сафилин - Құдайдан безіп, қадірі қалмаған азғындардың ең төменгі сатысы. Жәhәннәмдағы ең төменгі саты.
Әхли кәшф - Жабулы болған және сыртқы мүшелер мен білінбейтін ақиқаттарды Аллаhтың жарылқауы, сыйлауымен білетін уәлилер.
Басир - Көруші. Батлық нәрсені көруші.
Бақи - Соңсыздық иесі. Ғасыр-ы Сағаадет - Пайғамбарымыздың өмір сүрген ғасыры.
Ғарыш-ы Ағзам - Ғарыштың ең жоғарғы сатысы. Дар-үс Салам - Жәннәттің екінші қабаты • Жәннәт. Амандық жері.
Есім-і Ағзам - Аллаhу Тағаланың Құран мен Хадистерде аталған аттарының мағынасын қамтитын есім. Аллаhтың ең үлкен есімі.
Жәнаб-ы Хақ - Шексіз алып. Құрметке лайық.
Жәләл - Аса үлкен айбынды. Жуд-Асажомарт.
Жемал-и Мутлақ - Нағыз сұлу. Сөзсіз көркем.
Жамал-і Муқаддис - Таза, пәк, нұқсандықтан ада. Аса сұлу, көркем.
Зат-ы Қадир - Барлық нәрсеге құдіреті жетуші.
Зат-ы Хаким - Әділетті. Ешкімді араластырмай билік жүргізуші.
Зат-ы Зүлжәләл - Шексіз үлкен, қай жағынан болса да шексіз құдіреті мен алыптығы ақылға сыймайтын, құрметке лайық.
Зат-ы Ахмеди - Ахмед - Пайғамбарымыздың бір аты.
Зат-ы Хаким-и Хафиз - Әділ қорғаушы. сақтаушы.
Зат-ы Жәмил-і Зүлжәләл - Шексіз үлкен де айбынды.
Зат-ы Уажиб-ул ужуд - Әр уақыт бар болған жоқ болуы мүмкін емес.
Зат-ы Жәмил-і Зүлжәләл - Айбынды да қаhарлы. Аса көркем.
Исма-и Илаhи - Аллаhтық есімдері.
Имтисал - Үю. Айрылмастай болып бірігу. Бір нәрсенің суретіне кіру.
Инает - Жәрдем, жарылқау, медет беру • Маңызды іс шығып онымен шұғылдану.
Ирсал-ы Русул - Елшілер жіберу.
Инзал-ы Кутуб - Кітаптар түсіру.
Истиб'ад - Үзақтастыру. Ақылға сыйғыза алмау.
Ихсан - Игілік, жарылқау, кешіру. Аллаhты көріп тұрғандай ғибадет ету.
Ихна - Мейірім көрсету. Жаны ашу.
Имате - Өлтіру. Жансыз халге келтіру.
Ираде-и Шамиле - Барлық нәрсені жасай алушы күш.
Илм-и мұхит - Барлық нәрсені біліп тұрушы ілім. Аллаhтың сипаты.
Кәрим - Аса жомарт. Қадир-і Мутлақ - Барлық нәрсеге құдіреті сөзсіз жететін.
Қади-ул Хажат - Жаратылыс атаулыны барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуші.
Қаhhар-ы Зүлжәләл - Кез келген уақытта өте әділ түрде қаhарымен азаптай алатын, ызғарлы да шексіз алып.
Қадир - Барлық нәрсеге күші жететін. шексіз құрмет иесі.
Күн фая күн - Не нәрсеге болсын "бол" дегенде бола қойдыратын Аллаhтың әмірі.
Кутуб - Кітаптар.
Құдірет-і Әзели - Басы мен соңы болмаған, Құдірет күш иесі.
Латиф - Нәзік. Жумсақ. Асқан жарылқаушы.
Ләух-и Махфуз - Барлық жаратылыстың Аллаh тарапынан тағдыры жазылған жер.
Мағбуд-у Білхақ - Ғибадет етуге әбден лайық. Аллах.
Муғжиз-ул Құдірет - Қудіреті муғжизелі болған.
Мүреттиб - Барлық нәрсені тәртіпке келтіруші реттеуші.
Мудеббир - Ілімімен барлық нәрселерді біліп отырушы, әр істі хикметпен жасаушы.
Мүребби - Тәрбиелеуші. Дәріс беруші.
Махкемей-і Кубра - 0 дүниеде Аллаhтың құзырында болатын үлкен сот.
Машаллаh - Аллаhтың қалағанындай. Аллаh сақтасын. Аллаh қорғасын.
Мәрхамет - Аллаhтың мейірімі. Мейірім.
Мүғжизе - Адамдардың қолынан келмейтін, тек пайғамбарларға тән Аллаh тарапынан берілетін таңғажайып уақиғалар.
Махшер-і Ағзам - Қиямет қаймнан кейін адамзаттың қайта тіріліп, жауапқа тартылу үшін жиналуы.
Мүршид - Білім беруші • Хақ жолды көрсетуші, уағыздаушы.
Мұтасаррыф-ы Қадир-и Рахим - Барлық нәрсеге күші жететін рақымы мол билеуші,
Мұтасаррыф-ы Алим - Бәрін білуші. Бүкіл әлемнің билеушісі.
Мухи - Өмір сыйлаушы. Өмір беруші.
Мәлик-и Мүлк-і Зүлжәләл - Барлық жаратылыс атаулының иесі, шексіз үлкен.
Мухит - Әр тарапты қоршап тұрушы. Аллаh.
Мункир - Жоққа шығарушы. Ақиқатты танымаушы. Дінсіз.
Мужиб - Қажет болған.Лазым. Жауап беруші.
Муқаррабин - Үлкен періштелер тобы. Тақуа және қулдық уру арқылы әулие атанып, Аллаhу Тағаланың назарында аса қадірлі әрі мубарәк алып тулғалар • Жақындағандар.
Нешир-і Суhуф - Төрт кітаптан бурын түскен парақтардың таратылуы.
Наққаш-ы Әзәли - Басы мен соңы болмаған. нақыш, өрнек салушы.
Рабб-ы Кәрим - Аса жомарт, Тәрбиелеп жетілдіруші.
Раббани - Раббыға тән. Аллаhқа тән.
Расул - Пайғамбар. Жаңа бір кітап, жаңа бір шариғатпен бір үмбетке немесе барша адамзатқа Аллаh тарапынан Пайғамбар болып жіберілген тұлға. Кейде Мурсел деп те атайды. Жаңа бір кітап, жаңа заңмен келмей өзінен бұрынғы Расулдың әкелген кітап, заңымен жүрсе оған Нәби дейді • Хабар әкелуші*Елші.
Рахим-и Мутлақ - Нағыз мейірімді.
Рабб-ы Мұтасаррыф - Әр істі өз күшімен жасаушы Раб- Аллаh.
Расул-ы Әкрәм - Пайғамбарымыздың басқа бір сипаты.
Рахмет-и Бақие - Мәңгілік рахмет мейірім иесі.
Рахмет-и Мутлақ - Нағыз мейремділік.
Рахим - Аса қайырымды, рақымы мол, мейрімді.
Рубубиет - Әрдайым әр жерде мақұлықтырына барлық муқтаждықтарын беруші, азықтандырып тәрбиелеуші әрі қожайын екендігін көрсететін тың іс-әрекеті, билігі.
Сәмауи - аспанмен қатысты, аспанға тиесілі, кіндіктес. *Адамның туындысы емес, уахи арқылы келген.
Самеданий - Әр нәрсе оған мұқтаж, өзі еш нәрсеге мұқтаж емес.
Самеданиет - Ешкімге еш нәрсеге муқтаж болмау. Сани-и Қадир-и Зүлжәләл - Қудіреті барлық нәрсеге жетуші. Шексіз алып ұста.
Сәми - Барлық нәрсені естуші.
Сұлтан-ы Сәрмәди - Салтанаты мәңгілік болған, бүкіл жаратылыстың
Сұлтаны. Сұлтан-ы Әзәли - Бастауы жоқ, соңы жоқ, мәқгілік иесі, мәңгілік Сүлтан.
Уахид-ы Әхад - Жалғыз әрі дара. Аллаh.
Уахданиет - Жалғыздық, теңі жоқ дара. Азайып көбеймейтін, нуқсандық атаулыдан пәк.
Уахдет - Бір ғана болу. Жалғыздық.
Уахий - бір пікір, бір ақиқаттың немесе әмірдің Аллаh тарапынан Пайғамбарға білдірілуі.*
Ужуб-ы ужуд - Әр уақытта бар болған.
Улухиет-і Мутлақа - Ғибадет пен құлшылық етуге сөзсіз лайық.
Фатыр-ы Зүлжәләл - Теңдесі жоқ нәрселерді жаратушы. Айбынды Аллаh.
Фатыр-Хаким-и Зүлжәләл - Не жаратса да босқа жаратпайтын, хикметпен жаратушы. Аллаh. Ферман-ы Ағзам - Үлы әмір. Құран. Хай-ы Қаюм - Әрқашан тірі, барлық нәрнелерді бар етіп тұрған Аллаh. Халиқ-ы Зүлжәләл - Жаратушы. Шексіз құдірет пен алыптық иесі.
Халиқ - Жаратушы. Жоқтан бар етуші.
Хаким - Әділетті, ақ пен қараны айырып үкім шығарушы, ешкімді араластырмай өзі шешуші.
Хаким-и Білхақ - Әділетті, нағыз хаким.
Халифа - Алдындағының орнын басқан Илаhи, яғни шариғатты жүзеге асыру үшін
Пайғамбарға (Ғ. С. М.) өкіл болған адам. Имам.
Имамет-і Кубра. Хаша - Олай емес. Тіпті де олай емес. Аллаh сақтасын.
Хашир-ы Ағзам - Ең үлкен жиын. Қияметтен кейін Аллаhтың өлілерді қайта тірілтіп бір жерге жинауы.
Хабибуллаh- Аллаhу Тағаланың ең сүйіктісі әрі құлы Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед. (С.Г.С)
Хикмет-і Әзәли - Аллаhу Тағаланың соңсыз хикметі, даналығы. Хашир - Қиямет қайымнан кейін адамзаттың бір жерге жиналуы.
Хафиз - Аса қамқор әрі қорғаушы, сақтаушы. Хафыза-и Кубра - Аллаh тарапынан барлық нәрсенің есте сақталуы.
Хафизиет - Қорғаушылық, есіркеушілік.
Хафиз-и Зүлжәләл - Үлы қорғаушы.
Хаким-и Зүлжәләл - Билік жүргізушілердің ең Үлысы.
Шахид-и Әзәли - Басы мен соңы болмаған көруші, барлық нәрсені көріп тұрушы.
Шефик - Есіркеуші. Мейрім иесі.
Шеффафиет - Сәуле өткізуші жылтыр. Жарқырау.
Яуер-і Әкрем - Пайғамбарымыздың бір сипаты.