Ықылас Рисалелери
ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ
Жиырмасыншы лема
(Ықылас жәйінда)
(Он жетінші леманың Он жетінші ишаретінің жеті мәселесінен бес ишареттен туратын екінші мәселенің бірінші нүктесі еді. Маңыздылығына орай Жиырмасыншы лема болды.)
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اِنَّا اَنْزَلْنَا اِلْيْكَ الْكِتَابَ بِاْلحَقِّ فَاعْبُدِ اللّهَ مُخْلِصًا لَهُ الدِّينَ اَلاَ لِلّهِ الدِّينُ الْخَالِصُ
Аяты және
هَلَكَ النَّاسُ اِلاَّ الْعَالِمُونَ وَهَلَكَ الْعَالِمُونَ اِلاَّ الْعَامِلُونَ وَهَلَكَ الْعَامِلُونَ اِلاَّ الْمُخْلِصُونَ وَالْمُخْلِصُونَ عَلَى خَطَرٍ عَظِيمٍ.
(әу кәмә қал) Хадисі Шәрифі Ислам дінінде ықыластың қаншалықты маңызды рол атқаратынын көрсетеді. Осы ықылас мәселесінің шексіз нүктелерінен тек “Бес нүктені” қысқаша баяндаймыз.1
БІРІНШІ НҮКТЕ: Өтемаңыздыдатөтенше бірсұрақ:
-Неліктен дүниеқор, ғапыл, тіпті, хақ жолдан тайғандар мен екі жүзділер бақталасуды қойып бірігіп жатқан кезде, хақ пен достық жолындағы діндарлар, әхл-и ғылым мен әхл-и тариқат бақталасып, араздасады? Ауызбіршілік; достық жолындағылардың хаққы бола тұра, алауыздыққа түсіп отыр. Ал арандатушылар керісінше ынтымақ құруда? Неліктен бул хақ оларға, мына хақсыздық буларға келді?
1Ескерту: Мына берекетті Ыспартаның шүкір етуімізге себеп болған бір игілігі; Бұл жердегі әхл-и тақуа, әхл-и тариқат және әхл-и ілім, басқа жерлердегідей бақталасып, алауыздыққа түсіп жатқан жоқ. Шынын айту керек, ойлағанымыздай нағыз сүйіспеншілік пен ауызбіршілік бола қоймағанымен басқа жерлермен салыстырғанда бақталастық пен алауыздық жоқтың қасы.
Жауап: Нағыз отан сүйгіштердің жанын күйзелтіп, жылататын осы бір қайғылы оқиғаның көптеген себептерінен жеті себебін баяндаймыз.
Біріншісі: Шындық жолындағылардық араздығы ақиқатсыздықтан пайда болмағаны сияқты, ғапылдардың да бірігуі ақиқатшылдықтарынан емес. Керісінше дүние қуғандар мен саясатшылардың, әрі мектеп оқығандар секілді әлеуметтік тұрмыстағы орындарға байланысты белгіленген қызметпен және өзіндік бір міндетпен шуғылданған топтардың, жамағаттардың, сондай-ақ ұйымдардың атқарар міндеттері белгіленіп, тағайындалған. Әлгі міндеттері үшін алатын ақшалай, заттай ақы және атаққұмарлық пен даңгойлық жағынан халықтың назарын аударуынан алатын (сілтеме2) рухани ақы айқындалып, бөлініп берілген.
Қиындық, айтыс-тартыс, бақталастық туғызатын қатынастары жоқ. Сондықтан олар, қалшалықты жаман жолда жүрсе дағы бір-бірімен тіл табыса алады.
Алайда, діндарлар мен білім иелері, сондай-ақ, тариқат басшыларының атқарар қызметтері жалпыға ортақ. Бұл дүниедегі ақылары да нақты айқындалып берілмеген... әр қайсысының әлеуметтік мәртебесі мен халықтың арасындағы беделі, халықтың игі сезімі меншіктелмеген. Сондықтан да бір мақамға көптеген адам талапкер болады. Материалдық және мағынауи еңбек ақыға көп қолдар ұмтылуы мүмкін. Осы тұрғыдан бақталастық, қиындық туындап, достық араздыққа, ауызбіршілік айрылыққа айналады.
2(сілтеме) Халық арасында бедел жинауды тілеуге болмайды. Ол беріледі. Берілген күнде де масаттануға болмайды. Масаттанатын болса ықыласы қашып, көзбояушылық ететін болады. Даңққұмарлық мақсатпен халықтың назарын өзіне аудару болса, еңбегінің табысы немесе Сыйлық емес. Ол ықыластықтан келген сөгіс пен жаза болып табылады.
Иә, қайырымды істердің күре тамыры болған ықыласқа сиян беретін танымал болу мен даңққұмарлық, қабір ауызына дейін ғана болған өткінші ләззаттың орнына қабірдің арғы жағында қабір азабы секілді қорқынышты бір бейне алатындықтан, танымал болуды тілемей, қайта одан үркіп қашу керек. Атаққұмарлық пен даңғойлық соңында жүгіргендердің қүлақтары шуласын!
Міне, осы қатерлі дерттің дауасы ықылас болып табылады. Яғни, шындық сүйгішті нәпсіқұмарлықтан жоғары ұстап, нәпсі мен менменшілдікке шындық үстемдік ету арқылы
اِنْ اَجْرِىَ اِلاَّ عَلَى اللّهِ
сырына бөленіп...халықтан келген рухани және материалдық ақыға истиғна ету, яғни қолда барға қанағат етіп алмау (сілтеме3)
وَمَا عَلَى الرَّسُولِ اِلاَّ الْبَلاَغُ
сырына ие болып, халықтың игі қабылдауы мен жақсы әсеріне және қурметіне бөлену Аллаhу Тағаланың міндеті, оның жарылқауы екенін, өз міндеті болып табылатын тәблиғ, яғни тарату, жаю ісіне қатысты емес екенін, қажет те емес екендігін, оған жауапты да емес екендігін түсіну арқылы ықыласқа қол жетеді. Әйтпесе ықыласты жоғалтады.
3 (сілтеме) Қүранның мадақтауына бөленген сахабалардың “исар” мінездерінен өнеге алу. Яғни, сыйлық пен садақа қабылдауда басқаны өзінен артық көру. Дін жолындағы қызметтің ақысы ретінде материалдық пайданы тілемей, іштей де талап етпей тек Құдайдың жарылқауы деп біліп, халыққа міндет қылмай, дін жолындағы қызметім үшін деп те алмау. Себебі, ықыласты жоғалтпау үшін, дін жолындағы қызметтің ақысы ретінде бұл дүниеде бір нәрсе талап етпеуі керек. Үмбет, олардың түрмысқа қажетті заттарын қамтамасыз ету үшін аз да болса хақтары бар. Бірақ, бұл сұралмайды. ол беріледі. Берілген күнде де қызметімнің ақысы деуге болмайды. Мүмкіндігінше қанағаттылықпен, басқа біреуді өзінен әлдеқайда лайық деп біліп, оларды артық көріп
وَ يُؤْثِرُونَ عَلَى اََنْفُسِهِمْ وَلَوْ كَانَ بِهِمْ خَصَاصَةٌ
сырына бөленіп, ықыласқа қол жеткізе алады.
ЕКІНШІ СЕБЕП: Ауызбіршіл ік; хақ жол дан тайған азғындардың арсыздығынан, ал алауыздық та хақ жолда жүргендердіқ намысқойлығынан болып отыр. Яғни әхл-и ғафлет дүние қорлар, хақ жолдан тайған азғындар хақ пен ақиқатқа сүйенбегендіктерінен, әлсіз әрі намыссыз келеді. Қорланғандары үшін күш-қуат алуға мұқтаж. Осы қажеттіліктен, басқалардың жәрдемімен өз ара бірігуге шын көңілдерімен тырысады. Тіпті, жолдары азғындық болса да ауызбіршілікті сақтап отырады. Бейне бір ондай хақсыздықта бір хақ құмарлық, әлгі далалетте бір ықылас, ондай дінсіздікте атейстер сияқты қасарысқандық, әрі ондай арандатушылықта бір татуластық құрады әрі табысқа жетеді. Өйткені шынайы бір ықылас; шерлі нәрседе де болса босқа кетпейді. Иә, ықыласты түрде кім не қаласа, Аллаh оны береді. (сілтеме4)
Ал, хақ жолдағылар мен діндарлар және білім мен тариқат жолындағылар хақ пен ақиқатқа сүйенгендіктерінен хақ жолында әр қайсысы тек Раббысын ойлап, оның таупығына сүйенгендіктен өз жолының мағынауи жағынан келген ар намысы бар. Әлсіздігін сезген кезде көмекті, адамдардан емес, Аллаhтан сұрайды. Мінез-құлықтарының өзгешелігінен ортақ жолына көмек алуды қажетсінбейді. Оның үстіне менмендік пен көкіретігі де болса, өзін дұрыс, ал қарсыласын бұрыс деп ойлап, ауызбірлік пен ынтымақтың орнына бөліну мен бәсеке басталып, ықылас жойылады, міндеті атқарылмай қалады.
4(сілтеме)Иә,
مَنْ طَلَبَ وَ جَدَّ وَجَدَ
Іс ақиқат дәстүрі. Мағынасы терең де ауқымды. Бізді де қамтып, ішіне алуы мүмкін.
Міне, осы қатерлі себептің салдарынан шыққан зиянды нәтижелерге ұшырамаудың шарасы “тоғыз әмр”
Біріншісі: Жағымды әрекет ету, яғни өз жолының сүйіспеншілігімен әрекет ету. Басқа жолдарға қастандық ету, оларды кемсіту, басқаның ой-пікіріне, іліміне араласу, шатасу сияқты жат қылықтардан аулақ болу.
Екіншісі: Тіпті Исләм жолындағы қайсібір мешрәб (жол) болсын, араларында сүйіспеншілік, бауырластық, ауызбіршілікке ұйытқы болатын байланыстар бар екенін ойлап, ынтымақта болу.
Үшіншісі: Қайсібір тура жолдың иесі, басқаның ісіне араласпауы тұрғысында “Жолым тура, хақ немесе әлдеқайда жақсы” деуге правосы бар. Бірақ, басқаның жолын бұрысқа шығаратын немесе жағымсыз жақтарын туспалдайтын “Менің жолым ғана хақ, жағымдысы менікі ғана деуге правосы жоқ,” дейтін нысап қағидасын сақтау...
Төртіншісі: Сондай-ақ, хақ жолындағылармен бірігу; Аллаhу Тағаланың таупықына бөлену, діннің өркен жаюына бірден бір себеп екендігін естен шығармау...
Бесіншісі: Һәм, азғындар мен хақсыздар -жәрдемдесудің арқасында- жамағат бейнесінде, қуатты бір мағынауи тұлға арқылы шабуылы кезінде, әлгі мағынауи тұлғаға қарсы, ең күшті деген жеке қарсыласудың жеңіліп қалатынын түсініп, хақ жолындағылар, бірігу арқылы бір мағынауи тұлға болып, әлгі азғындардың қауіпті мағынауи түлғасына қарсы тұрып, тура жолдан таймау...
Алтыншысы: Хақты жалақорлықтың басқыншылығынан қутқару...0л үшін де;
Жетіншісі: Нәпсісі мен менмендігін тәрк ету;
Сегізіншісі: Бұрыс түсінген ар-намысын тәрк ету;
Тоғызыншысы: Болмашы бәсекелесуді тәрк ету; Міне осылар арқылы ықыласқа қол жеткізеді, міндетін толық атқарады. (сілтеме5)
5(сілтеме)Тіпті қуатты хадис бойынша, ақырзаманда христиандардың хақиқи діндарлары Құран жолындағылармен бірігіп, ортақ дұшпандары болған дінсіздікке қарсы күресетіні секілді, осы заманда да діндарлар мен ақиқатшылар діндестері, әріптестері, бауырларымен шын көңілімен бірігіп қана қоймайды, тіпті христиандардың хақиқи діндар дінбасыларымен де араздыққа себеп нүктелерді уақытша айтыс-тартысқа себеп қылмай, ортақ дұшпандары болған зобалаң дінсіздерге қарсы бргуге мұқтаж.
ҮШІНШІ СЕБЕП: Хақ жолындағылардық алауыздығы қайратсыздығынан емес, сондай-ақ хақ жолдан тайған азғындардың ауызбіршілігі асқан қайраттылығымен емес. Хақ жолындағылардың алауыздығы, асқан қайрат-жігерлерін бұрыс пайдаланудан және азғындардың ауызбіршілігі жігерсіздіктен шыққан әлсіздік пен бейшаралығындан.
Хақ жолындағыларды жігерлерін теріс пайдалануға одан алауыздыққа және бәсекеге түсірген, ахирет тұрғысында сүйкімді жағымды іс деп есептелген сауапқа деген құштарлық пен ахиреттік міндетте қанағаттанбаушылықтың салдарынан болып отыр. Яғни, “мына сауапты іске мен ие болайын, бұл адамдарды мен жолға салайын, менің айтқанымды тыңдасындар,” деп алдындағы нағыз бауыры әрі шынымен-ақ сүйіспеншілік пен сүйенішіне, бауырластық пен жәрдеміне мұқтаж бір кісіге қарсы бәсекелес адамдай шеп алады. “Шәкірттерім неге оның қасына барады? Неге оның шәкірттеріндей шәкірттерім жоқ?”- деп, менмендік сезім осы арадан пұрсат тауып, нашар бір мінез болған мақам-мансапқұмарлыққа салынып, ықыласты жояды, көзбояушылық қаупі төнеді.
Міне, бул қателік пен жараның сондай-ақ, ауыр рухани науқастың емі: “Аллаhу Тағаланың ризашылығына шын ықылас қана бөлейді. Ізінен ергендердің көптігі және зор табыстарға жету арқылы емес.” Өйткені, олар Иләhи іс болып табылатындықтан сұралмайды, беріледі.
Иә, кейде бір ауыз сөз азаттыққа жеткізіп, ризашылыққа бөленуіне себеп болады. Көпшіліктің ролі әлгіндей назарға алынбағаны жөн. Өйткені кейде бір ғана адамның хақ жолға келуі мың адамның хақ жолға келуінен артық болып, Аллаhтың ризашылығына бөленуге басты себеп болады. Һәм ыхлас дегеніміз шындыққа жаны құмарлық. Мұсылмандардың қайдан болсын, кімнен болсын мағынауи пайда көруін мақұл көріп, тараптар болу. Әйтпесе,” Менен дәріс алсын, мен сауап алайын” деу, менмендік пен нәпсінің бір қулығы.
Әй, сауапқа тойымсыз, ахиреттік істерге қанағатсыз адам! Тыңдаушылары санаулы болса да пайғамбарлық маңызды міндетін атқәрып, мол ақысын алған кейбір пайғамбарлар болған. Демек, ізінен ергендерді көбейту өнер емес, өнер; Аллаhтық ризашылығына бөлену. Сен кімсің сондай-ақ, Құдайдың ісіне араласасың кеп? Мойындату, халықты үйіріп алып кету Аллаhтың ісі. Өз міндетіңді толық атқар! Аллаhтың ісіне араласпа! Сондай-ақ, хақ пен ақиқатты тыңдаушылар, айтқан адамға сауап жаздыратындар тек адамдар ғана емес, Аллаhтың саналы мақұлықтары, руханилары және періштелері әлемнің әр тарапында бар. Сен қыруар сауап алғың келсе, өзіңе ыхласты негіз деп ал, тек Аллаhтың ризашылығын ойла! Сонда сенің ауызыңнан шыққан әр бір мүбәрак сөз; ауадағы бөлшектерімен, ыхлас арқылы және адал ниет арқылы жанданып тіріледі де сансыз саналылардың құлақтарына кіріп, оларды нұрландырады әрі саған сауап жаздырады. Себебі; мәселен, сен “әлхәмдулилләh” дедіқ. Бұл сөзің миллиондаған үлкенді-кішілі “әлхамдулилләh” деген сөздерді Аллаhтың құдретімен ауаға жазады. Наққаш-ы Хаким әбестік пен ысырап етуден аулақ болғаны үшін, әлгі мубәрак сөздерді тыңдайтын көптеген қүлақ жаратып қойған. Егер ыхласты түрде болып, және адал ниетпен манағы сөздер жанданса, ләззаты мол жеміс сияқты руханилердің құлақтарына кіреді. Ал егер, ыхлас пен Аллаhтың ризашылығы айтылған сөздерді жандандырмаса тыңдалмайды, әрі сауап тек ауыздан аспай қалады. Дауысы өте жақсы болмағандықтан, тыңдаушылар аз деп, тартыншақтайтын қарилардың құлақтары шуласын!
ТӨРТІНШІ СЕБЕП: Әхл-и хидаеттің бәсекелесе жік-жік болуы; істің соңын ойламағандықтан, ақылының таяздығынан еместігі белгілі, сол сияқты әхл-и далалеттің шынайы бірліктері істің соңын ойлап, өткір назарларынан емес. Әхли-хидает, хақ және ақиқаттың күшімен нәпсінің соқыр сезіміне берілмей, жүрек пен ақылдың турашыл пейіліне тәуелді болып, хақ жол мен ыхласты сақтай алмағандықтан әлгі жоғары мәртебеге ие бола алмай жік-жік болуда.
Әхли-далалет болса; нәпсі мен әуестіктің әсерімен, соқыр әрі істің соңын көрмейтіи және азғана дайын ләззат үшін келешекте берілетін батпан ләззатты тәрк ететін сезімнің күшімен бір-бірімен ынтымақ құрып, дайын олжа мен әзір ләззат үшін қуатты түрде ауызбірлік етуде.
Иә, дүниелік және әзір ләззат пен пайда үшін азғын да ниеті жаман нәпсі құмарлар ынталы түрде бас қосып, ұйымдасуда. Әхл-и хидает, ахиретке тиісті және ілгеріде берілетін жемістерге, табыстарға жүрек пен ақылдың қасиетті қағидаларымен көңіл бөлгендіктен іргесі берік тура жолда жүру, толық ықылас пен жанкештілік, ынтымақ қолдарынан келе тұра; менмендіктен құтыла алмай, асыра сілтеп немесе жеткізбей қойып, сарқылмас қуат болып табылатын ауызбіршілікті жоғалтып ыхластан айрылуда әрі ахиреттік ісі де оңбауда. Оңайлықпен Аллаhтың ризашылығына бөлене алмауда. Осы бір қауіпті аурудың емі яғни дәрісі;
“әл хуббу филләh” сырымен хақ жолда жүргендерге серік болып, мақтан тұту, олардың ізінен еру; және имамдықты оларға беру; әлгі хақ жолында кімді болса өзінен әлдеқайда жақсы екендігін ойлап менмендіктен баз кешіп ыхласқа қол жеткізу; ыхласпен жасалған азғана іс; ыхлассыз көптеген істерден үстем екендігін ескере отырып, жауапкершілігі ауыр қауіпті болған басқарма ісін тастап, қызметші болуды қалап әлгі аурудан тәуір болады әрі ықыласқа қолы жетіп ахиреттік міндетін адал атқаратын болады.
БЕСІНШІ СЕБЕП: Әхл-и хидаеттің келіс-пеушілігі, жік-жік болуы дәрменсізідіктерінен емес, сондай-ақ, әхл-и далалеттің ынтымақтастығы қуаттылығынан емес. Әхл-и хидаеттің келіспеушілігі; кәміл иманнан пайда болған сенім, және арқа сүйерінен қуат алғандықтан. Сол сияқты әхл-и ғафлет пен әхл-и далалеттің бірлігі; шын көңілден сенім артатын таба алмай, өздері болса әлсіз әрі дәрменсіздіктерінен туып отыр. Өйткені, әлсіздер, бірлікке мұқтаж болғандықтарынан қуатты ынтымақ құрады. Ал қуаттылар, қажеттілігін аңғара алмағандықтан бірліктері айтарлықтай емес. Арыстандар түлкілер сияқты бірлік құруға мұқтаж болмағандықтан жеке, дара өмір сүреді. Жабайы аттар, қасқырдан сақтану үшін үйір құрайды. Демек, әлсіздердің ұйымы және мағынауи тұлғасы қуатты келеді (сілтеме6), ал қуаттылардың ұйымы және мағынауи тұлғасы әлсіз келеді.
6 (сілтеме) Еуроғадағы ұйымдардың ең күштісі, ең әсерлісі әрі бір жағынан қуаттысы нәзік тайпа, әйелдердің Америкадағы әйел егемендігі және хұқы дейтін ұйым. Һәм, басқа ұлтқа қарағанда халқы аз әрі әлсіз Армян қоғамы, қуатты да жанкешті түрде ұйымшылдықтары осы айтқанымызға дәлел.
7 (“қалә”(сказал)мужской род)
8 (женский род)
Бул сырға қызықты бір ишарет әрі Құранның нәзік бір нүктесі: Әйелдер қауымы екі еселенген жағдайда;
وَ قَالَ نِسْوَةٌ فِى الْمَدِينَةِ
деп ер кісіге тиісті етістікті قَالَ қолдануы; hәм ер кісілердің жамағатына
قَالَتِ اْلاَعْرَابُ
деп, әйел адамның сөйлеу түрін قَالَتِ қолдануы, әлсіз әрі жұмсақ мінезді әйелдердщ ұйымы қуатты келетінін, қатуланып жойқын болып бір жағынан батылдық пайда болатынын үйлесімді түрде
وَ قَالَ نِسْوَةٌ
ишарет еткен.
Ал, қуатты еркектер болса, әсіресе көшпенді араптар болса күшіне сенгендіктен ұйымдары әлсіз болып, hәм сақтық пен жұмсақтық күйге түсетіндіктен; бір жағынан әйелге тән ерекшелікке ие болатындықтан әйел адамға қатысты
قَالَتِ اْلاَعْرَابُ
деген етісігін қолдануы өте орынды.
Міне, әхл-и хақ, ынтымақтағы хақ қуатын ескермегендіктен әрі іздемегендіктен орынсыз да зиянды нәтиже болып табылатын жік-жік болып келіспеуде. Әділетсіз әхл-и далалет болса, әлсіздіктері арқылы ынтымақтағы қуатты түсінгендіктен мақсатқа жеткізетін бірден бір себеп, ынтыщқтастыққа қолдары жетуде.
Міне, әхл-и хақтың осы бір орынсыз келіспеушілік дейтін ауруының емі мен дәрісі: жақ-жақ болып бөлінуді қатаң тыйым салатын:
وَلاَ تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ رِيحُكُمْ
деген Қуран аяты, және
وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى
дейтін аятындағы қоғамдық өмірде мақызды рол атқаратын Иләhи әмірді тыңдау әрі бөлінудіқ Ислам діні үшін қаншалықты зиянды екенін ойлап, және осылайша әхл-и далалеттің әхл-и хаққа үстемдік етуіне жәрдем еткенін аңғарып, асқан әлсіздік пен өте дәрмәнсіздікпен әлгі әхл-и хақтың көшіне жан кешті әрі шынайы түрде қосылу болып табылады. Меншілдікті ұмыту арқылы екі жүзділік пен жасанды іс-әрекеттен құтылып, ыхласқа қол жеткізу.
АЛТЫНШЫ СЕБЕП: Мұсылмандардың бастарының қосылмауы: мәртсіздіктерінен, Аллаh үшін күш қайрат жұмсамағандықтарынан, немесе намыссыздық пен ұялмауларынан емес. Сондай-ақ, қапы қалып ахиретті ұмытушы кәпірлердің дүниеуи істердегі ауызбіршілігі, мәрттіктен, күш-қайраттары мен намысқойлықтарынан емес. Мүсылмандардың көпшілігі ахиретке пайдалы жұмыстарды ойлап, күш-қайраты мен намысын сол маңызды мәселелерге жұмсайды. Негізгі байлығы болған уақытын бір ғана мәселеде жұмсамағандықтан, қызметтестерімен (мусылмандармен) келісімі әлсізденеді. Себебі, ахиреттік маңызды мәселелер өте көп.
Ғапыл, бұл дүниені ғана ойлаушылар болса, тек қана дүниеуи өмірді ойлағандықтан барлық күш-қуатын жан-тәнімен, дүниеуи істерге жұмсауда. Бұл мәселелерде өзіне көмектескендерден де айрылғысы келмейді.
Шындығында бес тиынға алғысыз, хақ жолындағылардың он тиынға алмайтын мәселелеріне, есі ауысып, бес тиындық шиша сынықтарын бес теңгеге алған алмасшы еврей секілді, бес жүз сомдық уақытын жұмсауда.
Әлбетте, осынша күш-жігер мен уақытын беріп, дүниеуи мәселелерге қайрат еткендіктен, шын ықыластың арқасында, теріс жолда болғанымен хақ жолдағылардан озып отыр. Оладың осы жетістіктерінің нәтижесінде хақ жолдағылар (мұсылмандар) қор болып, көзбояушылық, жасанды әрекеттерге салынып, ықыласты жоғалтады.
Сондықтан да екі жүзді, намыссыз дүниені ғана ойлаушыларға(кәпірлерге) жалтақтауға мәжбүр болады.
Әй, хақ жолдағы мұсылмандар!
Әй, хақты сүйіп хақты ақтаушы шариғатшылар мен тариқатшылар! Мына алауыздық дертіне қарсы бір-біріңіздің кемшілігін көрмеуге тырысып, айыбына қарсы көздеріңізді жұмыңыз.
وَاِذَا مَرّوُا بِاللَّغْوِ مَرّوُا كِرَامًا
Фурқан (Құран) әдебімен әдептеніңіздер!
Сыртқы жаудың шабуылында, ішкі алауыздықты тастап, хақ жолдағыларды (мұсылмандарды) үні шықпас қорлықтан құтқаруды, ең бірінші және ең маңызды ухреуи міндетіңіз етіп, жүздеген аяттар мен хадистерде әмір етілген бауырлық махаббатпен жәрдемдесіп, барлық сезімдеріңізбен, дүниені ғана ойлаушылардан да қаттырақ бір суретте діндастарыңызбен бірлік жасаңыздар.
Яғни, ауызбірлікті жоғалтпаңыздар!
„Осындай түкке тұрғысыз нәрселерге қымбат уақытымды жоғалтқанша, алтын уақытымды зікір секілді қымбат істерге жұмсаймын”-деп, ауызбіршілікті әлсіретпеңіздер!
Себебі: Мына мағнеуи пікір жиhады заманында, болмашы деп ойлағаныңыз, үлкен мәселе де болуы мүмкін.
Бір жауынгердің, ауыр шарттар астындағы бір сағаттық күзеті; кейде, бір жылдық гибадет есебіне кіреді. Сол секілді, хақ жолдағылардың артта қалып, жеңіліс тауып отырған заманында, мағнеуи пікір жиhадында аз бір іске жұмсалған бір күндік уақыт, әлгі жауынгердің бір сағаты секілді, мың есе көбейіп, бір күніңіз мың күн есебін кіруі мүмкін.
Аллаh үшін болғандықтан, бұл мәселелердің үлкен кішілігіне қарамаңыздар.
Аллаh рызасы үшін, ықыласпен жасалғандықтан түйірдей нәрсе жұлдыздай болады. Істің бағасына емес, нәтижесіне қараңыз. Нәтижесі, Аллаh рызасы үшін, іргетасы ықылас болғандықтан ол мәселе кіші нәрсе емес.
ЖЕТІНШІ СЕБЕП: Хақ жолдағылардың келіспеушіліктері мен бәсекелері, қызғаншақтықтан және қасарысушылықтан емес. Сондай-ақ, дүниені ғана ойлаушылар мен ғапыл қалғандардың ауызбіршілігі; ақкөңіл, жомарттығы мен ұлылығынан емес.
Хақ жолдағылардың, ақиқаттан келген ұлылықты, күш-қайратпен хақ жолдағы жарысты шын мағынасымен орындай алмауларынан, арасына кірген екі жүзді сатқындардың кесірінен, бір-бірі жайлы жаман ойға кетіп, бақталастық пен алауыздыққа түсіп, әрі өздеріне әрі Ислам жамағатына зиян тигізуде.
Бұл дүниені ғана ойлап азғындық жолға түсушілер болса, қол жеткізген мақамдарын қолынан шығармау үшін және бас пайдасы үшін, қолпаштаған бастықтары мен жора-жолдастарын ренжітпеу үшін, екі жүзді намыссыз жолдастарымен, тіпті сатқын зиянкес те болса ауызбіршілік жасауға дайын болып, бас пайдасы үшін кіммен де болса тіл табысуда. Дос көрініп, пайдалануға тырысуда.
Әй, басы бәлеге душар болып, ауызбіршілігін жоғалытқан хақ жолдағылар!
Мына пәлекетті заманда, ықыласты жоғалтып, Аллаh рызасын мақсат етпегендіктеріңізден, хақ жолдағылардың жеңілістері мен қор болуына себеп болдыңыз.
Діни және ахиреттік жұмыстарда бәсеке мен қызғаныш болмауы керек. Қызғаныш, қасындағыларды көре алмаушылыққа әкеліп соқтырады.
Бір затқа көп қолдардың созылуы, бір мақамға көп көздердің тігілуі, бір нанды көп ауыздардың жегісі келуі, бәсеке мен қақтығысқа, қызғаншақтыққа әкеліп соғады.
Дүние, тар және өткінші болғандықтан, адамдардың сансыз тілектерін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да арзан, құнсыз заттарға көптеген адамдар талапкер болып, бәсекеге түсуде. Бірақ, ахиретте бір адамға ана басы мен мына шеті бес жүз жылдық (сілтеме9) ұзақтықта болған жәннәт сыйға тартылып, жетпіс мың сарайлар мен хурилер берілетіндігінен, жәннәттағылар өз жағдайларына риза болатындықтан, бәсекелесетін еш нәрсе жоқ, бәсеке де болмайды.
9 (сілтеме) Көрнекті бір тұлға тарапынан қойылған маңызды бір сұрақ: Жәннәтта, бір адамға бес жүз жылдық жәннәт берілетіндігі сөйленуде. Бұл ақиқатты қалай түсінуге болады?
Жауап: Мына дүниеде, әр адамның өзіндік өткінші дүниесі бар. Сол дүниенің тірегі оның өмірі. Ішкі-сыртқы сезімдерімен әлгі өзіндік дүниеден пайдаланады. Күн менің шамым. Жұлдыздар менің шырақтарым дейді. Басқа жан-жануарлардың қатысы оның иелігіне бөгет болмағаны сияқты, қайта оның өзіндік дүниесін байыта әшекейлеп, құлпырта түседі.
Сол сияқты: Бірақ одан мың есе жоғары, әр бір мү'мин үшін берілетін мыңдаған сарайлар мен хурилерден басқа, ортақ жәннәттан ана басы мен мына басы бес жүз жылдық жеке жәннәті бар. Дәрежесіне қарай берілген сезімдердің дамуына тәуелді түрде, жәннәтқа және мәңгілікке лайық бір суретте пайдалана алады. Басқалардың болуы оның иелігіне, пайдалануына нұқсан келтірмейді, қайта қуат бере түседі. Жеке өзіндік әрі кең жәннәтін құлпыртып тұрады.
Рас, бұл дүниеде бір адам, бір сағаттық баудан және бір күндік бір саяжайдан және бр айлық бір елден, әрі бір жылдық бір көрмедегі саяхаттан; аузымен, көзімен, құлағымен, зауқымен, тілімен, басқа да сезімдерімен пайдаланғаны сияқты. Алайда бір сағаттық бір баудан әрең пайдаланатын мына фәни дүниедегі тіл мен мұрын, әлгі мәңгі дүниеде бір жылдық баудан дәл сондай пайдаланады. Бул өмірде бір жылдық көрмеден әрең пайдаланған көз бен құлақ, ол жерде бес жүз жылдық көрмедегі саяхаттан; әлгі ұшан-теңіз, бастан-аяқ әсем дүниеге лайық түрде пайдаланады. Әр мүмин шамасына және дүниеде жинаған сауаптарына, игіліктеріне қарай дамып жетілген сезімдерімен зауық алып, рахатқа батады, пайдасына жаратады.
Олай болса; ахиретке қатысты салих амалдарда да бәсеке болуы мүмкін емес; қызғанатын жер емес. Қызғанған адам, я екі жүзді; салих амал деп дүниелік пайдалар көздеуде, я болмаса барып тұрған қараңғы, салих амал не үшін жасалатынын білмейтіқәрі салих амалдардың рухы, негізі ықылас екендігін білмейтін біреу.
Бәсекелесу арқылы Аллаhтың әулиелеріне қарсы бір түрлі қастандық ойлап Аллаhтың кең мейріміне кінә артады.
Бұл ақиқатты қуаттай түсетін бір оқиға: Ескі достарымыздан біреуінің басқа біреуге қастандығы бар еді. Онық көзінше әлгі дұшпаны салих амалдармен мадақталып, тіпті әулие кісідей мақталып, жақсы жақтары баяндалды. Мұны әлгі адам еш те қызғанбады. Содан әлгі жерде біреуі турып былай деді:
- Сенің ол дұшпаның батыр әрі күшті екен, пәлі. Байқаймын, әлгі сөз ол адамның қызғаныш пен бәсеке сезімін оятып жіберді. Оған былай дедік.
- Әулиелік пен тақуалық шексіз әрі мәңгі өмірдіқ алмасындай, әрі қуат әрі жоғары мәртебелік. Сен бұл тұрғыда түк қызғанбадың. Дүниелік қуат өгізде, ал батырлық жануарда да болады ғой, бұлар әулиелік пен тақуалықтың қасында бір қарапайым шыны тәрізді түкке турғысыз болып қалады. Әлгі адам, былай деп жауап берді:
“Бул дүниеде бір жерге бір мақамға екеуміз көз салған болатынбыз. Ол мақамға жету үшін қуат пен батырлық керек. Сол үшін қызғандым. Ахиреттегі мақамдар шексіз. Ол бұл жерде менің дұшпаным болса да, ол жерде шынайы да сүйікті досым болуы мүмкін.”
Әй, әхли ахиқат пен әхли тариқат! Хаққа қызмет; үлкен бір қазына қойманы арқалау әрі сақтау тәрізді. Ол қазына қойманы арқалағандарға қаншама қуатты қолдар көмекке келсе, соншама жеңілдеп, рахат болып қалады. Қызғану емес, керісінше өте шынайы сүйіспеншілікпен әлгі келгендердің, өзінен көп есе қуаттарын, өте күшті әсерлерін, мақтана қошаметтеп құрмет көрсетудің орнына, бәсекелесіп, мұндай көмекші достарға ала көзбен қарап, осылайша ықыласты жоюдың себебі не? Міндеттеріңде кінә артылып әхли далалеттің назарында, сендерден және сендердің кәсіптеріңнен жүз есе узақ әрі төмен болып есептелетін дінмен дүниені алдау, және ақиқат ілімін күн көру үшін пайдалану, ашкөздік пен құшырлана бәсекелесу сияқты жаман кінә артуға нысана болып қаласыңдар.
Бұл індеттің жалғыз емі бар. Ол нәпсісін айыптау, әрі әрдайым нәпсісіне емес кәсіптесіне(әріптесіне) жақтасу.
Ислам әдет-ғұрпы мен тартыс ілімі гүламаларының арасында ақиқат құмарлық пен нысаптың дәстүрі болған мына: “Әр бір мәселенің тартысында сөзінің дұрыс болып шығуын қалап, дұрыс болғанда қуанса және қарсыласының бұрыс, жаңылысқанына риза болған адам нысапсыз, hәм зиян шегеді.”
Себебі: Сөзі дұрыс шықса, білмеген бір нәрсесін үйрене алмайды, қайта өркөкіректігінен зиян шегуі мүмкін.
Егер, қарсыласы жеңіп шықса, ешқандай да айыбы жоқ, қайта білмеген бір нәрсесін үйреніп, нәпсісінің өркөкіректігінен құтылады. Демек, шыншыл адам, ақиқат үшін нәпсісін ауыздықтай алады. Қарсыласыныкі дұрыс шықса, ризашылығымен қабыл етіп, шындық үйренгені үшін қуанып қалады.
Міне осы дәстүрлерді, әhли дін, әhли ақиқат, әhли тариқат, әhли ілім өздеріне жол басшы етіп алса ғана ықыласқа ие болады. Ахиреттік міндеттерінде де жеңіске жетеді. Қазіргі заманның пәлекеттері мен моральдық құлдыраудан, Аллаhтың рахметі арқылы құтыла алады.
سُبْحَانَكَ لاَ عِلْمَ لَنَا اِلاَّ مَا عَلَّمْتَنَا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
Жиырма бірінші лема.
(Ықылас турғысында) (Он жетінші леманың он жетінші мақаласының жеті мәселесінен төртінші мәселесі еді. Ықыласпен қатысты болғандықтан Жиырмасыншы леманың екінші мақаласы болды. Өте нурлы. Сондықтан жиырма бірінші лема болып Лемааттарға жазылды.) (Бул лема.ең аз он бес күнде бір рет оқылуы тиіс)
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
وَلاَ تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ رِيحُكُمْ * وَ قُومُوا لِلّهِ قَانِتِينَ * قَدْ اَفْلَحَ مَنْ زَكّيَهَا وَ قَدْ خَابَ مَنْ دَسّيَهَا * وَلاَ تَشْتَرُوا بِآيَاتِى ثَمَنًا قَلِيلاً
Әй,ахиреттік достарым мен Құран қызметіндегі жолдастарым! Білесіңдер немесе біліп алыңдар: Бұл дүниеде, әсіресе ахиреттік қызметтерде басты мәселе, үлкен күш, қабыл болғыш шапағатшы, арқа сүйер берік тіреу, ақиқатқа төте жол, қабыл болғыш мағынауи дұға, мақсатқа жеткізетін бірден бір себеп, жоғары қасиет, адал құлдық- “Ықылас” болып табылады.
Ықыласта аталған қасиеттер бар екені әрі көптеген нұр мен мол қуат бар екені рас болса, сондай-ақ мына аласапыран заманда, қас дұшпандар қарсысында, бид'алар көбейіп, азғындық артқан кезде; біз өте аз әрі дәрменсіз де пақыр болсақ та өте ауыр әрі үлкен, жалпыға ортақ, қасиетті иман қызметі мен Құран қызметі; Аллаhтың жарылқауымен мойнымызға жүктеліп отыр. Әлбетте, бәрінен бурын жан-тәнімізбен ықыласқа қол жеткізуге мәжбүр әрі міндеттіміз. Сондай-ақ, ықыластың сырын бойымызға сіңіруге тым мұқтажбыз. Әйтпесе, осы кезге дейінгі атқарған киелі қызмет босқа кетіп, тоқырап қалады әрі жауапқа тартыламыз.
وَلاَ تَشْتَرُوا بِآيَاتِى ثَمَنًا قَلِيلاً
аятындағы Аллаhтың ызғар шашқан тыйымына нысана болып, мәңгі бақытымызды зақымдайтын мағынасыз, түкке турғысыз, зиянды әрі өкінішті өзімшілдік пен екі жүзділік сияқты жағымсыз сезімдерге, пайдакүнемдікке салынып ықыластан жұрдай болу арқылы; сондай-ақ, осы қызметтегі барлық достардың ақысын жеген болып, hәм Құран қызметіне тосқауыл, hәм иманның киелі ақиқаттарына құрметсіздік еткен болып шығамыз.
Әй, бауырларым! Маңызды да үлкен, қайырлы істердің тегеурінді тосқауылдары болады. Шәйтандар мұндай қызметтің адамдарын көп азғырады. Мұндай кедергілер мен шәйтандарға қарсы ықыластың қуатына сүйенген жөн. Ықыласты қашыратын себептерден; жыланнан, шаяннан қашқандай қашыңдар.
Хазіреті Жүсіп Ғаләhиссәләм:
اِنَّ النَّفْسَ َلاَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ اِلاَّ مَا رَحِمَ رَبِّى
деп жүгенсіз нәпсіге сенім жоқ. Менмендік пен нәпсі алдамасын.
Ықыласқа жету, оны сақтау және тосқауылдарды жою-үшін, төмендегі дәстүрлер жетекшілерің болсын:
БІРІНШІ ДӘСТҮР: Атқарған істерің Аллаhтың ризашылығымен болсын. Егер ол разы болса, дүние жаппай безіп кетсе де оқасы жоқ. Егер Ол қабыл алып, бүкіл халық наразылық білдірсе ештеқе қылмайды. Ол разы болып, қабыл алған соң әрі қаласа, хикметіне үйлесетін болса, сендер қаламасаңдар да халыққа мойындаттырады; оларды да разы қылдырады. Сондықтан, бул қызметте тек қана Аллаhтың ризашылығын басты мақсат деп білу керек.
ЕКІНШІ ДӘСТҮР: Құран үшін қызмет етіп жүрген бауырларыңды мінемей, оларды менің адамгершілігім сенікінен жоғары дегендей, қызғаныш сезімін оятпау. Қытығына тимеу. Себебі, адамнық бір қолы екінші қолымен бәсекелеспейді, бір көзі екінші көзін мінемейді, тіл құлаққа қарсы шықпайды. көңіл рухтың айыбын көрмейді; керісінше бір-бірінің нуқсандықтарын толтырып, жыртығын жамап, қажет кезінде көмектесіп отырады, міндетін атқаруына жәрдемдеседі. Әйтпесе ондай орғанизм өліп, рухы шығады, дене ыдырап кетеді.
Сондай-ақ, бір фабриканың бөлшектері бір-бірімен бақталасып, аяқтан шалып, тосқауыл болып, бір-біріне үстемдік етпейді. Бір-бірінің ағаттықтарын көріп, мінеп еңбекке деген ынтасын жойып, жалқаулыққа үйретпейді. Қайта жан тәндерімен бір-бірінің барыттарын бір жолға бағыттау үшін жәрдем етеді. Нағыз бірлік, ынтымақпен негізгі мақсаттарына ұмтылады. Егер зәрредей тосқауыл, үстемдік басталса ол фабриканың астан кестеңін шығарады. Нәтижесіз, түкке аспайтындай етіп тастайды. Фабриканың иесі де ондай фабриканы тас-талқан етіп бұзып тастайды.
Әй, Рисалә-и Нұр шәкірттері және Құран қызметшілері! Міне, сендер мен біз сондай бір кәміл адам атағына лайық мағынауи тұлғаның ағзаларымыз. Мәңгі өмірдегі мәңгі бақытқа дайындайтын фабриканың бөлшектеріміз. Мұхаммедтің (ғ.с.м) үмбетін амандық пен саулық жағалауы Дар-үс Саләмға шығарған Раббани кемеде жұмыс істейтін қызметшілерміз. Әлбетте төрт түлғадан мың бір жүз он бір мағынауи қуат шығаратын ыхластың сырын үйреніп, бір-бірімізбен бірлесуге, арқа сүйеуге мұқтаж әрі мәжбүрміз.
Иә, үш әліп бірлеспесе үш болады. Сандық сырымен бірлессе жүз он бір болады. Төрт төрт бөлек түрса он алты, ал достық сырымен, мақсат бірлігімен, атқарар міндет жағынан жоғарылап бір сызыққа келіп, иықтарын тіресе ол кезде төрт мың төрт жүз қырық төрт қуатында, шамасында болады. Сол сияқты нағыз ықыластың сырымен он алты жанкешті достардың шамасы мен мағынауи қуаты төрт мыңнан асып кеткеніне көптеген оқиғалар куәлік етеді.
Бул сырдың сыры мынау: Нағыз, шынайы бірлікте; әрбір дос, басқа достарының көздерімен көре алады, құлақтарымен де ести алады. Бейне бір он шынайы бірлескен адамдардың әр қайсысы; жиырма көзбен қарайды, он ақылмен ойлайды, жиырма құлақпен естиді, жиырма қолмен жұмыс істейді, осындай бір мағынауи қуаты мен құны бар. (сілтеме10)
10(сілтеме) Рас, ықыластың сырымен шынайы бірлік, ұйымшылдық, қыруар пайда көзі. Сонымен қатар, қорқынышқа тіпті ажалға қарсы берік қорған, сүйенер ноқта. Өйткені өлім келсе, бір жанды алады. Нағыз бауырластық сырымен Аллаh ризалығы жолында, ахиретпен қатысты істерде бауырлары қанша болса сонша жаны болғандықтан; бірі өлсе, “Басқа жандарым аман болсын... Өйткені олар, әрдайым маған сауап жаздырып мағынауи өмірімді жалғастырғандықтан мен өлмеймін” деп, ажалын қуанышпен қарсы алады. Және “Әлгі жандардың арқасында сауап жағынан өмір сүрудемін, тек күнә жағынан өліп барамын” деп, рахат жан тапсырады.
ҮШІНШІ ДӘСТҮР: Барлық күш қуат ықыласта және хақта деп біліңдер. Иә, қуат хақта әрі ықыласта. Тіпті әділетсіздердің өзідері әділетсіз істерінде ықыласты, шынайы болғандықтан қуат табады. Рас қуат хақта әрі ықыласта екеніне дәлел, мына қызметімізді айтуға болады. Ондағы сәл ықылас айтқанымызды қуаттап, өзіне-өзі дәлел болады. Қалай десеңдер, өз елімде және Стамбұлда жиырма жылдам астам атқарған ғылыми әрі діни қызметіме қарасам, бұл жерде сендермен бірге жеті-сегіз жыл ішінде көп істер атқарылғаны. Бір қызығы, өз елімде және Стамбұлда менімен бірге еңбек еткендердің саны сендерден жүз, тіпті мың есе көп болса да, бұл жерде жалғыз, кіріптар, кәріп, нысапсыздардың зомбылығын шегіп сегіз жыл бойы сендермен бірге атқарған қызметімді ескі қызметтен жүз есе тиімді қылған мағынауи қуат, сендердің ықыластарың екеніне шүбәм қалмады. Һәм мынаны да айта кетейін: Шынайы ықыластарыңмен мені де абырой мен даңққа құмар нәпсімді алдатқан көзбояушылықтан құтқарып қалдыңдар. Құдай қаласа, толық ыхласқа қолдарың жетіп, мені де сол жолғасаларсыңдар...
Білесіңдер, Хазіреті Али (Р.А.) өзінің мүғжизә тәрізді кәрамәтімен және Хазіреті Ғаус-ы Ағзам (К.С.) өзінің ғайып жәйіндағы таңғажайып кәрамәтімен сендерге деген ілтипаты мен қызғыштай қорғаштап, демеу беруі; осы ыхластық сырына байланысты. Олар атқарған қызметтеріңе дән риза болуда.
Иә, мұндай қошаметтер, ықыласқа байланысты жасалады. Егер бұл ықыласты біле тура жойсаңдар, олардан шапалақ жейсіңдер. (Оныншы лемадағы майдай шапалақтарды еске алыңдар.) Мұндай мағынауи қаhармандарды арқа сүйер, әрі жетекші қылғыларың келсе
وَ يُؤْثِرُونَ عَلَى اََنْفُسِهِمْ
сыры арқылы толық ықыласқа қол жеткізіңдер. Бауырларыңның жанын өзіңнің жаныңнан; абыройда болсын, мәртебеде болсын, қошаметке бөленуде болсын, тіпті заттай пайда сияқты жанға жайлы нәрселерде болсын жоғары ұстаңдар. Тіпті өте тамаша әсем иман ақиқатын басқа бір мұқтаж мү'минге үйрету; негізінде бейкүнә, зияны жоқ бір іс. Мүмкін болса, өзіңе тәкаппарлық ой келмеуі үшін ол істі ынтасы жоқ бауырыңның атқарғанын хош көріңдер. Егер “Сауабын мен алайын, мына тамаша мәселені мен айтайын” деген ойларың болса, негізінде оның бір зияны, бір күнәсі жоқ; бірақ араларыңдағы ықылас сырына зияны тиюі мүмкін.
ТӨРТІНШІ ДӘСТҮР: Бауырларыңның абыройын ізгі істерін өздеріңде көріп, адамгершілік қасиеттерін менің бойымда деп, олардың абыройымен шүкір ете мақтаныңдар. Әхл-и тасаууфтың арасында “фена фи-ш шәйх” деген қалыптасқан сөз бар. Мен сопы емеспін. Алайда олардың бұл дәстүрі біз үшін “фена фи-ихуан” түрінде болады. Бауырлар араларында бұған “тәфәни” деп атайды. Яғни бір-біріне келгенде фәни болу, яғни жеке басының қамын, нәпсісін ұмытып, бауырларының жақсы жақтарымен, олардың сезімдерімен ойша жасау. Онсызда жолымыздың негізі бауырмалдық болып табылады. Әке мен бала, шәйх пен мүрид арасындағы байланыс бізде жоқ. Керісінше нағыз бауырмалдық байланыстар. Көп болса араға ұстаздық кіреді. Үстаған жолымыз “халилие”, яғни шынайы достық болғандықтан “хиллет” біздің әдетіміз. Хиллет дегеннің өзі ең жақын дос, жанкешті жолдас, қадірлі де ақ көңіл бауыр болуды талап етеді. Бұл хиллеттің ірге тасы, шынайы ықылас. Шынайы ықыласты бузған адам, сол хиллеттің шыңырау төбесінен төменге құлдырайды. Өте терең шұңқырға түсу қаупі бар. Ортада ұстап қалатын еш нәрсе таба алмайды.
Иә, алдымызда екі жол тур. Құранның Үлы жолы болып табылатын мына жолымыздан қазір айрылғандар, қас дұшпанымыз дінсіздерге жәрдем етуі мүмкін, бірақ мұны өзі де білмейді. Иншаллаh Рисалә-и Нұр арқылы Қасиетті Қуранның киелі алаңына кіргендер; әрдайым нұрға, ықыласқа, иманға қуат беретін болады. Әлгіндей шұңқырларға түспейтін болады.
Әй, Құран қызметіндегі бауырларым! Ықыласты болудың, оны сақтап қалудың тиімді жолы- “рабыта-и мәут” болып табылады. Иә, ыхласты зақымдап, екі жүзділікке, дүниеге тартатын тул-ы әмел (узақ қиял-армандар) екені мәлім. Сол сияқты екі жүзділіктен жиіркендіріп, ыхласқа қол жеткізетін басты себептерге келетін болсақ;
Біріншісі: “Рабыта-и мәут”. Яғни ажалын ойлап, дүниенің өткінші екендігін аңғарып, нәпсінің тузағына түспеу.
Иә, әхл-и тариқат пен әхл-и ақиқат, Қасиетті Құранның
كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ اْلمَوْتِ اِنَّكَ مَيِّتٌ وَاِنَّهُمْ مَيِّتُونَ
деген аяттарынан сабақ алып, өздеріне тән сулүқ сапарларында рабыта-ы мәутті негіз алып отырған. Тул-ы әмелдің қайнар көзі мәңгі жасау ойын әлгі рабыта арқылы тұсаулап отырған. Олар өздерін өліміз деп, қиялдап, жаназамыз шығып жатыр, жуып жатыр деп елестетіп, ойлай-ойлай жүгенсіз нәпсіні әлгіндей ойдан ұзақтатып, тәтті қиялдан беті қайтып, бітпейтін жұмыстарды ойлаудан шамалы болса да баз кешеді. Бұл рабытаның пайдасы көп. Ол жәйінда хадис те бар.
اَكْثِرُوا ذِكْرَ هَادِمِ اللَّذَّاتِ
-сияқты- “Яғни тәтті ойларды, ләззаттарды ащы қылатын өлімді көп ойлаңдар.” Осылайша бұл рабытаны дәріс ретінде ұсынуда. Алайда, біздің кәсібіміз тариқат емес, ақиқат болғандықтан бұл рабытаны әхл-и тариқат сияқты қиялдап, елес құрып жатуға мәжбүр емеспіз. Сондай-ақ, ақиқат кәсібіне үйлеспейді. Нәтижені ойлау түрінде болашақты осы шаққа әкеліп емес, оның орнына ақиқатты көзқараспен осы шақтан болашаққа ойша барып, назар салу.
Иә, қиялдаудың, елес құрудың еш қандай қажеті жоқ. Әркім мына қысқа өмір ағашының басындағы жалғыз жеміс- өз жаназасына көз салсын. Осылайша өзінің жаназасын көретіні сияқты, шамалы ілгерілесе ғасырының өлімін, одан әрі кетсе дүниенің өліміне де куә болады. Осылайша нағыз ықыласқа жол ашылады.
Екіншісі: Нағыз иманның күшімен және соңында Аллаhқа апаратын қоршаған ортаға зер сала имани толғаныстан ұшқындаған сәуленің арқасында құзырға қолы жетіп, яғни Құдайдың алдындамын деп, оның әр жерде әзір әрі назарында екенін ойлап, одан басқасының қошаметін керектірмей оның алдында басқаға тілемсу, көмек сұрау манағы құзырда әдепсіздік екенін ескеріп, ондай екі жүзділіктен құтылып, ықыласқа қолы жетеді. Қойшы әйтеуір... Мұның көптеген мәртебелері бар. Әркім қабілетіне қарай неғұрлым түсінсе, соғұрлым пайда. Рисалә-и Нурда екі жүзділіктен құтқаратын, ықыласқа қол жеткізетін көптеген ақиқаттар баяндалғандықтан оған сілтеп, қазір қысқаша жазылды.
Ықыласты зақымдап екі жүзділікке итермелейтін көп себептер бар. Олардан екі-үшеуіне қысқаша түрде тоқталып өтейік.
Біріншісі: Материалдық пайда үшін туындаған бәсеке; біртіндеп ықыласты жояды. Сондай-ақ, қызметтің нәтижесін де зақымдайды. Оның үстіне әлгі материалдық пайдадан да құр алақан қалады.
Иә, бұл халбіқ, ақиқат пен ахирет жолында жүргендерге'*әрдайым құрмет көрсетіп, оларға жәрдем беріп отырған. Іс жүзінде де олардың ықыласты да адал еңбектеріне қолғабыс ретінде материалдық жағынан көмектесіп, босқа уақыты кетпесін деп садақа, сыйлық сияқты заттай жәрдем жасап отырған. Алайда бұл жәрдем, бул пайда сүралмайды, беріледі. Һәм іштей тіленіп, жәрдем сүрағандай хал көрсетіп тіленбеуі тиіс. Мүмкін, күтпеген жерден беріледі. Әйтпесе ықыласы зақымдалады.
Һәм
وَلاَ تَشْتَرُوا بِآيَاتِى ثَمَنًا قَلِيلاً
аятынан қатаң сөгіс алып, істеген жақсылықтарының бір шамасы босқа күйіп кетеді. Міне, бұл материалдық пайданы тілеп, іштей күту, содан нәпсіге алданып, өзімшілдікке салынып әлгі пайданы басқаға беріп қоймау үшін нағыз бауырына, қызметтес жолдасына қарсы бақталастық сезімі оянады. Ықыласы зақымдалып қызметінің құты қашады. Әхли ақиқат алдында жағымсыз түрге енеді. Материалдық пайданы да көре алмайды. Қойшы әйтеуір... Бұл шұбар сөзді қысқартып, бауырларымның арасында ықылас сыры мен шынайы ауызбірлікті нығайта түсетін екі мысал айтып берейін.
Бірінші мысал: Әхли дүние байлыққа кенелу, қуаттану үшін тіпті кейбір саясатшылар мен әлеуметтік өмірде маңызды рол ойнайтын кісілер және ұйымдар, мал-мүлікті ортақтастыру дәстүрін өздеріне қағида жасаған. Барлық зиянды да орынсыз қолдануларына қарамастан, асқан күшке, мол пайдаға кенелуде. Алайда мал-мүлікті ортақтастырудың көптеген зияндары бар әрі ортақтасқанымен мәнісі өзгермейді. Әр қайсысы жалпы ортақ нәрсеге -негізінде бір жағынан қарағанда- иесі саналады, бірақ пайдалана алмайды. Қойшы әйтеуір... бұл мал-мүлікті ортақтастыру дәстүрі ахиреттік істерде болса, еш зияны жоқ, мол табысқа жетуге бірден бір себеп болады. Өйткені, мысалға төрт-бес адам ұйымдасып бірі жанар май, бірі пілте, бірі шам, бірі шыны, бірі сіріңке әкеліп шам жақса. Әр қайсысы толық бір шамға ие болады. Әрі қатысқандардың әр қайсысының дуалында үлкен бір айнасы болса; әр қайсысына әлгі шам нұқсан болмай толығымен бөлмемен бірге айнасына түсетін болады. Дәл сол сияқты; ахиреттік істерде ықыластың сырымен ұйымдасу, бауырластықтың сырымен бір-біріне арқа сүйеу, бірлестіктің сырымен жұмыстарды бөлісу; манағы уйымдасудың нәтижесінде пайда болған жалпыға ортақ, барлық нұр, әрқайсысының амал дәптеріне нұқсансыз түрде кіретіндігі ақиқатшылдар арасында кеңінен тараған оқиға, және Аллаhтың рахметі мен керемінің талабы.
Міне әй, бауырларым! Сендерді Қудай қаласа, материалдық пайда бәсекеге түсіре қоймас. Бірақ ахиреттік пайда тұрғысында кейбір тариқатшылардың алданғандары сияқты, сендердің де алдануларың мүмкін. Алайда жеке түрдегі, шағын сауап қайда, аталмыш мысалдағыдай мал-мүлікті ортақтастыру тұрғысында көрінген сауап пен нұрдың орны қайда?
Екінші мысал: Шеберлер, шыққан өнімдерін молайту мақсатымен өнер саласында уйымдасып, мол табысқа жетуде. Тіпті тігін ине жасайтын он адам, баста өз беттерімен еңбектенгенде, мундай еңбектің бір күндік өнімі үш-ақ ине болған. Содан, ұйымдасқан түрде он адам бірлік құрған. Бірі темір әкеліп, бірі от жағып, бірі темір қыздырып, біреуі басын сүйрілтіп деген сияқты... Әрқайсысы ине жасау өнерінде тек кішкене бір іспен айналысып, атқарған жұмыстары қарапайым болғандықтан уақытты босқа жібермей, манағы іске қолы үйреніп алып, істері оңға басқан екен, Сосын әлгі жумыс бөлісу, ұйымдасқан түрде болған өнерінің өнімін бөлсе, әрқайсына бұрын үш ине түсетін болса, енді әр қайсысына үш жүз ине түскенін көріпті. Бұл оқиға шеберлер арасында еңбекке ынталандыру үшін кең тараған.
Міне, әй достарым! Көріп отырғандай, дүниелік істерде, кәдімгі нәрселерде жасалған ұйымдастық; бірлестіктің нәтижесінде мұндай мол табысқа жеткізеді екен. Апырмай, ахиреттік әрі нурлы, бөлініп ыдырамайтын және Аллаhтың жарылқауымен әркімнің айнасына жаппай толық түсетін, сондай-ақ түскен табысты баршаға дәлме-дәл шағылыстыратын сауапқа ие болу, қаншалықты мол табыс екенін таразыға тартыңдар.-Мұндай үлкен табыстан бақталастық, ықылассыздықтың кесірінен мақұрым қалуға болмайды.
Ықыласты жоятын екінші себеп: Мансапқорлықтан туындайтын атақ құмарлық салдарынан және мақам, шен салдарынан көпшіліктің қошаметіне бөлену, баршаның назарын өзіне аудару арқылы көқілін жайлау; міне бұлар қауіпті рух науқастығы болып, сонымен қатар адамды “ширк-і хафи” деп аталатын екі жүзділікке, көкіректікке итермелейді.
Әй, бауырларым! Қасиетті Құранның қызметіндегі кәсібіміз ақиқат және бауырмалдық болғандықтан әрі бауырмалдық дегеніміз “Менменшілдігіні бауырлар арасында пида етіп (сілтеме11) олардың жандарын өз жанынан жоғары ұстау” болғандықтан, арамызда осы сияқты мансапқорлықтан шығатын бәсеке болмауы тиіс.
11(сілтеме) Иә, бақытты жан кім десеңдер, Ол- Құранның кәусарынан сүзілген тәтті де үлкен әуізді иелену үшін, мұзкесек тәрізді өзімшілдік пен менмендігін әлгі мөлдр әуізге салып еріткен жан.
Өйткені, кәсібімізге керағар. Бауырлардың абыройы жалпыға ортақ болып әр қайсысына тиесілі екен, олай болса әлгі мағынауи абыройды; жеке бастық, өзімшілдік, бәсеке сияқты нәрселер мен азғана абырой үшін пида ету, Рисалә-и Нұр шәкірттерінен әлдеқайда ұзақ деп білемін.
Иә, Рисалә-і Нұр шәкірттерінің жүрегі, ақылы, жаны; мұндай нашар, зиянды, жиіркенішті нәрселерге бас имейді. Алайда, әркімде де жүгенсіз нәпсі бар. Кейде нәпсілік сезім бойды билеп, жүрек, ақыл, рухтың атынан өзінің айтқанының бір шамасын істетеді. Сендердің жүрек, рух, ақылдарыңды кінәлап отырғаным жоқ, Рисалә-и Нурдан алған әсерлеріңе сенім артып отырмын. Алайда, кейде нәпсіні әуестік, сезім-ой алдатады. Сондықтан кейде қатаң сөгіс аласыңдар. Бұл қатаңдық нәпсі мен әуестік, сезім мен ойға қатысты... Абай бол ыидар!
Рас, егер кәсібіміз шәйхлік болғанда, мақам бір болар еді немесе белгілі мақамдар болар еді. Ондай мақамға көп жандар көзін тігер еді. Қызғану сияқты менменшілдік болуы мүмкін еді. Бірақ, біздің кәсібіміз бауырмалдық болып табылады. Бауыр бауырға әке бола алмайды... тәрбиеші де бола алмайды. Бауырмалдықта жер көп. Қызғана ренжісудің реті жоқ. Көп болса бауыр бауырына жәрдемші әрі арқа сүйер болады; қызметін толықтырады. Әкелік, жол көрсетушілік сияқты кәсіптердегі көре алмаушылық пен сауапқа ынтықтық, аса қамқоршы болу; міне бұлар нәтижеде көп зиянға ұшырататынына дәлел. Айта кететін болсақ, тариқатшылардың орасан зор жетістіктері, табыстары бола тура жік-жік болу, бәсекелесу салдарынан олардың әлгі орасан зор, киелі қуаттары мына бид'а дауылдарына төтеп бере алмауда.
ҮШІНШІ СЕБЕП: Қорқақтық пен ашкөздік. Бұл тосқауыл басқа да тосқауылдармен бірге “Хутууат-ы ситте” атты еңбегімде толық баяндалғандықтан оған сілтеп, Жәнаб-ы Әрхамүррахиминнен оның барлық әсем есімдерін шапағатшы жасап, былай деп жалбарыналық: “Толық ықыласқа қол жеткіз! Амин!
اَللّهُمَّ بِحَقِّ سُورَةِ اْلاِخْلاَصِ اِجْعَلْنَا مِنْ عِبَادِكَ الْمُخْلِصِينَ الْمُخْلَصِينَ آمِينَ آمِينَ
سُبْحَانَكَ لاَ عِلْمَ لَنَا اِلاَّ مَا عَلَّمْتَنَا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
Сөздік
Әлхамдулиллаh - Аллаhқашүкірету.
Әл хуббу филлаh - Аллаh үшін сүю. Махаббат, достықтың тек Аллаh ризасы үшін жасалуы.
Әхли ақиқат - Ақиқат жолда жүргендер. Аллаhты танушылар.
Әхли далалет - Иман немесе Ислам дінінен айрылғандар. Азғындар. Құдайдан безгендер.
Әхли дүние - Дүниеқұмар, материалист адам.
Әхли ілім - Ілім жолындағылар, ілім иелері.
Әхли тариқат - Тариқат жолындағылар.
Әхли тасаууыф - Жүректерін дүниенің фәни тірлігінен алыстатып, Аллаhқа деген сүйіспеншілікке толтырушылар. Тариқат мүшелері.
Әхли хақ-Хақжолдағылар.
Әхли хидает - Иман етушілер, Ислам дінін қабылдағандар. Хақ жолдағылар.
Бид'а - Кейін пайда болған әдет. Шариғат: Діннің негізінде болмаса да діннің атынан кейіннен шыққан әдет.
Ғапыл - Қапы қалып Аллаhты ұмытқан, селқос.
Далалет - Иман немесе Ислам дінінен айрылғандар. Азғындар. Құдайдан безгендер.
Дар-үс Салам - Жәннәттің екінші қабаты Жәннәт.Амандықжері.
Жәнаб-ы Хақ - Шексіз алып, асқан әділетті.
Жәнаб-ы Әрхамуррахимин - Рақымы мол Аллаhу Тағала.
Имам-ы Ағзам - Хижри 80-150 жылдар арасында Бағдатта өмір сүрген. Шын аты Әбу Ханифе Нұғман бин Сабит. Ханефи мезhебініи негізін қалаушы.
Иләhи - Аллаhқа қатысты, оған тиесілі.
Илхам - Аллаh тарапынан жүрекке келген мағына.
Күпір-і Мутлақ - Аллаhты танымау, иман етпеу. Жаратушысын толығымен жоққа шығару. Атеист.
Қадер-і Иләhи - Аллаhтың жазып қойған тағдыры.
Мағынауи - Мағынаға қатысты. Материалдық емес. Дара. Рухани.
Мешреп- Су ішетін ыдыс. Әркімнің өзіндік мінезі.
Мү'мин - Аллаhқа және оның әмірлеріне, зандарына иман еткен, сенген, Аллаhқа, ахиретке, кітап және періштелерге, Пайғамбарларына, тағдырға иман келтіріп, мойынсұнған адам. Қауіпсіздікке алынған.
Наққаш-ы Хаким - Әділетті, ақ пен қараны айырып үкім шығаратын, ешкімді араластырмай өзі шешетін нақыштаушы, өрнек салушы.
Рабб - Қожайын, ие, тәрбиелеп жетілдіруші.
Раббани - Раббыға тән.
Рабыта-и мәут - Өлімді ойлап, дүниенің өткінші екенін ұғып, нәгісінің қулықтарынан қутылу.
Салих амал - Тек қана Аллаh ризасы үшін жасалған қайырлы істер, амалдар.
Тариқат - Жол. Рухани жол. Тәсіл, әдіс (Мақсаты білім мен иман ақиқаттарының өрлемесі үшін қызмет ету).
Тул-ы амал - Таусылмайтын тілек. Ешбір заман өлмейтін адамдай дүниені ойлау.
Тефани - Бір-бірі үшін фәни болу.
Ухреуи - ақыретке қатысты. 0 дүниелік.
Фена фи шейх - Бүкіл рухани ләззәтын шейхтің рухани тұлғасынан алу мағынасында.
Фенафиихуан- Бауыры мен жолдастары үшін өзінің нәпсісін олардың жолына қию, солар үшін өмір сүру. Шын көңілден қурылған ең жақын достық. Нағыз мәрттік пен ықыласты бауырмалдық.
Ферағат - Тоқ көздік. Өзінің хақынан баз кешіп ешнәрсе талап етпеу. Жеке бастың қамын ойламау.
Хидает - Құдайдың құдіретімен хақ жолға түсіп, жүрегіне иманның нұры ұялауы.
Хыллет - Шын көңілден достық.
Ширк-ы хафи - Көзбояушылық, екіжүзділік, ықылассыздық.