Бәдиүззаман

 

СӨЙЛЕУШІ, ТЕКҚАНА АҚИҚАТ

 

Бұл кітапқа XX ғасырдың ұлы ойшылы, исламтан-ушы-ғалым Бәдиүззаман Саид Нұрсидың «Рисале-и Нұр» атты шығармаларының ішіндегі «Сөздер» кітабынан алынған «Кіші Сөздер» рисалесінің қазақша аудармасы енгізілді. Көлемі шағын, мазмұны өте терең бұл шығарманың ішінде кейбір арабша, парсыша, сөздер және біріктірмелер тәржімә етілмей, сол күйінде сақталды. Бұл сөздердің мағы-насын түсіну үшін кітапшаның соңына шағын ғана сөздік қойылды. Өте терең мағыналы бүл шығарма, Ислам және иман хақиқаттарына мүқтаж жалпы жүртшылыққа арналған.

Ислам қауымына ғана емес, бүкіл жер жүзінде әлемдік қүрметке ие болып, атағы кең тараған оның еңбектерін жер-жерлердегі жүртшылық аса қүмарлықпен оқып, тәлім алған «Рисале-и Нүр» атты шығармаларымен белгілі болған Бәдиүззаман Саид Нүрси кім еді? Өз өмірін қайда және қалай өткізген екен? Ізгі мақсаттарына жету үшін қаншама қуғындар мен қамаулар-ды бастан кешіріп, зәбір шегуінің жөні бар ма еді?

Оның өмірін кеңінен көрсету және толық баяндау мүмкін емес. Сондықтан біз де оның өмірінің, тек теңізден тамшы алғандай, кейбір айта қаларлық-тай айшықты да маңызды кезеңдеріне тоқталмақпыз.

Ол - Түркияның Битлис облысы, Хизан ауданының шағын ғана Нурс деген таулы аулында 1876-жылы дүниеге келген. Әкесі - Мырза, анасы - Нурия ханым еді.Бәдиүззаман Саид Нүрси бала кезінен-ақ аса зеректігімен, айрықша еске сақтау қабілетімен және тым ширақтығымен ерекшеленетін. Ол белгілі бір мектепте оқымай-ақ - шейхтерден, сол уақыттағы діни ғүламалардан дәріс алып, қысқа мерзім ішінде біліммен сусындады. Негізгі білімді Доғубаязитте, Шейх Жалали-ден, үш ай уақыт шамасында алып шықты. Ал, қалған білімдері - оның өз бетімен табандылықпен жинақтаған еңбектерінің жемісі еді. Ол білім алу үшін ешқандай үстаз іздемей-ақ, сол уақыттағы медреселерде пайдаланып жүрген, түсінілуі қиын, қандай-да бол-масын кітаптардың күн сайын екі жүздей бетін түсініп, оқып шығатын. Осылайша тоқсан кітапты жаттап та алды. Бүл кітаптар - Ислам әлемінде әйгілі, атақты ғүламалардың кітаптары еді. Жаттап алғандарын әр үш айда қайталап отыратын. Кейін, осы - еске сақтап, жаттап алған кітаптары туралы Бәдиүззаман Саид Нүрси былай дейтін,

- «Аллаға шүкір, бауырларым. Осы алған білімім арқылы Қүранның ғары-шына шықтым, яғни шын мағынасын, әрі тылеым қүпиясын түсінуіме көмектесті. Сол кезде Қүранняң әр бір аятының бүкіл әлемді қамтып түрғанын көрдім. Әрі қарай Қүран - мен үшін білімнің қайнар-бүлағы болды да, басқалай білім бүлағының қажеті болған емес».

Жасы он алтылар шамасына жеткен-де Ван қаласында түрып, әр түрлі ғы-лымдармен бірге математика, геогра-фия, химия, физика, тарих сияқты өте көп пәндермен шүғылданды. Сонымен бірге күнделікті шығатын баспа жаңалықтарын бос жібермейтін, әрине, сондықтан да бүкіл Ислам әлеміндегі жағдайлармен толық хабардар бола-тын.

Бірде Ван қаласының әкімі оған га-зеттен мынадай бір қорқынышты мақала оқып берді: Ұлыбританияның отар елдер жөніндегі министрі Гладистон былай депті, - «...бүл Қүран, мүсылмандардың қолында түрғанда, біз олардың шын мәніндегі билеушісі бола алмаймыз. Не Қүранды жою керек, не мүсылмандарды Қүраннан айыру керек». Әкімге Саид Нүрси: «мен Қүранның сөнбес және сөндірілмес бір нүр екенін әлемге көрсетемін, әрі дәлелдеп беремін,» .- деп жауап берді және іске кірісті.

Осыдан соң, ол Османлы Империясы-ның астанасы Ыстамбүлдағы үлкен бір қонақ үйге орналасты және есігіне «мұнда күрделі мәселелер жөнінде барлық сұрақтарға жауап беріледі, сондай-ақ ешкімге ешқандай сұрақ қойылмайды,» - деп жазылған жар-нама ілді. Оған дін мамандары, саясат өкілдері, баспа қызметкерлері және т.б. өздеріне қажет мәселе жөнінде көптеген ғалымдар тарапынан сүрақ-тар қойылып, көпшілік келе бас-тады. Барлық сұрақтары мен мәселелеріне қанағаттанарлық жауап алған ғұлама-лар оған: «таңданарлық, заманымыз-дың ғажайып адамы - дегенді білдіре-тін «Бәдиүззаман» - деген есім берді.

1919-жылы Ыстамбұл қаласын ағыл-шындар басып алғаннан кейін Бәдиүз-заман Саид Нүрси ағылшындардың сая-сатын, үгіт-насихатын әшкерелейтін шағын кітапша жазып шығарды.

Бүл батылдыққа жауап ретінде жаңа үкімет Бәдиүззаман Саид Нүрсиды жаңа астана - Анкараға шақырды. Пар-ламент мәжілісінде сөз сөйлеген ол, сол жерде ғибадат және бес уақыт намаз жайында үгіт қағаздарын тарат-ты. Үкімет басшысы Мүстафа Кемалға бүл іс үнамай, қатты реніш білдіре: «сені бүл жерге шақырдық - жоғарғы ой-пікірлеріңді баянда деп. Сен келдің, Намаз туралы айтып, арамызды ажыраттың» - дейді. Оған Саид Нүрси былай деді: «паша, паша, бүкіл әлемдегі ең жоғарғы хақиқат - иман, иманнан кейін намаз...»

Жаңа үкіметпен келісе алмаған ол, Ван қаласына қайтып келді. Бірақ мүнда түрақтай алмады. Ислам дінінің қас-жауларының жасырын, сатқындық әрекеттерінің нәтижесінде, оны Ыспар-та қаласының Барла аулына жер аудар-ды. Бәдиүззаман Саид Нүрси еңбектерінің негізін осы кезеңнен бас-тады. Барлық адамзатты, әсіресе м үсыл ман қауымын адасу шыл ықтан, атеизмнің қүрдымға апарар теріс ықпалынан арашалау мақсатымен «Рисале-и Нүр» атты кітаптарын жаза бастады. Осыдан кейін-ақ бүкіл әлем Қүран сәулесінің шапағымен нүрлана түсті. Өз еңбектерінде Қүранның Аллаға иман жайында айтылған күрделі де терең мағыналы аяттарына түсініктеме әрі талдау жасап, адам-затқа - ғасырлар бойы, әлі де болса толық ашылмаған аяттарының тылсым қасиеттерін, жүмбақ қүпия-сырларын ашып, жаңа ғана терілген гүл шоқтарындай үсынды. Жеңіл, әрі үғымды тілмен Жаратушының бар екенін және бірлігін, пайғамбарымыз Мүхаммад (С.Ғ.У.)-ның пайғамбарлы-ғын, елші екенін және адамзат баласын жаратудағы Алланың мақсатын, өлімнен кейін мәңгі өмірдің келетінін, мән-мағынасын және Құран - Алла-ның сөзі, хақиқат-шындық кітабы екенін анық, кесімді түрде дәлелдеп берді және басқа да мыңдаған сауалдарға жауап таба білді.

Оның бүгінгі таңда «Сөздер», «Мектубат», «Лемалар», «Шүғалар», «Аса-и Мұса», «Месневи Нурия», «Ишаратул-Иғжаз» сияқты т.б. кітапта-рын қосқанда - барлығы алты мың парақты қамтитын шығармалары бар. Бұл еңбектерін жиырма сегіз жылдай уақыт ішінде Барла, Ыспарта, Ескиша-хир, Кастамону, Денизли, Афьён, Емир-дағ және де басқа елді мекендерде басының бостандығы болмаса да, ай-дауда және қамауда жүріп жазды.

Бәдиүззаман Саид Нүрси - Урфа қаласында, 1960-жылы наурыздың 23-күні, Рамазан айы кезінде - бүл пәни жалғаннан өтті.

Осыдан кейін де оның барлық шығар-маларының жинағы халықтар арасына кеңінен тарап, тамырлана түсті. Иманын сақтап қалу жолында - Түркияда және басқа да көптеген шет мемлекеттер ішінен Саид Нүрсидың миллиондаған ізбасарлары шығып, оның еңбектерін аса қүмарлықпен оқуда, шөлдеген рухын сусындатуда және жан-жаққа таратуда. Оның өзі былай деуші еді: «Рисале-и Нүр» шы-ғармаларының әр бір кітабы бір-бір Саид. Сіз қайсысын оқысаңыз да - менімен көріскеннен, тілдескеннен он есе артық пайда табасыз. Ал, мен - әр бір оқырманды өзімнің дүғаларыма қосып отырамын».

Аудармашылардан