Әйелдерге Ақ Жол

 

ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ

بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ

Иманды және ақыреттiк әпке-қарындастарым болатын әйел-қыздармен бiр сұхбат

Кейбiр облыстарда әйел-қыздардың шын көңiлден, ыстық сезiммен Нұрларға ауған ниеттерiн көрдiм, әрi олардың менi шамадан тыс әсiрелеп, Нұрларға тән дәрiстерiме бiлдiрген сенiмдерiн естiдiм. Сол шақтарда құтты Ыспарта қаласына және рухани Медресетүззеhраға1 үшiншi мәрте келген болатынмын. Сонда әлгi мүбәрак2 ақыреттiк әпке-қарындастарым болатын әйел-қыздар менiң дәрiс оқуымды күтiп жүргендерiн естiдiм. Бейне бiр уағыз түрiнде мешiттерде оларға дәрiс өтуiм керек екен. Алайда менiң төрт-бес сырқатым бар, науқаспын. Әрi жағдайым мүшкiл, тiптi сөйлеуге, ойлануға шамам келмейдi. Сонда да бүгiн түнде қатаң түрде ескерту берiлiп:

“Рас, он бес жыл бұрын жастардың сұрауы бойынша сен олар үшiн “Жастар шырағын” жаздың және көптен-көп пайдаға асты. Алайда әйел-қыздар жағы жастарға қарағанда мұндай шығармаға анағұрлым мұқтаж ” - деп жүрегiме келдi.

Мен де осы ескертпе үшiн өте мүшкiл халде, дәрменсiз және әлсiз күйiмде “үш нүктемен” бiрге кейбiр өзектi мәселе лердi өте қысқаша түрде мүбәрак әпке-қарындастарым мен жас қыздарыма баяндаймын.

 

Бiрiншi нүкте: Рисале-и Нұрдың ең маңызды тiрегi мейiрбандық болғандықтан, әйел-қыздар тобы мейiрбан-дық қаhармандары болып, басқаларға қарағанда олардың табиғаты анағұрлым Рисале-и Нұрмен қойындасып жатыр. Құдайға шүкiр, осы жаратылыстағы байланыстылық көп жерлерде төбе көрсетуде. сы мейiрбандылықтағы жан кештiлiкте шынайы ықылас және ақысыз жан қиярлық бар. Сондықтан бұл заманда өте зор маңызы бар.

Ия, бiр ана жан баласын қатерлi жағдайдан құтқару үшiн ешбiр пайда көздемей жанын құрбан етуi және табиғи мiндетiнiң талабы бойынша шын ықыласымен баласы үшiн қатерге бас тiгуi, әрине, әйелдерде тым ұлы қаhармандықтың барын көрсетедi. Осы қаhармандық артып, дамитын болса, олар дүние мен ақыреттегi өмiрлерiн құтқарып қала алады . Бiрақ кейбiр нәрселердiң терiс ықпалынан әлгi қуатты және қымбатты қасиет дами алмайды немесе жөн-жосықсыз қолданылады. Мұның жүздеген мысалдарының бiрi төмендегiдей:

Аса мейiрiмдi ана жан баласының дүниенiң қауiп-қатерлерiнен аман-сау қалып, табысты және пайдақор адам болуы үшiн жанын аямай бар ынтасымен тәрбиелеп өсiредi. “Ұлым бастық болсын” деп бар жиған-терген дүниесiн бередi. Оны Қарылар медресесiнен шығарып алып Еуропаға жiбередi. Бiрақ баласының ақыреттiк мәңгi өмiрiне төнген қауiптi ойламайды, сондай-ақ, дүниедегi түрмеден құтқаруға тырысады, жәhаннам түрмесiне түсетiнiне мән берiп жатпайды. Аналық мейiрбандығына қайшы әрекет етедi, яғни әлгi бейкүнә баласын ақыретте шапағат3 етiп көмектесетiн ұл емес, қайта өзiнiң үстiнен шағым айтқызады. Баласы ақыретте: “нелiктен менiң иманымды қуаттандырмадың? Осылай азғындап жардан құлауыма себепшi болдың?”-деп шағым айтады. Дүниеде де Ислами тәрбиенi толық көрмегендiктен анасының ғажап мейiрiмiне лайықты қарызын өтей алмайды. Қайта көп қателiктер жасайды.

Егерде бейшара баласын мәңгi қапас болатын жәhаннамнан және мәңгi өлiм болып табылатын адасушылықтың құрдымға апарар терiс ықпалынан құтқаруға шынайы мейiрiмiмен әрекет етсе, баласының өмiр бойы жасаған iзгi де сауапты iстерiнiң бiр бөлiгi анасының амал дәптерiне жазылады. Әрi анасы қайтыс болғаннан кейiн әрдайым сауапты амалдарымен рухына нұрлар жiберiп отырады. Сол сияқты ақыретте де шағымшыл емес, қайта бүкiл жан-тәнiн аямай шапағатшы болып көмектеседi, мәңгi өмiрде оған сүйiктi перзент болады.

Иә, адамның ең алғашқы ұстазы және тым әсерлi мұғалiмi - анасы. Осыған орай мен жеке өмiрiмде әрдайым, әрi ап-айқын сезген жағдайымды айтып берейiн.

Мен осы сексен жылдық өмiрiмде сексен мың адамнан үлгi көрiп, тәлiм алсам да ант етемiн: ең басты, қажымас берiк, әрi үнемi маған жаңадан үйреткендей өнегелi сөздердi, тәлiм-тәрбиенi марқұм шешемнен алдым. Жаратылысыма, бейне бiр тұла бойыма оның өнегелi сөздерi себiлген дән тәрiздi орын тепкен. Алған басқа тәлiм-тәрбиелерiм сол дәндердiң үстiне отырғызылғанын дәл көрiп тұрмын. Демек марқұм анамның бiр жасымда менiң болмысыма‚ рухыма берген тәлiм-тәрбиесi‚ өнегелi сөздерi қазiргi сексен жасымда көрген ұлы ақиқаттардың асыл дәнi екенiне көзiм жетiп отыр.

Мәселен‚ мамандығым мен тұтқан жолымның төрт негiзiнен ең маңыздысы “мейiрбандылық” және Рисале-и Нұрдың да ұлы ақиқаты “жан ашырлық”‚ “рақымдылық” жасауды анамның аса қамқорлығынан‚ мейiрiмдi iс-әрекетiнен, сондай-ақ‚ өте мағыналы тәлiм-тәрбиесiнен алғанымды шүбәсiз көрiп жүрмiн. Ия‚ осы шын ықылас пен шынайы жанқиярлық көрсететiн аналық мейiрiм орынсыз қолданылып‚ бейкүнә баласының алмастай қымбат ақыреттiк өмiрiн ойламай‚ оның орнына баласының сәбидей пәк жүзiн уақытша‚ әрi сынғыш шиша сияқты дүниеге қарату және осылайша оған мейiрiм-дiлiк көрсету - мейiрiмдiлiктi орынсыз қолдану демек.

Иә‚ әйел баласының ерекше мейiрiмдене көрсеткен осындай батырлықтарын ешбiр ақысыз‚ ешқандай пайда көздемей‚ әрi бас қамын ойламай‚ мiндетсiнбей жасап‚ жандарын құрбан еткендерiне, сондай-ақ ‚ көзге көрiнiп ұнау үшiн жасамайтындарына әлгi мейiрiмнiң кiшкентай де үлгiсiн иеленген тауық екеш тауық та өз балапанын құтқару үшiн арыстанға бас салып‚ жанын пида етуi дәлел.

Қазiргi таңда Ислам тәрбиесiнде және ақыреттiк амалдардың iшiнде ең қымбатты‚ ең қажеттi негiз - ықылас. Айтылып өткен мейiрбандықтағы қаhармандықта да осы шынайы ықылас бар.

Егер осы екi мәселе әйел-қыздар арасында жанданып‚ дамитын болса‚ Ислам4 дүниесiнде аса зор бақытқа жетуге себепшi болады. Алайда еркек кiндiктiлерде олай емес. Олардың қаhармандықтары ақысыз бола алмайды‚ қайткен күнде де есесiн қайтаруды талап етедi. Тым болмағанда мақтау‚ шен-шекпен алып атаққа бөленудi қалайды. Бiрақ өкiнiшке орай бейшара мүбәрак әйелдер шарасыз қалып‚ залым еркектерiнiң қыспағынан және үстемдiгiнен құтылу үшiн басқа амалдар iздестiрiп‚ нәзiктiгi мен әлсiздiгiнен екi жүздi болып‚ жағымпаздануға мәжбүр болуда.

 

Екiншi нүкте: Дүниеден‚ ел-жұрттан саяқ қалып, осы жылы қоғамдық өмiрден байланысымды үзсем де‚ кейбiр Нұршы бауырларым мен әпке-қарындастарымның көңiлi үшiн жалған дүниеге көңiл бөлдiм. Менiмен көрiскен көпшiлiк достарым өз отбасыларындағы жағдайларды айтып шағымданды. “Қап‚ әттеген-ай! Адамның‚ әсiресе мұсылманның басты панасы‚ өзiндiк ерекше жәннаты‚ кiшкентай дүниесi - жан ұядағы өмiрi. Бұл да бұзыла бастаған ба?”- деп себебiн iздестiрдiм. Сонда бiлгенiм: мәселен‚ Ислами қоғамдық өмiрге, түптеп келгенде Ислам дiнiне залал келтiру үшiн жастарды жолдан тайдырып, олардың жастық-мастығын пайдаланып‚ нәпсiқұмарлық пен азғындыққа түсiру үшiн бiр-екi ұйым жұмыс iстеуде екен. Сол сияқты бейшара әйел-қыздардың дiнге бейқам жүргендерiн жаман жолдарға түсiру үшiн бiр-екi ұйымның екпiндi түрде астыртын жұмыс iстеп жатқандарын сездiм. Содан қазiргi Ислам жұртына ауыр соққының сол жақтан келетiнiн бiлдiм. Мен де сiздей әпке-қарындастарыма‚ жас қыздарыма кесiп айтайын: Әйелдердiң ақыреттегi бақыты сияқты дүниедегi бақытын және жаратылыстарындағы ұлы мiнез-құлықтарын азғындықтан аман алып қалудың бiр-ақ жолы - Ислам ауқымындағы дiни тәрбие ғана. Одан басқа жол жоқ! Ресейдегi бейшара‚ сорлы әйелдердiң қандай халге душар болғандарын естiп отырсыздар.

Рисале-и Нұрдың бiр жерiнде былай делiнген болатын:

Ақыл-есi бар адам өмiрлiк жұбайына деген махаббатын‚ сүйiспеншiлiгiн оның бес-он жылдық уақытша және тән сұлулығына арнамайды. Қайта әйел баласының асқан сұлулығының ең әдемiсi және бақи қалатын жаз дидарлы мейiрiмiне‚ әйелге тән жан сұлулығына арнауы керек. Сонда ғана бейшара зайыбы қартайған сайын‚ күйеуiнiң оған деген махаббаты жалғаса бермек. Өйткенi оның зайыбы тек мына тiршiлiкте ғана уақытша көмектесетiн жолдас емес‚ қайта мәңгi өмiрiнде де өмiр бақи сүйiктi жұбайы болғандықтан, бұрынғыдан да артық қасиет тұтып, рақымдылық жасап‚ қартайған сайын бiр-бiрiн сүйiп өтулерi керек. Қазiргi таңда мәдени-ағарту тәрбиесi деп ат жамылған хайуандардағыдай уақытша жұптық тұрмыстан соң мәңгi айрылысуға душар болған семья өмiрi‚ әрине‚ мүлдем бұзылады.

Тағы да Рисале-и Нұрдың бiр бөлiмiнде былай делiнген болатын:

Бақытты адам - сол адам: мәңгi жұбайынан айрылып қалмас үшiн дiндар әйелiне елiктеп‚ дiндар болады. Сондай-ақ, бақытты әйел - сол әйел: күйеуiн дiндар деп бiлiп‚ мәңгi жан жары мен досынан айрылып қалмас үшiн нағыз дiндар болады‚ сөйтiп дүние бақытының iшiнде ақыреттiк бақытына қолы жетедi.

Бақытсыз адам - сол адам: жаман жолда жүрген әйелiн тәрбиеге шақырмайды‚ қайта оған елтiп‚ өзi де қосыла iстейдi. Бақытсыз әйел - сол әйел: адасқан күйеуiнiң күнәсiне қарайды‚ оған басқалай жолмен ерiп бұзылады. Қарғыс атсын сол күйеу мен әйелдi‚ олар - бiр-бiрiн отқа лақтырғанда жәрдем бередi‚ яғни мәдениеттiң көз бояушы жылтырақ сән-салтанатына бiр-бiрiн итермелейдi.

Мiне‚ Рисале-и Нұрдың осы мағыналас сөйлемдерiнiң түсiнiгiн айтар болсақ, бұл заманда жан ұя өмiрiнiң жандануы үшiн‚ дүние мен ақырет бақытына жету үшiн‚ әйел баласындағы ұлы мiнез-құлықтардың дамуы үшiн бiрден-бiр себеп - шариғат аясындағы Ислами әдептiлiк қана.

Қазiргi кезде жан ұя өмiрiнде аса маңызды мәселе:

Әйелi күйеуiнiң жаман қылықтарын‚ өзiне деген ықылассыздығын‚ салқын қабағын көредi де ерегiсiп‚ ол да әйелге тән жан ұялық мiндетi болып табылатын шын берiлгендiгi мен сенiмдiлiгiн жойса‚ нақ әскери бөлiмде тәртiп бұзылғандай‚ ол жан ұядағы тiршiлiктiң астан- кестеңi шығады. Қайта әйелi мәңгi жан досын құтқару үшiн қолынан келгенше оның қате-кемiстiгiн түзеуге әрекет жасауы керек. Әйтпесе‚ ол да жартылай жалаңаш киiнiп‚ өзiн басқаларға көрсетуге тырысып, ұнағысы келсе‚ есепсiз залалын тартады. Өйткенi шын берiлгендiгiн жойып‚ дүниеде жазасын тартады. Себебi жаратылысы бөгде еркектердiң назарынан қорқады‚ қысылады және ұялады. Бейтаныс жиырма еркек болса, олардың он сегiзiнiң көзiне көрiнуден жеркенедi. Ал ер адам болса‚ ондай емес. Ол бөгде жүз әйелдiң небәрi бiреуiнен-ақ жиренедi‚ қарағанынан қысылады. Әйел осы жағынан азап тартады‚ әрi ықылассыз‚ сенiмсiз деп айыпталады. Сондай-ақ‚ нәзiк әрi осалдығымен бiрге өз құқығын қорғай алмайды.

Қорытынды: Әйел заты мейiрбандылық тұрғыдан қаhармандық көрсетуде‚ ықылас жолында еркектерге ұқсамайтыны сияқты еркектер де қаhармандық жағынан оларға жете алмауда. Сол сияқты бейкүнә әйелдер де азғындық жолда қай жақтан болса да еркектерге жете алмайды. Сондықтан жаратылысы және нәзiк болмысы бөгде адамдардан қатты қорқады‚ әрi ұзын жамылғы iшiнде сақтанып‚ өздерiн қорғауға мәжбүр деп бiледi. Себебi еркек адам сегiз минуттық рақат пен ләззат үшiн нәпсiқұмар ұстамсыздыққа салынса‚ небәрi сегiз теңгедей шығынға ұшырайды. Бiрақ әйел баласы нәпсiқұмарлық-тағы сегiз минуттық ләззаттың жазасы ретiнде дүниеде аяғы ауырлап‚ сегiз ай бойы бала көтередi‚ әрi мұның үстiне сегiз жыл тағы да әлгi қорғаусыз баласының тәрбиесiмен әлекке түсiп‚ арып-тозады. Сондықтан олар ұстамсыз нәпсiқұмарлықта еркектерге жете алмайды‚ қайта жүз есе артық азабын тартады. Осындай оқиғалар аз емес‚ әрi мүбәрак әйел атаулы жаратылыстарынан қасиеттi мiнез-құлықтың қайнар көзi болғаны iспеттi, күнә жасап азғындауда және нәпсiқұмарлықта дүние рақаты үшiн олар қабiлетсiз екенiн көрсетуде. Демек олар Ислами тәрбие ауқымында жан ұяның жанданып‚ бақытты өмiр сүруi үшiн арналған абзал жандар боп табылады. Осы абзал жандарды жаман жолға түсiрушi ұйымдар жер жастансын!.. Аллаh бұл әпке-қарымдастарымды осы сойқаншылдардың кесiрiнен сақтасын‚ әмин...

Әпке-қарындастарым‚ сiздерге құпия түрде мына сөзiмдi айтамын:

Күн көрiс үшiн лаңшыл‚ бұзақы мiнездi және батысқа елiккiш бiр күйеудiң жасаған өктемдiгiне көнгенше жаратылысыңыздағы үнемшiлдiк пен қанағатшылдықты тауып‚ тура ауылдағы бейкүнә әйелдердiң күнделiктi табыстары үшiн еңбек етiп күнелткенi сияқты өздерiңiздi ұқыптылыққа‚ есепдандыққа үйретiңiздер. Өздерiңiздi сатпаңыздар. Егерде жазмыштың бұйрығы болып‚ сiзге лайық емес бiр еркек кездессе‚ сiз жазмышыңызға разы болып‚ қанағат қылыңыз. Иншаллаh‚ разылық пен қанағат қылуыңыз арқылы ол да тура жолға келедi. Әйтпесе‚ қазiр естiп отырғанымдай ажырасу үшiн сотқа арыз беруге дейiн барасыздар. Ал‚ бұл болса Ислами намысымыз бен ұлттық абыройымызға жараспайды.

Үшiншi нүкте: Қадiрлi әпке-қарындастарым‚ адал жолдан тысқары заңсыз ләззаттарда‚ рақаттарда он есе олардан да артық қайғы-қасiреттер‚ қиыншылықтар барын Рисале-и Нұр жүздеген анық дәлелдермен, оқиғалармен дәлелдеп бергенiн жақсылап бiлiп алыңыздар. Кең көлемдi түсiнiктемесiн Рисале-и Нұрдан таба аласыздар.

Мәселен, “Кiшi сөздерден” алтыншы‚ жетiншi‚ сегiзiншi сөздер және “Жастар шырағы” менiң орныма сiздерге бұл ақиқатты анық көрсетедi. Сондықтан шариғат аясындағы адал ләззаттарды мiсе тұтыңыз және қанағат етiңiз. Үйдегi бейкүнә сәбилермен бiрге отырып‚ сiздiң балдай тәттi олармен сөйлескендерiңiздiң өзi-ақ‚ жүздеген кинодан әлдеқайда ләззатты.

Әрi бұ дүниедегi өмiрдiң шынайы ләззаты тек иман аясында және иманда екенiн анық бiлiп алыңыздар. Сондай-ақ, құлшылықтың iзгi амалдарының әрқайсында рухани ләззат бар. Ал дiнсiздiк пен азғын жолда бұл дүниенiң өзiнде-ақ тым ащы және ауыр қайғы-қасiреттер бар екенiн Рисале-и Нұр жүздеген анық айғақтар келтiрiп‚ дәлелдеген. Бейне бiр иманда жәннаттың бiр дәнi сақталатынын және дiнсiздiк пен азғын жолда жәhаннамның бiр ұрығы болатынын мен көптеген тәжiрибелердiң‚ әрi қыруар оқиғалардың куәсi болып, өз көзiммен көргенмiн. Әрi Рисәле-и Нұрда бұл ақиқат бiрнеше рет қайталанған. Қасарысқан үлкен дұшпандар мен жауыз дiнсiздердiң қолына түскен‚ әрi ресми арнаулы сарапшы мамандар мен тергеушi соттар да осы ақиқатты терiске шығара алмаған. Қазiр сiздер сияқты мүбәрак және бейкүнә әпке-қарындастарыма‚ балаларым сияқты үйлерiңiздегi кiшкентайларыңызға менiң орныма ең әуелi “Тәсәттүр туралы”‚ “Жастар шырағы”‚ “Кiшi сөздер” сiздерге дәрiс берсiн.

Естуiм бойынша сiздер менiң мешiтте дәрiс оқуымды күтiп жүрген екенсiздер. Алайда менiң жағдайым ауыр‚ бiр жағынан науқаспын, әрi қыруар себептер бұған кедергi болуда.

Мен де сiздер үшiн жазған осы дәрiсiмдi оқып‚ қабыл алған барша әпке-қарындастарымды Нұр шәкiрттерi сияқты барлық рухани табыстарыма‚ дұғаларыма қосып отыруға байлам жасадым. Егерде сiздер менiң орныма Рисале-и Нұр кiтаптарын толық қолға түсiрiп‚ оқысаңыздар немесе тыңдасаңыздар‚ ортақ қағиданың шарты бойынша‚ барша бауырларыңыз болып табылатын Нұр шәкiрттерiнiң рухани табыстарына‚ дұғаларына ортақ бола аласыздар.

Мен қазiр тағы да жазатын едiм‚ бiрақ қатты науқаспын‚ өте әлсiзбiн‚ тым қариямын және кiтап тексеру сияқты көптеген мiндеттерiм бар. Сондықтан қазiрше осы жазғаным жетер деп қанағат еттiм.

اَلْبَاقِى هُوَ الْبَاقِى

 

Дұғаңызға мұқтаж бауырыңыз

Саид Нұрси.

Құпия хат

 

(Қазiрше Медресетуззеhраның1 қайраткерлерiне ғана арналған.)

[Жасы келген әйелдерге маңызды да сүйiнiштi хабар және күйеуге тимей жалғыз қалғысы келген жас бойжеткендерге ескерту.]

Хадис шәрифте   деп баян-далуы бiзге ақырзаманда қуатты иман қартайған әйелдерде болатынын көрсетуде‚ яғни “дiндар кемпiрлердiң дiнiне бас иiңдер” деп осы хадис әмiр етуде. Әрi Рисале-и Нұрдың басты төрт тiрегiнiң бiрi -“мейiрбандық” және әйелдер де мейiрбандық қаhармандары‚ тiптi олардың ең қорқағы батырша тайсалмай жанын баласы үшiн пида етедi.

Қазiргi таңда осы қымбатты аналар мен әпке-қарындастарымыз аса маңызды құбылысқа тап болуда. Құпиялы және жария етуге болмайтын өмiрдiң бiр ақиқатын Нұр шәкiрттерiнiң iшiнде жалғыз қалғысы келетiн немесе мәжбүр болған бойжеткендерге баяндау керек деп көңiлiме келдi. Мен де бастаймын:

Уа‚ қыздарым, әпке-қарындастарым! Қазiргi заман бұрынғы заманға ұқсамайды. Ислами тәрбиенiң орнына қоғамдық мәдени тәрбие қазiр жарты ғасырға жуық уақыт бiздiң қоғамдық өмiрiмiзге келiп орнаған. Сондықтан бiр еркек бiр әйел алып өзiне мәңгi өмiрлiк серiк‚ дүниеде бақытты өмiрге ұйытқы және басқа күнәлардан өзiн сақтап қалу үшiн үйленуi қажет. Алайда ол нәзiк жанды бейшараны үнемi қол астында ұстап‚ дүниеде уылжыған жас шағында ғана сүйедi. Кейде оған берген ләззатынан он есе артық қайғы-қасiреттерге оны душар етедi. Егерде шариғат бойынша аталатын “куфув” жоқ болса‚ яғни олар бiр-бiрiне тең болмаса шариғат хұқық заңдарына мән берiлмейдi‚ сөйтiп сор маңдай әйел өмiрiнде әрдайым азап тартады. Мұның үстiне қызғаныш та қосылса жағдайы одан да әрмен нашарлай түседi. Мiне‚ осындай жұптық өмiрге алып келетiн үш себеп бар.

Бiрiншiден: Иләhи хикмет үрiм-бұтақ көбейiп‚ жалғасу үшiн осы табиғи қызметке ақы ретiнде табиғи қажеттiлiк және ынта-ықылас сыйлаған. Алайда осы ләззаттан ер адам он минуттық рақат тапса да‚ егер заңды адал болса‚ бiр-ақ сағат қиналуы мүмкiн. Бiрақ әйел он минуттық сол рақат үшiн он ай бала көтерiп‚ машақатын тартумен бiрге тағы да он жыл баланы бағып-қағумен бейнеттi ауыртпалығын көтередi. Демек он минуттық табиғи құштарлық осындай орасан қиыншылықтарға соқтыратындықтан маңызы қалмайды. Сезiм мен нәпсiқұмарлық онымен әйел баласын жұптылыққа мәжбүр етпеуi керек.

Екiншiден: Әйел бiткен табиғатынан әлсiз болғандықтан‚ күн көрiсiне бiр жәрдемшiге мұқтаж. Осы мұқтаждық үшiн қазiргi Ислами тәлiм-тәрбие көрмеген‚ сандалбай жүрiс пен өктемшiлдiкке дағдыланған еркектерге тиiп‚ сол азғантай күн көрiс нәрсе-қарасына бола қол астына кiрiп‚ монтансып күйеуiнiң ырзалығы үшiн дүние мен ақыреттiк өмiрiне ұйытқы болған құлшылығын‚ мiнез-құлқын аздырып‚ бұзғанша ауылдағы қатын-қалаш сияқты оны-пұны нәпақасын өзi жұмыс iстеп табу‚ он есе анағұрлым оңай. Рәззақы Хақиқи5 кiшкентай сәбилердiң рызығын сүтпен бергенi сияқты олардың да рызығын сол Халиқы Кәрим6 беруде. Күн көргiштiгi үшiн намазсыз‚ бұзық мiнездi күйеу iздеп‚ екi жүздiлiк танытып‚ қол астында жұмыс iстеу‚ әлбетте‚ Нұр шәкiртiне одан пайда жоқ.

 Үшiншiден: Әйел атаулының жаратылысында бала сүйiп‚ маңдайын сипап‚ әлпештеуге құмар сезiмi бар. Әрi перзентiнiң өмiрде өзiне қызмет етуi және ақыретте де шапағатшы болуы және қайтыс болғаннан кейiн игiлiк етiп жәрдем беруi сол табиғи ықыласын арттырып‚ күйеуге шығуға алып барған. Алайда осы күнде Ислами тәрбиенiң орнын басқан мәдени тәрбие арқылы он баланың бiр-екеуi шын мәнiнде перзент болып‚ өз анасының мейiрiмiне борышын адал өтеп‚ жанын аямай қызмет етiп‚ дiндарлық қасиетiмен дұғалар арнап‚ игi iстерiмен анасының амал дәптерiне сауаптар жаздырып‚ тақуалы дiндар болса ақыретте де анасына шапағат етуi ықтимал. Қалай дегенмен онның сегiзi мұны көрсете алмайды. Сол үшiн бұл табиғи ықылас пен нәпсiге қызығып талпынумен бейшара‚ нәзiк жандар үзiлдi-кесiлдi мәжбүр болмай тұрып‚ мұндай өксiгi көп өмiрге қадам баспаулары керек.

Сонымен осы ишараттап айтқан ақиқатқа сүйенiп‚ Нұр шәкiрттерi iшiндегi ерге шықпай жалғыз қалғысы келген қыздарға айтамын:

Өте лайықты‚ дiндар‚ әрi мiнезге бай бiр күйеу таппай тұрып‚ ашылып-шашылып жүрiп өздерiн сатпасын. Егер табылмаса‚ Нұрдың бiрсыпыра жан қияр шәкiрттерi сияқты үйленбесiн. Қашан оған лайықты‚ өмiр бақи жолдас бола алатын және Ислами тәрбие көрген ар-ұжданды бiр алушы талапкер шыққанға дейiн жалғыз қалсын. Әрi дүниенiң өттi-кеттi бiр рақатына бола мәңгi бақыты күймесiн. Сондай-ақ‚ мәдениеттiң пәлекетiне басын батырмасын.(*)

Саид Нұрси

(*) Әпке-қарындастарымыз бен жас бойжеткендер “Тәсәттүр туралы” бөлiмiн оқуы керек .

 

 

Жас нұршы қыздарға арналған хатқа қосымша

[Бiр кездерде сiздерге жолданған хаттан үзiндi]

 Осы қалада Рисале-и Нұрға шәкiрт болған қартайған әйелдердiң табандылық көрсеткендерiн және басқалар сияқты солқылдақ еместiгiн ойладым. Бiрден мына    хадис шәриф7 ескертiлдi‚ яғни ақырзаманда қартаң әйелдер табиғатынан әлсiз‚ сезiмпаз және мейiрiмдi болғандықтан, басқаларға қарағанда дiндегi медет пен нұрға әлдеқайда көп мұқтаж.

Сол сияқты жаратылыстарынан өзгеге қарағанда анағұрлым мейiрiмдi болғандықтан‚ дiннен тапқан шексiз мейiрбандылық ұясы - таяныш тұтарлық нұрға‚ сый-құрмет пен жанашырлыққа‚ мейiрiмдiлiк пен арқа сүйерге‚ медет боларлық күшке мұқтаж. Сондай-ақ, табандылық көрсетудi өздерi iштей талап етедi. Сондықтан осы күнде бұл мұқтаждықтарды дәл тауып берген Рисале-и Нұр бәрiнен бұрын олардың жандарына жылы тиiп‚ жүректерiнiң төрiнен орын алуда.

Саид Нұрси.

 

Аса маңызды бiр ақиқатқа қысқаша түсiнiктеме

Кейбiр хадис шәрифтерде ишараттап‚ “ақырзаманда келетiн әйел атаулыда иман ақиқаттары тез дамып өркен жаяды. Олар сол кездегi адасушылықтың қатерлерiнен бiршама аман қалады‚”-деп баяндалған. Тағы да бiр хадис шәрифте  деген әмiр бар‚ яғни “ақырзаманда қартаң әйелдердiң дiнiне ұйып‚ оларға ерiңдер” демекшi‚ мейiрбандық қаhармандары аталған әйелдер мейiрiмдiлiктен бастау алған шын жүрегiмен және ықыласты болып‚ сол уақыттағы дiнсiздiктiң екi жүздiлiгiнен, қатерлерiнен құтылуға себепшi болады. Олар мұсылманшылықтарын аман алып қалады.

 Соған қоса тағы бiр хадис шәрифте  деп бұйырады‚ яғни “қыздардың әкесiнiң рызығына береке қонады.”

Демек ақырзаманда қыз балалары көбейедi. Өздерi мүбәрак және несiбелерi берекелi болады. Мен көптен берi осыған ұқсас хадистердiң сырын түсiнбеушi едiм. Жәнабы Хақ тағалаға8 шүкiр‚ бұ заманда бiр табан сырын түсiндiм. Өте қысқа түрде баяндаймыз:

Адамзат ұрпағы - сәбилер‚ басқа жан-жануарлар сияқты шапшаң өз аяғына мiнiп кете алмағандықтан және күн көрiсте жан-жануардай екi-үш ай емес‚ он жыл‚ тiптi бұдан да көп мейiрiмдi қамқоршыға мұқтаж болғандықтан төрт аяқты жануарларға мүлдем ұқсамайды. Осы сыр үшiн адам бойында ұрпағына деген мейiрiмдiлiгi табиғи қасиет болып‚ жалғаса беруi керек болған. Әрi күш-қуатсыз сәбилерге, нәзiк жанды аналарына нағыз қамқоршы‚ көмекшi және қорғаншы болу үшiн еркек кiндiктiлердiң де жаратылысында атақ-абырой‚ ар-намыс орнатылған. Осы ар-намыста боямасыз‚ ақысыз‚ өтеусiз және адал батырлық бар. Бiрақ осы қасиеттер кейбiр себептерден бiршама бұзылғандықтан ерлердiң көпшiлiгiнде шын көңiлден‚ әрi нағыз батырлық әлсiреп қалған. Алайда әйел баласында сол табиғи қасиет - мейiрбандық батырлығы сақталып қалған. Ақырзаманда осы табиғи қасиет мұсылман қауымында орасан қызмет атқаратынын және әлеуметтiк өмiрде, Ислами қоғамда негiз болып қаланатынын сол сияқты хадис шәрифтер шет жағасын ишараттап хабар беруде.

Саид Нұрси.

 

 

Өзге елдiң маңызды жерлерiнде шығатын газеталарда сұралған “нелiктен қасиеттi сүннетке9 қарсы келiп‚ үйленбей жалғыз қалдың?”-сұрағына жауап]

Бiрiншiден‚ хатыңызды қатты науқастанып жатқан ұстазымызға оқып бердiк. Ұстазымыз бұған “мен қатты науқастанбағанымда бұл өте қымбатты‚ мұқиятты және құтты бауырларыма ұзақ жауабын жазар едiм. Бiрақ амал нешiк, ауыр халiм бой берер емес. Сондықтан өте қысқа бiрнеше мәселенi сол құтты, адал көңiлдi бауырларыма және Құран қызметiндегi достарыма жазарсыңдар‚”-дедi.

Бiрiншiсi: Қырық жылдан берi тым сойқаншыл дiнсiздiктiң тынбастан шабуылдауының қарсысында‚ ешнәрсесiн аянбай пида ететiн қас жан қиярлар қажет болған заманда Құраны Хакимның ақиқаты үшiн бұл жалғандағы бақытымды емес‚ тiптi керек болса ақыреттегi бақытымды да пида етемiн деп байлам жасадым. Өтпелi дүние әйелдерiн алу бiр сүннет қана. Бұл бұл ма‚ егер дүниеде маған жәннаттың он хор қызы берiлсе дағы тастауға мәжбүр едiм‚ шын ықыласпен Құран ақиқаттарына қызмет ету үшiн. Өйткенi бұл қаны бұзық дiнсiздiк ұйым-дарының сұмдық әрекеттерi мен сақтаған қулықтары сондай‚ оларға төтеп беру үшiн аянбай жанын құрбан етiп, дiни iс-қимылдарын Аллаhтың ырзалығынан басқа ешбiр нәрсеге қолданбау керек болатын.

Шарасыз қалған бiр қатар ғұламалар мен тақуа адамдар бала-шағасының қамы үшiн бидаларды10 жария еттi немесе жақ боп шықты. Әсiресе дiни сабақтарды алып тастау‚ Мұхаммед (с.ғ.у.)-ның азанын шақыртпау сияқты сұмдық қастандықтарға қарсы асқан жан қиярлық пен орасан табандылық‚ төзiмдiлiк пен қанағат қылып‚ ешнәрсеге қызықпау керек. Мұның алдында мен қасиеттi бiр сүннет боп табылатын үйлену әдетiн тастадым‚ сол көптеген харамды жасамайын деп. Әрi көптеген уәжiптер11 мен парыздарды орындайын деп. Бiр сүннетке бола жүз күнә iстеуге болмайды. Себебi сол қырық жыл iшiнде бiр ғана сүннеттi орындаған кейбiр ғалым молдалар ондаған үлкен күнәлар мен харамдарды12 жасауға‚ бiрқатар сүннеттер мен парыздарды тастауға өздерiн мәжбүр деп бiлдi.

Екiншiсi: Қасиеттi аятта

делiнген‚ әрi хадис шәрифтегi

сияқты әмiрлер уәжiп және үнемi қалатын әмiрлер емес. Қайта мүстахап13 және сүннет әмiрлерi болып табылады. Сондай-ақ ‚ шарттары бар және әрдайым барлық адамдар үшiн емес.

Соған қоса

“монахтық өмiр Исламда жоқ” сөзiнiң мағынасы: монахтар сияқты жалғыз өтуге рұқсат жоқ‚ олай дұрыс емес‚ харам деген мағынада емес. Қайта

хадисiнiң сыры бойынша қоғамға қызмет үшiн Ислами қоғамдық бiр әдептi маңыздандыру болып табылады. Әйтпесе Пайғамбарымыздан кейiнгi iзбасарлар iшiнде мыңдаған ақиқатшыл жандар саяқ қалып‚ тәрбие үшiн үңгiрлерге уақытша кiрген. Дүниенiң жалған әсемдiктерiне тоқ көзбен қараған және бойын аулақ ұстаған. Мақсат - мәңгi өмiрлерiне толық қызмет ету. Ия‚ жеке басы мен өзiндiк мәңгiлiк мерейi өсуi үшiн дүниенi тәрк14 еткен iзбасарлар өте көп. Әлбетте‚ жеке басым үшiн емес, күллi және жалпыға ортақ түрде шарасыз қалған көптеген адамдардың мәңгi бақыты үшiн, адаспай дiнсiздiктен құтылуы мен имандарын күшейтiп‚ құтқарулары үшiн‚ иман мен Құран ақиқаттарына нағыз қызмет үшiн, сырттан келген, әрi iштен шыққан дiнсiздерге қарсы төтеп беру үшiн - өткiншi және жалған дүниесiн тәрк ету, әлбетте‚ ұлық сүннетке қарсылық емес‚ қайта сүннет ақиқатына жарасулы. Сонымен бiрге Сыддық Әкбардың15: “жәhаннамда имандыларға орын қалмайтындай менiң денем үлкейсiн‚” деген сөзiндегi жан қиярлықта ұлы мәртебенiң бiр түйiрiне жетемiн деген оймен шарасыз Саид бүкiл өмiрiнде үйленбеудi және қанағатшылықты қалады.

 

Үшiншiсi: Рисале-и Нұр шәкiрттерiне “басқа адамдар үйленiп жатыр‚ сендер үйленуден бас тартыңдар” деп айтылмаған және айтылмайды да. Алайда шәкiрттер бiрнеше топқа бөлiнедi. Бiр тобы шын ықыластан айырылмас үшiн‚ нағыз жан қиярлық пен шын берiлгендiгiн сақтау үшiн бар қадарынша өмiрiнiң өтпелi кезеңiнде дүниедегi қажетiне бұ заманда басы байланып қалмау керек.

Егер иман мен Құран қызметiнде көмекшi болатын бiр әйел табылса алады. Қызметiне зиян келмейдi. Құдайға шүкiр‚ осылай iстеген көптеген Нұр шәкiрттерi бар. Әйелдерi олардан қалып кетпейдi. Қайта әйел баласын-дағы мейiрiмнен бастау алатын ақысыз табиғи батырлық пен шынайы ықылас жағынан күйеуiнен де озып кетуi әбден мүмкiн. Нұр шәкiрттерiнiң оқып жетiлген топтарының көбiсi үйленген‚ олар бұл сүннеттi орындады. Рисале-и Нұр оларға:

Үйiңiз бiр шағын Нұр медресесiне, оқу-ағарту мектебiне айналсын. Сонда бұл сүннет толық орындалған болады. Әрi қасиеттi сүннеттiң жемiстерi болған балалар ақыретте16 сiзге шапағатшы болады. Және дүниеде де иман дәрiстерiн алып сiзге шын мәнiнде перзент болады. Өйтпейiнше мына отыз жыл iшiнде болғандай‚ балаларға тек қана мәдени тәрбие берiлсе‚ бiр жағынан олар дүниеде пайдасыз және ақыретте шағымшы болып: “нелiктен иманымды құтқармадыңдар?” деп ата-аналарын ренжiтсе, әрине‚ ұлық сүннеттiң хикметiне терiс болар.

 

[“Әйелдерге ақ жол” кiтабында екi-үш рет баяндалған

хадис шәрифiнiң сырына байла-нысты “Қарттарға арнау” кiтабынан “жетi үмiт” қосылды.]

Бiрiншi үмiт: Уа‚ жасы келген қадiрлi қария бауырларым және қартаң әпке-қарындастарым! Мен де сiздер сияқты қартайдым. Қартайған шағымда анда-санда тапқан үмiттердi және ондағы дәтке қуат боларлық нұрға сiздердi де ортақтастыру ниетiмен басымнан өткен кейбiр оқиғаларды жазамын. Әрине‚ маған көрiнген нұр мен кездескен үмiт есiктерi менiң кемiс және шатыс қабiлетiме қарай көрiнген‚ ашылған. Иншаллаh‚ сiздердiң мөлдiр таза қалтықсыз пәк қабiлеттерiңiз, мен көрген нұрды жарқырата түседi және тапқан үмiт отын лаулата бередi.

Сонымен алдымызда келетiн сол үмiттердiң‚ нұрлардың қайнар көзi‚ бастауы‚ бұлағы - иман.

Екiншi үмiт: Қартаң тартқан шағымда‚ күздiң бiр күнiнде‚ намаздыгер уақытында‚ асқаралы бiр таудың басында дүниеге көз тастадым. Кенеттен өте мұңды және қайғылы‚ бiр жағынан қараңғы тартқан бiр халге тап болдым. Қарасам мен қартайғанмын‚ күндiз де қартайған‚ жыл да қартайған және дүние де қартайып барады. Осы қарттықтар төнiп‚ дүниеден айырылатын‚ сүйiктiлермен қоштасатын уақыт таяп қалғандықтан өз қарттығым менi едәуiр солқылдатты. Бiрден Аллаhтың мейiрiмi жетiп‚ өркен жайғаны соншалық‚ әлгi қайғылы жағдай мен мұңды күйдi қуатты үмiт пен көңiлге демеу жарқыраған нұрға айналдырды.

Ендеше әй‚ мен сияқты қариялар! Құран Хакимнiң жүздеген жерiнде Әр-рахманиррахим17 деген сипаттарымен өзiн бiздерге таныттарған‚ әрi жер бетiнде әрдайым рақымдылыққа мұқтаж тiршiлiк иелерiне көмек ретiнде өз мейiрiмдiлiгiн төгiп тұрған‚ әрi ғайыптан жыл сайын көктемдi сансыз ырыс-берекемен және сыйлықтармен толтырып‚ рызыққа мұқтаж болған бiздерге жеткiзген‚ әрi бейшаралық пен әлсiздiкке қарай мейiрiмiнiң көрiнiсiн анағұрлым көп көрсеткен бiр Халиқы Рахимымыздың18 мейiрiмi‚ қартайған кезiмiзде - ең үлкен үмiт және аса шұғылалы нұр. Демек осы мейiрiмге бөлену - иманымен сол Рахманға19 сиыну және парыздарды орындаумен қатар оған бой ұсыну.

Үшiншi үмiт: Бiрде жастық шақтағы түн ұйқысынан қарттық таңында ояндым. Сол сәтте өзiме қарасам‚ денем қабiрге қарай биiктен домалағандай кетiп барады. Ниязи Мысридың20мына :

 

Құлайды күнде бiр кiрпiшi өмiр сарайымның‚

Қирап болды ғой сарайы‚ қапыда қалар бейхабар

жаным.

дегенiндей рухымның ұясы - денемнiң күн сайын бiр кiрпiшi құлап қирап жатыр және менi дүниемен байлаған күштi үмiттерiм‚ тiлектерiм үзiле бастаған. Сансыз достарым мен сүйiктiлерiмнен айырылудың уақытысы жақын қалғанын сездiм. Сол рухани‚ әрi өте ауыр және шарасыз көрiнген жараның емiн iздедiм‚ таба алмадым. Тағы да Ниязи Мысри сияқты былай дедiм:

 

Мәңгiлiктi дiлiм‚ өлуiмдi Хақ қалады‚

Дертке тап болдым дауасыз‚ әттең‚

Лұқман да бұдан бейхабар (сiлтеме).

(сiлтеме) - Яғни менiң жүрегiм қатты алқынып мәңгiлiктi аңсайды. Бiрақ Аллаhтың хикметi денемнiң шөгiп‚ бұзылуын талап етуде. Тiптi Лұқман Әкiм21 емiн таба алмаған дауасыз бiр дертке ұшырадым

Сол заматта бiрден Аллаhтың рақымдылығының тiлi‚

ұқсасы‚ үлгiсi‚ жаршысы‚ өкiлi - ардақты Пайғамбарымыз Ғалейhиссалату уәссәламның22 нұры мен шапағаты‚ адамзатқа сыйға алып келген мұсылманшылығы әлгi дауасыз‚ шегi жоқ деп ойлаған жарама нағыз дәру және ем болды. Қараңғылыққа шомған үмiтсiздiктiң орнына нұрлы үмiт отын жақты.

Сонымен әй‚ мен сияқты қартайғанын сезген қадiрлi қариялар мен кемпiрлер! Бiз кетiп барамыз. Алдануда пайда жоқ. Көз байлағанмен бiздi бұл жерде тоқтата алмайды‚ аттаныс бар. Қапы қалғаннан және түгелдей дiнсiздiктен келетiн зұлмат ойлар тұмшалап, бiзге аянышты, әрi қараңғы көрiнетiн барзах23 мемлекетi - сүйiктi достармен көрiсетiн жер. Бiрiншiден шапағатшымыз болған Хабибуллаh Ғалейhиссалату уәссәламмен бiрге барша достарымызбен қауышатын әлем болып табылады. Иә‚ бiр мың үш жүз елу жыл бойы және әр жылында келетiн үш жүз елу миллион адамдардың сұлтаны, сондай-ақ‚ олардың рухтарының тәрбиешiсi, ақылдарының мұғалiмi‚ жүректерiнiң сүйiктiсi‚ әрi

бойынша күнделiктi барлық үмметiнiң iстеген iзгiлiк пен жақсылықтарының бiр бөлiгi игiлiк дәптерiне тiркелiп отыратын және мына әлемдегi Аллаhтың ұлы мақсаттарына себепшi‚ әрi жаратылыс атаулының маңызы артып өрлеуiне себепкер болған - қадiрлi Ахмет Ғалейhиссалату уәссәлам дүниеге келген сәтте “үмметiм‚үмметiм...” дегенi дәйектi хадистер мен шындыққа негiзделген фактiлерден белгiлi болғанындай‚ махшарда24 барлығы “әнә,әнә” “өзiм‚өзiм...” деген кезде және де “үмметiм‚үмметiм...” деп өте қасиеттi және асқан жан қиярлық танытып‚ тағы да шапағатымен үмметтерiне жәрдемге асығатын бiр Кiсiнiң жүрiп кеткен әлемiне кетiп барамыз. Әрi сол күннiң айналасында сансыз асфия25 және әулие жұлдыздарымен жарқыраған сондай бiр әлемге сапар шегудемiз...

Ендеше ол Кiсiнiң шапағатына бөленiп‚ нұрынан пайдаланып нұрланудың және барзах23 қараңғылығынан құтылудың шарасы - қасиеттi сүннетке бойұсыну.

Төртiншi үмiт: Бiр заманда қарттыққа қадам басқан-дықтан ғафлеттi26 жалғастыратын есен-саулығым да ауырлап қалды. Қарттық пен ауру қосылып‚ менi бiр қолдан қыспаққа алды. Басымды тауға да‚ тасқа да соғып ұйқымды қашырды. Бала-шаға‚ мал-мүлiк сияқты дүниемен басымды байлайтындай қол байлаулар да жоқ едi. Жастықтың сандалма жүрiсiмен зая кеткен өмiр байлығымның жемiстерi түгелдей күнәларға‚ қателiктерге айналғанын көрдiм. Ниязи Мысри сияқты қамыға жылап былай дедiм:

Кеттi босқа өмiрiмнiң байлығы‚ жасамадым бiр сауда,

Жолға келсем‚ барша керуен көшiп кеткен бейхабар.

Еңiреп жылап құладым жолға‚ жалғызсырап қу басым‚

Бұлаған көзiм‚ қарс айрылып көкiрегiм‚ ақылым да аң-таң‚ бейхабар.

Ол кезде жат жұртта болатынмын. Күдер үзе көңiлiм қарайды‚ өкiне отырып аh ұрдым және сағыныш бойымды билеп‚ медет күттiм. Бiрден Құраны Мүғжизул Баян27 көмекке келдi. Мен үшiн қуатты үмiт отын лаулатқаны және көңiлiме нағыз медет нұрын құйғаны сондай‚ сол ахуалымнан жүз есе артық үмiтсiздiкке салынсам да‚ арылта алатын және қараңғылықтарды сейiлте алатын едi.

Сонымен әй‚ мен сияқты бiр аяғын жерде‚ бiр аяғын көрде сезiнген және дүниемен байланысы үзiлуге жақын қалған құрметтi қариялар мен кемпiрлер! Бұл дүниенi өте тамаша‚ аса тәртiптi бiр қаладай‚ бiр сарайдай жаратқан бiр Саниы Зүлжәлал28 сол қала мен сарайдағы ең қалаулы қонақтарымен‚ достарымен сөйлеспеуi және көрiспеуi әсте мүмкiн бе? Рас‚ бiлiп тұрып мына сарайды салған‚ өз еркiмен және қалауымен тәртiпке келтiрiп әшекейлеген‚ әлбетте‚ “жасаған бiледi” дегендей “бiлетiн сөйлеседi”. Иә‚ осы сарай мен қаланы бiзге тамаша бiр мейманхана мен сауда үйi етiп салған‚ әлбетте, бiзге деген қатынасын және бiзден қалаған нәрселерiн баяндайтын бiр дәптерi‚ кiтабы болу керек.

Мiне‚ сол қасиеттi дәптердiң ең көркемi қырық жақтан мүғжизелi29 және әр минутта тым болмағанда жүз миллион адамның тiлдерiмен оқылып нұрын шашқан‚ сондай-ақ, әрбiр әрпiнде ең аз дегенде он сауап‚ он игiлiк табылатын‚ кейде он мың‚ тiптi кейде Қадыр түнiнде бiр әрпi үшiн отыз мың игiлiгiн‚ жәннат жемiсiн‚ барзах нұрын сыйлайтын кiтап - Құраны Мүғжизул Баян27. Осындай биiк мәртебеге ие кiтапқа тең келетiн әлемде ешқандай кiтап жоқ және ешкiм көрсете алмайды. Әрине‚ қолымыздағы бұл Құран - аспан мен жердiң Халиқы Зүлжәлалының30 барлық нәрсенi қамтып‚ басқарып тұрған Рубубиетi31 тарапынан және Иләhи32 ұлылығы жағынан‚ әрi шексiз мейiрiмдiлiгi тарапынан келген сөзi мен жарлығы‚ сондай-ақ, мейiрiмiнiң қайнар көзi. Соған жабыс. Iшiнде әрбiр дертке бiр дауа‚ әрбiр қараңғылыққа бiр нұр және әрбiр үмiтсiздiктi сейiлтер бiр үмiт бар.

Ендеше осы мәңгi қазынаның кiлтi - иман, бойұсыну, әрi оны тыңдап‚ қабыл алу және оқу.

Бесiншi үмiт: Бiрде қарттығымның алғашқы кездерiнде қайырсыз дүниеден алыстау ниетiмен Ыстамбұлдағы Бұғаз жақта орналасқан Þша33 дөңiнде рухым жалғыздықты қалап тыныс алғысы келдi. Бiр күнi сол биiк төбешiкте жалпақ дүниеге‚ айналама көз салдым. Кәрiлiктiң ескертуiмен айрылысудың және қоштасудың нәтижесiнде тым аянышты‚ өте қайғылы күй кештiм. Өмiр ағашымның қырық бесiншi жылы боп табылатын қырық бесiншi бұтағындағы ең жоғарғы жерiнен сонау өмiрiмнiң төменгi сатыларына назарлап көз жүгiрттiм. Сонда төменгi жақта‚ әрбiр бұтағында жыл сайын сүйiктi достарымнан‚ қатынас жасасқандарымнан‚ таныстарымнан айрылып‚ олардың сансыз өлiктерiн көрдiм. Осы ажырап қалудан және айрылысудан пайда болған тым күйiнiштi‚ зарлы мұңға батып‚ Фузули Бағдади34 сияқты айрылып қалған достар еске түстi де‚ көкiрегiм жылап

Егiлемiн‚ көрiскенiм есiме түскен сайын‚

Еңiреймiн‚ дем жұтардай әл қалғанша солғын денемде.

деп бiр медет‚ бiр нұр‚ бiр үмiт есiгiн iздедiм. Бiрден ақыретке16 деген иман нұры көмекке келдi. Ешқашан сөнбейтiн нұр‚ ешқандай үзiлмейтiн үмiт сыйлады.

Сонымен әй‚ мендей қартайған қария бауырларым және қартаң әпке-қарындастарым! Қартайғанымызға зарланбайық, iштей өкiнбейiк... Өйткенi ақырет әлемi бар және мәңгi. Сондай-ақ‚ өйткенi ол бұл дүниеден де керемет‚ әрi бiздi жаратқан Ол - Хаким35 және Рахим36. Қайта иманмен құлшылық жасай-жасай жасымыз толып‚ қарттық өмiрдегi мiндеттен құтылудың және рақымдылық толы әлемге демалу үшiн жүрудiң белгiсi деп бiлiп‚ одан разы болуымыз керек.

Иә‚ хадисте кесiмдiлiгi айқын: адамзат баласының ең таңдаулы адамдары болған жүз жиырма төрт мың пайғамбарлар қуатты түрде және бiр ауыздан‚ түгелдей дерлiк көргендерi мен хаққаляқин37 мәртебесiне сүйене отырып‚ бiрлесе ақырет әлемiнiң бар екенiн, адамдар сол жерге шақырылатынын және бұл әлемнiң жаратушысы, кесiмдi уәдесi бойынша ақыреттi жарататынын хабарлаған. Сол сияқты олардың жеткiзген хабарларын зерттеп ашқан‚ әрi көрiп ғылмеляқин38 мәртебесiнде растаған жүз жиырма төрт миллион әулиелер39 ақыреттiң бар екенiне куә‚ әрi бұл әлемнiң Саниы Хакимiнiң40 барша есiмдерi бұ дүниедегi көрiнiстерi арқылы мәңгi әлемдi ап-айқын талап еткендiктен тағы да ақыреттiң бар екенiне айғақ. Сондай-ақ‚ жыл сайын жер бетiнде‚ көктем маусымында тiке тұрған сансыз өлген ағаштардың өлiктерiн “Кун фая кун41” әмiрiмен тiрiлтiп “бағсу бағдал мәутке42” бөлеген‚ әрi хашир мен нәширдiң43 жүз мыңдаған үлгiсi ретiнде өсiмдiк тұқымдастары мен хайуанаттар класының үш жүз мың түрiн жинап‚ қайта тiрiлтiп жаратқан әзәли44 шексiз бiр құдiрет және сансыз‚ ысырапсыз мәңгi бiр хикмет‚ сондай-ақ‚ қорекке мұқтаж бүкiл жан иелерiн асқан мейiрiммен өте керемет бiр бейнеде қамтамасыз еткен және көктем сайын аз ғана уақыт iшiнде есепсiз де шексiз көп әсемдiк пен сұлулығының алуан түрiн жайып көрсеткен мәңгi бiр мейiрбандық‚ бақи бiр қамқорлық ақыреттiң болуын талап етедi. Әрi бұл әлемнiң ең керемет жемiсi‚ әлем Жаратушысының ең сүйiктi еңбегi және әлемдегi жаратылыспен өзара қойындас жатқан адам бойындағы мәңгiлiкке деген аса құштарлығы‚ ынта-ықыласымен бақи iзгi амалдары ап-айқын ишарат пен айғақ болып‚ бұл пәни әлемнен кейiн мәңгi әлем‚ бiр ақырет мекенi‚ бiр бақыт отаны бар екенiн кесiмдi түрде дәлелдеулерi соншалық‚ дүниедей анық ақыреттiң де анық екендiгiн қабыл алуды талап етедi.(Сiлтеме)

(Сiлтеме)-Ия‚ дәлелдi бiр мәселенi айтып жеткiзудiң оңай екендiгiн және сенбей жоққа шығарудың өте қиын болатынын мына мысалдан көруге болады:

Бiреу шығып “жер бетiнде жемiстерi сүт құтысы болып табылатын өте керемет бiр ағаш бақшасы бар” десе. Басқа бiреуi “жоқ” деп айтса. Дәлелдеушi адам тек қана оның өсетiн жерiн немесе кейбiр жемiстерiн көрсетсе жетiп жатыр. Оңай ғана сөзiн дәлелдейдi.

Жоққа шығарған адам болса‚ жоқ екендiгiн дәлелдеу үшiн бүкiл жер бетiн көрiп және көрсетiп барып дауын дәлелдей алады. Сол сияқты Жәннаттан хабар бергендер оның жүз мыңдаған белгiлерiн‚ жемiстерiн‚ нышандарын көрсеткендерi былай тұрсын‚ екi шыншыл адамның соған куә болып‚ айғақтауы әбден жетерлiк болса дағы‚ оны жоқ деген адам шексiз әлемдi‚ шексiз мәңгi уақыттарды аралап‚ көрiп шығуы‚ әрi електен өткiзiп‚ тексерiп болғаннан кейiн барып сөзiн дәлелдей алады‚ жоқ екенiн көрсете алады.

Мiне әй‚ қария бауырларым! Ақыретке деген иманның қаншалықты қуатты екенiн бiлiп алыңыздар.

Рас‚ Құраны Хакимнiң бiзге берген аса маңызды бiр дәрiсi - Ақыретке16 иман. Әрi сол иман да мұншама қуатты. Әрi иманда үмiт оты мен көңiлге медеттiң күштiлiгi сондай‚ жүз мың қарттықтың мұң-зары бiр ғана адамға келетiн болса‚ сол иманнан келетiн медет оған қарсы тұра алады.

Бiз қариялар “Әлхамду лилләhи ала кәмалил иман45” деп қартайғанымызға қуануымыз керек.

Алтыншы үмiт: Бiрде қайғылы бiр тұтқындықта жүргенiмде адамдардан бойымды аулақтап‚ Барла жайлауындағы Қарағай тауының дөңiнде жалғыз қалдым. Жалғыздықта бiр нұр iздеп жүргенмiн. Бiр түнi сол үлкен дөңде өскен биiк қарағайдың үстiнде орналасқан үстi ашық шағын күркеде едiм. Қариялылық шақ үстi-үстiне жалғыздықтың үш-төрт түрiн маған ескерттi. Алтыншы хатта кең түрде баяндалғанындай: сол түнi меңiреу тыныштық орнап‚ тек ағаштардың сыбдыр қаққан және суылдаған дыбыстарынан шыққан аянышты үн‚ бiр дыбыс көңiлiмдi босатып‚ қарттығым мен жалғыздығыма ауыр тидi. Кәрiлiк маған мынаны ескерттi: мәселен‚ күндiз мына тас түнек қабiрге айналғандай және дүние қара кебiнге оранғандай сенiң өмiрiңнiң күндiзi де түнге‚ дүниенiң күндiзi де барзах23 түнiне‚ өмiрдiң жадыраған жазы да өлiмнiң қысқы түнiне айналады деп жүрегiмнiң қылын шерттi. Нәпсiм амалсыздан былай дедi:

Ия‚ мен елiмнен алыстап жалғыз қалғанымдай мына елу жылдық өмiрiмде көз жұмған сүйiктi достарымнан айрылғандықтан және олардың артынан жылап-сықтап қалғандықтан елден жырақ жалғызсырап кешкен өмiрден де бетер қайғылы‚ қасiреттi жалғыздық екен. Сондай-ақ ‚ осы түн мен таудың тым-тырыс қалпындағы қайғылы жалғыздықтан да бетер қайғылы‚ аянышты бiр жалғыздыққа жақындап келемiн‚ яғни бүкiл дүниеден бiрден айырылу уақыты таяп қалғанын қарттық шақ маған хабар беруде. Осы жалғыздық iшiндегi жалғыздықтан және қайғы үстiне қайғыдан бiр үмiт‚ бiр нұр iздедiм. Бiрден Аллаhқа деген иман көмекке келдi. Дәтiме қуат бергенi сондай‚ үстi-үстiне жалғызсырап кешкен күй мың есе артса да сол қуат жетер едi.

Сонымен әй‚ жасы келген кiсiлер мен қартаң әйелдер! Рас‚ аса қамқор бiр Жаратушымыз бар‚ әрине ‚ бiздер үшiн жалғыздық жоқ. Рас‚ Ол бар‚ бiз үшiн барлық нәрсе бар. Рас‚ Ол бар‚ әрине перiштелерi де бар. Олай болса бұл дүние қаңыраған бос емес‚ елсiз меңiреу таулар мен құла далалар Жәнабы Хақтың46 құлдарына толы. Ол үшiн және Оның нұрымен саналы құлдарынан басқа тасы да ‚ ағашы да көңiлi жақын достай көрiнедi. Мағыналы көрiнiс берiп бiзбен сөйлесе алады және көңiлдi аша алады.

Иә‚ бұл әлемдегi жаратылған заттардың санынша және алып әлем-кiтабы әрiптерiнiң санындай бар екенiне куә болған айғақтар‚ сондай-ақ, жан иелерiнiң мейiрiмдiлiгiне‚ қамқоршылығына‚ жан ашырлығына себепшi бола бiлген жиhаздарының‚ азық-түлiктерiнiң‚ ырыс-дәулетiнiң санындай мейiрiмiн көрсетушi дәлелдер‚ куәгерлер бiзге аса қамқор‚ өте жомарт‚ жан ашыр дос және аса сүйiктi болып табылатын Жаратушымыздың‚ Жасаушымыздың‚ Қорғаншымыздың ұлы есiгiн көрсетуде. Сол есiкте тез қабыл болғыш бiр шапағатшы - әлсiздiк пен дәрменсiздiк. Сондай-ақ‚ әлсiздiк пен дәрменсiздiктiң де нағыз уақыты - қарттық шақ. Осындай ұлы есiкке қабыл алынатын бiр шапағатшы қарттыққа қапалану емес‚ қайта оны жақсы көру керек.

Жетiншi үмiт: Бiрде Ескi Саидтың күлкiлерi Жаңа Саидтың көз жасына айналып‚ қартая бастаған шағымда Анкарадағы дүниешiл адамдар менi Ескi Саид деп ойлап‚ шақырған болатын. Анкараға жеттiм. Күз маусымының соңына таман Анкараның менен де бетер қартайған‚ тозып қираған‚ ескiрген қорғанының басына шықтым. Тарихи оқиғалардың тасқа айналған бейнесi ретiнде қорған көз алдыма келдi. Жылдың кәрiлiк мезгiлiмен бiрге менiң қарттығым‚ қорғанның қарттығы‚ адамзаттың қарттығы‚ атақты Османлы дәулетiнiң қарттығы‚ Халифат патшалығының опаты‚ әрi жер шарының қарттығы менi өте мұңды ащы және аянышты күйге тайдырып‚ биiк қорғанда өткен заманның ой-шұқыры мен болашақтың белестерiне қаратты және қарадым. Бiрiнен кейiн бiрi қаумалай менi қоршаған төрт-бес қарттық қараңғылының iшiнде Анкарада ең ауыр жан азабын сездiм.(Сiлтеме). Сондықтан бiр нұр‚ медет және үмiт iздедiм. Оңға‚ яғни өткен шағыма қарап жұбаныш iздедiм‚ сонда маған өткен шақ әкемнiң‚ ата-бабаларымның және адамзаттың үлкен мазары бейнесiнде көрiндi. Жұбаныш орнына үрейiмдi ұшырды.

(Сiлтеме) - Сол кезде осы ауыр халiм парсыша мiнәжат түрiнде жүрегiме келген болатын. Қағазға түсiрiлiп‚ Анкарада “Хубаб” кiтабына алынды.

Сол тарапымдағы болашаққа құтылу жолын iздеп зер салдым. Қарасам менiң және басқалардың‚ болашақ ұрпақтың үлкен‚ әрi қараңғы қабiрi бейнесiнде көзiме көрiндi. Сүйiнiш орнына күйiнiш бердi.

Оңым мен солымнан шошынып‚ бүгiнгi күнге қарадым. Бүгiнгi күн бейқам және тарихи назарыма жартылай өлiп‚ жанталасқан денемнiң өлiгiн көтерiп бара жатқан табыт бейнесiнде көрiндi. Сосын бұл жақтан да үмiтiм үзiлiп‚ басымды көтерiп‚ өмiр ағашымның ұшына көз салдым. Қарасам ағаштың бiр ғана жемiсi бар‚ ол да менiң мәйiтiм. Ағаш ұшында маған қарап тұр. Бұл жақтан да үркiп‚ басымды төменге иiп‚ өмiр ағашының астына‚ тамырына қарадым. Қарасам төмендегi топырақ - сүйектерiмнiң топырағы о баста түзiлiп‚ денем жаратылған топырақпен араласып‚ аяқ асты тапталуда екенiн көрдiм. Ол да медет емес‚ қайта дертiме дерт қосты.

Соңыра шарасыздықтан артыма қарадым. Қарасам жалған‚ пәни дүние тұрақтай алмай жоқтыққа домалап барады. Дертiме дәрi емес‚ у сепкендей болды. Бұл жақтан да қайыр көре алмағандықтан‚ алдыңғы жаққа көз тастадым. Қарасам‚ қабiр есiгi тура жолымда айқын көрiнiп‚ аузы арандай ашылып маған қарап тұр. Арғы жағында мәңгiлiкке апаратын жол мен сол жолдағылар алыстан көзге көрiнедi.

Алты жақтан бiрдей қаумалаған қорқыныштарға қарсы маған арқа сүйер‚ қарсы тұрарлық қорғаныс қаруы бола алатын болмашы аз ғана еркiмнен басқа ешнәрсе жоқ. Сансыз дұшпандар мен есепсiз зиян нәрселерге қарсы тұратын адамның бiр ғана қаруы бар: аз ғана еркi. Алайда ол кемiс‚ қысқа‚ дәрменсiз‚ әлсiз болғандықтан ниет етуден басқа ешнәрсеге мұршасы жоқ. Өткен уақытқа қол созып‚ басыма төнген қайғылардан құтқара алмайды‚ әрi болашаққа да өтiп‚ ол жақтан келген қорқыныштарды сейiлте алмайды. Еркiмнiң өткенiме, болашаққа тән армандарыма және қайғы-қасiреттерiме пайдасыз екенiн көрдiм. Осы алты жақтан анталаған қорқыныш пен үрей‚ қараңғылық пен үмiтсiздiк қойнауында мұршам құрып‚ жанталасулы кезiмде бiрден Құраны Мүғжизул Баянның аспанында жарқыраған иман нұрлары көмекке жеттi. Алты жағымды жарықтандырып‚ нұрға бөлегенi соншалық‚ әлгi қорқыныштар мен қараңғылықтар жүз есе қоюлана түссе де‚ сонда да иман нұры оларға қарсы тұрарлық және жетерлiк едi. Барлық қасiретiмдi бiр-бiрлеп қуанышқа‚ қайғыларымды бiртiндеп сүйiнiшке айналдырды. Былайша:

Иман: әлгi үрейлi өткен шақтың үлкен мазардай бейнесiн қақ айырып‚ сырлас зиялылар мәжiлiсi мен сүйiктi жандардың жиналысы екенiн айнеляқин47‚ хаққаляқин37 көрсеттi.

Әрi иман: бейқам қарағанда үлкен қабiр түрiнде көрiнген болашақты ұнамды бақыт сарайларында берiлiп жатқан Рахмани19 қонақасы‚ мәжiлiсi түрiнде ғылмеляқин38 көрсеттi.

Әрi иман: бейқам назарға бiр табыт бейнесiнде көрiнген бүгiнiмдi және сол бүгiнiмнiң табытқа ұқсас бейнесiн тас-талқан етiп‚ бүгiнгi күн ақыреттiк бiр сауда үйi және Рахманның19 салтанатты бiр қонақ үйi бейнесiнде екенiн көзiме көрсеттi.

Әрi иман: бейқам қарағанда өмiр ағашының басында мәйiт бейнесiнде көрiнген бiр ғана жемiсiн мәйiт емес‚ қайта мәңгi өмiр үшiн жаратылған және мәңгi бақытқа бөленетiн рухымның ескiрген үйiнен жұлдыздарға серуендеу үшiн шыққанын ғылмеляқин38 көрсеттi.

Әрi иман: сүйектерiм мен жаратылысымның бастамасы болып табылатын топырақ аяқ асты қалатын елеусiз‚ шiрiп кететiн сүйектер емес‚ қайта ол топырақ мейiрiмдiлiк қақпасы‚ жәннат қонақжайының бiр пердесi екенiн иманның сыры арқылы көрсеттi.

Сондай-ақ‚ иман: бейқам қарағанда артымда жоғалып‚ құрып бара жатқан дүниенiң күйiн Құран сырымен былайша көрсеттi: әлгi сырт көзге қараңғы болып көрiнген жалған дүние өз мiндетiн бiтiрген‚ мағынасын түсiндiрген‚ өз орнына нәтижелерiн қалдырып бара жатқан Сәмадани48 хаттың бiр бөлiмi‚ әрi Субхани49 нақыш өрнектiң парақтары екен. Дүниенiң шын мәнiсiн ғылмеляқин38 түрде бiлдiрдi.

Әрi иман: алдымдағы аузы ашылған қабiрдi және қабiрдiң ар жағында мәңгiлiкке тартқан жолды Құран нұрымен былайша көрсеттi: әлгi қабiр - үңгiр есiгi емес‚ қайта нұр әлемiнiң есiгi. Жол болса‚ мәңгiлiкке көз жұмуға‚ жоқшылық отанына емес‚ қайта баршылыққа‚ нұрлар отанына‚ мәңгi бақытқа апаратын жол екенiн көзiм толық жететiндей бiр сенiмде көрсеткендiктен‚ дерттерiме шара‚ әрi шипа болды.

Әрi иман: қолымдағы титiмдей амал-әрекетке мұршасы келетiн болмашы аз ғана еркiмдi алып‚ орнына сансыз дұшпандар мен қараңғылықтарға қарсы шексiз құдiретке арқа сүйеу үшiн және шексiз мейiрiмдiлiк пен байланысу үшiн әлгi аз ғана еркiмнiң қолына бiр куәлiк тапсыруда . Тiптi‚ иман әлгi аз ғана еркiмнiң қолында бiр куәлiк болуда. Сондай-ақ‚ манағы аз ғана ерiк делiнетiн адамның қаруы‚ расында қысқа‚ кемiс және әлсiз. Алайда‚ мысалыға бiр жауынгер болмашы күш-қуатын отан үшiн қолданған кезде өзiнiң күш-қуатынан мыңдаған есе артық iстер атқарады. Сол сияқты иман сырымен әлгi болмашы аз ғана ерiк Жәнабы Хақ тағала46 атына ‚ оның жолына қолданылса ‚ бес жүз жылдық кең жәннатқа да қолы жетуi мүмкiн .

Әрi иман: өткен шақ пен болашаққа ықпал ете алмаған әлгi аз ғана ерiктiң тiзгiнiн дененiң қолынан алып‚ жүрек пен рухқа тапсырады. Рух пен жүректiң тiршiлiк алаңы дененiкi сияқты бүгiнгi күнге ғана тәуелдi болмағандықтан, көптеген жылдарды өткен шақтан және көптеген жылдарды болашақтан қойнауына алып‚ кеңейедi. Сондықтан әлгi аз ғана ерiк аздықтан құтылып‚ молшылыққа кенеледi. Өткен шақтың ең терең сайларына иман қуатымен түсiп‚ қайғылардың қараңғылықтарын сейiлтетiнi сияқты‚ тағы да иман нұрымен болашақтың ең биiк шыңдарына шығып‚ қорқыныштардың тамырын шабады.

Сонымен ‚ әй‚ мен сияқты қарттықтың азабын шеккен қариялар мен қартайған әйелдер ! Құдайға шүкiр‚ расында бiз иманды жандармыз және иманда да осындай нұрлы‚ ләззатты‚ сүйiктi‚ тәттi қазыналар бар. Әрi расында қарттығымыз бiздi сол қазынаның iшiне терең бойла-тып‚ жол көрсетуде . Әлбетте иманды кәрiлiгiмiзге шағым емес‚ қайта мың-мыңдаған рахмет айтайық.

 

Жиырма төртінші Лема

 

Тәсәттүр 51 туралы

[Он бесiншi мақаланың екiншi ‚ үшiншi мәселелерi едi . Маңызды болғандықтан жиырма төртiншi лема атанды.]

соңына дейiн ..... Осы аят тәсәттүрдi әмiр етуде . Ал құлқын құмар мәдениет болса ‚ Құранның осы үкiмiне қарсы келуде. Тәсәттүрдi жаратылысқа сай көрмейдi‚ “тұтқындық” деп атайды.(*)

(*) Сотқа қарсы айтылған және соттың аузын жапқан шағым арыз жазылған қорғаушы баяндамадан бiр үзiндi:

“ Мен де әдiлет сотына айтарым: үш жүз елу мың тәфсир52 кiтаптарының растаулары мен бiр ауыздан қолдағандарына сүйенiп ‚ әрi бiр мың үш жүз елу жыл iшiнде өтiп кеткен ата-бабаларымыздың сенiмдерiне ұйып бiр мың үш жүз елу жылда және әр ғасырдағы үш жүз елу миллион адамдардың қоғамдық өмiрiнде ең қасиеттi ‚ шынайы ақиқаттық болып табылатын Иләhи32 бiр қағиданы түсiндiрiп жазған бiр адам әдiлетсiз сотталды. Әлбетте‚ жер бетiнде әдiлеттiк бар болса ‚ мұндай әдiлсiз шешiмдi қабыл етпейдi және бұл үкiмдi жоққа шығарады.

Жауабы: Құраны Хакимнiң бұл үкiмi жаратылысқа өте сай екендiгiн және оған қарсы шыққан жаратылысқа қайшы келетiнiн дәлелдеп берген көптеген сырларының тек төртеуiн баяндаймыз.

Бiрiншi сыр: Тәсәттүр - әйелдердiң табиғатына сай және жаратылыстарының талабы. Себебi: әйелдер жаратылысынан әлсiз және нәзiк болғандықтан‚ өздерiн‚ әрi өмiрiнен артық жақсы көретiн балаларын қорғайтын бiр еркектiң қорғауы мен көмегiне мұқтаж. Сондықтан өзiн сүйдiру үшiн‚ жеккөрiнiштi және салқын қабаққа ұшырап қалмас үшiн табиғатынан тәсәттүрдi қалайды. Сондай-ақ‚ он әйелдiң алтау-жетеуi я қартайған‚ я көрiксiз болғандықтан қартайғанын және көрiксiздiгiн кiм көрiнгенге көрсеткiлерi келмейдi. Яки қызғаншақ келедi‚ өзiнен артық сұлулардың алдында көрiксiз боп қалудан немесе бiреудiң тиiскенiнен және айыпталудан қорқады. Бiреудiң тиiскенiне ұшырап қалмас үшiн және күйеуiнiң алдында қиянатшыл атанып айыпталмас үшiн табиғатынан тәсәттүрдi қалайды.

Тiптi назар аударып қарасақ ‚ өзiн ең қатты сақтайтын - қариялар. Сондай-ақ‚ он әйелдiң iшiнен тек уылжыған жас‚ әрi сұлу‚ әрi ұялмай өзiн көрсетуден қысылмайтын небәрi екi-үшеуi ғана шығуы мүмкiн. Ия‚ адам өзiн ұнатпайтын және жақтырмайтын адамдарының назарынан қысылатыны‚ ренжитiнi жұртқа аян. Әлбетте‚ жартылай ашылып-шашылып киiнген сұлу бiр әйел өзiне қараған бөтен он еркектiң екi-үшеуiн ұнатса да‚ қалған жетi-сегiзiн жақтырмай олардан жеркенедi. Әрi жеңiл жүрiске салынбаған және бұзылмаған сұлу бiр әйел нәзiк жанды‚ тез ренжiгiш болғандықтан материалдық жаман әсерi байқалған‚ тiптi де улайтын арам ойлы көздерден әрине‚ қысылады. Тiптi естiп жатырмыз: жартылай ашылып-шашылып киiнетiн Еуропадағы көптеген әйелдер мұндай iшiп-жеп қараған көздерден қысылып‚ “осы жексұрындар бiзге сұқтана қадалып‚ қинап жiбередi” деп полицейлерге шағым айтады екен.

Демек мәдениеттiң тәсәттүрге қарсы шығуы - жаратылысқа қайшы. Құранның тәсәттүрдi әмiр етуi- жаратылысқа сай‚ әрi мейiрiмнiң қайнар көзi және әрбiрi мәңгi өмiрлiк жар бола алатын қымбатты әйелдердi тәсәттүр арқылы құлдыраудан‚ тiрi масқара болудан‚ көз тұтқыны және қайыршылықтан құтқарады.

Сонымен қатар әйел атаулының жаратылысы бөгде еркектерден қорқады‚ қауiптенедi. Қорқақтық болса‚ табиғатынан тәсәттүрдiң болуын қажет етедi. Себебi: сегiз-тоғыз минуттық бiр рақатты тым ащылатып‚ зар қақсататын қасiретi мен сегiз-тоғыз ай бойы аяғы ауырлап азабын шегумен бiрге‚ қорғаушысыз бiр баланың тәрбиесiмен сегiз-тоғыз жыл бойы әлгi сегiз-тоғыз минуттық харам ләззаттың азабын тартуы ықтимал. Әрi мұндай жәйттер көптеп кездесетiндiктен‚ шынында бөтендерден табиғаты қатты қорқады және жаратылысы сақтанғысы келедi. Әрi тәсәттүр арқылы бөтен еркектiң аранын ашып алмауды‚ тиiсуiне жол бермеудi әлсiз жаратылысы әмiр етедi және қатты ескертедi. Және басты панасы мен қорғаны - ұзын жамылғышы екендiгiн көрсетедi .

Естуiм бойынша: мемлекеттiң орталығы болған аста-нада, күндiз базар iшiнде‚ жұрттың көз алдында‚ өте жұпыны бiр етiкшi ұстамсыздыққа берiлiп‚ атағы дүниеге танымал‚ үлкен дөкейдiң жартылай жалаң аяқты әйелiне тиiскен. Бұл болса‚ тәсәттүрге қарсы болғандардың ұятсыз беттерiне тиген түкiрiк қой.

Екiншi сыр: Ерлi-зайыптылар арасындағы аса маңызды және мықты байланыс пен шынайы сүйiспеншiлiк‚ қарым-қатынас - тек дүние тiршiлiгiнiң қажеттiлiгiнен туындамайды. Ия‚ бiр әйел өз күйеуiне тек дүние тiршiлiгiне ғана арналған өмiрлiк жар емес. Кесiп айтқанда‚ мәңгi өмiрде де өмiрлiк жар болады. Егерде мәңгi өмiрде де күйеуiне өмiрлiк жар болса, әлбетте, мәңгi сүйiктiсi мен досы болып табылатын күйеуiнiң назарынан өзге‚ басқа бiреудiң назарын өзiнiң сұлулығына шақырмауы‚ әрi оны ренжiтпеуi және қызғандырмауы керек. Иә‚ иманды күйеуi иман сырына байланысты онымен қарым-қатынасы дүние тiршiлiгiмен шектелiп қалмай‚ тек ақылсыз жануарша және сұлулық кезiне ғана қатысты уақытша сүйiспеншiлiкпен емес‚ қайта мәңгi өмiрде де өмiрлiк жарым деп негiзгi және шынайы түрде оны сүйiп‚ құрмет тұтып қарым-қатынасады. Әрi тек уылжыған жас кезiнде және сұлулығында ғана емес‚ кесiмдi түрде кәрiлiгiнде және ажары қашып көрiксiзденген шағында да оған қас құрмет жасап‚ шынайы сүйедi. Әлбетте‚ оның өтеуiне бұл да өзiнiң сұлулығын тек оның назарына меншiктеп‚ махаббатын оған арнау - адамшылық талабы. Өйтпейiнше табатыны өте аз‚ бiрақ жоғалтатыны өте көп.

Шариғат бойынша күйеуi әйелiне тең болуы‚ яғни бiр-бiрiне лайық болуы керек. Осы теңдiк пен лайықтылық-тың аса маңыздысы‚ дiни тұрғыда. Неткен бақытты сондай күйеу: әйелiнiң дiндарлығына мән берiп елiктейдi‚сөйтiп мәңгi өмiрде жұбайынан айрылып қалмау үшiн дiндар болады.

Бақытты әйел - сол әйел: күйеуiнiң дiндарлығына қарап “мәңгi жолдасымнан айрылып қалмайын” деп күнәлардан аулақ жүредi.

Қарасы өшсiн сол күйеудiң‚ ол: дiндар әйелiнен мәңгi айырушы азғындыққа салынады. Бақытсыз әйел - сол әйел‚ ол: күнәдан аулақ дiндар күйеуiне елiктемейдi‚ сөйтiп мәңгi сыйлы жолдасынан айрылады.

Мың да бiр нағылет жаусын сондай сорлы күйеу мен әйелге‚ олар: бiр-бiрiнiң опасыздығы мен бұзылғанына елтидi. Бiр-бiрiн отқа лақтырғанда көмектеседi...

Үшiншi сыр: Жан ұя өмiрiндегi бақыт - ерлi-зайыптылар-дың арасындағы бiр-бiрiне деген сенiмдiлiгiмен‚ ағынан жарылып сый-құрмет көрсетумен‚ шын сүюмен жалға-сады. Тәсәттүрсiздiк пен жартылай жалаңаштылық‚ бұл сенiмдiлiктi жояды. Әрi бiр-бiрiне арнаған сый-құрметiн ‚ махаббат отын сөндiредi. Өйткенi жартылай ашылып киiнуге әдеттенген он әйелдiң iшiнен тек бiреуi ғана күйеуiнен артық сымбаттысын таба алмағандықтан‚ өзiн бөтен адамға көрсете ұнағысы келмейдi. Тоғызы басқаларды күйеуiнен артық сымбатты деп бiледi.

Сондай-ақ‚ жиырма адамның iшiнен тек бiреуi ғана басқаларды өз әйелiнен артық сұлу деп бiлмейдi. Сайып келгенде‚ әлгi шынайы махаббат пен бiр-бiрiне сый-құрмет су сепкендей басылады‚ әрi тым жеркенiштi‚ арам пиғылды сезiмдi оятуға себепшi болуы мүмкiн. Былайша:

Адам табиғатында ет бауыр әпке-қарындастарындай жақындарына деген құмарлық сезiмi жоқ. Өйткенi: жақындарының бет-әлпетi бiр кiндiктен болып‚ бауыр басып қалғандығы‚ оған жан ашырлықты және ақ жүрекпен адал сүюдi көлденең тартады. Сондықтан нәпсiге тән құмарлық пен ынта-назарын жояды. Бiрақ шариғат бойынша жақындарына да көрсетуге тиым салынған аяқ сияқты басқа жерлерi жартылай ашылып жүрсе‚ нәпсiнiң құлы болған адамдарға тән тым жеркенiштi бiр сезiмнiң оянуына себепшi болуы мүмкiн.

Себебi жақын бауырының бет-пiшiнi ет жақыны екенiн бiлдiредi және бейтанысқа ұқсамайды. Дегенмен‚ жартылай ашық жүрген аяғы бейтаныс әйелдiкiмен бiрдей. Ет бауыр екендiгiн бiлдiретiн таңбасы жоқ. Сондықтан нәпсiнiң құлы болған бiрқатар адамдардың ақылсыз жануарша ынта-назарын аудыруы мүмкiн. Бұл болса‚ төбе шашты тiк тұрғызар тiрi масқаралық қой.

 

Төртiншi сыр: Ұрпақ көбейту әркiмнiң-ақ талабы екенi мәлiм ғой. Әрi ұрпақ көбейтудi қолдамайтын ешбiр ұлт және ешқандай мемлекет жоқ. Тiптi Рәсулi Әкрам53 Ғалейhиссалату уәссәлам былай бұйырған:

немесе осы сияқты, яғни “үйленiңдер‚ көбейiңдер‚ қиямет күнi сiздердiң көптiктерiңiз - менiң мақтаным”. Алайда тәсәттүр жойылса‚ үйленудi көбейтпейдi, тым азайтып жiбередi. Себебi: ең қаңғалақ‚ сән қуушы әсемпаз жiгiт те өмiрлiк жұбайының ар-ұятты болуын қалайды. Өзi сияқты сәнқой‚ яғни ашылып - көрiнiп жүруiн қаламағандықтан үйленбей бойдақ қалады. Тiптi де зинақорлыққа салынады. Әйел болса ондай емес‚ күйеуiн өзiне ғана соншалықты меншiктей алмайды. Өйткенi әйел жан ұя өмiрiнде - iшкi iстерде басшылық дәрежесiмен ерiнiң бүкiл дүние-мүлкiне‚ бала-шағасына және барлық нәрсесiне қарайтын сақтаушы қызметкер болғандықтан ең басты табиғи құлқы - шын берiлгендiк, сенiмдiлiк. Ашылып-көрiнiп жүру болса‚ әрине шын берiлгендiгiн жояды‚ күйеуiнiң алдында сенiмдiлiгiнен айрылып қалады‚ оған жан азабын тартқызады. Тiптi еркектердiң табиғатында болатын ерекше жақсы екi мiнез - батырлық пен жомарттық әйелдерде болса‚ онда әлгi берiлгендiгi мен сенiмдiлiгiне залал келтiргендiктен‚ нашар мiнез және жаман қасиет болып саналады. Бiрақ күйеуiнiң мiндетi - оның сақтаушы қызметкерi‚ шын берiлген сенiмдiсi болу емес‚ қайта - қорғаншы‚ жан ашыр қамқоршы және қастерлеушi болу. Сондықтан ер адам меншiктелiп қалмайды‚ басқа әйелдердi де некелей алады.

Отанымызды Еуропамен салыстыруға болмайды. Өйткенi ол жақта дуýль сияқты көптеген өте қатаң дәстүрлер арқылы жартылай жалаңаштылық iшiнде ар-ұят бiршама сақталады. Өз қадiрiн сезiнген намыс иесi бiреудiң әйелiне арам пиғылмен қарайтын болса‚ ақ кебiнге оранады да сосын қарайды. Сондай-ақ‚ суық мемлекет болып табылатын Еуропадағы табиғи мiнездер сол мемлекет сияқты суық және қатал. Бұл Азия‚ яғни Ислам әлемiнiң құрлығы оған қарағанда ыстық климатты мемлекеттер. Иә‚ құрлықтың адам мiнез-құлқына әсер ететiнi баршаға мәлiм. Ол суық мемлекеттегi суық қабақты адамдар iшiнде жануарға тән құмарлықты ояту үшiн және ынтасын аудыру үшiн жартылай ашылып киiнгендiк қыруар жамандыққа‚ бұзықтыққа‚ ысырапшылдыққа кесiмдi түрде алып бармайды. Бiрақ тез әсерленгiш және сезгiш болып табылатын ыстық климатты елдердегi адамдардың нәпсiқұмарлығын үнемi жалындататын жартылай жалаңаштылық‚ әлбетте‚ қыруар жамандыққа‚ ысырапшылдыққа‚ нәсiлдiң азаюына және күш-қуаттың төмендеуiне себеп. Бiр айда яки жиырма күнде табиғи қажеттiлiктiң орнына бiрнеше күн iшiнде ысырап жасауға өзiн мәжбүр деп ойлайды. Сонда әр айда он бес күндей хайыз54 сияқты кедергiлердiң салдарынан әйелден аулақ жүруге мәжбүр болғандықтан‚ нәпсiнен жеңiлiп қалса‚ зинақорлыққа да әуестенедi.

Қаладағылар ауылдағыларға‚ шөлдi даланың халқына ұқсап тәсәттүрге тиым сала алмайды. Себебi: ауылдар мен шөлдi иен далаларда күн көру әлегiнiң‚ қол еңбегi мен шаршап-шалдығудың салдарынан сондай-ақ‚ қаладағылар-ға қарағанда ынта-ықыласты онша аудыра бермейтiн жазығы жоқ жұмысшы, әрi тұрпайылау қатын-қалаштың бiраз ашылып жүрулерi нәпсiқұмарлықты жалындатуға себеп бола алмайды. Сонымен бiрге ол жақта қаңғалақ‚ бос жүрген жұмыссыз адамдар аз болғандықтан қаладағы арам қылықтардың оннан бiрi де жоқ. Олай болса‚ олармен салыстыруға болмайды.

 

(Мектубаттан алынды)

Қадiрлi бауырларым!

Маған айту үшiн Шамдық Хафызға екi нәрсенi айтқан екенсiздер.

Бiрiнiшiсi: “Хазретi Пайғамбар Ғалейhиссалату уәссәламның Зейнептi әйелдiкке алуын баяғы заман мұнафықтары сияқты бұл заманның адасушылары да өзара сынға алып‚ нәпсiнiң әуестiгi мен құмарлығы деп өздерiнше ойлайды‚”-дейсiз.

Жауабы: Миллион мәрте олай емес және ешқашан! Ондай зор ар-ұятты кiсiге мұндай сасық күмәндар жолай алмайды. Ия‚ он бес жасынан қырық жасына дейiн от сезiмнiң қайнаған кезi мен көрсе қызар нәпсiнiң лапылдаған шағында достары мен дұшпандары бiр кiсiдей оның түгелдей күнәдан пәк және зор ар-ұят сақтап‚ Қадиша (Р.А.) сияқты қартайған бiр ғана әйелмен қанағат етiп‚ мiсе тұтқанына куә. Әрi қырықтан кейiн‚ яғни от сезiмнiң салқындаған кезi мен көрсе қызар нәпсiнiң тоқтаған шағында көптеп әйел алуы және үйленуi - сөзсiз және ап-айқын құмарлықтан болмағаны‚ басқа маңызды хикметтерге байланысты екенi бетiнде титтей ұяты бар адамға дәлелдi айғақ емес пе.

Сол хикметтердiң бiреуiн атап өтейiк:

Ардақты пайғамбарымыздың сөздерi сияқты iс-әрекетi де‚ ахуалы да ‚ мiнез-құлқы да‚ жүрiс-тұрысы да - дiн мен шариғаттың қайнар көзi және үкiмдердiң бұлағы. Сыртқы буынын сахабалар арқаланғаны сияқты жеке меншiк алаңындағы жасырын iс-қимылдарынан туындаған дiни сырларды, шариғат үкiмдерiн мойнына жүктенушi және жеткiзушi - ары таза‚ ақ жүрек әйелдерi. Әрi сөзсiз ол қызметтi солар атқарған. Дiни үкiмдер мен сырлардың жартысы дерлiк анық солардан келген. Демек бұл iрi мiндетке бiрталай және табиғаты алуан қилы ары таза‚ ақ жүрек әйелдер керек.

Ендi Ардақты Зейнептi әйелдiкке алу мәселесiне келейiк:

Жиырма бесiншi сөздiң бiрiншi бөлiмiндегi үшiншi тармағының мысалдарынан:

аятына байланысты былай делiнген: адамдардың қоғамдық тобына қарай‚ бiр ғана аят сан түрлi жақтармен әрқайсының түсiну жөнiне арнаулы бiр мағынаны бiлдiредi.

Бiр тобына сол аяттан тиесiлi мағына мынадай:

Рәсулi Әкрам Ғалейhиссалату уәссәламның қызметкерi немесе “Балам!” деген сөзiне лайық болған Зайд (Р.А.)‚ дәйектi мәлiметтерге қарағанда‚ өзiнiң мойындауы бойынша намысшыл әйелiн өзiне рухани жағынан тең көрмегендiктен талақ қылған. Яғни Ардақты Зейнеп жоғары қасиеттi‚ мiнезге бай және Пайғамбарға әйел бола алатындай табиғатта жаратылғанын Зайд (Р.А.) көрегендiгiмен байқаған. Әрi өзi оған күйеу бола алмайтынын бiлген. Өз табиғатына сай еместiгiн көрiп, рухани лайықсыздыққа себеп болғандықтан некесiн бұзған. Сосын Аллаhтың әмiрiмен Рәсулi Әкрам Ғалейhиссәлату уәссәлам алған‚ яғни

бойынша‚ ол неке - уәхимен55 келген келiсiм арқылы болғанына дәлел болумен қатар‚ әдеттегiден ерекше‚ әдет-ғұрып пен сырттай қарым-қатынастан үстем түрде‚ тек тағдырдың әмiрiмен қиылған неке едi. Рәсулi Әкрам Ғалейhиссәлату уәссәлам да тағдырдың осы әмiрiне бой ұсынған және мәжбүр болған‚ өз қалауымен алмаған.

Осы тағдырдың әмiрiнiң де шариғаттың маңызды бiр үкiмiн‚ жаппай маңызды бiр хикмет пен жалпыламалы бiр мәселесiн қамтыған мына қасиеттi аят

көрсетуi бойынша‚ үлкендердiң кiшiлерге “балам” деп айтқандары зиhар мәселесi сияқты емес, яғни әйелiне “анам сияқтысың” деп айтса‚ харам болғанындай емес. Мұнымен үкiм өзгермейдi. Сондай-ақ‚ ұлықтардың өз жұртына‚ пайғамбарлардың өз үмметтерiне әкедей қарауы және сөз айтуы‚ пайғамбарлық мiндетi тұрғысынан. Әйтпесе олардан әйел алуға болмайтындай адамшылық тұрғыдан емес.

Екiншi бiр топқа тиесiлi мағынасы мынадай:

лкен бiр әмiршi өз қарамағындағы халқына әкеше қамқорлық жасайды. Егерде сол әмiршi сырттай және iштей жағынан рухани ұлық патша болса‚ оның қамқорлығы әкенiң мейiрiмiнен жүз есе асып түседi. Сондықтан қарамағындағы халқының әрқайсысы шын мәнiнде оның баласы сияқты “әкемiз” деп қарайды. Көпшiлiк пiкiрiнде халық iшiндегi қыздың патшаға деген көзқарасы күйеуiне болмайды және патшаның қызға деген көзқарасы әйелiне деген көзқарасқа оңайлықпен айналмайды. Сондықтан пайғамбар мұсылмандардың қыздарын әйелдiкке алуы бұл сырға үйлеспегендiктен‚ Құран сол дүдәмал ойдан қайтару үшiн былай дейдi:

“Пайғамбар Аллаhтың мейiрiмдiлiгiнен сiздерге қамқорлық жасайды‚ әкеге ұқсап жылы мейiрiммен қарайды. Сондай-ақ‚ пайғамбарлық атынан сiздер Оның ұлдары сияқтысыздар. Бiрақ сiздерден әйел алуына болмайтындай адамшылық тұрғыдан Ол сiздердiң әкелерiң емес. Әрi сiздерге “балам” деп айтса‚ шариғат үкiмдерi бойынша сiздер Оның баласы бола алмайсыздар.”

Саид Нұрси

 

[Мүназарат атты кiтаптан үзiндi]

 

Сұрақ: Бiрнеше әйел алу сияқты кейбiр мәселелердi бiрлi жарым шетелдiктер сылтау етiп‚ қоғамдық мәдени даму тұрғысынан шариғатқа үрке қарап‚ кейбiр күмәндi ойлар мен шүбәлi пiкiрлер айтуда.

Жауап: Қазiрге қысқаша бiр қағида айтамын. Кең көлемдегi түсiнiктемесiн өз алдына бiр кiтап арқылы баяндамақ ойым бар.

Ендеше Ислам дiнiнiң үкiмдерi екiге бөлiнедi:

Бiрiншiсi: Шариғат оның негiзiн салушысы. Бұл болса‚ шынайы рақымдылық пен нағыз боямасыз жақсылық.

Екiншiсi: Шариғат оны өзгертiп түзетедi. Яғни тым жабайы және залым, өрескел кейпiн өзгертiп‚ залалын азайту үшiн‚ орташа халге келтiрiп түзету үшiн, адамзат табиғатына сай етiп‚ нағыз жақсылыққа түгелдей айналдыру үшiн жарасымды кейiпке келтiрген. Өйткенi адамзат табиғатында жалпылама дағдыланып келген бiр құбылысты бiрден жойып жiберу, бiр адамның табиғаты мен мiнез-құлқын бiрден өзгертудi талап етедi.

Сондықтан шариғат тұтқындыққа алушы емес. Қайта тым жабайы‚ анайы кейiптен мынадай толық бостандыққа жол ашып беретiн және өткiзетiн кейiпке айналдырған‚ әрi түзеткен. Сондай-ақ‚ төртке дейiн әйел алу - адам табиғатына‚ ақылға‚ хикметке жарасымды болумен қатар‚ шариғат бiрден төртке шығармаған. Қайта сегiз-тоғыздан төртке түсiрген. Әсiресе бiрнеше әйел алу үшiн қойған шарттары сондай‚ оны орындаса ешбiр залалы тимейдi. Бiрлi-жарым залалы болса да‚ ол - залалдың ең азы. Бұл болса‚ изафи56 әдiлеттiлiк...

 

[Отыз екiншi сөздiң үшiншi тарауынан]

Екiншi нүктенiң екiншi бөлiмi

Дiннен безген адасушы топтың өкiлi iлiп алар еш нәрсе таба алмай және азғындығын неге тiрерiн бiлмей абдырап‚ үндемей тұрды да былай дедi:

“Менiң ойымша‚ дүниедегi бақытқа‚ өмiрдiң рақаты мен мәдени өркениетке‚ өнер мен ғылым жетiстiктерiне жетудiң жолы - ақыреттi ойламай‚ Аллаhты танымай‚ дүниеге құмар болып‚ еркiн‚ әрi өзiңе сенiмдi болуда деп ойлаймын. Сондықтан адамдардың көбiсiн осы жолға шайтанның ықпалымен түсiрдiм және түсiрудемiн.”

Жауабына бiзде Құран атынан былай деймiз:

“Әй‚ шарасыз адам! Ақылыңды жи. Дiннен безгендердiң өкiлiн тыңдама. Егер оны тыңдасаң залал шегетiнiң сондай‚ ойлаудың өзi ақыл мен жүрегiңдi, жаныңды түршiктiредi. Сенiң алдыңда екi жол бар:

Бiрi - дiннен шыққандардың өкiлi көрсеткен қауiптi жол.

Екiншiсi - Құраны Хаким сiлтеген бақытты жол.

Ендеше осы жолдың қыруар теңеулерiн көптеген сөздерде‚ әсiресе‚ “Кiшi сөздерде” көрдiң және түсiндiң. Қазiр орайы келген соң мыңдаған теңеулерден бiреуiн тағы да тыңдап көр және түсiн:

Ширк57 пен дiннен безушiлiк‚ пасықтық пен азғындық жолы адам баласын әбден құлдыратып жiбередi. Шексiз қайғыға салып‚ өте ауыр жүктi дәрменсiз де әлсiз мойынға жүктейдi. Өйткенi адам Жәнабы Хақ тағаланы танымаса және Оған тәуекел етпесе‚ онда өте әлсiз‚ тым дәрменсiз‚ есепсiз қажеттiлiктерге мұқтаж‚ пақыр‚ сансыз қасiреттерге душар‚ сорлы, байғұс бiр пәни айуан тәрiздес барша сүйген және қатынаста болған қоршаған ортадан толассыз айрылып отырады да‚ азапқа күйiне-күйiне‚ ақырында өзiнен кейiн қалған бүкiл сүйiктiлерiн аянышты халде тастап қабiр түнегiне жалғыз өзi кiредi. Әрi өмiр бойы болмашы аз ғана еркiмен‚ азғана қуатымен‚ қысқа ғана өмiрiмен‚ шамалы ғана тiршiлiгiмен‚ шектеулi шағын пiкiрiмен қыруар қайғы-қасiреттерге қарсы және сансыз армандарына жету үшiн босқа қақтығып-соқтығып жүредi. Сондай-ақ‚ сансыз армандары мен мақсаттарына жету үшiн нәтижесiз босқа жанталасады. Әрi өз басын алып жүре алмағанымен тұрмай‚ алып дүниенiң жүгiн әлсiз мойны мен сорлы басына жүктейдi. Тозаққа бармай тұрып тозақтың азабын дүниеде шегедi.

Рас‚ осы ауыр қайғы мен рухани үрейлi азапты сезбеу үшiн дiннен безгендер ауырған жердi жансыздандыру тәрiздес‚ ғафлет26 мастығымен уақытша ғана сезбейдi. Бiрақ уақыты келгенде‚ яғни қабiрге жақын қалғанда бiрден сезедi. Себебi: Жәнабы Хаққа шын мәнiнде құл болмаса‚ өзi-өзiне қожайынмын деп ойлайды. Алайда азғана еркiмен‚ болмашы ғана қуатымен мына алай-бұлай дүниеде өзiн сақтап жүре алмайды. Өмiрiне зиянды микробтан бастап‚ сонау зiлзалаға дейiн мыңдаған тобыр дұшпандары оның өмiрiне қауiп-қатер төндiруде деп бiледi. Аянышты қасiрет iшiнде мұңайып‚ әрдайым өзiне суық көрiнген қабiр есiгiне қарайды.

Мұның үстiне адам болған соң адамзатпен және дүниемен қатынасы болса да‚ дүние мен адамды бiр Хаким35‚ Алим58‚ Қадир59‚ Рахим36‚ Кәрим60 бiр Жаратушының қол астында деп ойламай‚ оларды кездейсоқтық пен табиғаттың құбылысы деп бiледi. Сондықтан дүниенiң қорлықтары мен адамның ахуалы оны әрдайым мазалайды. Қара басының қайғысы-

мен бiрге адамдардың қайғысын да жұтады. Дүниенiң

зiлзаласы мен обасы‚ топаны мен аштығы‚ айрылысуы‚

жоқшылығы мен жамандығы жанын жегiдей жейтiн‚ әрi қараңғы қайғы-зар түрiнде көрiнiп оның жанын азаптайды.

Сондай-ақ‚ мұндай күйдегi адам жан ашып‚ мейiрiмдiлiк етуге лайық емес. Өйткенi ол мұндай ауыр

күйдi өзi тiлеп алды. Сегiзiншi сөзде құдыққа түскен екi ағайындының жағдайын теңеуде былай делiнген:

Мәселен‚ бiр адам мәуелi әсем бақша-бауда‚ керемет

жайылған дастархан басында‚ сүйiктi қимас достарының арасында орынды да тәттi‚ әсем‚ ұнамды‚ адал ләззат пен көңiл көтерудi мiсе тұтпай‚ заңсыз және жағымсыз ләззат үшiн былғаныш‚ ащы iшiмдiк iшiп мас болса‚ сөйтiп өзiн суық қыс ортасында‚ ластанған жерде‚ тiптi айуандармен бiргемiн деп қызыл өңеш болып‚ айқайлап шуласа‚ әрине‚ жанашырлыққа лайық емес. Өйткенi абыройлы‚ қадiрлi достарын айуанға санап‚ оларды сайқымазаққа салады.

Әрi дастархандағы тәттi тағамдарды‚ таза ыдыстарды былғаныш‚ лас тастарға теңеп‚ сындыра бастайды. Отырыстағы қымбатты кiтаптар мен мағыналы хаттарды жөн-жосықсыз‚ мағынасыз ою-өрнектер деп долбарлап‚ жыртып-жыртып аяқ асты етедi‚ тағысын тағы... Мұндай адам мейiрiмге лайық емес‚ қайта жұдырық жеуге лайық.

Сол сияқты: жөн-жосықсыз әрекетiнен туындайтын күпiрлiк мастығымен және адасушылықтың бассыздығымен Саниы Хакимнiң 40 мына “дүние” атты қонақ үйiн кездейсоқтық пен табиғаттың ойыншығы деп ойлап‚ Аллаhтың әсем есiмдерiнiң көрiнiстерiн жаңартып отырған жаратынды туындыларын заман ағымымен мiндетiн аяқтап‚ ғайып әлемiне өтулерiн жойылды‚ құрдымға кеттi деп долбарсиды‚ әрi тәсбих61 еткен дауыстарын қоштасу мен мәңгiге айрылысудың жоқтауы деп ойлағандықтан сондай-ақ‚ Сәмадани48 хаттар болып табылатын мына болмыс атаулыны мәнсiз‚ астаң-кестеңi шыққан деп долбарлап‚ мейiрiмдiлiк әлемiне жол ашатын қабiр есiгiн жойылу түнегiнiң есiгi деп‚ ал ажалды шынайы достарға қауышу үшiн шақырылу деп ойламай‚ барша достардан айырылу кезегi деп болжалдап ойлағандықтан ең әуелi өзiн жан шошырлық ауыр азапқа салады. Сосын бүкiл жаратындыларды‚ әрi Жәнабы Хақтың есiмдерiн‚ хаттарын жоққа шығарып‚ қадiрiн кетiрiп‚ қорлағандықтан мейiрiмдiлiк пен жанашырлықтан тысқары қалып қана қоймай‚ төзгiсiз азап шегуге лайықты болады. Ондай адамға ешқандай қайырымдылық жасауға болмайды.

Мiне‚ әй‚ дiннен безген сорлылар мен нәпсiқұмар байғұстар! Мына аталған қорқынышты құлдырау мен жанды инайтын үмiтсiздiкке қайсы өркениеттерiң‚ қайсы ғылымдарың‚ қайсы жетiстiктерiң‚ қайсы мәдениеттерiң‚ қайсы табыстарың қарсы тұра алады? Адам жанының қатты қалап‚ мұқтаж болған нағыз медеттi қайдан таба аласыңдар?

Әрi өздерiңше сенiм артып‚ арқа сүйеп жүрген және Иләhи жаратындылар мен Раббани62 сыйлықтарды еншiлеп берген қайсы табиғаттарың‚ қайсы себептерiң‚ қайсы серiктерiң‚ қайсы жаңалықтарың‚ қайсы ұлттарың‚ қайсы жалған құдайларың сендердi мәңгi жоқтық деп өздерiңше ойлаған өлiмнiң қорқынышынан құтқарып қабiрдiң шегiнен‚ барзахтың шегiнен‚ махшардың шегiнен‚ сырат көпiрiнен емiн-еркiн өткiзе алады және мәңгi бақытқа жеткiзе алады? Алайда қабiр есiгiн жаба алмаған-дықтарыңнан сендер сөз жоқ бұл жолда жолаушысыңдар. Мұндай күйдегi жолаушы‚ әрине‚ барлық ұщы- қиырсыз алаңдар мен кең-байтақ шекараларды қол астында ұстап‚ басқарып тұрған бiреуге арқа сүйеуi керек.

Тағы да әй‚ дiннен шыққан және бейқам жүрген бей-шаралар! “Орынсыз қолданған махаббаттың ақыры аяусыз азап шегу“ деген қағиданың сыры бойынша‚ сендер бойларыңдағы Жәнабы Хақтың өзiне‚ сипатына‚ есiмдерiне арналған махаббат пен сауаттылық қабiлетiн‚ шүкiр ететiн‚ құлшылық ететiн мүшелердi нәпсiлерiңе және дүниеге заңсыз түрде жұмсағандықтарыңнан өте орынды түрде жазасын тартудасыңдар. Өйткенi Жәнабы Хаққа тиесiлi махаббатты нәпсiлерiңе арнадыңдар. Сөйтiп жақсы көрген нәпсiлерiңнiң сансыз қайғысын шегудесiңдер. Себебi ынтық болған сол нәпсiлерiңдi нағыз рақатына бөлемедiңдер. Әрi оны шын сүюге лайық Қадиры Мұтлаққа63 тәуекел деп тәсiлiм етпейсiңдер. Осылайша үнемi қасiретiн шегудесiңдер.

Сондай-ақ‚ Жәнабы Хақтың есiмдерi мен сипаттарына тиесiлi махаббатты дүниеге арнадыңдар‚ жаратылған туындыларын әлемнiң себептерiне бөлiп бердiңдер‚ сөйтiп бастарыңа бәле тауып алдыңдар. Өйткенi ондай сансыз сүйiктiлерiңнiң бiрсыпырасы сендерге “Құдайға аманат‚” демей сырт айналып‚ тастап кете бередi. Кейбiрi сендердi мүлдем танымайды. Таныса да сендердi жақсы көрмейдi. Жақсы көрсе де‚ олардың сендерге пайдасы жоқ. Үнемi осындай есепсiз қоштасулардан‚ үмiтсiздене келмеске кететiндей айрылулардан азап-қорлық көрудесiңдер.

Мiне‚ дiннен шығып адасқандардың “өмiрдiң бақыты‚ адамның өркендеуi‚ мәдениеттiң жетiстiктерi, еркiндiктiң рақаты” деп жүрген нәрселерiнiң шын мәнiсi мен iшкi сыры - осы. Азғындық пен мастық бiр перде‚ ол уақытша сездiрмейдi.“Олардың ақылына тфуу!” де.

Алайда Құранның нұрлы жолына келетiн болсақ‚ дiннен шыққан байғұстардың бүкiл жараларын иман ақиқаттарымен емдеп жазады. Бастапқы жолдағы барша қараңғылықты сейiлтедi. Адасушылық пен құрдымның барлық есiктерiн жабады. Былайша:

Адамның әлсiздiк пен дәрменсiздiгiн‚ пақырлық пен мұқтаждығын Қадиры Рахимге64 тәуекел еткiзiп‚ емдеп бередi. Өмiр мен тұрмыс тауқыметiн Оның құдiретiне‚ мейiрiмiне тапсырып‚ ол ауыр жүктi мойнына емес‚ қайта өзi сол өмiр мен нәпсiне мiнгендей бiр жылы орын табады. Өзiнiң “сөйлейтiн бiр айуан” емес‚ керiсiнше нағыз адам және Рахманның қадiрлi қонағы екенiн бiлдiредi.

Дүниенi Рахманның19 бiр қонақ үйi екенiн көрсете отырып‚ дүниедегi жаратылыс атаулыны Иләhи есiмдердiң айналары екендiгiн‚ ал жаратынды туындылары болса‚ үнемi жаңарып отыратын Сәмадани хаттар екенiн бiлдередi. Әрi дүниенiң опасыздығынан, нәрселердiң көзден таса болуларынан және жалғанды сүюден туындайтын адамның жараларын жақсылап емдеп‚ жазып бередi. Және күдiктi ойлардың шырмауынан құтқарады.

Сондай-ақ‚ өлiм мен ажалды барзах әлемiне және мәңгi әлемдегi достарға қауышудың‚ әрi кездесудiң бастамасы ретiнде көрсетедi. Дiннен шыққандардың ойынша‚ барша достарынан мәңгi айрылысу деп өздерiнше ойлаған өлiмнiң қара дақтарын осылайша кетiредi. Ондай қоштасу - қоштасу емес‚ нағыз табысу екенiн дәлелдеп бередi.

Әрi қабiр - мейiрiмдiлiк әлемiне‚ бақыт мекенiне, жәннат бақшаларына‚ Рахманның нұрлы әлемiне ашылған бiр есiк екенiн дәлелдеумен қатар‚ адам баласының ең үлкен қорқынышын сейiлтiп‚ ең аяусыз қасiрет пен өкiнiш толы қабiрдегi саяхатының ең тәттi‚ үйреншiктi және көңiлдi бiр саяхат екенiн көрсетедi. Қабiр мен аждаhаның аузын бiтейдi‚ сөйтiп жайнаған сұлу бақшаға есiк ашады. Яғни қабiр аждаhаның аузы емес‚ қайта қайырымдылық толы бақшаларға ашылған бiр есiк екенiн көрсетедi.

Сосын иманды кiсiге былай дейдi: “Қолдағы еркiң шамалы болса‚ өз Иеңнiң күллi қалауына шаруаңды тапсыр. Күш-қуатың аз болса‚ Қадиры Мұтлақтың63 құдiретiне сенiм арт. Тiршiлiгiң аз болса‚ мәңгi дүниеңдi ойла. Өмiрiң қысқа болса‚ мәңгi бiр өмiрiң бар‚ уайымдама. Пiкiрiң таяз келсе‚ Құран күнiнiң астына тұр. Сонда иман нұрымен қарасаң жылтырауық қоңыздай көмескi тартқан пiкiрiңнiң орнына Құранның әрбiр аяты жарқыраған жұлдыздай саған сәуле шашады. Әрi сансыз армандарың мен қасiреттерiң бар болса‚ алдыңда сенi күтiп тұрған бiтпейтiн сауап пен шексiз рақымдылық бар. Әрi есепсiз мақсаттарың мен талаптарың бар болса, оларды ойлап мұңайма. Олар бұл дүниеге сыймай-ды.Олардың орны басқа жақта. Әрi оларды беретiн де басқа бiреу ”.

Тағы да былай дейдi: “Әй‚ адам ‚ сен өзiңе қожайын емессiң . Сен құдiретi шексiз бiр Қадирдiң‚ мейiрiмi шексiз бiр Рахимi Заты Зүлжәлалдың65 пендесiсiң. Олай болса‚ өз өмiрiңнiң тауқыметiн өзiңе жүктеп қиналма. Өйткенi өмiрдi сыйлаған - Ол. Басқаратын да - Ол. Әрi дүние иесiз емес. Сен өз басыңа дүние жүгiн артып‚ қиыншылығын ойлап уайымдама. Өйткенi оның иесi - Хаким35‚ Алим58. Сен де қонақсың‚ бекерден бекерге шатыспа ‚ шатыстырма.

Әрi адамдар‚ жан-жануарлар сияқты болмыс атаулы бостан емес‚ қайта мiндеттi қызметкерлер болып табылады. Олар бiр Хакимi Рахимның66 бақылауында. Олардың қайғылары мен қиыншылықтарын ойлап‚ жаныңды қинама. Және олардың Халиқы Рахимының18 мейiрiмiнен артық мейiрiм жасаймын деп даурықпа .Әрi саған дұшпан көрiнген улы микробтан бастап‚ сонау оба‚ топан‚ аштық‚ зiлзалаға дейiнгi барша нәрселердiң тiзгiнi сол Рахимi Хакимнiң66 қолында. Ол -Хаким35‚ әбестiк жасамайды. Ол - Рахим36‚ мейiрiмдiлi-гiнде шек жоқ. Iстеген &