Адам Және Иман
ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗ
(Бұл сөз екі бөлімнен түрады)
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
لَقَدْ خَلَقْناَ اْلاِنْسَانَ فِىۤ اَحْسَنِ تَقْوِيمٍ * ثُمَّ رَدَدْنَاهُ اَسْفَلَ سَافِلِينَ * اِلاَّ الَّذِينَ اٰمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ
БІРІНШІ БӨЛІМ
Иманның мыңцаған әсемдіктерінен тек бесеуін "бес нүкте" арқылы баяндаймыз.
Бірінші нүкте:
Адам, иманның нұрымен ала-и иллийне шығады. Сөйтіп, жәннәтқа лайық қасиетке ие
болады. Ал, күпірліктің көрсоқырлығы болса оны іштей аздырып түкке жарамайтын пайдасыз етіп жәhәннәмға лайық күйге душар етеді. Өйткені, иман адамды Сани-ы Зүлжәләлімен байланыстырып тұрады. Иман бейне бір көпір. Олай болса адам Аллаhтың шеберлігін және әсем есімдерінің нақыштарын иманы арқылы бойына сіңіріп қадір-қасиеті артады. Күпірлік болса бұл байланысты түбірімен қопарып үзіп тастайды. Сабақтастықтың үзілуі нәтижесінде Раббани шеберліктер көрінбей көмескіленіп қалады. Қадір-қасиеті содан тек материалдық тұрғыдан бағаланатын болады. Материя болса тұрақсыз, фәни hәм жануарлардың өміріне тән болғандықтан қүны жоқ.
Бұл сырды тәмсіл арқылы баяндалық. Мәселен: өнер саласында материяның құны мен шеберліктің құны әр түрлі. Кейде екеуінің құндылығы қатарласып, кейде материя құндырақ көрінеді. Ал кейде бес тиындық бақыр сияқты шикізаттан бес теңгелік бұйым жасалады. Тіпті миллион теңгелік көне бұйым, бес тиындық шикізаттан жасалуы мүмкін. Міне осындай бір өнер туындысы антикварлық базарға апарылса, ол жерде өте ескі замандағы он саусағынан өнер тамған шеберұстасы мадақталып, біргетаныстырылса, манағы туынды миллион есе қымбатқа сатылар еді. Егер темір-терсек сататын дүкенге апарылса қүны көк тиын болары анық.
Мінекей адам, Жәнаб-ы Хақтың таңғажайып туындысы әрі өзі тым нәзік hәм құдіретінің мүғжизесі. Аллаhу Тағала адамды өзінің әсем есімдеріне бөлеп, нақыштарымен әшекейлеп, бүкіл әлемнің кішкене өрнегі ретінде жаратқан.
Егер оған иман нұры ұяласа, бойындағы терең мағыналы барлық нақыштар сол нұр арқылы оқылады. Оларды мүтминнің өзі де сана-сезімімен оқиды. Әрі сол нұр арқылы басқаларға да оқытады. Яғни "Мен Сани-ы Зүлжәләлдің туындысымын, мақұлығымын. Оның рақымы мен мейіріміне бөлендім" деген сияқты тұжырымдармен бойындағы Аллаhтыңшеберлігін көрсетеді. Демек Саниымен байланыстырып тұратын иман адамның бойындағы күллі шеберлікті жарыққа шығарады. Адамның құны Раббысының шеберлігімен бірге әрі Самәдани айна болуы жағынан бағаланатын болады. Сөйтіп мына елеусіз адам, әлгі байланыстың арқасында бүкіл мақұлықтардан жоғары мәртебеге шығып, Аллаhтың тыңдаушысы әрі жәннәтқа лайық Раббани қонақ болады.
Егер байланысты үзетін күпірлік адамның бойын жайласа, Аллаhтың күллі әсем есімдерінің нақыштарын қараңғылық тұмшалап оқылмайтын етеді. Расында Сани-ы ұмытылса оған қатысты мағыналар түсініксіз болып, бас-аяқсыз құбыжық тәрізді боп қалады. Манағы тамаша да көркем өнер мен керемет сырға толы нақыштардың көпшілігі ашылмай қалады. Қалған жақтары және көзге көрінетін түстары болса жәй себептерге, кездейсоқтыққа сондай-ақ табиғаттың еркіне беріліп ақырында қүты қашады. Әрқайсысы жалт-жұлт еткен алмас болса да күңгірт жәй шыныға айналады. Маңыздылығы тек "тірі зат" - деп бағаланатын болады. Адам баласына заттай тұрғыдан қарайтын болсақ және одан шығатын нәтиже: өмірі қысқа, жануарлардың ең бейшарасы әрі тым мұқтаж, ең мұңлы мақұлық. Солай бола тұра өте қысқа мерзім тіршілік етеді. Соңында шіріп жойылып кетеді. Мінекей, күпірлік осылайша адамгершілік қасиетті жойып, алмасты көмірге айналдырады.
Екінші нүкте:
Иман: жарқыраған нұр. Ол, адамды нұрландырып бойындағы барлық Самәдани хаттарды оқытады. Сондай-ақ бүкіл әлемді де нұрға бөлейді. Өткен кезең мен болашақты қараңғылықтан сақтайды. Бұл хикметті түсінікті болу үшін, Қасиетті Құранның:
اَللهُ وَلِىُّ الَّذِينَ اٰمَنوُا يُخْرِجُهُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ
деген аятының бір ғана сырына қатысты тәмсіл көрген болатынмын, сол тәмсілді баяндап берейін. Қияли уақиға былай болатын: Бір-біріне қарама қарсы екі тау тұр екен деймін. Үстіне қорқынышты көпір тартылған. Көпірдің асты терең құз. Үстінде мен тұрмын. Дүниені қараңғылықбасқан, айнала тас-түнек. Оң жаққа қарап едім, қою қараңғылықта үлкен мазар көрінді яғни елестеттім. Сол жаққа қарап едім, тас түнек, алай-түлей дауыл соғып тұр. Сәлден соң апат болатындай көрінді. Еңкейіп төмен қарап едім, шыңырау құз көрінгендей болды. Мына қорқынышты қараңғыда пайдаланатын қалта фонарым бар болатын. Соны пайдаланып көмескі, әлсіз жарығымен айналама қарадым. Жағдай өте сесті. Тіпті алдымдағы көпірдің басында және айналасында айдаhарлар, айбарлы арыстандар сияқты жыртқыш аңдарды көріп: "Шіркін фонарым болмағанда ғой, мына қорқынышты күйлерді көрмеген болар едім!" деп іштей қынжылдым. Фонарымды қай жаққа бұрсам да алдымнан үрейлі көріністер шыға берді. "Қап, мына фонар басыма бәле болды!"деп фонарға ашуландым. Болмаған соң қалта фонарымды жерге бір ұрып сындырдым. Сол-ақ екен құдды оның сынуы дүниені жарық қылатын алып электр шамының қосқышына тиіп кеткендей, қараңғы түнексейіліп қоя берді. Ол шам айналаны нұрға бөледі. Әр нәрсенің ақиқатын көрсетті. Бақтым, жаңағы көрінген көпір әсем жазық даладағы жол екен. Ал, оң жағымдағы үлкен мазарлар болса, жайқалған бау-бақшалар болып шықты. Қорқынышты бейнелер нұрлы жүзді адамдардың әкімшілігіндегі сұхбаттасу, қызмет ету, құлшылық пен зікір салу мәжілістері екенін аңғардым. Сол жағымдағы боранды шыңыраулар дегенім әдемі, сұлу асқар таулар екенін көрдім. Оның арғы жағында үлкен қонақ асы, тамаша серуенжай, көңіл көтерулер бар екенін қиял аралас түйсіндім. Менің айдаhар деп қорыққан жыртқыш аңдарым болса, сүйкімді әрі момақан түйе, сиыр, қой, ешкі сияқты үй жануарлары екен. Дереу: "Әлхамдү-лиллаhи ала нурил иман" деп, Құраннан:
اَللهُ وَلِىُّ الَّذِينَ اٰمَنوُا يُخْرِجُهُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ
деген қасиетті аятты оқыдым, сол кезде оқиғада тамам болды.
Міне, манағы екі тау дегеніміз өмірдің басы мен соңы, яғни бұл әлем мен қабір әлемі. Көпір болса өмір жол, оң жақ - өткен жақ, сол жақ - болашақ. Қалта фонары болса өзімшіл, білгеніне жүгінгеннен аспайтын әрі Аллаhтың әмірін тыңдамайтын адам бойындағы менмендік. Жануарлар сияқты көрінген нәрселер болса, әлемдегі таңғажайып құбылыстар мен мақұлықтар.
Мінекей менменшіл, қырсыққаннан қапы қалып әрі құдайдан безіп адасқан адам, бұл оқиғадағы бастапқы хәліме ұқсайды. Құдайдан безген адам қалта фонары тәрізді шала-пұла әрі адасқандық сезілетін мағлұматтар арқылы өткен шақты үлкен мазарлық бейнесінде жойылу, өшу деп көреді. Болашақты; дауылды-соқпақты, кездейсоқтықтың қолындағы үрейлі кезең деп біледі. Һәм Хаким-ы Рахимның құбылыстар мен жаратылыстар сияқты тіл алғыш қызметшілерін қатерлі жыртқыш аңдар деп қалады. Сөйтіп, менменшілдік оны
وَالَّذِينَ كَفَرُوۤا اَوْلِيَاۤئُهُمُ الطَّاغُوتُ يُخْرِجُونَهُمْ مِنَ النُّورِ اِلَى الظُّلُمَاتِ
- дейтін үкімге лайық етеді. Егер Аллаhтан хидает келіп, тура жолға түссе, көңіліне иман ұялап нәпсінің перғауындық қасиеті талқандалса, Аллаhтың кітабын тыңдаса, ол кезде оқиғадағы екінші хәліме ұқсайды. Бүкіл әлем күндізгідей жайнап, Аллаhтың нұрына толады. Әлем:
اَللهُ نوُرُ السَّمٰوَاتِ وَاْلاَرْضِ
деген аятты оқитын болады. Енді өткен шақты мазарлар бейнесінде емес, әр ғасырда пайғамбарлардың немесе әулиелердің әкімшілігімен қүлшылық жасаған рухы таза кісілердің өмірде өз міндеттерін аяқтай отырып: "Аллаhу Әкбар" деп, жоғары мәртебеге өрлегендерін және болашаққа саяхат жасағандарын жүрек көзімен көреді. Сол жағынан қарап; буырқанған теңіздей берзах пен ақыреттің ірі-ірі құбылыстарының тасасында жәннәттің бақшасындағы зәулім сарайларда әзірленген Рахмани қонақасының бар екенін иманның нүрымен алыстан сезеді. Дауыл мен зілзәлә, топан сияқты қүбылыстарды сенімді қызметшілер деп біледі. Көктемнің дауылы мен селдей жауатын жаңбыры сырттай жағымсыз, өңі суық көрінгенмен, ал шындығында өте нәзік әрі хикметтолы екенін сезеді. Тіпті ажалды, мәңгі өмірдіңкіріспесі, ал қабірді болса мәңгі бақыттылықтың баспалдағы деп біледі. Қалған жақтарын өзіңсалыстырып, ақиқатты мысалға теңе.
Үшінші нүкте:
Иман - нұр әрі қуат. Иә, ақиқи иманға қолы жеткен адам, бүкіл әлемге атой сала алады. Иманның қуаттылығына қарай құбылыстардың қыспақтарына төтеп береді. Ісін бір Аллаhқа тапсырып тәуекелге бел буады. Зор сенімімен өмір кемесіне мініп тасқынды толқындарға қарсы жүзіп сайран құрады. Барлық ауыртпалықты Қадир-ы Мутлақтың құдіретіне жүктеп дүниеде рахат өмір сүреді де берзахта тынығып алады. Содан соң мәңгі бақыт жері, жәннәтқа самғайды. Егер тәуекел етпей қасарысса, дүниенің ауыртпалықтары оның самғауы былай тұрсын керісінше тозақтың түбіне батырып жібереді. Демек иманға тәухид, тәухидқа тәслім, тәслімге тәуекел керекті, тәуекел болса, нәтижеде екі дүниенің бақытына бөлейді.
Бірақ мұны дұрыс түсін. Тәуекел дегеніміз шарттарды жаппай жоққа шығару емес. Қайта оларды құдіреттің перделері деп танып, ал шарттарын орындау болса іс-қимылмен жасалатын дұға деп, нәтижелерді тек Құдайдан тілеу және табысқа жеткізген Сол деп алғысын білдіріп, Оған қарыздар болу.
Тәуекел етіп, етпегендердің теңеулерін бір хикая арқылы баяндап берейін.
Бір күні екі адам арқаларына hәм бастарына ауыр жүктер артып, үлкен кемеге мінеді. Біреуі кемеге кірер-кірмес жүгін жерге қойып, үстіне отыра кетеді. Айналаны тамашалап көңілі жәй. Серігі болса ақымақ әрі тәкәббар болғандықтан керек жүгін жерге қоймай арқалап тұрды. Серігі оған:
- Жүгің ауыр ғой, кемеге қойып дем алсаңшы! - деп еді, ол:
- Жоқ болмайды. Мұны көтере алмайтындай маған не болыпты, тәйірі. Әрі жоғалып кетсе қайтемін, - деп жауап берді. Оған жаны ашығандар тағы да: "Бәрімізді көтеріп тұрған патшаның мына кемесі өте қуатты да сенімді әрі жақсы сақтайды. Бүйте берсең басың айналып, жүгіңмен бірге теңізге құлап кетесің. Уақыт өткенсайын әлсіреп, мына бүкірейген белің мен ақымақ басың ауыр жүкке шыдай алмайды. Кеменің қожайыны сенің мына түріңці көрсе, "алжасқан есуас неме, кемемнің сенімді екеніне күмәнданып тұр-ау. Мазақ қылуын қарашы, өзінің" деп қамап тастауы мүмкін. Һәм, баршаға күлкі боласың. Себебі, әлсіздігіңді көрсететін тәкәппәрлығың, бейшаралығыңды білдіретін көкіректігің, екі жүзділік пен мүсәпірлігіңді көрсететін жасанды іс-әрекеттеріңді көрген жұрт әжуәләп күліп жатыр" дегеннен кейін, әлгі бейшараның есі кірді. Жүгін қойып үстіне отырды да:
- Уф, Құдай қалауыңды берсін! Машақаттан, қамаудан, масқара болудан құтқардың -деп, серігіне алғысын білдірді.
Міне, әй тәуекелді білмейтін адам! Ақылға кел, тәуекел де! Сол кезде жаратылыс атаулыға тіленуден, оқиғалардан түршігуден, масқаралықтан, ахирет азабынан, тар дүниенің қыспағынан құтыласың.
Төртінші нүкте:
Адамды адам еткен иман. Тіпті сұлтан қылатын да сол. Олай болса адамның басты міндеті - иман мен дұға. Күпірлік - адамды нағыз хайуанға айналдырады.
Бұл мәселемізге мыңдаған дәлелдерден бір ғана дәлел: хайуан мен адамның дүниеге келу сәтіндегі айырмашылықтар.
Иә, адамзат иман арқылы адамзат атанғанын, адам мен хайуанның дүниеге келуіндегі айырмашылықтар көрсетіп отыр. Өйткені, хайуан дүниеге келген сәтте, бейне бір басқа әлемде жетілгендей бейімділігіне қарай кемелден түрде келеді, яғни жіберіледі. Екі сағатта, екі күнде немесе екі айда тіршілік заңдарын және қоршаған ортамен болатын қатынасын, өмір шарттарын түгелімен әп-сәтте үйреніп алады да іскер болып шыға келеді. Адамның жиырма жылда қолы жетпейтін табысы мен іскерлігін, торғай мен ара сияқты мақұлықтар жиырма күнде үйреніп алады, яғни оларға үйретіледі. Демек жануарлардың асыл міндеті, іздене отырып даму емес әрі білім жинай отырып жетілу емес, бейшаралығын көрсетіп көмек сұрау, дұға ету емес. Олардың негізгі міндеті; бейімділігіне қарай тіршілік ету мен амал жасау, іс-әрекеттері арқылы құлшылық ету болып табылады.
Адам болса дүниеге келгенде әр нәрсені үйренуге мұқтаж, өмір шарттарынан бейхабар тіпті жиырма жасына дейін оны толық үйрене алмайды. Керек десеңіз өмірінің соңына дейін үйренуге мұқтаж, hәм тым әлсіз, бейшара түрде дүниеге жіберіледі. Бір-екі жылда әзер дегенде аяғын басады. Он бес жасқа келгенде оң мен солын танып, өмір сүрген ортасының ықпалымен жақсы мен жаманды айыратын болады. Демек, адамның о бастағы міндеті талпыну мен жетілу және дұға мен құлшылық болып табылады. Яғни, "Кім екен маған жанашырлық жасап, хикметті түрде басқарып отырған? Қайырымы мол, нәзіктүрдеазықтандырушы, иелікетіп тәрбиелеуші кім болды екен?" деп ойлану, білу. Мыңнан біріне қолы жетпейтін қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отырған Қади-үл-Хажатқа өзінің әлсіздігімен, бейшаралығымен жалбарыну, өтіну және дұға ету, яғни әлсіздік пен бейшаралықты қанат жасап құлдықтың ең жоғарғы сатысына самғау болып табылады.
Демек, адам бұл әлемге білім жене дұға арқылы дамып жетілу үшін келген. Әр нәрсе мәнісі мен бейімділігі жағынан ғылымға тәуелді. Ал нағыз ғылымдардың негізі мен қайнағы, нұры мен рухы - Марифетуллаh, ал оның ірге тасы Иман-ы Биллаh.
Сондай-ақ, адам баласы тым әлсіз, оның үстіне басына үйілген бәлелері, көптеген дұшпандары бар, олардан әрдайым соққы жейді. Өзі тым бейшара, кіріптар, шексіз талап-тілектері бар. Сондықтан болғандықтан, жаратылысынан атқаруға міндетті жұмысы - иманнан кейін келетін дұға болып табылады. Дұға дегеніміз құлшылықтың негізі. Мәселен: сәби өзінің қолы жетпеген нәрсесін алу үшін жылайды, я сұрайды, яғни іс-әрекетімен немесе тілімен әлсіздігін білдіріп дұға етеді. Осылайша көздеген мақсатына жетеді. Сол сияқты адам, бүкіл жануарлардың ішінде бейне бір нәзік, ерке сәби секілді. Ол, Рахманүр-рахимнің алдында өзінің әлсіз, бейшаралығымен жылауы немесе пақырлығымен, мұқтаждығымен дұға етуі тиіс. Оның бұлай дұға етуі, мақсатына жеткізеді немесе жасаған қамқорлыққа алғысын білдірген болып есептеледі. Әйтпесе кішкентай шыбыннан зәресі қалмайтын жылауық, ақымақ әрі тентек баладай: "Мен өз күшіммен, менен мың есе күшті, таңғажайып алып нәрселерді бағындырып отырмын. Сана-сезіміммен көзін тауып, бас идіріп отырмын", - деп, рақымдылықты жоққа шығару, адамгершілікке қайшы келетіні сияқты өзін ауыр жазаға лайық етеді.
Бесінші нүкте:
Иман дұғаны нақты міндет ретінде қажет ететіні және адамның жаратылысы оған мұқтаж болғаны сияқты, тіпті Жәнаб-ы Хақтың өзі "Дұғаңыз болмаса қандай қадірлерің бар"
قُلْ مَا يَعْبَؤُا بِكُمْ رَبِّى لَوْلاَ دُعَاۤؤُكُمْ
деп бұйырады. Әрі оның
اُدْعُونِىۤ اَسْتَجِبْ لَكُم ْ
деген әмірі тағы бар.
Егер: "Қайта-қайта дұға етіп жалбарынып жатамыз. Кейде қабыл болмайды. Алайда аят жалпыға ортақ, барлық
дұғаға бірдей жауап беріледі, дейді. Сонда қалай?" - дейтін болсаң, оған айтыларжауап мынадай:
Жауап беру басқа да қабыл алу басқа. Барлық дұғаның жауабы беріледі. Бірақ қабыл болуы және тілегені орындалуы Аллаhу Тағаланың хикметіне тәуелді. Мәселен: Науқас бала дәрігерге келіп: "Дәрігер!" - дейді. -"Иә балақай, айта ғой", - деп жауап береді дәрігер.
- Маған анау дәріні бересіз бе? - дейді бала. Дәрігер болса оның айтқанын я бұлжытпай орындайды, я оның жағдайына байланысты одан да жақсысын береді, не болмаса денсаулығына зиян екенін біліп ештеңе бермейді.
Сол сияқты Жәнаб-ы, Хаким-ы Муглақ бәрін көретін, білетін болғандықтан құлының дұғасын жауапсыз қалдырмайды. Оның жалғыздық пен қорқынышты күйіне өзінің жанашырлығымен жауап беріп, қайғысын қуанышқа айналдырады. Әрине адамның әуесқой нәпсісінің қалауына қарай емес, Раббани хикметінің талабына сай түрде тілігенін немесе одан да тәуірін береді. Я болмаса ештеңе бермейді.
Сондай-ақ, дұға дегеніміз құлшылық. Құлшылық жемісін ахиретте береді. Дүниедегі мақсаттар болса, сондай дұға мен құлшылықтың уақыттары болып саналады. Ол мақсаттар бір пайда көру үшін емес. Мәселен: жаңбыр намазы мен оның дұғасы құлшылық болып саналады. Ал құрғақшылық болса сол құлшылықтың уақыты. Әйтпесе, ол дұға мен құлшылық жаңбырды жаудыру үшін емес. Егер тек сол үшін болса, ол дұға мен құлшылық шын жүректен болмағандықтан қабыл болуға лайық емес. Мәселен, Күннің батуы ақшам намазының уақыты болып саналады. Сондай-ақ, Ай мен Күнніңтүгылулары күсүфжәне хүсүф деген намаздардың уақыттары, яғни бұл аталған екі құлшылық сол уақыттарға ғана тән. Себебі ол кезде түн мен күннің жарқын айғағы Ай мен Күн перделенеді де, Аллаhтың орасандығын жар салатын болғандықтан Жәнаб-ы Хақ құлшылықтың осы бір түріне құлдарын дәл осы уақыттарда шақырады. Аталған намаз (ашылуы әрі қанша уақытқа созылуы астрономиялық есеппен белгілі болған) тұтылған Ай мен Күнді ашу үшін емес. Сол сияқты құрғақшылық та жаңбыр намазының уақыты. Басымызға бәле-жаланың немесе қандай да бір қайғының келуі, өзіне тән кейбір дұғалардың уақыттары. Сондай сәттерде адам, өзінің әлсіздігін сезіп дұға арқылы Қадир-ы Мутлақтың алдына тізе бүге жалбарынады. Егер көп дұға еткеннің өзінде бәле-жалалар тыйылмаса "дұға қабыл болмады" демей, оның орнына "дұғаның уақыты бітпеді" деу керек. Егер Жәнаб-ы Хақ жарылқап қайғы-қасірет сейілсе, онда тіпті жақсы. Дұғаның уақыт да біткен болып есептеледі. Демек дұғада құлшылықтың сыры бар.
Құлшылық шын жүректен Құдай үшін жасалады. Құл өзінің әлсіздігін көрсетіп дұға арқылы жалбарынуы тиіс. Аллаhтың ісіне, оның рубубиетіне араласпауы керек, істің сәтті болып, болмауын оның қолында деп, хикметіне сеніп, мейірімділігіне кінә артпауы керек.
Сонымен күллі аяттардың баяндамасынан шығатын қорытынды мынау: жаратылыс атаулының өзіне тән тәсбихтері, құлшылықтары, өздеріне тән жасайтын сәжделері бар. Міне, бұлар олардың Аллаhқа деген дұғалары. Дұғалардың да түрлері бар. Бірі, бейімділік тілімен (өсімдіктер атаулы мен жануарлардың дұғалары сияқты, олар әрқайсысы бейімділігіне қарай Фәияз-ы Мутлақтан тур талап етеді. Аллаhтың есімдеріне бөленуді қалайды), бірі, мұқтаждықтілімен (жан-жануарлардың шамалары жетпейтін қажет-тілектеріне қол жеткізу үшін, мәжбүр болып жасаған дұғалары. Әрқайсысы бойындағы мұқтаждық тілімен Жәууад-ы Мутлақтан тіршілік етулері үшін азық секілді кейбір қажеттіліктерін талап етеді), бірі, шарасыздық тілімен дұға (қиын-қыстауда әрбір мақұлық, сиынудан басқа шарасы қалмағандағы дұғасы. Әйтеуір бір қамқоршыға жалбарынады яғни Рабб-ы Рахимін іздейді). Жоғарыда аталған үш түрлі дұға, қандайда бір - кедергі болмаса - әрқашан қабыл болады.
Тағы бір дұғаның түрі - кәдуілгі біздің дұғамыз. Бұл дұға да екі түрге бөлінеді.
Біріншісі: іс-қимыл, хәл-жағдай арқылы.
Екіншісі: жүрек (көңіл) пен тіл арқылы.
Мәселен, себептерге ұмтылу іс-қимыл арқылы жасалатын дұға. Себептер жиналып нәтижені жасамайды, қайта хәлін білдіре отырып нәтижені Аллаhтан тілеу үшін оны риза қылатын күйге енеді. Тіпті егін егудің өзі мейірімділік қазынасына өтініш жасау. Мұндай іс-әрекетпен жасалған дұға, Жәууад-ы Мутлақтың есім мен атағына бағышталғандықтан басым көпшілігі қабыл болады.
Екінші түрі: жүрек пен тіл арқылы жасалатын дұға. Кейбір қол жетпеген талаптарын айту. Бұл дұғаның маңыздылығы, таптырмайтын мақсаты мен балдай тәтті жемісі мынадай: дұға жасап, тіленуші адам, өзін тыңдайтын біреу бар екенін, ол мұның жүрегінің түкпіріндегіні естіп бәріне шамасы жететінін, барлық талап-тілектерін орындай алатынын, бейшаралығына жаны ашып медет беретінін түсінеді.
Тыңда, әй әлсіз, бейшара адам және пақыр адамзат! Мейірімділік қазынасының кілті мен таусылмас қуат қайнағы болып табылатын дұғаны уысыңнан шығарма. Дұға арқылы адамгершіліктің ең жоғары мәртебесіне шық. Сұлтан атан да бүкіл әлемнің дұғасын өзіңнің дұғаңа қос. Құлдардың ең абыройлысы атанып, баршаның өкілі сияқты
اِيَّاكَ نَسْتَعِينُ
деп айт. Сөйтіп, бүкіл әлемге тамаша өнеге бол!..
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Бұл бөлімде адамды бақытқа немесе бақытсыздыққаұшырататын келелі себептердің бес түрі баяндалады.
Адам ахсен-і тақуим түрінде жаратылып, әрі өте бейімді болғандықтан азғындықтың ең төменгі сатысынан кемелденудің ең жоғарғы сатысына қарай, яғни жерден көкке, атом бөлшегінен күнге дейін созылып жатқан дәрежелерге, мақамдарға және мәртебелерге өрлей немесе құлдырай алатын жолдары бар сынақ алаңына жіберілген. Оның алдында биікке өрлеу мен төменге құлдырау сияқты екі жол жатыр. Міне ол, Құдайдың құдіретінің мүғжизесі, әрі жаратылыстың нәтижесі және шеберліктің таңғажайыбы болып мына дүниеге жолданған.
Адамның осындай керемет дамуы мен құлдырауының құпия сырын "Бес нүкте" арқылы баяндалық.
Бірінші нүкте:
Адам баласы бүкіл әлеммен өзара тығыз байланысты, әрі көптеген нәрселерге мұқтаж. Мұқтаждықтары әлемді қаптап, талап-тілектері ұшан-теңіз. Жаны гүлді қалағаны сияқты, көктемнің келуін де қалайды. Бақшаны аңсағаны сияқты, мәңгілік жәннәтті де аңсайды. Досын көруге құштар болғаны сияқты Жәмил-і Зүлжәләлді де көруге құмар-ақ. Басқа жерде тұратын сүйіктісін сағынып, есігін қаққысы келетіні сияқты, қабір әлеміне аттанған жүзден тоқсан тоғыз туысқандарымен мәңгілікке қоштасқысы келмей, оларға кіріп шығу ниетімен қу дүниенің есігін жауып, баршаның оралатын жері болған ақиреттің есігін ашатын, дүниені бұзып, орнына ахиретті құратын Қадир-ы Мутлақтың алдына жалбарынуға тым мұқтаж-ақ. Міне осындай күйдегі адамның Ма'буды, әлбетте барлық нәрсенің тізгіні қолында, әр нәрсенің қазынасы қасыңсіа, барлығын көруші, барлықжерде болып, мёкенге тәуелсіз, құдіретті күш иесі, кемшілікс/із, нұқсансыз біреу ғана бола алады. Мұндай сипаттарға ие жалғыз Қадир-ы Зүлжәләл, Рахим-ы Зүлжәмал, Хаким-ы Зүлкәмал ғана. Себебі адамзаттың шексіз қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын өтеу, тек қана шексіз құдірет пен мұхиттай білім иесіне тән. Олай болса, табыну мен жалбарыну тек соған арналуы тиіс.
Сонымен әй, адам! Егер тек оған ғана құл болсаң, бүкіл жаратылыстың үстіндегі мәртебеге шығасың. Егер құлшылыққа қарсы шығып, одан бас тартсаң әлсіз мақұлықтарға қорланған құл боласың. Менменшілдігіңе, күш-қуатына сеніп, тәуекел мен дұғаны қойып, тәкәббарланып, дауласатын болсаң, онда игілік пен бірдеме жасауға келгенде кәдуілгі ара мен құмырсқадан да дәрменсіз, өрмекші мен шыбыннан да әлсіз боласың. Ал бәлі мен жамандық жасауға келгенде тау мен теңізге жеткізбей, бәрінен асып кетесің.
Әй, адам! Расында сенде екі жақ бар. Біріншісі: бірдеме жасау, болмыс (бар болу), жақсылық, жағымды және қимыл. Екіншісі: бұзу, жоқ болу, жамандық, жағымсыз және толқу яғни әсер алу.
Бірінші жағыңа келсек: кәдуілгі арадан, торғайдан дәрменсіз; шыбыннан, өрмекшіден тым әлсізсің.
Екінші жағыңа келсек: көк пен жерден, таудан асып кетесің. Олардың әлсіздік көрсетіп, тайсалған жауапкершіліктерін мойныңа алып, олардікінен ауқымдырақ алаңға иелік етесің. Өйткені, сен игілік және бірдеме жасағаныңда, тек қолың жететін жерде шамаңа қарай жақсылық, бірдеме жасай аласың. Ал жамандық пен бұзықтық жасасаң ол кезде сенің жасаған жамандығың, әбестігің мен бұзықтығыңұлғайып, жайылып кетеді.
Мәселен: Күпірлік - өте жаман нәрсе. Ол бір бұзақылық, мойындамау. Сонымен қатар бүкіл әлемді қорлау, әрі Аллаhтың барлық есімдеріне кір келтіру және адамзаттың абыройын төгу болып табылады. Себебі, бізді қоршаған барлық нәрселердің жоғары мәртебелері, маңызды міндетгері бар. Қалай десеңіз, олар Раббани хаттар, әрі Субхани айналар сондай-ақ, Аллаhтың қызметшілері. Күпірлік болса, о баста оларды айналық етуден аластатып, міндетін және мағынасын жойып, әбестік пен кездейсоқтықтың ойыншығына айналдырады. Әлемдегі айна тәрізді жаратылыстың бетіндегі Аллаhтың есімдерінің нақыштарын, көріністерін, әсемдіктерін жоққа шығарып, мазақ қылады. Әрі Аллаhтың есімдерін тамаша түрде жариялайтын "адамгершілік" атты әсем шығармасын, яғни мәңгі жасайтын ағаштың жиhаздарын қамтыған дән тәрізді Қүдайдың құдіретінің туындысы сондай-ақ, үлкен аманат арқалап жер мен көкке үстемдік еткен, періштелерден де жоғары мәртебеге ие болған, жер жиhанның ұлы мәртебелі ханзадасы атанған адамзатты мүсәпір әрі фәни хайуаннан да бетер мүсәпір, тым әлсіз әрі пақыр санап, өмірден өте шығатын малғатеңеп әбден құлдыратып жібереді. Мағынасы жоқ мәні жоқ, бас-аяқсыз әрі өшіп қалатын түкке тұрғысыз боп қауқа деп масқара қылады.
Сонымен, жүгенсіз нәпсі; бұзу мен жамандыққа келгенде сұмдық жауыздық жасай алады, бірақ бірдеме жасау мен жақсылыққа келгенде қолынан келетіні шамалы. Расында да, үй тұрғызу қиын, оны бұзу оп-оңай. Бір күнде бұзуға болады, ал тұрғызу үшін жүз күн керек. Алайда, менменшілдікті тастап, жақсылықты, бар болуды (болмысты) аса қамқор Аллаhтың таупығынан тілесе және жамандықтан, бұзу мен қасарысудан бас тартып тәубаға келсе, ол кезде
يُبَدِّلُ اللهُ سَيِّاٰتِهِمْ حَسَنَاتٍ
сырына бөленеді. Бойындағы жамандыққа деген шексіз қабілеттер, жақсылыққа деген шексіз қабілеттерге айналады. Ахсен-і тақуим құндылығына ие болып, аса қадірлі, мәңгі жасайтын, жоғары мәртебеге ие болады.
Мінекей, әй, қапыда қалған адам! Жәнаб-ы Хақтың асқан мейірімділігіне қара! Бір жамандықты мың жазу, бір жақсылықты бір жазу немесе түк жазбау әділдік болса да, бір жамандықты бір жазып, бір жақсылықты он, кейде жеті жүз, тіпті кейде мың жазады. Осыдан барып түсін, анау от шашқан жәhәннәмға түсу амалыңның табысы, әрі өте әділ іс. Ал, жәннәтқа тап болу Аллаhтың мейірімі түсіп жарылқауы.
Екінші нүкте:
Адамның екі жағы бар. Біріншісі: менмендік жағы, онымен мына дүниеге қарайды. Екіншісі: құлдық жағы, онымен ахиреттік мәңгі өмірге қарайды. Бірінші жағынан алып қарағанда, бейшара мақұлық. Оның бар таянғаны еркіндік атаулыдан тек тырнақтай ерік және құдіреттен алар сыбағасы шағын бір кәсіп, көзді ашып жұмғанша өте шығатын өмір, көпке шыдамайтын болмыс. Хәлі осындай мүшкіл бола тұра әлемдегі барлық жаратылыспен салыстырғанда өте нәзік, әлсіз дара тұлға.
Екінші жағынан, әсіресе құлдыққа қатысты әлсіздік пен пақырлық жағынан алып қарағанда, алаңы кеңіп зор маңызға ие болады. Өйткені Фатыр-ы Хаким, адамның рухани жаратылысына соңсыз әлсіздік пен шексіз пақырлық жерлестірген. Ондағы мақсаты құдіреті соңсыз Қадир-ы Рахимның, байлығы шексіз, асыл қазына иесі Ғани-ы Кәрімнің соңсыз көркемдігін қамтитын жинақы айна жасау.
Иә, адам бейне бір дән секілді. Дәнге, құдірет тарапынан рухани әрі маңызды жиhаздар және тағдыр тарапынан шағын әрі құнды бағдарлама берілген. Мақсат, соларды пайдаланып жер астында тырбанып, тар әлемнен кең де жарық ауа әлеміне шығу. Жаратқан Иесінен ағаш болуды қалап бейімділік тілімен жалбарыну. Сөйтіп кемелденіп өзіне лайық түрге енеді. Егер дән, өзіне берілген рухани жиhаздарды теріс әрекеттерімен орынсыз жұмсап, жер астындағы зиянкес заттарды жинауға жұмсаса, сол тар жерде пайдаға жарамай шіріп кетеді. Егер дән, манағы рухани жиhаздарды
فَالِقُ الْحُبِّ وَالنَّوٰى
дейтін тәкуин әмірін өнеге тұтып тиімді пайдаланса, ол кезде тар да қапырық әлемнен шығады да зәулім ағашқа айналады. Сөйтіп дәндегі шағын ақиқат пен мағынауи рух, зор ақиқатқа айналады. Дәл сол сияқты адам баласына үлкен мән беріліп, құдіреттен маңызды жиhаздар, тағдырдан құнды бағдарламалар берілген. Егер адам баласы, жер асты тәрізді мына тар дүниеде және тұрмыста манағы рухани жиhаздарды нәпсінің құмарлығына жұмсаса, шіріген дән тәрізді өткінші ләззәттармен, қысқа өмірде, тар жерде өткінші күй кешіп, дән шіріген дән сияқты өте шығады.
Ал, егер адам, дән тәрізді бейімділігін Исламның нәрімен суарып, иманмен жарық беріп, құлдық атты топыраққа егіп мағынауи жиhаздарын Құранның әмірлеріне сай, шынайы мақсаттарға пайдаланса, әлбетте әлем-і мысалда және берзахта өркен жаятын сондай-ақ ахирет пен жәннәтте жеміс беретін мәңгі ағаштың дәні, мәңгілік ақиқат жиhаздары жинақталған таңғажайып машина, әрі әлем атты ағаштың мүбәрәк нұрлы миуасы болады.
Иә, нағыз даму деп, адамға берілген жүрек, рух, ақыл, көңіл тіпті қиял және басқа да сезімдердің мәңгілік өмірге бағытталып, әрқайсысы өзіне тән құлшылықтарымен шұғылдануын айтады. Әйтпесе, хақ жолдан тайғандардың даму деп жүргендері; дүниелік өмірдің қыр-сырына үңілу, рахатқа батудың барлық түрлерін тіпті ең жиіркеніштісін тату үшін барлық сезімдерін, көңіл ой-санасын жүгенсіз нәпсіге ноқталап, құлқынының құлына айналдыру, ол даму емес қайта құлдырау. Осы бір ақиқатты қиялы оқиғада мына бір тәмсіл арқылы көріп едім. Тәмсіл былай болатын:
Көп қабатты зәулім сарайлары бар үлкен шәhарда жүр екенмін. Кейбір сарайлардың ауласы жайнап тұр. Жалт-жұлт еткен шамдар, театр тәрізді еріксіз көз тартады. Баршаның көңілін көтеретін ойын-сауықтар ұйымдастырылған. Сондай бір үйге көз түсіп кетіп еді, үйдің қожайыны төменге түсіп, есік алдында итпен ойнап жүр. Ханымдар болса, бейтаныс жігіттермен көңілді сұхбаттасуда. Бойжеткен қыздар кішкентай балалардың ойындарын қызықтап әрі жөнге салып басқарып жүр. Үйдің күзетшісі болса оларды басқарып тұрғандай әкім киімін киіп алыпты, бейне бір артист дерсің. Сонда барып, мына зәулім сарайдың іші бос қаңырап қалғанын білдім. "Ие, барлық маңызды міндеттер қараусыз қалған екен. Ахлақтары бұзылған ғой шамасы, түрлері мынау" деп, одан әрі жүріп едім, тағы бір зәулім сарайға тап болдым. Ескі алдында тапжылмайтын, ісіне адал ит пен сұсты да салмақты күзетшіні көрдім. Аулада қою тыныштық бар болатын. "Мынау неге мұндай, анау неге ондай" деп білгім келіп, ішіне кірдім. Қарасам үйдің іші жайнап тұр. Әрбір қабатта үй тұрғындары өз міндеттерімен шұғылдануда. Бірінші қабаттағылар сарайдың басқарма істерімен айнылысуда, оның жоғарысында қыздар мен балалар сабақ оқуда. Оның үстіңгі қабатында ханымдар ою-өрнектермен нақыштап кесте тоқуда. Ең үстіңгі қабатында қожайын телефон арқылы патшамен байланыс құрып, халқының қамы үшін әрі өзін де дамытып жетілдіру үшін жеке басына қатысты және ортақ әрі өзекті мәселелермен айналысып отырғанын көрдім. Олар мені көрмегендіктен ешкім ештеңе демеді. Емін-еркін әбден араладым. Содан сыртқа шығып айналама қарасам, шәhарда екі түрлі сарайлар бар екен. Себебін сұрап едім: "Анау ауласы жайнап тұрған, іші бос сарайлар атақты кәпірлер мен хақ жолдан тайғандардікі. Ал, басқалары зиялы мұсылман ғұламаларыныкы!" - деп жауап берді. Содан бір бұрышта тұрған сарайға көзім түсті. Маңдайшасында "Саид" деген жазуды көріп алаңцай бердім. Үңіле түсіп едім өз бейнемді көргендей болдым. Сасқанымнан айқайлап жіберіппін, есімді әреңжидым.
Осы бір қиялы оқиғаны саған жорып берейін, Аллаh қайырын берсін!
Тәмсілдегі шәhар болса, адамдардың қоғамдық өмірі мен мәдени тұрмысы. Әрбір сарай бір адам. Сарай тұрғындары дегені, адамдағы көз, құлақ, жүрек, рух, ақыл-ой, нәпсіқұмарлық пен әуестік сияқты сезімдер. Адамдағы барлық сезімдердің өзіне тән әр түрлі құлшылық міндеттері, жеке-жеке ләззәттарі, өзіндік қайғылары бар. Нәпсі мен әуестік, құмарту мен сақтану сезімдері ит пен күзетші тәрізді. Міне, аталған құнды сезімдерді нәпсіқұмарлық пен әуестіктің еркіне беріп, ноқталап беру, оларды асыл міндеттерінен босату әрине даму емес қүлдырау, жетілу емес азғындау. Қалған жақтарын өзің жорып ал.
Үшінші нүкге:
Адам, іс-әрекет, амал жасау және өзін материалдық жағынан қамтамасыз ету тұрғысында әлсіз жануар, әрі бейшара мақұлық. Оның бұл тұрғыда иелік жасау мен билік жүргізу алаңы өте тар. Тар болғаны сондай ана басында түрып, қолын созса мына басына тиіп тұр. Тіпті адамның асыранды үй жануарлары оның әлсіздігі, бейшаралығы және жалқаулығынан әсер алғаны соншалық, оларды жабайы тұқымдастарымен салыстырғанда үлкен айырмашылықтар байқалады. (Үй ешкісі мен тау ешкісі, жылқы мен жабайы жылқы т.с. с) Алайда, адам баласын, әсер алу, мақұлдау, дұға ету мен тілену тұрғысынан алып қарағанда, ол мына "дүние" атты қонақжайда қадірлі жолаушы болып табылады. Жолаушылап түскен үйінің қожайыны өте мейірімді, жомарт, Кәрім болғаны сондай, оған өзінің теңдесі жоқ туындылары мен қызметшілерін бағындырып, сарқылмас қазынасын алдына жайып тастаған. Қонағының дем алып тынығуына, қызықтауына әрі пайымдалануына әзірлеген алаңының үлкендігі сондай, адамның көзі тіпті қиялы жеткен жеріне дейін созылып жатыр.
Міне, егер адам, менмендікке салынып дүниелік бәз өмірді қиядап әрі өкінші өмірдегі ләззәттар үшін еңбек етсе, тар алаңда булығып өте шығады. Оған берілген күллі жиhаздар мен құралдар, құнды сезімдер хаширде оның үстінен шағым жасап дауа салатын куәгерлерге айналады. Ал, егер өзін қонақпын деп білсе, иелігін қонақжай иесі Зат-ы Кәрімнің рұқсат еткен алаңында жұмсаса, иелік алаңы кеңіп, мәңгі өмір жолында адал еңбек ететін болады. Тынығып дем алған соң ала-и иллийне бет алады. Әрі оған берілген күллі жиhаздар мен құралдар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, ахиретте оны жақтайтын куәгерлергеайналады. Рас, адамға берілген күллі ғажайып жиhаздар мына түкке түрғысыз дүниелік өмір үшін берілмесе керек, олар өте маңызды мәңгі өмір үшін берілген. Өйткені адам баласын жануарлармен салыстырғанда жиhаздар мен құралдар жағынан өте бай. Хайуаннан қарағанда олар жүз есе көп. Хайуандық өмір сүру мен түрмыста рахатқа бату тұрғысында жүз есе нашар әрі төмен. Себебі татқан әрбір ләззәті өзінен кейh мыңдаған қайғылы ізі қалдырады. Өткен күндердің өкініштері, келешектің қорқыныштары тіпті әрбір ләззәттің аяқталу сәтіндегі өкініш пен қайғы, оның қуанышын су сепкендей басады. Жүрегін сыздатып орнына дақ қалдырады. Бірақ хайуан мүндай емес, мүңсыз ләззәтқа батып уайымсыз рахаттанады. Өткен күндердіңөкініштері, келешектің қорқыныштары оның мазасын алмағандықтан маңғаздана ішіп-жеп Халиқына шүкір етеді.
Демек, ахсән-і тақуим түрінде жаратылған адам, фәни өмірді басты мақсат түтса, жиhаздар жағынан жүз есе бай болса да құс екеш қара торғайдан жүз есе төмендеп кетеді. Бұл ақиқатты басқа жерде бір тәмсілмен баяндаған болатынмын. Сол бір тәмсілді қайталаудың реті келіп отыр, тәмсіл де былай болатын:
Баяғыда бір мырза екі қызметшісін шақырып, біреуіне он алтын ұсынады да, оған: "Мынаған өзіңе арнап тиісті матадан бір қабат киім тіктір!" деп бүйырады. Екіншісіне мың алтын және жазуы бар бір жапырақ қағазды қалтасына салып, екеуін базарға жолдайды. Әуелгі қызметші он алтынға тәуір матадан өзіне шақ, әдемі киім сатып алады. Екінші қызметші болса, ақымақтық жасап, әуелгі қызметшіге еріп, қалтасындағы есеп-қисап қағазына қарамастан сатушыға мың алтынын беріп, бір қабат киім өтінеді. Нысапсыз саудагер мұны түсіне қойып, оған матаның ең шірігінен тігілген бір қабат киімді ұстата салады. Бейбақ киімді алып қожайынына келеді. Қожайынын ашу кернеп оны ауыр жазаға тартады.
Міне, ана екінші қызметшіге берілген мың алтын, тек бір қабат киім үшін емес, үлкен сауда жасау үшін берілгендігін азғана ақылы бар адам аңғарған болар.
Дәл сол сияқты адамдағы мағынауи жиhаздар мен құнды сезімдердің әрқайсысы жануардағы сезімдермен салыстырғанда жүз есе артық. Мәселен: сұлулықтың барлықтүрін айыратын көз, тағамдардың сан-алуан дәмдерін сезетін тіл, ақиқаттардың егжей-тегжейін зерттейтін ақыл, әсемдік атаулыға тым құштар жүрек(көңіл) сияқты тағы басқа толып жатқан жиhаздар мен сезімдер қаншалықты керемет десеңізші! Оның қасында жануарлардың өте қарапайым, бір-екі саты ғана жетілген сезімдері түкке тұрғысыз емес пе? Араларындағы айырмашылық болса жануар өзіне тән іс-қимылында - кейбір жануардың кейбір мүшесі ғана - жақсы дамиды. Алайда ол даму тек өзіне тән.
Адам жиhаздарға аса бай болуының себебі: ақыл мен сана болғандықтан сезіну мен сезу қабілеттері жақсы дамыған. Қажеттіліктерінің көптігінен сан-алуан сезімдер пайда болған. Сезімталдығы да түрлерге айырылған. Әрі жаратылысы өте күрделі мақсаттарға жетелейтін талап-тілектері бар, әрі о бастан атқаруға тиіс міндеттері болғандықтан мүшелері мен құрал-жабдықтары өте жақсы жетілген.
Сондай-ақ, құлшылықтың барлық түріне икемді жаратылғандықтан, әсемдік атаулыға толы өте бай бейімділік берілген. Міне, осыншама жан дүниесі толы, қолда бар байлық әрине түкке тұрғысыз, өткінші мына дүниелік өмірді үйрену үшін берілмеген. Мұндай жағдайдағы адамның басты міндеті, шексіз мақсаттарға бағытталған міндеттерді атқарып, өзінің бейшаралығы мен әлсіздігін әрі кемшілігін құлдық ұру түрінде жар салу және ауқымды көзқарасымен жаратылыс атаулының тәсбихтерін тамашалай отырып куәгерлік ету, нығметтерден Аллаhтың медетін сезіп шүкір ету сондай-ақ, қоршаған ортаға қарап ондағы Құдайдың құдерітінің мүғжизелеріні көріп одан ғибрет ала толғану болып табылады.
Әй, дүниеқоңыз, дүниелікөмірге ғашық, ахсен-і тақуим сырынан бейқам адам! Мына өмірдің шындығын ескі Саид қияли оқиғада көрген болатын. Оны жаңа Саидқа айналдырған сол бір тәмсіл оқиғаны айтып берейін. Тыңда:
Мен бір жолаушылап сапарда жүр екенмін, яғни жіберілген екенмін деймін. Тақсырымның маған деген алпыс динар алтынынан ауық-ауық белгілі мөлшерде ақша алып отыратынмын. Бірде берілген ақшаны алып, айқай-шулы, көңіл көтеретін қонақжайға келдім. Ол жерде бір түннің ішінде он динар алтынымды мақтанам деп, құмар ойындар мен көңіл көтерулерге жұмсадым. Таң ата қалтамды қарасам, түк ақша қалмапты. Ішім удай ашыды. Өйткені сауда жасай алмадым, баратын жер болса ұзақ, жолға да зат алу керек еді. Кеткен ақшаның орнына өкініштер, күнәлар мен көңіл көтеруден тапқан қайғы-мұңдар қалыпты. Кенет, осылай мұңайып тұрғанымда жаныма бір адам келді.
- Барыңнан айрылдың, жазаға тарса обалың жоқ. Баратын жеріңе тіленші болып құр алақан баратын болдың. Бірақ ақылың болса, тәуба есігі әрдайым ашық. Бұдан кейін берілетін он бес динар алтыныңды алған сайын жартысын ықтияттап сақта. Яғни баратын жеріңде қажетке жарайтын керекті заттарды ап, - деді маған. Бұл айтқаны нәпсіме ұнамады.
- Олай болса үштен бірін, - деді. Бұған да нәпсім көнбей қойды. Содан әлгі адам:
- Ендеше, төрттен бірін, - деп еді, нәпсім ескі әдетіне салып, қиқарлығын қоймады. Әлгі адамды ашу кернеп, сырт айналды. Кенет көрініс өзгеріп қоя берді. Мен бейбақ, туннель ішінде зымырай ұшқан отарбада екенмін. Мазасызданып, қобалжи бастадым. Бірақ амал нешік, қашатын жер жоқ. Таң қалатын жәйт, отарбаның әйнектерінен көздің жауын алатын әсем гүлдер мен жайқалған жеміс-жидектер көрінеді. Мен болсам ақылы таяз, оспадарсыздар сияқты көзім қызығып, қолымды созамын. Гүлдерді алғым келіп, әрі жемістен жегім келіп, тырысып бақтым. Бірақ, олардың инедей тікендері, ұстаған кезде қолыма кіріп қанатып жатты. Ұстаған сәтте отарба жылжып кетеді де, қолымды қопарып кетеді. Бұлай істеу мен үшін қымбатқа түсті. Содан отарбаның жол серігі жаныма жетіп келіп:
- Егер бес тиын берсең, әлгі гүлдер мен жемістерден қалағаныңша алып берейін. Бәрібір бес тиын орнына жүз тиындық зардап шегіп жатырсың. Оның үстіне рұқсатсыз қол сұққаның үшін жазаға тартыласың, - деді. Мазам қашып мына көңілсіз күйден жалық-қандай, туннелден қашан шығамыз деп, әйнектен басымды шығарып едім; 0, Тоба! Туннелдің шығар аузы жоқ. Ауыз орнына көптеген саңылаулар көрдім. Шұбатылған мына отарбадан сол саңылауларға адамдар секіріп жатыр. Менің де қарсы алдымда саңылау көрінді. Саңылаудың екі жағына екі көк тас қойылған екен. Қызыға қарап едім, үлкен әріптермен жазылған "Саид" деген жазуды көрдім. Өкіне әрі таңдана "Қап әттеген-ай", - дедім. Бірден құлағыма манағы қонақжайда маған насихат айтқан адамның даусы естілді.
- Есің кірген болар?
- Иә, бірақ әлім бітті, амалым жоқ, - дедім.
- Тәубаға кел, тәуеккелге бел бу! - деді.
- Әстәғфируллаh, нартәуекел!
Есімді жинадым... Енді мен ескі Саид емес, жаңа Саид екенмін.
Міне, осы қияли оқиғаның кейбір жерлерін жорып берейін. Құдай қайырын берсін. Қалғандарын өзің жорып аларсың.
Анау ұзақ сапар болса рухтар әлемінен басталып, одан ана қарнына, жастық шаққа, одан қарттық шаққа, қабірге, берзахқа, хаширға, одан қыл көпір арқылы мәңгілік әлеміне аттанатын сапар.
Алпыс алтын алпыс жыл өмір, осы оқиғаға куә болған кездері қателеспесем жасым қырық бесте болатын. Өмір сүретініме кепілдік жоқ. Сонда да болса қалған он бес жыл өмірімнің жартысын ахирет жолына арнауыма Құранның үздік бір тәләбасы себепші болып жөнге салды.
Әлгі қонақжай болса мен үшін Стамбул шәhары.
Отарба - зымырап бара жатқан уақыт. Әрбір жыл бір вагон.
Ал туннель болса дүниедегі өмір, яғни мына өмір.
Тікені көп гүлдер мен жемістер болса, заңсыз ләззәттар мен адамгершілікке жат қылықтар. Қолыңда түрған кезінде аяқталатынын ойлау, адамды мұңайтып, жүрегін сыздатады. Ажырасуы жанды азапқа салып, әрі сазайында тартқызады.
Отарбадағы жол серіктің "бес тиын төле, олардан қалағаныңша алып беремін!" - деп отырғаны; адамның адал еңбекпен заңды ләззәттары мен көңіл көтерулері толық қанағаттандырарлық. Азғындыққа, тыйым салынған харам жолға түсудің қажеті жоқ. Қалған жерлерін өзің жори аласың деп ойлаймын.
Төртінші нүкте:
Адам баласы мына әлемде бейне бір нәзік сәби тәрізді. Оның әлсіздігінде үлкен қуат, бейшаралығында күшті құдіретжатыр. Өйткені, оның әлсіздігі мен бейшаралығының арқасында мына қоршаған әлем оның қызметшісіне айналып отыр. Егер де адам өзінің әлсіздігін сезініп: тілімен, күйімен, іс-әрекетімен Аллаhқа дүға етсе, әрі бейшаралығын біліп, одан көмексұраса, жасалған қамқорлыққа шүкір етіп, алғысын білдірген болып есептеледі. Әрі талап-тілектері орындалып, арманына жететіні соншалық, егер сол армандарына адам өз күшімен жетуге тырысса жүзден біреуіне қолы жетпес еді. Тек кейде аянышты дұғасы арқылы қолы жеткен талап-тілектерін өз еңбегіммен таптым деп қателеседі. Мәселен: тауық балапанының әлсіздігіндегі қуат, тауықты арыстанға айдап салады. Дүниеге жаңа келген арыстанның күшігі аш арыстанды ноқталап, оны аш қалдырып өзі тойып алады. Мұнда әлсіздіктегі қуат пен тамашалауға тұратын рақымдылықтың лебі есіп тұр емес пе?
Мәселен, бір қыңыр бала жылауы арқылы я аянышты халімен не болмаса сұрауы арқылы керек нәрсесін алатыны әрі өзінен мың есе күштілер оған қызметші болатыны сондай әлгі керек заттарына өзі ұмтылса мыңнан біреуіне мың есе күші артса да қолы жетпес еді. Демек, әлсіздік пен бейшаралық оған деген қамқорлық пен аяныш сезімін оятқандықтан сүйріктей саусағымен ержүрек қаhармандарды өзіне бағындырады. Енді, осындай бір бала жасалған жақсылық пен жанашырлықты білмей, қамқорлықты түсінбей, қайтажазғырғандай, көкіреккеріп: "Мыналарды бас идіріп қызмет еттіріп отырған менің күш қуатым" - десе, әлбетте шапалақ жейді.
Міне, адам баласы да Жаратқан Иесінің рақымдылығын мойындамай, хикметіне кінә артқандай, берілген ырыстың қадірін білмей Қарұн тәрізді:
اِنَّمَاۤ اُوتِيتُهُ عَلٰى عِلْمٍ
яғни: "Мен өз біліміммен, өз күшіммен таптым" десе, әлбетте, жан төзгісіз азапқа лайық болады. Демек, мына адамзаттың салтанаты, оның дамуы мен өркениет, мәдениет дегендер тартыспен жұлқыспен, жеңіспен келген жоқ, оған оның әлсіздігі үшін бас идірілген, оның бейшаралығы үшін көмекші ретінде берілген, әрі пақыр болғандықтан сыйланған, оның сауатсыз надандығы үшін илхам болынған, оның мұқтаждығы үшін ұсынылған. Сондай-ақ, манағы салтанат күш-қуат пен ғылымның арқасында орнаған жоқ, негізінде Раббани қамқорлық пен мейірімділіктің арқасында және Аллаhтың хикметі мен қайырымдылығынан қоршаған орта оған қызмет етіп отыр. Иә, кіп-кішкене қарақұрт пен аяғы жоқ жылан сияқты улы жәндіктердің алдында дәрменсіз қалатын адам баласына кіп-кішкентай құрттан жібек кигізген және улы жәндіктен бал жегізген, әрине, оның асқан күш-қуаты емес, керісінше әлсіздігіне орай жасалған раббани бағындыру мен Рахманның қамқорлығы ғой.
Әй, адам! Ақиқат осы болса, көкіректік пен өзімшілдікті қой. Құдайдың алдында әлсіздігің мен бейшаралығыңды жалбарыну арқылы сондай-ақ, пақырлығың мен мұқтаждығыңды тілену арқылы, дұғаларың арқылы білдір. Өзіңнің құл екеніңді көрсет. Әрі
حَسْبُنَا اللهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ
дей отырып,өрле!
Бірақ: "Мен бір жүрген бейбақпын, кіммін сондай-ақ, терең де күллі шүкір ете алатын? Қандай қадірім бар соншалық, мына әлемді Хаким-ы Мутлақ маған ноқталап берсін", - деп айтпа.
Расында, непсің мен пішініңе қараса түкке тұрғысызсың. Алайда, міндетін мен мәртебең жағынан бүкіл әлемнің зерделі көрермені, хикметке толымына жаратылыстың ойшыл шешені, әрі мына "әлем" атты кітапты өрелі зерттеушісі, зікір салған мақұлықтарға қайран қала тамашалайтын бақылаушы және ғибадат жасап жатқан жаратылыстың құрметті жетекшісі дейтін атағың бар.
Демек, әй, адам! Сен өсімдік тектес болмысың және жануар тәрізді нәпсің жағынан: меңіреу бір бөлшек, жәй зат, пақыр мақұлық, әрі әлсіз жануар болып алай-түлей болған мына алып құбылыстардың үрейлі толқынында шайқалып кетіп бара жатырсың. Алайда, Аллаhтың сүйіспеншілігінің сәулесінен тұратын иманның нұрымен нұрланған Ислам дінінің тәрбиесімен жетілген кезіңде, адамгершіліктұрғысынан, құлдығыңмен бірге сұлтансың және кішкене бола тұра үлкенсің, шағын болмысыңмен өзіңше бір әлемсің, елеусіз бола тұра мәртебең жоғарылап, қарамағы кең бақылаушы атанып: "Менің Рабб-ы Рахимым дүниені баспанам етіп, Ай мен Күнді оның шамшырағы етіп тағып қойды. Көктемді - гүл шоғы, жазды - ырысты жастарқан, жан-жануарды - қызметші жасап берді. Баспанамды өсімдік атаулымен безендіріп, құлпыртып қойды!" - дей аласың.
Сонымен, егер де сен нәпсі мен шайтанды тыңдасаң әсфәл-і сафилинге құлдырап кетесің. Ал, егер Хақ пен Құран Кәрімді тыңдасаң, ала-и иллииіне өрлеп', ғаламның ықшамдалған әсем өрнегі боласың.
Бесінші нүкте:
Адам мына дүниеге қызметші әрі қонақ ретінде жіберілген. Өзі тым күрделі бейімділіктерге ие. Берілген бейімділіктерге қарай маңызды міндеттер жүктелген. Адамды белгілі бір бағытқа бұрып, атқарылуы тиіс міндеттерді орындату үшін екіпінді құлшыныстар мен қатаң ескертулер жасалған. Басқа жерде баяндалған адамгершіліктің міндеті мен құлдықтың негіздерін қысқаша баяндаудың осы жерде реті келіп отыр. Ондағы мақсатымыз "Ахсән-і тақуимнің" сырын ашу.
Міне, адам бұл дүниеге келген соң, оның екі жақты құлдығы бар.
Бірі; іштей құлдықұру, толғану.
Екіншісі; ашықтүрде, үндеутүрінде құлдық ұру, мінәжат.
Бірінші жағы мынау; Бүкіл әлемді басқарған Рубубиеттің салтанатын бас ие мақұлдап, оның керемет әсемдігі мен тамашалығын таңдана бақылау.
Сосын, Аллаhтың қасиетті есімдерінің нақыштары болып табылатын көркем өнерді бір-біріне ғибрет алсын деп көрсетіп, жар салу мен шақырушы болу.
Сосын, әрқайсысы құпия мағынауи құпия қазына тәріздес Раббани есімдердің жауhарларын санасымен сараптап, көңіліне тоқып қастерлеу.
Сосын, Құдірет қаламымен жазылған хат тәріздес жаратылыстың парақтары мен жер мен көктің беттерін талдай отырып қайран қала толғану.
Сосын, қоршаған ортадағы әсем әшекейлерді, күрделі шеберлікті қызыға тамашалап, мұны жасаған Фатыр-ы Зүлжәмалдың өнеріне сүйсіну әрі бұларды жасаған Сани-и Зүлкемалдың құзырына шығуға, әрі ілтипатына бөленуге асығу.
Екінші жағы: Құзыр мен үндеу мәртебесі. Бұл мәртебеде жаратылғаннан жаратушыға өтіп, Сани-ы Зүлжәләл өнерінің мүғжизелерімен өзін таныстырып, білдіргісі келетінін көреді. Ол да иман арқылы мағрифет арқылы жауап береді.
Содан, бір Рабб-ы Рахим асқан мейірімінен шыққан тәтті жемістерімен өзгелерді ынтықтырып, өзіне деген сүйіспеншілік талап ететінін көреді. Ол да жан-тәнімен жақсы көріп өзіне тән құлшылығымен жауап береді.
Содан ол, Мүн'им-і Кәрімнің материалдық әрі мағынауи нығметтердің балдай тәтті ләззәттарымен, өзін әлдилеп, жетілдіріп отырғанын аңғарады. Ол да жауап ретінде іс-әрекетімен, хал-жағдайымен, тілімен тіпті қолынан келсе барлық сезімдерімен, мүшелерімен шүкір етіп, оны мадақтап, өзінің алғысын білдіреді.
Содан ол, Жәлил-і Жәмилдің бүкіл жаратылысты айна жасап, өзінің алыптығы мен кереметтігін, жәләл мен жәмалын солар арқылы көрсетіп, назарларды өзіне аударып отырғанын көреді. Ол да бұған жауап ретінде "Аллаhу Әкбар, Субханаллаh" - деп инабатты түрде таңдана да сүйсіне сәжде жасайды.
Содан ол, Ғани-ы Мутлақтың аса жомарт екенін, тасыған байлығын, қазыналарын ашып көрсетіп жатқанына куә болады. Ол да бүған жауап ретінде тағзым мен мадақтау арқылы мүләйімсіген түрде жалбарынып, өтініш тілегін айтады.
Содан ол, Фатыр-ы Зүлжәләлдің жер жүзін көрме жасап, өзінің барлық көнелік, таңғажайып туындыларын тізіп қойғанын көреді. Ол да бұған: "Машааллаh" деп қадірлеп, "Бәрекәллаh" деп қошеметтеп, "Субханаллаh" деп таңқалып, "Аллаhу Әкбар" деп сүйсіне жауап береді.
Содан ол, Уахид-ы Әхадтың мына "әлем" атты сарайындағы барлық нәрселерге, өзінің көшірілмейтін, өшірілмейтін мөрімен, өзіне ғана тән таңбаларымен, өзіне тиісті енімен, арнайы жарлығымен Уахдет мөрін басқандығын, тәухидтің аяттарын нақыштап жазғанын әрі әлемнің әр тарапына Уахданиет жалауын тігіп Рубубиетін жариялап отырғанын көреді. Ол дабүған; мақүлдаумен, иманмен, тәухидпен, мойынсүнумен, шәhәдетпен, қүлдықпен жауап береді.
Міне адам, осындай қүлшылықтар мен толғаныстар арқылы нағыз адам болады. Өзінің Ахсән-і тақуимде екенін көрсетеді. Иманның берекетімен аманат арқалауға лайық жер жиhанның сенімді халифасы атанады.
Әй, "Ахсән-і тақуим" түрінде жаратылған және нашар ниетімен әсфәл-і сафилинге бет алған ғапыл адам! Сөзіме құлақ тұр. Мен де сен сияқты жастықтың мастығымен қапы қалып, дүниеге қызығып, қүмартқан шағымда, қарттықтың таңы атып ол мастықтан айықтым. Сонда тамаша болып көрінген дүниенің ақыретпен байланысы болмаған жағының қаншалықты ұсқынсыз, ал егер ақыретпен байланысы болса әлдеқайда тамаша екенін түсіндім. Бұл ақиқатты 227-228-сыншы беттерде екі жапырақ түрінде жазған болатынмын, сен де назар сал.
Бірінші жапырақ: Бейқам жүрген адамдардың дүниесінің мән-мағынасы, ақиқаты қандай екенін, хақ жолдан тайған кісідей, бірақ саналы түрде немқүрайлылық пердесі арқасынан көзқарас.
Екінші жапырақ: Хақ жолда жүргендердің дүниесінің мән-мағынасына, ақиқаты қандай екеніне ишарет етеді. Баста қалай жазылған болса, сол күйінде қалды. Өлеңге ұқсайды, бірақ өлең емес.
سُبْحَانَكَ لاَعِلْمَ لَنَاۤ اِلاَّ مَاعَلَّمْتَنَاۤ اِنَّكَ اَنْتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
رَبِّ اشْرَحْ لِى صَدْرِى * وَيَسِّرْ لِىۤ اَمْرِى * وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِنْ لِسَانِى * يَفْقَهُوا قَوْلِى
اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلَى الذَّاتِ الْمُحَمَّدِيَّةِ اللَّطِيفَةِ اْلاَحَدِيَّةِ شَمْسِ سَمَاۤءِ اْلاَسْرَارِ وَمَظْهَرِ اْلاَنْوَارِ وَمَرْكَزِ مَدَارِ الْجَلاَلِ وَقُطْبِ فَلَكِ الْجَمَالِ * اَللّٰهُمَّ بِسِرِّهِ لَدَيْكَ وَبِسَيْرِهِۤ اِلَيْكَ اٰمِنْ خَوْفِى وَاَقِلْ عُثْرَتِى وَاذْهِبْ حُزْنِى وَحِرْصِى وَكُنْ لِى وَخُذْنِى اِلَيْكَ مِنِّى وَارْزُقْنِى الْفَنَاۤءَ عَنِّى وَلاََتَجْعَلْنِى مَفْتوُناً بِنَفْسِى مَحْجُوباً بِحِسِّى وَاكْشِفْ لِى عَنْ كُلِّ سِرِّ مَكْتُومٍ يَاحَىُّ يَاقَيُّومُ يَاحَىُّ يَاقَيُّومُ يَاحَىُّ
يَاقَيُّومُ وَارْحَمْنِى وَارْحَمْ رُفَقَـاۤئِى وَارْحَمْ اَهْلَ اْلاِيمَانِ وَالْقُرْاٰنِ اٰمِينَ يَاۤ اَرْحَمَ
الرَّاحِمِينَ وَيَاۤ اَكْرَمَ اْلاَكْرَمِينَ
وَاٰخِرُ دَعْوٰيهُمْ اَنِ الْحَمْدُ ِللهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
ЖИЫРМАСЫНШЫ ХАТ
بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ * وَاِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلاَّ يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
لاۤ اِلٰهَ اِلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ يُحْيِى وَيُمِيتُ وَهُوَ حَىٌّ لاَ يَمُوتُ بِيَدِهِ الْخَيْرُ وَهُوَ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَدِيرٌ وَاِلَيْهِ الْمَصِيرُ
(Осы бір тәухид сөйлемін таңғы және ақшам намазынан соң қайталаса өте сауапты, әрі нақты хабарларға сүйенсек ішінде Исм-і Ағзам мәртебесі бар екен. Бұл тәухид сөйлемі он бір кәлимадан тұрады. Әр кәлимада сүйінші мен қуаныш, hәм Рубубиеттің бір-бір Тәухид мәртебесі, hәм Исм-і Ағзам тұрғысынан Уахданиеттің айбындылығы мен көркемдігі бар. Міне, мына терең әрі ұлы ақиқаттардың анықтамасы басқа сөздерде баяндалғандықтан соларға сілтеп, қазір берілген уәдеге орай қысқаша түрде "Екі бөлім" және бір "Кіріспе" арқылы жоғарыда аталған тақырыптың мазмұнын баяндаймыз.)
Кіріспе
Жаратылыстың ең басты мақсаты, болмыстың ұлы нәтижесі "Иман-ы Биллаh" яғни Аллаhқа сенім екеніне күмәнің болмасын. Адамзаттың ең жоғарғы мәртебесі, ең соңғы сатысы "Иман-ы Биллаh" ішіндегі "Мағрифетуллаh" яғни Аллаhты тану. Жын мен адам баласының нағыз бақыты мен мол ырысы сол Мағрифетиллаh ішіндегі "Мухаббетуллаh" яғни Аллаhқа деген сүйіспеншілік. Иә, адамзат рухының шынайы шаттығы мен көңілінің аса қуанышы, сол Мухаббетуллаh беретін рухани ләззәт болып табылады. Рас, нағыз бақыт, шынайы шаттық, мол ырыс, пәк ләззәт дегендер сөзсіз Мағрифетуллаhта және Мухаббетуллаhта. Бірі-бірінсіз бола алмайды. Жәнаб-ы Хақты таныған әрі сүйген адам мол бақытқа, ырысқа, сырларға, нұрларға іс жүзінде не болмаса барлық мүмкіндігінше бөленеді. Оны нақты танымаған, сүймеген адамның жаны мен тәні шексіз қасіретке, үрей мен қайғыға душар болады. Иә, мына алай-түлей дүниеде, сеңдей соқтығысқан адамдардың ішінде табысы жоқ тұрмыста, панасыз да жетім күй кешкен бейшара адам, жер-жиhанды билеген сұлтан болса да құны қанша дейсің. Міне, осындай қақтығысқан адамзат ішінде, мына мұңлы да фәни қу дүниеде адам баласы, өзінің иесін танымаса, таппаса неткен бейшара әрі мәжнүн болатынын әркім біледі. Ал егер, иесін тауып, оны таныса ол кезде оның мейірімділігіне жалынып, құдіретіне арқа сүйейді. Сонда мына қорқынышты дүние саяжай әрі сауда-саттық орнына айналады.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Осы бір тәухид сөйлемнің әрбір кәлимәсі қуанышты хабарларға толы. Әрбір хабарында бір шипа, әр шипасында бір мағынауи ләззәт бар.
Бірінші кәлима: لاَۤ اِلٰهَ اِلاَّ اللهُ
Мұның әкелген қуанышты хабары мынау: Мұң-мұқтажы басынан асатын әрі сансыз дұшпанның қыспағында қалған адам жанына бұл кәлимәның беретін медеті сондай, оған күллі мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп, мейірімділік қазынасының есігін ашады. Сондай-ақ, оған демеу беріп сансыз дұшпанның қыспағынан құтқаратын алып құдірет иесі өзінің Мағбудыны, әрі Жаратушысын білдіріп, таныстырады, иесін көрсетіп, Мәлікі кім екенін үйретеді. Сол үйрету арқылы жүректі қорқынышты үрейден, рухты уайым-қайғыдан тазартып, мәңгілік шаттықпен әрдайым қуанышқа бөлейді.
Екінші кәлима: وَحْدَهُ
Мына кәлимада жанға шипа әрі қуанышты хабар бар. Мынадай:
Бүкіл әлемнің сан-алуан түрлерімен кіндіктесіп жатқан әрі сол қарым-қатынастың салдарынан жабырқап, аласапыраннан күйзеліске түскен адамзаттың рухы мен адам жанына мына وَحْدَهُ кәлимасында демеу табады. Бұл оны түңілуден, аласапыраннан құтқарады. Яғни وَحْدَهُ мынаны меңзейді: "Аллаh біреу. Басқа нәрселерге тіленіп шаршама, оларға жалбарынып қарыздар болма, оларға жалтақтап басыңды име, олардың ізіне түсіп әуре болма, олардан қорқып үрейленбе... Өйткені, бүкіл әлемнің сұлтаны біреу. Барлық нәрсенің кілті де, тізгіні де оның қолында. Бәрі оның әмірімен болады. Оны тапсаң, барлық талап-тілектерің орындалып, қарыздар болудан қорқынышты үрейлерден құтыласың".
Үшінші кәлима: لاٰشَرِيكَ لَهُ
Яғни, мәселен Оның Улухиеті мен салтанатында серігі жоғы анық, "Аллаh" біреу, бірнеше болуы әсте мүмкін емес. Дәл сол сияқты Рубубиетінде де, жаратуында да, ісінде де серігі жоқ. Кейде, сұлтан біреу болады салтанатында да серігі болмайды алайда, басқармасында оның қызметшілері мен серіктері қабылдау кезінде сұлтанның құзырына баршаны кіргізбей "өтінішің болса бізге айт" деп тосқауыл болады. Бірақ, соңы мен бастауы жоқ мәңгіліктің сұлтаны - Аллаhу Тағала, салтанатында серік ұстамайтыны сияқты Рубубиетінде де жәрдемшілерге, серіктерге мұқтаж емес. Оның басқаруынсыз, әмірі мен құдірет-күшінің тысында ешкім де, ешнәрсе де оның ісіне араласа алмайды. Әркім өтінішін тікелей айта алады. Серігі мен көмекшісі болмағандықтан, өтініш иесіне "болмайды, қабылдап жатқан жоқ" - деп кедергі жасайтын да ешкім жоқ.
Міне, осы бір кәлиманың адамзаттың рухына әкелген сүйінішті хабарын тыңдайық: Иманға ие болған адамзаттың рухы, қандай күйде болмасын кедергісіз, тосқауылсыз, емін-еркін, әр түрлі өтінішін әрқашан, кезкелген жерде манағы мәңгілік иесі, мейірімділік қазынасының Мәлікі, бақыт қорының иесі Жәмил-і Зүлжәләлдің, Қадир-ы Зүлкәмалдың қабылдауында болып, мұң-мұқтажын білдіре алады. Оның мейіріміне бөленіп, құдіретіне арқа сүйеп, көңілі жадырап қуанышқа кенеледі.
Төртінші кәлима: لَهُ الْمُلْكُ
Яғни Оның мүлкі. Сенде оның мүлкісің, hәм мәмлүкісің, hәм мүлкінде жұмыс істейсің. Мұның шипалы да қуанышты хабары: "Әй, адамзат! Сен өзіме-өзім қожамын деме. Себебі сен өзіңді өзің алып жүре алмайсың, ол жүк өте ауыр. Өз бетіңмен қорғана алмайсың. Пәлекеттерден сақтанып, қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмайсың. Олай болса, құр босқа күйзеліске түсіп, өзіңді азаптама, мүлік басқасының. Мүліктің иесі Мәлік hәм Қадир, hәм Рахим, оның құдіретіне сен, мейірімділігіне кінә артпа. Мұңайма, жаныңның қамын ойла. Мұңайма, еңсеңді көтер...
Оған қоса былай дейді: ынтаң құрып, өліп-өшкен қайғысына ортақ болып, ал түзету болса қолыңнан келмейтін мына әлем, Қадир-ы Рахимнің мүлкі. Мүлікті иесіне тәслім ет, оған тапсыр... жапасын шегудің орнына рахатына бат. Ол Хаким, hәм Рахим. Өз мүлкінде емін-еркін билеп төстейді.
Әлденеден тіксініп, үріккен сәтіңде ИбраhимХаққысияқты:
"Құдайдың жазғанын көреміз -дағы.
Қайғының да бар жақсылық жағы"- деп, терезеден сығала, ішіне кірме.
Бесінші кәлима: لَهُ الْحَمْدُ
яғни, мадақтау мен дәріптеу, марапаттау мен алғыс айту тек оған тиіс. Демек, ырыстар оның қазынасынан келіп жатыр. Қазына болғанда қандай, сарқылмас қазына. Міне, бұл кәлима былайша сүйінішті хабар береді:
Әй, адам! Ырысым таусылды деп уайымдама! Өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. Ләззәттіңтаусылғанын ойлап, қайғырма. Себебі, ырыс соңсыз мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы мәңгі болған соң жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс салады емес пе? Ырыстың ләззәтін, ол ләззәттан мың есе тәтті мейірімділіктің ілтипатын шүкір ете ойлау арқылы бірден жүзге арттыруға болады. Мәселен, аты әлемге әйгілі патша, саған алма сыйласа оның ләззәті, басқа алмалардан жүз, бәлки мың есе тәтті болады. Өйткені, ол алма саған деген патшаның ілтипатының белгісі. Сол сиякты لَهُ الْحَمْدُ
кәлимасы арқылы яғни, мадақтау мен шүкір ету арқылы, яғни ырыстан ырыстандырушыны сезу арқылы, яғни МүнГимині тану арқылы, ырыс бергенді ойлау арқылы, яғни оның рақымдылығының ілтипатын, мейірімі түскендігін, жарылқауының жалғасатынын ойлау арқылы, берілген ырыстан мың есе артық ләззәт толы қазынаның есігін ашады.
Алтыншы кәлима: يُحْيِى
яғни, өмірді берген - Ол. Азықпен қамтамасыз ететін де Ол. Өмірді жалғастыратын да, қажеттіліктерін тауып беретін де. Ол. Өмірдің басты мақсаттары Оған тиесілі, әрі маңызды нәтижелері Оған келіп тіреледі, жемістіңжүзде тоқсан тоғызы Онікі. Міне мына кәлима фәни, бейшара адамзатқа үн қатып оны былайша сүйсіндіреді:
"Әй, адам! Өмірдің ауыр жүгін бүкілген беліңе артып әуре болма. Өмірдің қиыншылықтарын ойлап, түңілме. Тек дүниелік түкке тұрғысыз табыстарына қарап, дүниеге келгеніңе өкінбе. Сенің кеме тәріздес денеңнің өмір механизмі Хаий-ы Қаюмның қолында. Ол, шығындарын өтеп, қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді. Өмірдің талай мақсаттары мен нәтижелері бар, олар оған тиесілі. Сен сол кемедегі штурвалда тұрған жауынгерсің. Міндетіңді адал атқар, ақысын ал, көңіліңді жәйла. Сол "өмір" атты кеменің қаншалықты қымбат екенін, мол табыс көзі екенін әрі кеменің иесі қаншалықты Кәрім, Рахим екенін ойла, қуан әрі шүкіршілік ет. Әрі біліп қой; міндетіңді адал атқарсаң әлгі кемеден түскен күллі пайдалар, нәтижелер, бір жағынан сенің амал дәптеріңе жазылады. Сені бақи өмірмен қамтамасыз етіп, мәңгі жасатады.
Жетінші кәлима: وَيُمِيتُ
яғни өлімді берген - Ол. Былайынша айтқанда Ол, өмірдегі міндеттен босатады, фәни дүниеден көшіріп, машақаты көп қызметтен азат етеді. Фәни өмірден бақи өмірге апарады. Міне, мына кәлима фәни адамзат пен жын атаулыға былай дейді:
"Сендерге сүйінші! Өлім жоқ болу емес, жойылу емес, соншалықты ұсқынсыз жаман нәрсе емес, өшу емес, сөну емес, келмеске кету емес, кездейсоқ емес, босқа жоғалу емес... ол дегеніміз Фаил-ы Хаким-ы Рахим тарапынан келген босату, қоныс аудару, мәңгі бақыт әлемі асыл отан, ата мекенге оралу. Туған-туысқандарының жүзде тоқсан тоғызы жиналған Берзах әлеміне шығатын қауышу есігі.
Сегізінші кәлима: وَهُوَ حَىٌّ لاَ يَمُوتُ
яғни, бүкіл әлемдегі еріксіз көзтартатын сұлулық, әсемдік, игіліктерден бетер асқан сұлулық, әсемдік әрі игілік иесі және барлық сүйіктілер оның қасында түкке тұрғысыз қалатын, тек сұлулығының бір ғана көлеңкесі жетіп артылатын Ма'буд-ы Ләмязәл, Махбуб-ы Ләязәлдың бастауы мен соңы жоқ мәңгі өмірі бар. Өмір болғанда қандай өмір. Ол өмір аяқталу дегенді білмейді, біту мен өшуден ада, ақаулық пен нұқсандықтардан таза, кемшілік атымен жоқ. Міне, мына кәлима жын атаулыға адамзатқа және барлық саналыларға, әрі махаббаты оянып ғашық болғандарға мынаны хабарлайды:
"Сүінші! Қуанышты хабар әкелдім. Сүйікті жандардан көз жазып, қоштасулардан пайда болған сансыз жараларды емдеп тәуір қылатын Махбуб-ы Бақиыңыз бар. Демек, Ол бар әрі мәңгі, олай болса басқаларға не болды деп қам жемеңдер. Сүйікті жандардағы сұлулық, әсемдік, мейірбандық пен қамқорлық сияқты қасиеттер, әлігі Махбуб-ы Бақидың мәңгілікжәмалынан тараған көркемдіктерінің қабат-қабат перделерден өтіп келген өте көмескі көлеңкесінің көлеңкесі. Олардың көзден таса болулары 'көңілге кірбің түсірмесін. Себебі олар айна тәрізді, айналардың өзгеруі жәмалдың әсем көріністерін жаңартып, бастапқыдан да әдемі көрінулеріне себеп болады. Демек, Ол болса бәрі де болады.
Тоғызыншы кәлима: بِيَدِهِ الْخَيْرُ
яғни, жақсылық атаулы оның қолында. Жасаған әрбір жақсылығыңыз Оның дәптеріне жазылады. Атқарған әрбір игі істеріңіз жадында сақтаулы. Міне, бұл кәлима жындар мен адамзатты өзіне қаратып, қуанышты хабарын былай жеткізеді:
Әй, бейшаралар! Қабірді құшқан сәттерінде, "қап, әттеген-ай, мал-жанымыз талан-таражға түсті. Еңбегіміз босқа кетті. Мына жарық әрі кең дүниеден шығып қараңғы әрі тар қабірге кірдік-ау", - деп айтпаңдар... жылап-сықтап қайғырмаңцар. Өйткені сендердің барлық нәрселерің сақтаулы, атқарған істерің жазулы, жасаған қызметтеріңтіркеулі. Атқарған еңбектеріңнің ақысын беретін және жақсылық атаулы қолында, қандай игілік болсын қолынан келетін Зат-ы Зүлжәмал сендерді өзіне тартып, жер астына уақытша қояды да, сосын құзырына алдырады. Неткен бақытты жан едіңдер. Өйткені, сендер қызмет пен міндеттеріңді атқарып болдыңдар. Қиын күндер артта қалды, енді рахатқа батуға, мейірімге бөленуге бара жатырсыңдар. Қызмет, машақат дегендер осымен бітті. Енді сол еңбек ақыларыңды алуға барасыңдар.
Иә, өткен көктемнің амал дәптерінің парақтары және атқарған қызметтерінің сандықшасы тәріздес дәндермен тұқымдарды сақтап отыратын... әрі келесі көктемде тым керемет түрде, тіпті бастапқысынан жүз есе берекелі түрде сақтап қойып, қайтадан көгертетін Қадир-ы Зүлжәләл, әлбетте сендердің өмірдегі табыстарыңды солайша сақтап, атқарған қызметтеріңе қарай түрлі-түрлі баға береді.
Оныншы кәлима: وَهُوَ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَدِيرٌ
яғни, Ол Уахид және Әхад, яғни барлық нәрселерге құдіреті жетеді. Оған ауыр соғатын нәрсе жоқ. Көктемді жарату, оған гүлді жаратумен бірдей. Жәннәті жарату, көктемді жарату сияқты оп-оңай. Күн сайын, жыл сайын, ғасыр сайын жаңадан жасалған көптеген туындылары, оның шексіз құдіретті екеніне сансызтілдермен куәгерлікетеді. Мінекей мына бір кәлима, сүйіншісін былай хабарлайды:
Әй, адам! Атқарған қызметің, жасаған құлдығың босқа кеткен жоқ. Оларды бағалайтын есептеу орны және бақыт сарайы сенің үшін әзірленіп қойды. Сенің мына фәни дүниеңнің орнына мәңгі жәннәт тосып тұр. Өзің құлшылық етіп, таныған Халиқ-ы Зүлжәләлдың уәдесіне иман келтіріп, сенім арт. Оның уәдесінен таюы әсте мүмкін емес. Құдіретінің ешбір жағында нұқсандық жоқ. Істеген істерінде ешбір әлсіздік сезілмейді. Сенің аулаңдағы шағын бақшаңды жаратқаны сияқты, жәннәтті да саған арнап жарату қолынан келеді және жаратқан екен әрі уәде берген екен. Уәде берген екен әлбетте сені сыртта қалдырмайды.
Сондай-ақ, жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің үш жүз мыңнан астам түрлерін өте тәртіпті, жүйелі, көз ілеспес жылдамдықпен оп-оңай тым нәзік түрде шашып, содан соң жинап отырғанын жылда көзімізбен көріп отырмыз. Әлбетте мұндай Қадир-ы Зүлжәләл, өзінің уәдесін орындауға әбден шамасы жетеді.
Сондай-ақ, әлгі Қадир-ы Мутлақ, жыл сайын хаширмен жәннәттің өрнектерін сан-алуан түрде көрсетіп отыр.
Һәм, көктен келген әмірлерімен мәңгі бақытқа бөлейтініне уәде беріп, жәннәтті тарту етіп отыр.
Һәм, оның атқарған барлық жұмыстарымен істері өте дүрыс әрі ақиқат, сенімді әрі маңызды.
Һәм жаратқан жаратылысына қарап олардағы әсемдіктерден Оның шексіз әсемдік иесі екенін білуге болады. Оның ешбір нүқсандығы, ешбір кемтігі жоқ.
Ал, берілген уәдені орындамау, қайтып алу, өтірік алдау болса, өте жағымсыз, нашар қасиет әрі үлкен кемшілік болып табылады. Әлбетте әлгі Қадир-ы Зүлжәләл, Хаким-ы Зүлкәмал, Рахим-ы Зүлжәмал берген уәдесін бұлжытпай орындап, мәңгі бақыт есігін айқара ашып, Дцам аталарыңныңотаны әрі ата мекені, жәннәтқа ау, иманды халайық, сіздерді қоятын болады.
Он бірінші кәлима: وَاِلَيْهِ الْمَصِيرُ
яғни адамдар сынақ алаңы болып табылатын мына дүниеге сауда жасау және қызмет үшін жіберілген. Міне олар саудаларын жасап, жұмыстарын бітіріп, қызметтерін аяқтаған соң, оларды жіберген Халиқ-ы Зүлжәләлына қайтып оралады. Сөйтіп, Мәулә-и Кәрімдеріне қауышатын болады. Яғни, мына фәни алаңнан көшіп мәңгі алаңға Аллаhтың құзырына шығу абыройына бөленеді. Яғни, себептердің аласапыран тосқауылдарынан әрі қараңғы перделерінен құтылып, мәңгілік салтанат сарайларында Рабб-ы Рахимдеріне пердесіз, кедергісіз қауышатын болады. Ол кезде әркім тікелей өзінің Халиқы мен Ма'буды, Раббы мен Сәйіді және Мәлікі кім екенін біліп, адаспай табатын болады. Міне, мына кәлима барлық сүйіншілерден тамаша сүйіншісін былай деп жеткізеді:
Әй, адам! Қайда бара жатқаныңды білесің бе? Қайда бет алдың? "Отыз екінші сөздің" соңында баяндалғандай: "дүниенің мыңжылдық шат-шадыман өмірі, жәннәттің бір сағат өміріне жетпейді. Ал жәннәттің мың жылдық өмірі, бір сағат Аллаhтың жәмалын тамашалауға жетпейді. Міне, осындай бір Жәмил-і Зүлжәләлдың мейірімге толы құшағына, оның аяулы құзырына шығуға барасың. Сенің өліп-өшіп құмартқан, ғашық болып жанған баянсыз көріктілердегі сүлулықтар сондай-ақ, қоршаған ортадағы сұлулық пен әсемдіктер, Аллаhтың жәмалының көрінісі, яғни оның әсем есімдерінің көркемдігінің көлеңкесі. Жәннәт өзінің күллі сұлулықтармен бірге рақымдылығының көркемділігі. Және барлық құмартулар, махаббаттар, сұлулықтар мен көріктер, Оның махаббатының ұшқындары. Міне осындай бір Ма'буд-ы Ләмязәлдің, Махбуб-ы Ләязәлдің қүзырына барасың. Оның мәңгі бітпейтін қонақасына, яғни жәннәтқа шақырулысың. Олай болса, қабірге кірер кезде жылапсырап емес, күлімсіреп кіріңдер.
Тағы бұл кәлима сүйіншісінде былай дейді:
Әй, адам! "Жойылуға, құрып кетуге, қараңғыға көміліп көрінбей кетуге, шіріп, ыдыраг кетуге, құрт-құмырсқаға жем болуға кетіп барамын" деп қайғырмаңдар. Сендер құрыг кетуге емес мәңгілікке бара жатырсыңдар. Жойылуға емес, мәңгі жасауға кетіп барасыңдар. Қараңғыға емес, нұр әлемі Сахип әрі Мәлікі-і Хақиқи тарапына кетіп барасыңдар. Сұлтан-ы Әзелидің астанасына оралудасыңдар. Көрінгенге жем болуға емес, дара біреудің алдында тынығуға бара жатырсыңдар. Демек, бұл қоштасу емес қауышу, айырылысу емес кездесу.
УНИВЕРСИТЕТ НҰР ШӘКІРТТЕРІНІҢ РИСАЛӘ-И НҰР
ТУРАЛЫ ЖАСАҒАН БАЯНДАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Иманға және Ислам дінінің зәмзәм суына шөліркеген қадірлі достарым!
Сөзіме кіріспес бұрын, мынаны білдірсем деймін: Бұл мінбеге шығу себебім, сіздерден ерекшелену емес, мен де сіздердің бауырларыңыздың бірімін. Оқығалы тұрған баяндамам әуелі өзімнің мұқтаж болған, пайдасы мол дәрісім. Рұқсат етсеңіздер талқылау ретінде сіздерге оқып берейін. Кемшіліктер болса менің, ал ұнамды жақтары болса, маған көп пайдасы тиген Рисалә-и Нұр шығармасына тиесілі. Алдағы уақытта, Құдай қаласа, апта сайын өтетін бас қосуымыздың бүгінгі және алғашқы тақырыбы, иман жәйінда болмақ. Неге десеңіздер, жауап ретінде Ислам ғалымы Бәдиүззаман Саид Нұрсидың бірінші құрылтай жиналысында айтқан сөзін қайталасам деймін. "Әлемдегі ұлы ақиқат - иман, иманнан кейін намаз". Сондықтан, біз де баяндамамыздыңҚұран, иман, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) жәйінда болғанын жөн көрдік. Одан кейінгілері иншаллаh, намаз, ғибадат туралы болады.
Аталған тақырыптар көлемінде бізге жол сілтер шығарма іздеп жүр едік. Ақырында сұранысымызға түпкілікті жауап беретін, өміршең әрі уақытқа сай ұғымды дәріс беретін және ширек ғасырдан бері адамдарға сенімді пайдасын тигізіп келе жатқан діни шығарма "Рисалә-и Нұр" атты еңбекке кезіктік. Жасамақ баяндамамызға иман тақырыбын таңдағанымыз осыдан. Енді шығарманың авторы жәйінда да азғантай мағлүмат берсек дейміз.
Бүгінгі таңда дініміз бен Исламның дұшпандары иманның негіздерін әлсіретіп, оны қүртуды мақсат етіп отыр. Әсіресе, соңғы ширек ғасырда иманның шарттарына күйе жағуға тырысқан қаскөйліктері бұрын-соңды тарихта болмаған, сұмдық дәрежегежетті.
Алайда, өздеріңізге мәлім иманның шарттарының біреуіне күмән келтіру немесе жоққа шығару, діннің ұсақ-түйек мәселелеріне деген немқұрайдылықтан мың есе қауіпті әрі зиянды. Сондықтан да қазір басты міндет; иманды қасаңдықтан құтқарып қуаттандырып, жандандырып, нағыз иманға айналдыру әрі иманның ұлылығын сақтап қалу. Бәрінен бұрын иманның шарттарымен шұғылдану аса қажеттіліктен, ауадай керектіліктен, тіпті мәжбүрліктен туып отыр. Мұндай жағдай Түркияда ғана емес күллі Ислам әлемінде осылай.
Иә, ірге тасы жарылып тұрған үйдің бөлмелерін жөндеу, әшекейлеу жұмыстары оның құламауы үшін септесер ме екен? Тамыры шіріген ағашты қуратпау үшін бұтақтары мен жапырақтарын дәрілеп, шара қолдану оның өмірін ұзартар ма? Адам бейне бір құрылыс тәрізді. Оның ірге тастары - иманның шарттары. Адам әлгіндегі ағаш сияқты, оныңтамыры иманның негіздері. Иман шарттарының ең маңыздысы - Иман-ы Биллаh, яғни Аллаhқа сенім. Пайғамбарлық және хашир одан соң келеді. Сондықтан адамның ең бірінші үйренетін ілімі - иман ілімі. Ілімдердің негізі де әрі ілімніңтәжі де - иман.
Иман дегеніміз тек жинақталған түрде Аллаhты мойындаумен бітпейді. Иманның көптеген мәртебелері бар. Жасанды да жаттанды иман әсіресе, мына адасуы көп алай-түлей заманда тым әлсіз, тез өшіп қалады. Нағыз иман болса сарқылмайтын да таусылмайтын қуат. Нағыз иманға қолы жеткен адамның иманы мен діні, құдайдан безгендердің қорқынышты зомбылықтарына тап болса да аман қалады. Нақты иманға ие болған да аман қалады. Нақты иманға ие болған адамның көңіліне барып тұрған дінсіз философтың өзі күмән немесе шүбә түсіре алмайды.
Міне, осы ақиқаттарға сүйене отырып, бізге нақты иман дәрісін беретін, иманның қуатын арттырып, мәңгі бақытқа бөлейтін, Құран және иман ақиқаттарына толы шығарманы табандылықпен мұқият оқуды өзімізге өте қажетті деп, әрі борышымыз деп білеміз. Әйтпесе, мына заманда дүниелік және ахиреттік қайғыларға душар болатынымыз анық. Сондықтан, азаттық үшін қасиетті Құранның иман туралы аяттарын түсіндіретін оның құнды тәфсирлеріне ұмтылуымыз керек.
Енді, мұндай шығарма бұл заманда бар ма деген сұрақ туғанын қобалжыған, нұрлы жүздеріңізден байқауға болады.
Рас, мұндай қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін шығарма табу жолында мұқият зерттеу жүргіздік. Ақырында, hәм түркжастарын, hәм күллі мұсылман қауымын және адамзатты тура жолға салатын Құраннан сабақ алған, жетекші бола алатын шығарма тапқандай болдық. Ол, Бәдиүззаман Саид Нұрсидің "Рисалә-и Нұр" атты шығармасы. Бұған біз ғана емес бізбен бірге "Рисалә-и Нүр" арқылы иманын сақтап қалған миллиондаған кісілер куә.
Иә, жиырмасыншы ғасырда күллі әрі ортақ жетекшілік ететін Қүраннан тараған шығарманың авторы, мына қасиеттерге ие болуы керек деп шештік. Бұл қасиеттердің барлығы "Рисалә-и Нұрда", оның авторы Бәдиүззаман Саид Нұрсидің бойында бар екенін көрдік. Олар:
Біріншіден: Автордың тек Қасиетті Құранды өзіне ұстаз деп тануы.
Екіншіден: Құран-ы Хаким нақты ілімдерді қамтитын қасиетті кітап. Әрі ғасырлар бойы адамдардың барлық таптарына арналған мәңгі жасайтын үндеу. Сондықтан, Құран тәфсир жасалғанда ақиқаттың мөлдір түрде білдірілуі, нақты тәфсир болу үшін де тәфсиршінің өзінің жеке кәсібіне бұрып кетпей, мінез-құлқы көлеңкетүсірмей, әуестік араласпай жазылуы тиіс. Һәм Құранның мағыналарын аша отырып, Құранның көрінген ақиқаттарын ақ параққа түсіру үшін тәфсирші пәннің барлық саласынан хабардар, өткір пікірі болуы тиіс. Сондай-ақ, зерделі, өте ықыласты, үлкен ғұлама әрі жоғары саналы, беделді, еңбекқор әулиеге тән қуатқа ие болуы қажет.
Үшіншіден: Тәфсирші Аллаhтың ризашылығынан басқа өзге ешнәрсені, яғни материалдық болсын, рухани болсын көздемеуі, әрі мүндай шынайы қасиеттерге ие екенін өткен өмір куә болуы керек. Міне, бұл Құран тәфсирінің толық ықыласпен жазылғанын дәлелдейді.
Төртіншіден: Қасиетті Құранның ең үлкен мүғжизелерінен бірі тозбай, ескірмей өзінің уылжыған жастығын сақтап қалуы. Осы ғасырда түскендей әр ғасырдың ықтияжын қамтамасыз етуі.
Міне, осы ғасырда бізге жеткізілген тәфсирде Құран-ы Хакимның заманымызға сай жүзі ашылып, қарапайым халықтан бастап оқымысты жандарға дейінгі барлық адамдардың пайдасына жарайтындай түрде анықталып, дәлелденуі.
Бесіншіден: Тәфсиршінің Құран және иман ақиқаттарын нақты дәлелдермен, айғақтармен дәлелдей отырып үйретуі, яғни позитивизмді негіз ретінде қолдануы.
Алтыншыдан: Үйретілген Құран ақиқаттарының адамның ақылын, жүрегін, рухы мен ар-ожданын нұрға бөлеп, қанағаттандырып, нәпсіні тізгіндеуі, тіпті шайтанның өзін қыбыр еткізбейтіндей қуатты әрі шешен, алмастай өткір жанға әсерлі болуы.
Жетіншіден: Адамды ақиқаттарды түсінуге кедергі болатын менмендік, көкіректік, шірену мен тәкәббарлық сияқты нашар ахлақтардан сақтап, кішіпейіл, ақ көңіл сияқты асыл да жағымды ахлақтарға ие қылуы.
Сегізіншіден: Құран-ы Кәрімге тәфсир жасаған ғұламаның Расул-ы Әкрәм ғалейhис-салату уәссаламның сүннетін барлық мүмкіндігінше орындауы және әhли-сүннет уәл жамағат жолында, яғни сүннилердің ізімен, ілімімен әрекет еткен болуы тиіс. Сондай-ақ, дүниеге қызықпайтын тақуа, тым ықыласты әрі дінге деген қызметі адал, мәрт, өте сенімді, шынайы берілген жанкешті, барынша үнемшіл әрі қанағатшыл болуы шарт.
Қысқаша айтқанда: тәфсир етуші, өзінің Құраннан алған ғылыми еңбектерімен Хазіреті Мүхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығының сәулесінен нәр алған, сондай-ақ өзінің үлкен тақуалығымен, мол қүлдығымен және асыл қасиеттерімен де Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) әулиелігінің нұрына бөленген Қүранның қызметшісі болуы тиіс.
Тоғызыншыдан: Тәфсир етуші кісі, Құранның және шариғаттың мәселелерін баяндаған кезде, қандай да болсын азаптан немесе жәбірленуден тайсалмай, қиын жағдайларда айтқанынан қайтпай, өлімнен қорықпай, дүниені дүркіретерлік иман қуатымен ақиқатты еркін айтатын, Ислам берген батырлығымен ержүрек болуы тиіс. Сондай-ақ, айнала дарға асулар мен дінді жою жоспарлары іске асырылып, бірде-бір діни кітаптың басылмай жатқан қараңғы, үрей билеген дәуірде, әсіресе, Құранмен шариғат негіздерін жоюға, оны сөндіруге жанталасқан кезеңде, Қүран мен Шариғат негіздерін жазып, қызғыштай қорғаған, күні бүгінге дейін өз оқырмандарын тапқан асыл тәрбиеші және Исламның заманымызға сай керемет жолбасшысы, әрі Қүранның адал да заңғар тәфсиршісі болуы тиіс.
Міне, күнімізде жоғарыда аталған тоғыз шартты қасиеттер, тәфсирші Саид Нүрсидің бойында, әрі "Нүр Рисаләсі" атты шығармада дәлме-дәл кездесетінін, әділ Ислам ғүламалары бірлесе мақүлдап отыр. Сондай-ақ, жанданып, өркен жайып келе жатқан Ислам әлемінде, тіпті Еуропада, Америкада да мәлім болып қызу қуаттау тауып отыр. Мінекей, қадірлі бауырлар! Біз осындай Қүран тәфсирін үзақ жылдар бойы сарғая күтіп жүрдік. Осындай бір тәфсирші болса деп армандаушы едік.
КІТАПШАДА КЕЗДЕСЕТІН
АЛЛАҺУ ТАҒАЛАНЫҢ
СИПАТТАРЫ:
Әхад: тек, бір.
Ғани-ы Кәрім: Қазына байлықтың иесі, аса қадірлі жомарт.
Ғани-ы Мутлақ: Нағыз бай. Сарқылмас байлық пен қазына иесі.
Жәууад-ы Мутлақ: Сансыз сыйлық беруші, сөзсіз аса жомарт.
Жәлилі-і Жәмил: шексіз үлкен де айбынды, асқан көрікті де әсем.
Жәнаб-ы Хақ: Шексіз алып, құрметке лайық.
Жәмил-і Зүлжәлал: Айбынды да қаhарлы, аса көркем.
Зат-ы Зүлжәләл: Шексіз үлкен, қай жағынан болса да шексіз құдіреті мен алыптығы ақылға сыймайтын, құрметке лайық.
Зүлжәмал: Асқан сұлу әрі көрікті.
Зүлкәмал: Әсем әрі кемел иесі.
Исм-і Ағзам: Аллаhу Тағаланың Құран мен Хадистерде аталған аттарының мағынасын қамтитын есім. Аллаhтың ең үлкен аты.
Кәрім: асажомарт.
Қадир-і Зүлжәлал: Теңдесі жоқ құдірет иесі.
Қадир-ы Мутлақ: Барлық нәрсеге құдіреті сөзсізжететін.
Қадир-і Рахим: Барлық нәрсеге құдіреті жететін, рақымы мол.
Қадир-і Зүлкәмал: Барлықәсем сипаттарға лайық, құдіреті күшті.
Қади-үл Хажат: Жаратылыс атаулыны барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуші.
Ма'буд-ы Ләмязәл: Құлшылық жасауға әбден лайық, мәңгілік иесі.
Махбуб-ы Ләязал: Сүюге нағыз лайық, шексіз сүйікті әрі соңсыз.
Махбуб-ы Бақи: Мәңгі-бақи тірі әрі сүйікті.
Мәлік: Барлық нәрсенің иесі.
Мәулә-и Кәрім: сый-сыяпатқа бөлеуші, аса жомарт.
Мүн'им-і Кәрім: Ырыс беріп азықтандырып, сый-сыяпатқа бөлеуші жомарт.
Рабб: Қожайын, ие, тәрбиелеп жетілдіруші.
Раббани: Раббыға тән.
Рахим: Аса қайырымды, рақымы мол, мейірімді.
Рахим-ы Зүлжәлал: Құдіреті күшті, айбынды да қаhарлы, рақымы да аса қайырымды.
Рахим-ы Зүлжәмал: Асқан мейірімділік пен көріктіліктің иесі, рақымы мол.
Рахман: Барлық мақұлықтардың азықтарын беруші, қайырымдылығы мен рақымшылығын мақұлықтарынан есіркемейтін, шексіз ризықтарын жүйелі тәртіппен, әділетті түрде беруші.
Рубубиет: Әрдайым әр жерде мақұлықтарына барлық мұқтаждықтарын беруші, азықтандырып, тәрбиелеуші әрі қожайын екенін көрсететін, тың іс-әрекеті, билігі.
Самедани: Әр нәрсе оған мұқтаж, өзі еш нәрсеге мұқтаж емес Аллаhқа тән.
Сани: жаратушы ұста, шебер.
Сани-ы Зүлкәмал: Күллі әсем сипаттарға ие, шебержаратушы.
Сани-ы Хақиқи: Ешнәрсеге мүқтаж емес, барлық нәрсені жаратушы асыл ұста.
Сейіт: Қадірлі, құрметті.
Сұлтан-ы Әзели: бастауы жоқ, соңы жоқ мәңгілік иесі, сұлтаны.
Сүбхани: Аллаhқа тән, оған тиісті, оның Сүбхан сипатымен қатысты.
Тәкуин: Бар қылу, пайда болдыру. Жарату.
Уахид: Серіксіз, ортағы жоқ.
Уахид-ы Әхад: Жалғыз әрі дара Аллаh.
Уахданиет: жалғыздық, теңі жоқ дара. Азайып көбеймейтін, нұқсандық атаулыдан пәк деген мағынада қолданатын Аллаhтың бір сипаты.
Улухиет: Ғибадет пен бойұсынуға лайық Аллаhтың бір сипаты.
Фатыр-ы Зүлжәлал: Теңдесі жоқ нәрселерді жаратушы, айбынды Аллаh.
Фатыр-ы Хаким: Атқарған әрбір ісі мен әмірі өте орынды әрі хикметті де қатесіз болатын, теңдесі жоқ нәрселерді жарататын, асқан шебер жаратушы Аллаh.
Фатыр-ы Зүлжәмал: Көріктігіне шек жоқ, әсемдік иесі әрі теңдесі жоқ нәрселерді жарататын асқан шебер жаратушы Аллаh.
Фаил-ы Хаким: Атқарған әрбір ісі мен әмірі хикметке толы, қатесіз де орынды, жасаушы, жаратушы Аллаh.
Фәияз-ы Мутлақ: шүбәсіз берекет пен молшылыққа бөлеуші, жасырын қазыналарынан (мағынауи, рухани қазына) сыйлаушы, сөзсіз аса жомарт Аллаh.
Хаии-ы Қаюм: Әрқашан тірі, барлық нәрселерді бар етіп тұрған Аллаh.
Халиқ-ы Зүлжәлал: Жаратушы, шексіз қүдірет пен алыптық иесі Аллаh.
Хаким-ы Зүлкәмал: барлық әсем сиппаттарға ие, барлық істері хикметке толы Аллаh.
Халиқ: Жаратушы.
Хаким-ы Мутлақ: Билігінде ортағы жоқ, әділетті түрде басқарушы, нағыз әкім Аллаh.
СӨЗДІК
А'ла-иы Иллииін: Аллаhу Тағаланың алдында нағыз игі-жақсылардың, тақуалардың мәртебесі. Жәннәттің ең жоғарғы сатысы.
Әлем-і мысал: Әлемдегі барлық нәрселердің, барлық оқиғалардың дәлме-дәл реттеліп суреттері алынып тіркелетін жер. Адамның түсінде көрінетін әлем.
Әсфәл-і сафилин: Құдайдан безіп, қадірі қалмаған азғындардың ең төменгі сатысы. Жәhәннәмдағы ең төменгі саты.
Әхсән-і тақуим: Әлемнің және жаратылыстардың барлық ерекшеліктерін жинақтап, Аллаhу Тағаланың өзінің сипаттарына лайық өте сүлу бейне.
Берзах: Дүние мен ахиреттің арасы. Қабір. Күйзеліс жері. Ахирет күнінің бірінші бөлімі, қабірге кірумен басталып, екінші рет жаратылуымен бітеді.
Ғафлет: Өте маңызды болып табылатын Аллаhтың әмірлерін орындамай, оның орнына басқа үсақ-түйек нәрселермен айналысып, нәпсісін тыңдап, немқұрайдылықтаныту.
Илхам: Аллаh тарапынан жүрекке келген мағына.
Иман-ы Биллаh: Аллаhқа наным.
Кәлима: Сөз.
Күсүф: Күннің тұтылуы.
Мағрифетуллаh: Аллаhты тану.
Тәсбих: Сүбханаллаh, яғни Аллаhтың кемшілік атаулыдан ада екенін білдіру, мадақтау.
Уахий: Бір пікірдің, ақиқаттың немесе әмірдің Аллаh тарапынан пайғамбарларға аян болуы.
Хашир: Қиямет қайымнан кейін адамзаттың есеп беру үшін бір жерге жиналуы.
Хидает: Құдайдың қүдіретімен хақ жолға түсіп, жүрегіне иманның нүры үялауы.
Хүсүф: Айдың тұтылуы.