Кiшi Сөздер
СӨЗДЕР КŻШŻ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
وَبِهِ نَسْـتَعِينُ * اَلْحَمْدُ ِللهِ رَبِّ الْعٰالَمِينَ وَالصَّلٰوةُ وَالسَّلاَمُ عَلٰى سَيِّدِناَ مُحَمَّدٍ وَعَلٰۤى اٰلِهِ وَصَحْبِهِ اَجْمَعِينَ
Уа, бауырым! Менен бірнеше насихат сұрадың. Сен бір сарбаз болғаның үшін, әскерлік мысалымен айтылған сегіз шағын хикаяларды және олар арқылы бірнеше хақиқатты нәпсіммен бірге тыңда. Өйткені мен нәпсімді әр кімнен де артық насихатқа мұқтаж деп білемін. Бір уақыттарда сегіз Аяттан пайдаланып жазған «Сегіз сөзді» біраз ұзынырақ етіп нәпсіме айтқан едім. Қазір қысқаша және қарапайым халық тілімен тағы да нәпсіме айтамын. Кім қаласа, бірге тыңдасын.
БІРІНШІ СӨЗ
«Бисмилләһ» - әр бір қайырлы істің басы. Біз де әуелі осыдан бастаймыз. Біл, әй, нәпсім! Бүл мүбарак сөз - Ислам нышаны болғаны секілді, бүкіл мәужудаттың да хал тілімен вирди зебаны.
«Бисмилләһ» - қаншама үлкен, сарқылмас бір қуат, қаншама көп, тау-сылмас бір береке екенін түсінгің келсе, бүл мысал болған шағын ғана хикаяға қара, тыңда... Былайша:
Көшпелі арабтардың шөлдерінде саяхат еткен адамға керегі: бір тайпа басшысының есімін алсын және қарамағына кірсін. Солайша қарақшы- лардың жамандығынан қүтылып, қажет нәрселерін ала алсын. Болмаса, жалғыз басымен шексіз көп дүшпандары мен мүқтаждықтарының қарсысында пүшайман болады. Міне, осындай бір саяхат үшін екі адам шөлге шығып кетіп барады. Олардың біреуі кішіпейіл, екіншісі болса, тәкаппар еді... Кішіпейіл болғаны бір басшының есімін алды, тәкаппар болса алмады... Алғаны барлық аймақта сау-саламаттылықпен кезді. Бір жолтосар қарақшыға кездес кендв: «мен пәлен басшының есімімен кезудемін» - десе, қарақшы оған тиісе алмай, жайына кететін еді. Бір шатырға кірсе, ол есім арқылы қүрмет көретін еді. Екінші тәкаппар болса, бүкіл саяха-тында сондай бәлелерге жолығар еді, айтып жеткізу мүмкін емес. Әрдайым дірілдейтін, әрдайым қайыршылық ететін еді. Әрі залил, әрі разил болды.
Міне, әй, тәкаппар нәпсім! Сен - сол саяхатшысың. Бүл дүние болса - бір шөл. Әлсіздігің мен пақырлығың шексіз. Дүшпандарың мен қажет нәрселерің де шексіз. Олай болса, бүл шөлдің Әбәди Маликі мен Әзәли Әкімінің есімін ал... Сонда бүкіл әлемнің қайыршылығынан және барлық уақиғалардың қарсысында дірілдеуден қүтыласың...
Ия, бүл сөз - сондай берекелі бір қазына, сенің шексіз әлсіздігің, пақыр-лығың - сені шексіз қүдіретке, рах-метке байлап, Қадыры Рахымның қүзырында әлсіздікті, пақырлықты ең мақбүл бір шапағатшы қылады. Ия, бүл сөзбен әрекет еткен - әскерлікке алынған сондай бір адамға үқсайды, ол адам үкімет атынан әрекет етеді, ешкімнен қорықпайды, «заң атынан, үкімет атынан» - дейді, барлық тір-лікті істейді, барлық нәрсеге қарсы түрады. Сөз басында: «бүкіл мәужудат өз хал тілімен «Бисмилләһ» дейді» - деп айтқан едік. Солай ма?
Ия, мәселен былай болса: жалғыз бір адам келді, бүкіл қала түрғындарын мәжбүрлеп бір жерге жіберді және мәжбүр етіп жүмыс істеттірді. Еш күмәнсіз білесің: ол адам өз есімімен, өз қуатымен әрекет етпейді, бәлкім ол - бір сарбаз, үкімет атынан әрекет етеді, бір патшаның қуатына сүйенеді.
Дәл осыған үқсас, барлық нәрсе Жанабы Хақтың атымен әрекет етеді: түйіршіктер сияқты үсақ үрықтар мен дәнектер бастарында үлкен ағаштарды, тау сияқты жүктерді көтеріп түрады. Демек, әр бір ағаш «Бисмилләһ» - дейді, Рахмет қазынасының жемісте-рінен қолдарын толтырады, біздерге үсынады. Әр бір бақша «Бисмилләһ» - дейді, Қүдірет асханасынан бір қазан болып, алуан түрлі, өте көп ләззатты тағамдар бірге пісіріледі. Әр бір сиыр, түйе, қой және ешкі сияқты берекелі хайуандар «Бисмилләһ» - дейді, Рах-меттің берекетінен бір сүт бүлағы болады. Біздерге Раззақ атымен ең тамаша, ең таза тіршілік қорегі сияқты тағамды үсынады. Әр бір өсімдік, ағаш және шөптердің жібек секілді жүмсақ түбірлері мен тамырлары «Бисмилләһ» - дейді, қатты тас пен топырақты жарып өтеді. «Алла атымен, Рахман атымен» - дейді, барлық нәрсе оған бағынышты болады.
Ия, бұтақтардың ауада жайылып өсуі және жеміс беруі сияқты, ол қатты тас пен топырақтағы тамырлардың өте оңай ғана таралуы және жер астында жеміс беруі, әрі айлар бойы нәзік, жасыл жапырақтарының өте қатты ыстыққа қарсы түрып, жас қалуы - табииунның аузына қатты тоқпақ үрады. Көр болғыр көзін шүқиды және айтадьі: ең сенім артқаның - қаттылық пен ыстықтық та Оның бұйрығымен әрекет етеді. ол жібек секілді жұмсақ тамырлардың әр бірі Мұса (Ғ С.)-ның асасы сияқты
فَقُلْناَ اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْحَجَر َ
әміріне оағынып, тастарды парша-парша етеді. Және ол темекінің қағазы сияқты жүқа, нәзік жапырақтардың әр бірі Ибраһим (Ғ.С.)-ның ағзалары сияқты от шашқан ыстыққа қарсы
يَا نَارُ كُونِى بَرْداً وَسَلاَماً
Аятын оқуда.
Сондай-ақ барлық нәрсе рухани тілімен «Бисмилләһ» - деп айтады және Алла атымен Алланың нығмет-терін келтіріп, біздерге беруде екен, біз де «Бисмилләһ» - деуіміз керек. Алла атымен беруіміз, Алла атымен алуымыз керек. Олай болса, Алланың атымен бермеген ғафил адамдардан алмауы-мыз керек.
Сауал. сатушы саналған адамдарға бір ақы төлейміз. Ғажабы. негізгі мал-мүлік иесі болған Алла, бізден қандай ақы қалайды?
Жауабы. ия, Ол Хақиқи Мұнғим - бұл қымбатты нығметтерінің, малдары-ның орнына бізден қалаған ақысы үш нәрсе.- бірі - зікір, бірі - шүкір, бірі -пікір.
Басында «Бисмилләһ» - зікір. Соңында «Әлхамдулилләһ» - шүкір. Ортасында болса, бүл қымбатты, ғажайып өнер туындылары болған нығ-меттер - Ахад Самадтың қүдіретінің мүғжизасы және рахметінің сыйлығы екенін түсіну және ойлау - пікір. Бір патшаның бағалы бір сыйлығын саған алып келген бейшара бір адамның аяғына жығылып, сыйлық иесін таны-мау - қандай дәрежеде ақымақтық болса, хақиқи болмаған нығмет берушілерді мақтап және оларды жақсы көріп, Хақиқи Мүнғимды үмыту - одан да мың есе ақымақтық болады.
Әй, нәпсі! Бұндай ақымақ болмауды қаласаң, Алла атымен бер... Алла атымен ал... Алла атьмен баста... Алла атымен істе. Уәссалам.
ЕКІНШІ СӨЗ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
اَلَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ
Иманда қаншама үлкен бақыт пен ныгмет және қаншама үлкен бір ләззат пен рахат бар екенін түсінгің келсе, бүл мысал болган шагын ғана хикаяға қара, тыңда...
Бір заманда екі адам әрі рахаттану, әрі сауда үшін саяхатқа шығады. Бірі - менменшіл, бақытсыз болғаны бір жаққа; өзгесі - худабин, бақытты бол-ғаны басқа жолға түседі. Менменшіл адам әрі өзімшіл, әрі худандиш, әрі бадбин болғандығынан бадбиндіктің жазасы болып, көзқарасында өте жаман бір мемлекетке кіреді. Қараса барлық жерде әлсіз бейшаралар зорлықшыл, қорқынышты адамдардың қолдарынан және қиратуларынан қорлық көріп, қайғыра жылап жүр. Бүкіл кезген жерлерінде осындай қайғылы, аянышты халді көреді. Бүкіл мемлекет - бір ортақ қайғыру, жылау орнының бейнесін алған. Өзі болса үрейлі және аянышты халді сезбеу үшін маскүнем-дікке салынудан басқа шара таба алмас; өйткені барлығы оған дүшпан және бөтен болып көрінеді. Және орталықта да қорқынышты жаназаларды, үмітсіз-дене жылаған жетімдерді көрер, ар-ұжданы азап ішінде қалар. Екіншісі ху-дабин, Алланы сүйген және шыншыл, көркем мінезді еді - көзқарасында өте тамаша бір мемлекетке кірді.
Міне, бүл жақсы адам кірген мемле-кетінде ортақ бір қуанышты жағдайды көреді. Айналасында бір шаттық, той-думан, бір жазба және қуанышқа толы зікірханалар... Барлығы оған дос және туысқан болып көрінеді. Бүкіл мемле-кетте жасасын және шүкірлермен ортақ бір әскерліктен бостандыққа шығу қуанышына кенеледі. Әрі тәкбир және тәхлилмен әскерлікке алу үшін ойналған көңілді бір дабыл және бір музыка әуенін есітеді. Әуелгі бақытсыз әрі өзінің, әрі жалпы халықтың мүң-қасіретімен қайғырумен болса - бүл бақытты адам әрі өзінің, әрі жалпы халықтың куанышына ортақ және көңілді жүреді. Әрі жақсы бір сауданы қолына түсіреді, Аллаға шүкіршілік етеді.
Содан кейін қайтады, әуелгі адамға үшырасады. Халін түсінеді және оған айтадьі: «әй, сен не, дуана болдың ба? Ішкі көріксіздіктерің сыртыңда көрі-ніпті: күлуді жылауға айналдырыпсың, әскерліктен бостандыққа шығуды - тоналу және талан-тараждыққа түсу деп ойлайсың? Ақылыңды басыңа ал, қалбыңды тазарт, бүл қасіретті перде сенің көзқарасыңнан кетсін. Сол кезде хақиқатты көре аласың. Өйткені өте әділ, мейірімді, халқын қорғаушы, күдіретті, тәртіп-тәрбиені сүйген және мейірбанды бір Патшаның мемлекеті, әрі көз алдыңда көрінген бүл жоғарғы дәрежелі өркендеу мен теңдессіз өнер туындыларын көрсеткен бір мемлекет
- сенің болжамың көрсеткен бейнеде бола алмас». Содан кейін бұл бақытсыздың ақылы кіріп, өкіне: «ия, мен маскүнемдіктен дуана халіне келген едім. Алла сенен разы болсын, Жаһаннамдық бір халден қүтқардың»
- деп айтады.
Әй, нәпсім! Біліп ал: әуелгі адам -кәпір, немесе пасық ғафил. Бүл дүние оның көзқарасында бір ортақ қайғыратын, жылайтын орын. Бүкіл тіршілік иелері - зауал мен фирақ тепкісінен жылаған жетімдер. Хайуан мен адам болса - ажал тырнағынан парша-парша болған қорғаушысыз бүзақылар. Таулар мен теңіздер сияқты үлкен мәужудаттар - рухсыз, үрейлі жаназалар үкімінде. Кәпірлігі мен да-лалатынан тағы да осылар секілді өте аянышты, қинаушы және қорқынышты түсініктер пайда болады, оны рухани азаптайды.
Екінші адам болса - мүмін, Жанабы Халықты таниды және тасдиқ етеді. Оның көзқарасында бүл дүние - Рах-манның бір зікірханасы, адам мен хайуанаттың бір тәлім-тәрбие алатын орны, әрі адам мен жындардың бір ем-тихан алаңы. Бүкіл хайуандар мен адамдардың өлімдері болса - әскер-ліктен бостандыққа шығу. Өмір мін-детін өтеп болғандар бүл пәни жалған-нан рухани бір шаттықпен қуана басқа бір қайғы-қасіретсіз әлемге кетеді. Осылайша жаңадан келетін жауапкер, міндетті болғандарға орын босасын, келіп істесін. Бүкіл хайуандар мен адамдардың туулары болса - әскерлікке алыну, қару астына, міндет басына келулері демек. Бүкіл тіршілік иелері болса - қызмет басындағы көңілді сарбаз, әділ, қуанышты қызметкерлер үкімінде. Бүкіл дауыстар болса - я міндеттің басталуындағы зікір, тәсбих, әрі демалысқа шыққанына шүкіршілік және қуану, немесе орын-дауға деген ынтадан пайда болған дауыстар. Бүкіл мәужудат - ол мүміннің көзқарасында Саийді Кәрімнің және Маликі Рахымның сүйікті қызметкерлері, жауапкер доста-ры, шырын кітаптары болады. Тағы да осылар сияқты өте тамаша, үлы, ләззатты және тәтті хақиқаттар иманы-нан шығады, көрініс береді.
Демек, иманда бір рухани Жаннат Тубасының дәнегі бар. Купірлік болса, бір рухани Жаһаннам Заққүмының урыгын сақтауда.
Демек, саламат пен қауіпсіздік, бақыт тек қана - Исламда және иманда. Олай болса, біз әрдайым
اَلْحَمْدُ للهِ عَلَى دِينِ اْلاِسْلاَمِ وَكَمَالِ اْلاِيَمانِ
деуіміз керек
ҮШІНШІ СӨЗ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
يَاۤ اَيُّهَا النَّاسُ اعْـبُدُوا
і-мбадат - қаншама үлкен бір сауда мен бақыт екенін, пасықтық пен азғын-дық болса - қаншама үлкен бір зиян және қүлдырау екенін түсінгің келсе, бүл мысал болған шағын ғана хикаяга қара, тыңда...
Бір заманда екі сарбаз, ұзақ бір қалаға бару үшін бұйрық алады. Жолдары екіге айрылғанға дейін бірге жүреді. Айрылған жерде бір адам жолығады, әрі оларға айтадьі: «бұл оң жақтағы жолдың ешбір зияны болмауы-мен қатар, бұл жолдағы жолаушылар-дың оннан тоғызы үлкен пайда және рахатқа жолығады. Солдағы жол болса, пайдасыз болуымен қатар, он жолаушысының тоғызы зарар көреді. Ұзын-қысқалығы жағынан екеуі де бірдей. Тек қана бір айырмашылығы бар: тәртіпсіз, үкіметсіз болған сол жолдың жолаушысы дорбасыз, қарусыз кетеді. Сырттай бір жеңілдік, жалған бір рахат көреді. Әскери тәртіпке ба-ғынған оң жолдың жолаушысы болса, ең қажетті деген коректі заттарға тола төрт килограммдық бір дорба және әр дүшпанға қарсы қолданылатын, оларды жеңетін екі килограммдық бір мүкаммал үкімет қаруын алып жүруге мәжбүр...»
Ол екі сарбаз - бүл мүғарриф адамның сөзін тыңдаған соң, бақытты болғаны оң жолға түседі. Бір батпан ауырлықты иығына және беліне жүктейді, бірақ қалбы мен рухы мыңдаған батпан ауыр миннеттерден және қорқыныштардан қүтылады. Екінші бақытсыз сарбаз болса - әскерлікті тастайды, тәртіпке бойсүнғысы келмейді, сол жаққа кетеді. Денесі бір батпан ауырлықтан қүтылады, бірақ қалбы мыңдаған батпан ауыр миннеттер астында және рухы өте көп қорқыныштар ішінде езіледі. Әрі әр кімге қайыршы, әрі әр нәрседен, әр бір уақиғадан дірілдер бір суретте кетеді. Осылайша мақсат ма-халласына жеткенде сотқар және қашқын жазасын тартады.
Әскерлік тәртіпті сүйген, дорбасы мен қаруын сақтаған және оң жолға кеткен сарбаз болса - ешкімнен миннет алмай, ешкімнен қауіптенбей, қалбының және ар-үжданының рахаты-мен кетеді. Осылайша талап етілген қалаға жетеді, ол жерде міндетін тамаша атқарған намысшыл сарбазға лайық сыйлыққа ие болады.
Міне, әй, қүлшылықсыз нәпсі! Біліп ал: ол екі жолаушының бірі - Алла заңына бойсұнушы... Екіншісі болса -сотқар және нәпсінің қалауына бағын-ған адамдар. Ол жол болса - өмір жольі: рухтар әлемінен келіп, қабірден өтеді, ақыретке кетеді. Ол дорба мен қару болса - ғибадат және тақуалылық. Ғибадаттың болса да - бір сырттай ауырлығы бар, бірақ мағы-насында сондай бір рахат пен жеңілдік бар - айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені пенде Намазында:
اَشْهَدُ اَنْ لاَ لِلَهَ اِلاَّ اللهُ
ейді. Яғни: «Одан басқа Халық пен Раззақ жоқ! Зиян мен пайда Оның қолында. Ол әрі Әкім - керексіз іс істемес. Әрі Рахым - жарылқауы, мейірімділігі көп» - деген сенімділік-пен барлық нәрседе рахмет қазынасының есігін табады. Дұғасымен қағады, әрі барлық нәрсені өз Раббысы-ның әміріне бағынушы деп біледі, Раб-бысына сиыну және тәуекелмен сүйену арқылы, әр бір қайғы-қасіреттен сақтанады. Иманы оған толық бір қауіпсіздік сезімін береді. Ия, барша хақиқи жақсы амалдар секілді, батырлықтың да шыққан негізгі түбірі - иман мен убудиет. Барлық күнәлар секілді, қорқақтықтың да шыққан негізгі түбірі - далалат!
Ия, Жер Шары бомба болып жарылып кетсе де, қалбы нүрлы болған пендені ықтимал, ешқандай қорқытпас. Керісінше ол, ләззатты бір таң қалумен теңдессіз бір Самадани Қүдіретті тама-шалайды. Бірақ, атақты бір - ақылы нүрлы деп танылған, қалбы имансыз бір пасық пәлсапа маманы болса, көкте бір қүйрықты жүлдызды көрсе, жерде түрып үрейленв: «ғажабы, бүл қаңғыбас жүлдыз жерімізге соғыспас па екен?» - деп, күмәнданып босқа қорқады. (Бір уақыттарда осындай бір жүлдыздан Америка дірілдеді. Көпшілік халқы түн уақытында үйлерін тастап шықты).
Ия, адам шексіз көп нәрселерге мүқтаж болған халінде, капиталы жоқ үкімінде... Әрі шексіз көп қайғы-қасіреттерге душар болған жағдайын-да, күш-қуаты жоқ үкіміндегі бір нәрсе... Қолы қай жерге дейін жетсе - капиталы мен күш-жігерінің шегі де сол жерге дейін-ақ, бірақ армандары, қалаған нәрселері және азап-қорлықтары мен бәлелерінің шегі болса - көзі мен қиылының жететін жеріне дейін және бара-бара кеңейе түседі.
Бұл дәрежедегі әлсіз, күшсіз және пақыр, мұқтаж болған адам рухы үшін ғибадат, тәуекел, тәухид және тәслим - қаншама үлкен бір пайда, бір бақыт, бір нығмет болғандығын бүтіндей көр болмаған көреді, түсінеді. Белгілі болғанындай: зарарсыз жол, тіпті он ықтималдан бір ықтималы зарарлы болса да, зарарлы жолдан артық көріледі. Алайда, мәселеміз болған убудиет жолы зарарсыз болуымен бірге, оннан тоғыз ықтималымен, ол жолда бір мәңгілік бақыт қазынасы бар. Пасықтық пен азғындық жолы болса - тіпті пасықтың мойындауымен қатар, пайдасыз болған халде, оннан тоғыз ықтималы мәңгі зорлық-зомбылық бәлекеті бар екенін ижма мен тәуатур дәрежесінде, шексіз көп Ахли Ихтисас және Ахли Мушаһаданың куәгер болу-ларымен түрақты және Ахли Зауқ пен Ахли Кашфтың берген хабарларымен кесімді түрде шындық.
Қорытынды. Ақырет бақыты сияқты, дүние бақыты да - ғибадатта және Аллаға сарбаз болуда. Олай болса, біз
әрдайым
اَلْحَمْدُ للهِ عَلَى الطَّاعَةِ وَالتَّوْفِيقِ
деуіміз және мұсылман болгамымызға шүкіршілік етуіміз керек...
ТӨРТІНШІ СӨЗ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
اَلصَّلاٰةُ عِمَادُ الدِّينِ
Намаз - қаншама қымбатты және маңызды, әрі қаншама арзан және аз гана шыгын арқылы табылатынын, сондай-ақ Намазсыз адам - қандай дуана және зиянды екенін екі көбейту екі - төрт болар дәрежесінде, кесімді түрде анық түсінгің келсе, бүл мысал болған шагын гана хикаяға қара, көр...
Бір заманда, бір үлкен әкім - екі қызметкерінің әр қайсысына жиырма төрт алтыннан беріп, екі айлық қашықтықтағы хас және тамаша жай-лауына иқамат ету үшін жібереді, әрі оларға бүйырадьі:
«Бұл ақшаны жол және билет қаражатына жүмсаңдар, әрі ол жердегі мекеніңізге қажет кейбір нәрселерді сатып алыңдар. Бір күндік үзақтықта бір бекет бар. Ол жерде әрі машина, әрі кеме, әрі поезд, әрі үшақ бар. Капитал-ға қарап мініледі.»
Екі қызметкер дәріс алғаннан кейін жолға шығады. Бірі бақытты еді - бе-кетке жеткенше ақшасының бір бөлігін жұмсайды және ол шығын ішінде мыр-засына ұнайтын сондай тамаша бір сауданы табадьі: капиталы бірден мыңға дейін көтеріледі.
Екінші қызметкер бақытсыз, қаңғыбас болғандығынан бекетке дейін жиырма үш алтынын сарп етеді. Құмар-мұмар ойындарға беріп, капиталы босқа зая кетеді. Бір ғана алтыны қалады. Жолдасы оған айтадьі: «әй, сен - енді бұл алтыныңды бір билетке бер, сонда бұл ұзақ жолда жаяу және аш қалмағайсың. Әрі біздің мырзамыз - кәрім, бәлкім мейірімділік етер, істеген қатеңді кешірер. Сені де үшаққа мінгізер. Бір күнде мекенімізге жетеміз. Болмаса, екі айлық бір шөлде аш, жаяу және жалғыз кетуге мәжбүр боларсың». Ғажабы: егер ол адам қасарыстық жасап, ол бір ғана алты-нын бір қазынаның кілті үкімінде болған бір билетке бермей, уақытша бір ләззат үшін, азғындық жолында сарп етсе - өте ақылсыз, зиянды және бақытсыз болғанын, ең ақылсыз адам да түсінбей ме?
Міне, әй, Намазсыз адам! Және әй, Намазды үнатпаған нәпсім!
Ол әкім - Раббымыз, Халықымыз. Ол екі қызметкер жолаушы болса, бірі: діндар, Намазын сүйсіне оқиды, өзгесі. ғафил, Намазсыз адамдар. Ал, жиырма төрт алтын болса - жиырма төрт сағат: ол - күнделікті өмір. Хас жайлау болса - ол Жаннат. Бекет болса - ол қабір. Саяхат болса - ол қабірге, хаширге, мәңгілікке кететін адамзат сапары. Амалға қарап, тақуа қуатына қарап, бүл үзақ жолды әр түрлі дәрежеде жүріп өтеді. Тақуалы адамдардың бір бөлігі найзағай секілді - мың жылдық жолды бір күнде кесіп өтеді. Бір бөлігі де - елу мың жылдық бір ара қашықтықты қиял сияқты, бір күнде кесіп өтеді. Бүл хақиқатқа Қүраны Азимушшан екі . Аятымен ишарат етеді. Билет болса - ол Намаз. Бес уақыт Намаз үшін, дәретімен бірге, бір-ақ сағат жеткілікті.
Ғажабы. жиырма үш сағатын бүл қысқаша дүниелік өміріне жүмсаған және бір-ақ сағатын ол үзақ, мәңгілік өміріне жүмсамаған адам - қаншама зиян келтіреді, қаншама нәпсісіне зүлымдық жасайды, қаншама ақылға теріс әрекет етеді! Өйткені мың адам қатысқан бір лотерея қүмар ойынына - егер ақылы қажет деп тауып, жарты ақшасын тіксе - алайда, үту ықтималы мыңнан біреу ғана. Содан кейін жиырма төрттен бір бөлік ақшасын жүзден тоқсан тоғыз ұту ықтималы хақ болған бір мәңгілік қазынаға бермеу - қаншалықты ақылға және хикметке теріс әрекет еткенін, қаншама ақылдан қашық болғанын - өзін ақылдымын деп ойлаған адам түсінбей ме?
Алайда, Намазда рухтың, қалыптың және ақылдың үлкен бір рахаты бар, әрі денеге де онша ауыр бір тірлік емес. Әрі Намаз оқығанның мұбах болған басқа дүниелік амалдары - жақсы бір ниетпен ғибадат үкімін алады. Бүл суретте - бүкіл өмірінің капиталын Ақыретке байлық ете алады, пәни өмірін бір жағынан мәңгілік етеді.
БЕСІНШІ СӨЗ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
اِنَّ اللهَ مَعَ الَّذِينَ اتَّقَوْا وَالَّذِينَ هُمْ مُحْسِنُونَ
Намаз оқу және үлкен күнәларды істемеу - қандай дәрежеде адамның хақиқи бір міндеті, қандай дәрежеде адам жаратылысының бір лайық, әрі табиги нәтижесі екенін көргің келсе, бул мысал болған шағын ғана хикаяға қара, тыңда...
Ұрыс уақытында, бір бөлімшеде бірі - тәжірибелі, міндетін сүйген, өзгесі -- тәжірибесіз, нәпсісін жақсы көрген екі сарбаз бірге еді. Біріншісі тәлім-тәрбиеге, үрысқа назар аударар, ризығы мен қажет нәрселерін еш ойла-мас еді. Өйткені бағып-қағу және қажет нәрселерін беру, ауырса емдеу, тіпті мүқтаждығына қарап тамағын аузына апарып қою жұмыстары - үкіметтің міндеті екенін, ал өзінің негізгі міндеті болса - тәлім мен үрыс екенін ол түсінген еді. Бірақ кейбір ризықтары мен керек-жарақ жұмыстарын істейтін еді: қазан қайнатар, ыдыстарды жуар, алып келер еді. Одан. «не істеудесің?» - деп сұралса, жауабына: «үкіметтің тегін жұмысында істеудемін» - дейді. «Күн көру үшін істеудемін» -- деп айтпас еді. Екінші қомағай және тәжірибесіз сарбаз болса, тәлім-тәрбиеге және соғысқа назар аудармас еді, «ол үкіметтің ісі, маған қатысты емес» - дейтін еді. Әрдайым күн көріс ақшасын ойлайтын, оның алдында ай-налшықтап жүретін, бөлімшені тастап кететін және базарға барып алып-сатарлықпен шүғылданатын еді. Бір күні тәжірибелі жолдасы оған айтадьі: «туысқан, негізгі міндетің тәлім мен үрыс. Сен сол үшін бүл жерге келтірілгенсің. Патшаға арқа сүйе, ол сені аш қалдырмас. Бүл - оның міндеті. Әрі сен - әлсіз және пақырсың, кез-келген жерде өзіңді асырай алмассың. Әрі қазір күрес және үрыс уақыты. Әрі саған - сотқар деп, жаза береді. Ия, көз алдымызда екі міндет көрініп түр:
Бірі - Патшаның міндеті. Анда-санда біз оның жүмысында істейміз, ол болса бізді бағып-қағады.
Екіншісі - біздің міндетіміз. Патша біздің жүмысымызға жәрдем береді: бүл тәлім-тәрбие мен үрыстан қүралған».
Ғажабы: ол қаңғыбас сарбаз - бүл үрыскер, тәлім көрген сарбаздың айтқанын тындамаса, қаншалықты үлкен қауіптің ішінде қалатынын түсінерсің?!
Міне, әй, жалқау нәпсім! Ол толқындай тулаған ұрыс майданы - бүл азапты дүние өмірі. Ол бөлімшелерге бөлінген сарбаздар тобы болса - адамзат жамағаты. Және ол бөлімше болса - бүл ғасырдағы Ислам жамағаты. Ол екі сарбаз болса: бірі - дін парыздарын білген және орында-ған, кабаирды тастаған және күнәларды істемеу үшін нәпсі мен шай-танға қарсы күрескен тақуалы Мүсылман. Екіншісі - Раззақы Хақиқиды кіналау дәрежесінде күн көріс дертіне батып, парыздарды таста-ған және тіршілік жолында кездескен күнәларды істеген, азғындыққа түскен пасық. Және ол тәлім мен тәрбиелер болса - ғибадат . ең бірінші Намаз. Және ол соғыс болса - нәпсі мен оның қалауына, жын мен адам шайтан-дарына қарсы күресіп, күнәлардан және жаман мінезден, қалбы мен рухын мәңгілік қүлдыраудан қүтқару демек. Және ол екі міндет болса - біріншісі: өмір беріп, бағып-қағу; екіншісі: өмір бергенге және асырағанға ғибадат ету, жалбарыну. Оған тәуекел етіп, сенімді болу.
Ия, ең жарқын Самадани бір өнер мұғжизасы және Раббани бір хикмет кереметі болған өмірді кім берген, жаратқан болса - ризықпен ол өмірді жалғастырған да - Ол. Одан басқа бол-майды! Дәлел қалайсың ба? Ең әлсіз, ең ақымақ хайуан - ең жақсы бағылады. (Жеміс құрттары мен балықтар сияқты). Ең әжиз, ең нәзік мақұлық - ең жақсы ризықты жейді. (Бөбектер мен хайуан балалары сияқты).
Ияддал ризықтың келуіне себеп - күш-қуат және ықтиярмен болмағанын, бәлкім әлсіздік пен дәрменсіздік арқылы болғанын түсіну үшін - балықтар мен түлкілерді, бөбектер мен жыртқыш аңдарды, ағаштар мен хайуандарды салыстырып көру жеткі-лікті. Демек, күн көріс дерті үшін Нама-зын тастаған адам - тәлімді және өзін қорғаушы орнын тастаған, базарда қайыршылық еткен сол сарбазға үқсайды. Бірақ Жанабы Раззақы Кәрімнің рахметінің асханасынан өзіне қажет нәрселерін Намазын оқып болған соң іздеуі, басқаларға қиыншылық бермеу үшін - өзі әрекет етуі тамаша, ерлік және бүл да бір ғибадат.
Әрі адам ғибадат үшін жаратылғанын табиғаты мен рухани сезім мүшелері көрсетуде. Өйткені бүл дүниелік өміріне қажет болған амал мен күш-қуат жағынан ең төменгі дәрежедегі бір торғайға жете алмайды... Бірақ, рухани және Ақыреттегі өміріне қажет болған ілім және пақырлығын біліп, жалбарыну және ғибадат жағынан - хайуанаттың сүлтаны және басшысы үкімінде болады.
Демек, әй, нәпсім! Егер дүниелік өмірді негізгі мақсат етсең және әрдайым ол үшін әрекет етсең - ең төменгі дәрежедегі торғай қүрлы қадірің қалмайды. Егер Ақыреттегі өмірді негізгі мақсат етсең, бүл дүниедегі өмірді де оған себеп және егіндік деп білсең және оған қарап әрекет етсең - ол уақытта хайуанат-тың үлкен бір қолбасшысы және бүл дүниеде Жанабы Хақтың ерке, жалба-рынушы бір қүлы, қымбатты, сыйлы және қадірлі бір қонағы боларсың.
Міне, саған екі жол... Қалағаныңды таңдай аласың. Хидаят пен жәрдемді Архамур-рахиминнен сүра...
АЛТЫНШЫ СӨЗ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
اِنَّ اللهَ اشْتَرٰى مِنَ الْمُؤْمِنِينَ اَنْفُسَهُمْ وَاَمْوَالَهُمْ بِاَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ
Нәпсі мен малын Жанабы Хаққа сату, Оган қул және сарбаз болу - қаншалықты пайдалы бір сауда, қаншама абыройлы бір лауазым екенін түсінгің келсе, бүл мысал болған шағын ғана хикаяны тыңда...
Бір заманда, бір патша, қарамағынан екі адамның әр қайсысына аманатқа - бір-бір қожалық береді. Оның ішінде фабрика, өндіріс машинасы, ат және құрал-сайман сияқты барлық нәрсе бар еді. Бірақ аласапыран бір соғыс уақыты болғандықтан, ешбір нәрсе тұрақты қалмайдьі: жоқ болады, немесе өзгеріп кетеді. Патша ол екі сарбазға өте мейірімділігінен бір Явары Акрамын жіберді және өте мейірбанды бір Жарлық арқылы оларға айтты:
«Қолыңыздағы аманатымды маған сатыңыз, осылайша сіз үшін сақтаймын; босқа зая кетпесін. Әрі соғыс біткеннен кейін, сізге бұдан да тамаша бір сурет-те қайтарып беремін. Әрі ол аманат сіздің байлығыңыз сияқты: өте үлкен бір ақы беремін. Әрі бүл өндіріс машина мен фабрикадағы құралдар - менің атыммен және менің жүмыс ор-нымда істеттіріледі. Әрі ақысы, әрі та-быстары бірден мыңға дейін көтеріледі. Барлық ол пайданы сізге беремін. Әрі сіз - әжиз және пақырсыз, ол үлкен жүмыстарды істеуге қажет нәрселерді таба алмайсыз. Барлық шығындары мен қажет нәрселерін мен өз міндетіме аламын. Барлық пайда мен байлықты сізге беремін. Әрі әскерліктен босаған-ға шейін қолыңызда қалдырамын. Міне, бес мәртебе пайда үстіне пайда! Егер маған сатпасаңыз - негізінде көріп отырсыз: ешкім өз қолындағын сақтап қала алмай жатыр және де осылар сияқты қолыңыздан кетеді: әрі босқа кетеді, әрі бүл жоғарғы табыстан мақрүм қаласыз. Әрі ол нәзік, бағалы аспаптар, мызандар - қолданылатын жоғарғы дәрежелі жүмыс орындары мен істерді таба алмағанынан бүтіндей қүндылықтан түседі. Әрі сақтау мен басқару қиыншылығы, машақаты мойныңызға жүктеледі, әрі аманатқа қиянат жазасын көресіздер. Міне, бес дәреже зиян үстіне зиян!... Ал маған сату болса - маған сарбаз болып, менің атыммен қолдану демек. Ең төменгі дәрежедегі бір тұтқын болу мен бұзақылықтың орнына - ұлы бір Патшаның хас және ерікті, сүйікті сар-базы боларсыз».
Олар бұл ілтипат пен Жарлықты тыңдап болған соң, бұл екі адамның ақылы басында болғаны айттьі:
«Құп болады, мен қуана сатамын. Әрі мың шүкіршілік етемін.»
Екіншісі тәкаппар, нәпсісі перғауын-ға айналған, өзімшіл және маскүнем - өзінше, бүл қожалықта мәңпі қалатындай, дүние зілзалалары мен апаттарынан хабары жоқ. Былай деді: «жоқ!... Патша кім? Мен мүлкімді сат-паймын, рахатымды бүзбаймын!»
Біраз уақыт өткен соң, алғашқы адам сондай бір мәртебеге көтерілді: барлы-ғы оның халіне қызығатын еді. Патша-ның мейірбандылығына лайық болған, хас сарайында бақытты өмір сүруде. Екіншісі - сондай бір жағдайға душар болған; әрі барлығының оған жаны ашиды, әрі «мүстахақ!» - дейді. Өйт-кені қатесінің нәтижесі болып, әрі бақыты мен мүлкі кеткен, әрі жаза және азап шегуде.
Міне, әй, өте қүмар нәпсі! Бүл мы-салдың дүрбісімен хақиқаттың жүзіне қара. Ол Патша - әзәл-әбәд Сүлтаны болған Раббың, Халықың. Ол қожалықтар, өндіріс машиналары, қүралдар, мызандар болса - сенің өміріңнің шекарасы ішіндегі ие болған нәрселерің және ол ие болған нәрселеріңнің ішіндегі - денең, рухың, қалбың және бүлардың ішіндегі көз, тіл, ақыл, қиял сияқты сыртқы және жасырын сезім мүшелерің. Және ол Явары Акрам болса - Расулы Кәрім (С.Ғ.У.), Фарманы Ахкам болса - Қүраны Әкім - біз баяндаған үлкен сауданы мына АятІІен жария етуде
اِنَّ اللهَ اشْتَرٰى مِنَ الْمُؤْمِنِينَ اَنْفُسَهُمْ وَاَمْوَالَهُمْ بِاَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ
Және ол аласапырап ұрыс майданы болса - бүл қауш-қатерлі .дүние жүзі: түрақты түрмайды, айналады, бүзылады және әр бір адамның ақылына мына пікірді келтіреді: «осылайша барлық нәрсе қолымыздан кетеді, пәни болып жоғалады. Ғажабы: бүларды бақилыққа айналдырып, мәңгі етудің шарасы жоқ па екен?» - деп ой-лаған сәтте, бірден Самави Қүран дауысы естіледі, былай дейді: «ия, бар. Әрі бес мәртебе пайдалы бір суретте тамаша және рахат, оңай бір шарасы бар».
Сауал: қандай?
Жауабы: аманатты хақиқи иесіне сату... Бұндай сатуда бес дәреже пай-даның үстіне пайда бар.
Бірінші пайда. пәни болған байлық - мәңгілікке айналады. Өйткені Қаию-мы Бақи болған Заты Зұлжалалға берілген және Оның жолында жұмсалған бүл өткінші өмір - мәңгілікке айналады. Мәңгілік жемістер береді. Сол уақытта өмір ми-нуттары құдды үрықтар, дәнектер сияқты сыртқы көрінісінде пәни болады, шіриді; бірақ Бақи әлемде бақыт гүлдерін ашады және өседі. Және әр қайсысы Барзах әлемінде нұрлы, сүйкімді бейнеге айналады.
Екінші пайда. Жаннат сияқты бір ақы беріледі.
Үшінші пайда: әр бір ағза мен сезім мүшелеріңнің қүндылығы бірден мыңға дейін көтеріледі. Мәселен: ақыл - бір қүрал. Егер оны Жанабы Хаққа сатпас-тан, бәлкім нәпсі есебіне істеттірсең - сондай бір бақытсыз, зеріктеруші және қинаушы бір қүрал боладьі: өткен заманның аянышты қайғы-мүңдарын, келешек заманның қорқынышты қауіп -қатерлерін сенің бүл - бейшара басыңа жүктейді, бақытсыз және зиянды бір қүрал дәрежесіне түседі. Міне, сондықтан пасық адам, ақылының қинауы мен мазалауынан қүтылу үшін көбінесе маскүнемдікке немесе ойын-сауыққа қашады. Егер Маликі Хақиқисіне сатылса және Оның есебіне істеттірсең - ақыл сондай бір тылсым-ды кілт боладьі: бүл әлемдегі шексіз көп рахмет байлықтарын және хикмет қазыналарын ашады. Әрі мүнымен бірге иесін мәңгілік бақытқа дайындайды, өзі бір Мүршиді Раббани мәртебесіне шығады.
Мәселен: көз - бір сезім мүшесі; рух - бүл әлемді ол көз терезесі арқылы тамашалайды.
Егер Жанабы Хаққа сатпастан, бәлкім нәпсі есебіне істеттірсең - өтпелі, жалғасы жоқ кейбір әдемі суреттерді, бейнелерді тамашалаумен шәхуат пен нәпсіқүмарлыққа бір қаууад дәрежесін-дегі қызметкер болады. Егер көзді, көздің иесі - Саниғи Басырына сатсаң, Оның есебіне және рүқсатымен істеттірсең - ол уақытта бүл көз, бүл Үлкен Әлем Кітабының бір оқырманы және бүл әлемдегі Раббани Мүғжизалы өнерлерінің бір көрермені және бүл Жер шарының бақшасындағы рахмет гүлдерінің мүбарак бір баларасының мәртебесіне шығады.
Мәселен: тілдегі дәм сезу мүшесін Фатыры Әкімге сатпасаң, бәлкім нәпсі есебіне, асқазан үшін істеттірсең - ол уақытта асқазан фабрикасы үшін бір есік күзетшісінің дәрежесіне түседі, суқут етеді. Егер Раззақы Кәрімге сатсаң - ол уақытта тілдегі дәм сезу мүшесі - Илаһи Рахмет қазыналары-ның бір шеберлі назыры және Самадани Қүдірет асханаларының бір шәкір бақылаушысының мәртебесіне шығады.
Міне, әй, ақыл, мүқият бол! Бақытсыз бір қүрал қайда? Әлемнің кілті қайда? Әй, көз, жақсылап қара! Ең төменгі дәрежедегі бір қаууад қайда? Илаһи кітапхананың бір оқымысты ғалымы-ның назыры қайда? Және әй, тіл, жақсы тат! Бір фабрика есігінің күзетшісі және тиым салушысы қайда? Алланың рахметіне ғана тән Қазынасының назыры қайда?
Тағы да осылар сияқты басқа қүралдарды және дене мүшелерін са-лыстырып көрсең түсінерсіҢ: хақиқатында мүмін Жаннатқа лайық, сондай-ақ кәпір - Жаһаннамға жарасымды өзіне тән ерекше бір қасиетке ие болатынын. Және олардың әр қайсысы сондай бір қүндылық алуларының себебі: мүмін иманымен Халықының аманатын Оның атымен және рүқсатымен қолдануы, кәпір болса - қиянат жасап, үрындырғыш жаман нәпсісінің есебіне істеттіруі.
Төртінші пайда. адам - әлсіз, бәлелері көп. Пақыр, мүқтаж болған нәрселері өте көп. Дәрменсіз, өмір жүгі өте ауыр. Егер Қадыры Зүлжалалға сүйеніп, тәуекел етпесе және сеніп тәслим болмаса - ар-үжданы әрдайым азап ішінде қалады. Нәтижесіз машақаттар, қасіреттер, өкініштер оны түншықтырады, я маскүнем, я жыртқыш хайуанға айналдырады.
Бесінші пайда.- бүкіл ол дене мүшелері мен қүралдарының ғибадат-тарын, тәсбихатын және ол жоғарғы табыстарды - ең мүқтаж болған бір заманда, Жаннат жемістері суретінде саған берілетініне - Ахли Зауқ пен Ахли Кашф, Ахли Ихтисас пен Ахли Мушаһада бірігіп,осы шешімге келген.
Міне, егер бүл бес мәртебе пайдалы сауданы қылмасаң - бүл табыстардан мақрүм қалғаныңнан басқа, бес дәреже зиян үстіндегі зиянға тап боласың.
Бірінші зиян: соншалықты жақсы көрген мал-мүлкің, балаларың және жақсы көрген нәпсің мен қүмарлық және кұштар болған жігіттік шағың мен өмірің зая кетіп, жоғалады. Сенің қолыңнан кетеді, әрі күнәларын, қасіреттерін саған қалдырады, мойныңа жүктейді.
Екінші зиян: аманатқа қиянат жазасын көресің. Өйткені ең қымбатты құралларды - ең құнсыз нәрселерде шығындап, нәпсіңе зұлымдық жасадың.
Үшінші зиян: бүкіл - ол қымбатты адамзат мүшелерін хайуандықтан да өте төмен бір дәрежеге түсіріп, Илаһи Хикметке кінә тақтың және зүлымдық жасадың.
Төртінші зиян: әлсіздігің және пақырлығыңмен бірге, ол өте ауыр өмір жүгін әлсіз беліңе жүктеп, зауал мен фирақ тоқпағының астында әрдайым қайғырып жылайсың.
Бесінші зиян: мәңгілік өмірдің негіздерін және ақырет бақытына қажет нәрселерді дайындау үшін берілген ақыл, қалып, көз және тіл сияқты Рахманның сыйлықтарын Жаһаннам есіктерін саған ашып беретін көріксіз бір суретке айналды-расың.
Енді сату мәселесіне келейік... Ғажабы: соншама бір ауыр нәрсе ме екен, көпшілігі сатудан қашуда. Жоқ!... Мүмкін емес және ешқашан! Ешбір ондай ауырлығы жоқ. Өйткені адал нәрселердің шекарасы кең, ләззат алуға жеткілікті. Харамға кірудің ешқандай қажеті жоқ. Алланың бүйырған парыздары болса - жеңіл әрі аз. Аллаға қүл және сарбаз болу - сондай ләззатты бір абырой, айтып жеткізу мүмкін емес. Міндет болса - жалғыз бір сарбаз сияқты Алланың атымен істеу, бастау... Және Алланың атымен беру, алу... Және рүқсаты мен заңының шегінде әрекет ету, сукунат табу... Қателік жасаса, истиғфар ету.
«Я, Раб! Қателерімізді кешір... Бізді өзіңе қүл деп қабыл ет. Аманатыңды алатын уақытқа дейін бізді аманатта әмин қыл. Әмин!...» - деуі және тагы да Оган жалбарынуы керек...
ЖЕТІНШІ СӨЗ
Бүл әлемнің ашылуы мүшкіл болган тылсымыи атқян
اَمَنْتُ بِاللهِ وَبِالْيَوْمِ اْلاَخِرِ
адам рухы \u1096?ін Оақьп ссігіп ашқан, қаншалықты қымбатты екі тылсымның мүшкілдігін ашқан және сабырмен Халықына тәуекел ету және сиыну, шүкіршілікпен Раззақынан сауал және дүға қылу, қаншалықты пайдалы және тиряқ секілді екі дәрі болганын және Қүранды тыңдау, әміріне бойсүну, Намаз оқу, кабаирды тастау, мәңгілікке кеткен жолда қаншама маңызды, бағалы және тамаша бір билет, бір Ақырет азығы, бір қабір нүры болғанын түсінгің келсе, бүл мысал болған шағын ғана хикаяга қара, тыңда...
Бір заманда, бір сарбаз соғыс және емтихан алаңында, пайда мен зиянның айналымы ішінде, өте қорқынышты бір жағдайға душар болады. Ол былайша:
Оң және сол жағынан ауыр екі жарамен қатты жарақаттанған сарбаз-дың арт жағында үрейлі үлкен бір арыстан оған шабуыл жасау үшін күтіп тұрғандай. Көз алдында бір дарағашы қүрылған, барлық жақсы көргендерін асып өлтіруде және оны да күтіп түр. Бүның үстіне, осы халімен бірге үзақ бір жолсапары бар, сүргін етілуде. Ол бейшара бұл қорқыныштың ішінде үмітсізденіп, уайымдаған сәтте оң жағында Қызыр сияқты жақсылық сый-лаушы, нүрлы, мейірімді бір адам пайда болады. Оған айтадьі:«күдер үзбе! Саған екі тылсым беремін, үйретемін. Егер жақсы қолдана білсең, ол арыстан саған бір қызметкер ат болады. Әрі ол дарағашы сенің ләззат алуың және рахаттануың үшін тамаша бір алтыбақанға айналады. Әрі саған екі дәрі беремін. Жақсы пайдалана білсең, ол екі иістенген жараларың - екі тамаша хош иісті Мүхаммад (С.Ғ.У.) гүлі деп аталған нәзік, әдемі гүлге ай-налады. Әрі саған бір билет беремін, онымен сен үшатын сияқты - бір жылдық жолды бір күнде жүріп өтесің. Міне, егер бүған сенбесең, біраз тәжірибе жасап көр, сол кезде сөздерім шындық болғанын түсінесің». Расында да ол біраз тәжірибе жасап көрді. Шындық болғанына көзі жетті.
Ия мен, яғни бүл - бейшара Саид та, бүны тасдиқ етемін. Өйткені біраз тәжірибе еттім. Өте тура шындық болғанын білдім. Бұдан кейін бірден көрді: сол жағынан шайтан сияқты айлакер, маскүнем, жәдігөй бір адам көп әшекейлі нәрселермен, әдемі суреттер-мен, фантазиялық нәрселермен, харам ішімдіктермен бірге келді. Қарсысына түрып, оған былай деді:«әй, достым! Кел, кел, бірге отырып ішейік, көңіл көтерейік. Бұл әдемі қыз суреттеріне қарайық. Бұл жақсы музыкаларды тыңдайық. Бұл тәтті тағамдарды жейік».
Сауал: е-е.... Не нәрсе ол, аузыңда жасырын оқып жатқаның?
Жауап: бір тылсым.
- Таста сол түсініксіз тірлікті... Дайын кайфымызды бұзбайық. С. е, анау қолдарыңдағы не? Ж. бір дәрі.
- Лақтыр оны. Денің сау, не істейсің оны? Қазір ойын-сауық уақыты.
С. бұл бес нышанды қандай қағаз?
Ж. бір билет Бір іссапар құжаты.
- Жырт бұларды. Бұл сұлу көктем мезгілінде сапарға шығу, бізге неге керек? - дейді. Әр түрлі алдамшы әрекеттермен оны сендіруге тырысады. Тіпті, ол бейшара оған біраз көнеді. Ия, адам алданады. Мен де осындай бір айлакерден алдандым.
Бірден оң жағынан көк күркіріндей, бір дауыс естіледі және оған былай дейді: «абайла, алданба! Және ол айла-керге айт:
Егер артымдагы арыстанды өлтіріп, алдымдағы дарағашты алып тастап, оң және солымдагы жараларды емдеп, ал-дымдағы сапарды жоқ қылатын бір шара сенде бар болса, таба алсаң, * - қанеки істе, көрсет, көрейік. Содан соң кел.«кайф қылайық» - деп айт. Болма-са, үніңді шығарма, әй есуас! Бұл Қызыр сияқты самави адам айтқанын айтсын...»
Міне, әй, жігіттік шағында күлген, енді ол күлгені үшін жылаған нәпсім! Біліп ал: ол бейшара сарбаз - сенсің және адамзат. Ал арыстан болса - ажал; дарағашы болса - өлім және зауал, фирақ: түн мен күндіздің айна-луында әр бір дос қоштасып кетер, ғайып болар. Ал, ол екі жара болса: бірі - зеріктіруші және шексіз көп бір адамзат әлсіздігі - екіншісі - аяныш-ты, шексіз көп бір адамзат пақырлығы. Және ол сүргін мен жолсапар болса - рухтар әлемінен, ана қүрсағынан, балалық шақтан, қарттық өмірден, дүниеден, қабірден, Барзахтан, Хашир-ден, Сыраттан өтетін үзақ емтихан сапары. Және ол екі тылсым болса -Аллаға және Ақыретке иман. Ия, бүл киелі тылсым мен өлім - мүмін адамды дүние зынданынан Жаннат бақшасына, Рахманның құзырына алып барған бір қызметкер ат және бұрақ бейнесін алады. Сондықтан да өлімнің хақиқатын көрген кәміл адамдар өлімді жақсы көрген. Әлі өлім келместен бұрын өлуді қалаған.
Әрі зауал мен фирақ, әрі өлім мен ажал және дарағашы есебінде болған - уақыттың өтуі иман тылсымымен Саниғи Зүлжалалдың жап-жаңа, түрлі-түсті, алуан түрлі мүғжизалы нақышын, таңғажайып теңдессіз қүдіретін, рахметінің сәулесін өте қүмарта тамашалауға себеп болады. Ия, күн нүрындағы реңдерді көрсеткен айналардың ауысып, жаңалануы және кино суреттерінің ауысып түруы - хош, әдемі, тамаша бейнелерді қүрайды.
Ал, ол екі дәрі болса - бірі: сабыр мен тәуекел; Жаратушысының қүдіре-тіне сүйену, хикметіне сену. Солай ма? Ия, «Кун-фая-кун» әміріне ие болған бір Сүлтаны Жиһанға әлсіздік қүжатымен сүйенген бір адам неден қорқады? Өйткені ең үрейлі бір қасірет қарсысында:
اِنَّا ِللهِ وَاِنَّاۤ اِلَيْهِ رَاجِعُونَ
деп Раобы Рахымына сенім артады. Ия, әулиелер дәрменсіздіктен, Алладан қорқудан ләззат алады. Ия, қорқуда ләззат бар. Егер бір жасар нәрестенің ақылы болса және одан сүралса:«ең ләззатты және ең тәтті халің қашан?» Бәлкім былай жауап береді: «әлсіздігімді, дәрменсіздігімді түсініп, анамның шипалы шапалағынан қорқып, тағы да анамның мейірімді қүшағына сиынған кезім.» Алайда. барлық ана-лардың сүйіспеншіліктері топталса Рахмет көрінісінщ тек қана бір сәулесі болады. Сондықтан да кәміл адамдар - әлсіздікте және Алладан қорқуда сондай бір ләззат тапқан, - өз күштері мен қуаттарынан өте қатты бас тартып, Аллаға әлсіздіктерімен сиынған. Әлсіздікті және қорқуды - өздеріне шапағатшы қылған.
Екінші дәрі болса - шүкір мен қанағат ету арқылы талап ету, дүға қылу және Раззақы Рахымның рахметіне сенім арту. Солай ма? Ия, бүкіл жер бетін бір нығмет дастарханы етіп, көктем маусымын бір гүл шоғы қылып, - ол дастарханның жанына қойған және үстіне шашқан бір Жаууады Кәрімнің қонағына - пақырлық пен мүқтаждық қалайша ая-нышты және ауыр бола алады?
Бәлкім пақырлығы мен мүқтаждығы - хош бір иштиха бейнесін алады. Зауқының артуына ұқсас, пақырлығының да артуы үшін әрекет етеді. Сондықтан да кәміл адамдар пақырлығы мен кедейлігін мақтан түтқан. (Абайла, жаңылыс үсінбе! Бүл мақтан түту - Алланың алдында пақырлығын сезіп, жалбарыну демек. Болмаса, пақырлығын ел-жүртқа көрсетіп, қайыршылық жағдайына түсу емес).
Және ол билет, қүжат болса - әуелі Намаз және парыздарды орындау, ка-баирды тастау. Солай ма? Ия, бүкіл Ахли Ихтисас пен Ахли Мушаһаданың және бүкіл Ахли Зауқ пен Ахли Кашфтың ортақ бір шешімдерімен, ол үзақ және қараңғы болған мәңгілікке кеткен жолда азық және тамақ, нүр және бүрақ - тек қана Қүранның әмірлеріне бойсүну және тыйғандары-нан қашу арқылы ғана табылуы мүмкін. Болмаса, пән мен пәлсапа, өнер мен хикмет - ол жолда бес тиынға да ар-зымайды. Олардың нүрлары - қабірдің есігіне дейін-ақ.
Міне, әй, жалқау нәпсім! Бес уақыт Намаз оқу, жеті кабаирды істемеу - қаншама аз, рахат және жеңіл екенін; нәтижесі, жемісі мен пайдасы - қаншама көп, маңызды әрі үлкен болғ-анын - ақылың бар болса, бүзылмаған ,бод£а түсінерсің. Және сені пасықтық пен азғындыққа қызықтырып шақырған шайтанға, әрі ол адамға айтарсың:
«Егер өлімді өлтірудің, зауалды дүниеден жоқ қылудың және әлсіздік пен пақырлықты адамзаттан алып тас-таудың, қабір есігін жабудың шарасы бар болса - сөйле, тыңдап көрейік. Болмаса, үніңді шығарма!... Үлкен Әлем Мешітінде - Қүран әлемді оқуда! Оны тыңдайық. Ол нүрмен нүрланайық. Хи-даятымен амал қылайық. Және оны вирди зебан етейік. Ия сөз - ол және Оған айтылады. Хақ болып, Хақтан келіп, Хақ деген, Хақиқатты көрсеткен және нүрлы хикметті жариялаған Ол..!»
اَللّٰهُمَّ نَوِّرْ قُلُوبَناَ بِنُورِ اْلاِيمَانِ وَالْقُرْاٰنِ اَللّٰهُمَّ اَغْنِناَ بِاْلاِفْتِقَارِ اِلَيْكَ وَلاٰتَفْقُرْناَ بِاْلاِسْتِغْنَاۤءِ عَنْكَ تَبَرَّاْنَا اِلَيْكَ مِنْ حَوْلِناَ وَقُوَّتِناَ وَالْتَجَئْنَاۤ اِلٰى حَوْلِكَ وَقُوَّتِكَ فَاجْعَلْناَ مِنَ الْمُتَوَكِّلِينَ عَلَيْكَ وَلاَ تَكِلْنَاۤ اِلٰى اَنْفُسِناَ وَاحْفَظْناَ بِحِفْظِكَ وَارْحَمْناَ وَارْحَمِ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَصَلِّ وَسَلِّمْ عَلٰى سَيِّدِناَ مُحَمَّدٍ عَبْدِكَ وَنَبِيِّكَ وَصَفِيِّكَ وَخَلِيلِكَ وَجَمَالِ مُلْكِكَ وَمَلِيكِ صُنْعِكَ وَعَيْنِ عِنَايَتِكَ وَشَمْسِ هِدَايَتِكَ وَلِسَانِ حُجَّتِكَ وَمِثَالِ رَحْمَتِكَ وَنُورِ خَلْقِكَ وَشَرَفِ مَوْجُودَاتِكَ وَسِرَاجِ وَحْدَتِكَ فِى كَثْرَةِ مَخْلُوقَاتِكَ وَكَاشِفِ طِلْسِمِ كَاۤئِنَاتِكَ وَدَلاَّلِ سَلْطَنَةِ رُبوُبِيَّتِكَ وَمُبَلِّغِ مَرْضِيَّاتِكَ وَمُعَرِّفِ كُنُوزِ اَسْمَاۤئِكَ وَمُعَلِّمِ عِبَادِكَ وَتَرْجُمَانِ اٰيَاتِكَ وَمِرْاٰةِ جَمَالِ رُبوُبِيَّتِكَ وَمَدَارِ شُهُودِكَ وَاِشْهَادِكَ وَحَبِيبِكَ وَرَسُولِكَ الَّذِۤى اَرْسَلْتَهُ رَحْمَةً لِلْعَالَمِينَ وَعَلٰۤى اٰلِهِ وَصَحْبِهِۤ اَجْمَعِينَ وَعَلٰۤى اِخْوَانِهِ مِنَ النَّبِيِّينَ وَالْمُرْسَلِينَ وَعَلٰى مَلٰۤئِكَتِكَ الْمُقَرَّبِينَ وَعَلٰى عِبَادِكَ الصَّالِحِينَ اٰمِينَ
СЕГІЗІНШІ СӨЗ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
اَللهُ لاَۤ اِلٰهَ اِلاَّ هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ
اِنَّ الدِّينَ عِنْدَ اللهِ اْلاِسْلاَمُ
Бұл дүниені және дүние ішіндегі адамзат рухын, адамда діннің мәнісін және құндылықтарын, егер Хақ Дін болмаса - дүниенің бір зындан болуын, әрі дінсіз адамның ең бақытсыз мақұлық болғанын және бүл әлемнің тылсымын ашқан, адамзат рухын қараңғылықтан қүтқарған
يآ اَللهُ وَلآ اِلَهَ اِلاْ اللهُ
болғанын түсшпң келсе, бүл мысал болған шағын ғана хикаяға қара, тыңда:
Баяғы заманда екі бауыр үзақ бір саяхатқа бірге шығады. Жүре-жүре жолдары екіге айрылады. Ол екі жолдың басында шыншыл бір адамды көреді және одан: «қайсы жол жақсы?» - деп сұрайды. Ол да бұларға: «оң жақтағы жолда заң мен тәртіпке бойсұну мәжбүрлігі бар. Бірақ ол ауырлық ішінде бір қауіпсіздік пен бақыт бар. Сол жақта болса - еркіндік пен бостандық бар. Бірақ ол еркіндік ішінде бір қауіп-қатер мен азап-қорлық бар. Енді таңдау ықтияры сіздерде», - дейді.
Бұны тыңдаған соң, көркем мінезді бауыр
تَوَكَّلْتُ عَلَى اللهِ деп, оң жолға түсті, заң мен тәртіпке бағынудықабыл етті. Теріс мінезді және қаңғыбас болған екінші бауыр, тек қана еркіндік үшін сол жақтағы жолды таңдап алды. Сырттай жеңіл, бірақ рухани жағынан ауыр жағдайда кеткен бұл адамды қиялдаумен елестетіп, соңына түсеміз. Міне, бүл адам ой-қырдан асып, осы-лайша жүре-жүре мидай бір шөлге кірді. Бірден үрейлі бір дауыс естіді. Қараса қорқынышты бір арыстан емен ағаштарының арасынан шығып, оған қарсы шауып келе жатыр. Ол да қашты, келе-келе алпыс аршын тереңдіктегі сусыз бір қүдыққа кездесті. Қорыққа-нынан өзін ішіне тастады. Жартысына дейін түсіп, қолдары бір ағаш бүтағына ілікті және жармасып алды. Құдықтың қабырғасында көгеріп өскен ол ағаштың екі тамыры бар еді. Бірі ақ, бірі қара - екі тышқан, ол екі тамырға жабысып алып, кеміруде. Жоғарыға қараса әлгі арыстан кезекші сияқты қүдықтың аузында күтіп отыр. Төменге қараса үрейлі бір айдаһар қүдық ішінде. Айдаһар басын көтерген, отыз аршын жоғарыдағы аяғына жақын қалған. Аузы қүдық аузындай кең. Қүдықтың қабырғасына қараса шағатын, зиянкес мақүлықтар жан-жағын қаумалап алған. Ағаштың басына қарады, көрді: бір інжір ағашы, бірақ ғажайып бір суретте еді: алуан түрлі ағаштардың жемістері - жаңғақтан анарға дейін басында жемістері бар. Міне, бүл адам қате түсінігінен, ақыл-сыздығынан үқпас: бүл жай ғана бір іс емес екенін, бүл істер кездейсоқ бола алмайтынын, бүл ғажайып істердің ішінде таңқаларлық сырлар бар екенін және өте үлкен бір істеуші бар екенін. Қазір оның қалбы, рухы және ақылы - бүл аянышты халден жасырын өкіне жылаған жағдайда, жаман нәпсісі ешнәрсе болмағандай - надандық көр-сетіп, рухы мен қалбының жылағаны-нан қүлағын жауып, өзін-өзі алдап, бір бақшада жүргендей - ол ағаштың жемістерін алып жей бастады. Алайда, ол жемістердің бір бөлігі улы және за-рарлы еді. Бір құдси хадисте Жанабы Хақ бүйырған:
اَناَ عِنْدَ ظَنِّ عَبْدِى بِى
Яғни: «қулым мені қалай т^ңыса, онымен сондай мэміледе бомгімын.» Міне, бұл бақытсыз адам жаман ойлау-мен, ақылсыздығынан, көргендерін қарапайым және хақиқаттың дәл өзі деп қабыл етті және де сондай мәміле көрді. Және көруде! Және көреді!... Не өліп қүтылады, не өмір сүреді - осы-лайша азап шегуде. Біз де бүл бақытсызды, бұл азап ішінде қалдырып, кері қайтамыз және екінші бауырдың жағдайын түсінеміз.
Міне, бұл мүбарак, ақылды адам кетіп барады. Бірақ бауыры сияқты азап-қорлық шекпейді. Өйткені көркем мінезді болғандығынан жақсы нәрсе-лерді ойлайды, тамаша қиялдайды және өзін-өзі жүбатады. Әрі бауыры сияқты қиындық пен машақат көрмейді. Өйткені тәртіпті біледі, бағынады және оңай тәсілін көреді. Тыныштық пен қауіпсіздік ішінде еркін кетіп барады. Міне, бір бақшаға кездесті. Ішінде тамаша гүлдер мен жемістер бар Күтілмегені үшін лас нәрселерде жоқ емес еді. Бауыры да осындай біреуіне кірген еді. Бірақ лас нәрселерге көңіл бөлген, айналысқан, көңілін айнытқан, еш рахат көрместен шығып кеткен еді. Бүл адам болса, «әр нәрсенің жақсысына қара» қағидасымен амал қылып, лас нәрселерге еш қарамады. Жақсы нәрселерді жақсы пайдаланды. Тамаша дем алып,шығып кетті.
Содан соң жүре-жүре, бүл да әуелгі бауыры сияқты бір үлкен шөлге кірді. Бірден шабуылға шыққан бір арыстан-ның дауысын естіді және қорықты. Бірақ туысқаны сияқты қорықпады. Өйткені тамаша ойы және тамаша пікірімен.«бүл шөлдің бір Әкімі бар. Және бүл арыстан - ол Әкімнің әмірін орындаушы бір қызметкері болуының ықтималы бар» - деп ойлап, жүбаныш тапты. Бірақ бүл да қашты, келе-келе алпыс аршын тереңдігіндегі бір сусыз қүдыққа кездесті, өзін ішіне тастады. Бауыры сияқты ортасында бір ағашқа жармасты және екі аяғы салбырап қалды. Қараса екі хайуан ағаштың екі тамырын кеміруде. Жоғарыға қараса арыстан; төменге қараса бір айдаһарға көзі түсті. Қүдды туысқаны сияқты бір ғажайып жағдайды көрді. Бүл да қорықты. Бірақ туысқанының қорқыны-шынан мың есе жеңіл... Өйткені тамаша мінезі оған тамаша пікір берген. Тамаша пікір болса, оған барлық нәрсенің жақсы жағын көрсетуде. Міне, осы себептен былайша ойладьі:«бұл ғажайып істер бір-бірімен байланысты, әрі бір әмірмен әрекет етіп жатқан сияқты көрінеді. Олай болса, бүл істерде бір тылсым бар. Ия, бұлар бір жасырын Әкімнің әмірімен әрекет етеді. Демек, мен жалғыз емеспін, ол жасырын Әкім маған қарауда, мені сынауда, бір мақсат үшін мені бүл жерге келтіріп, шақырып жатыр.» Осы тәтті қорқыныш пен тамаша пікірден бір қызығушылық пайда болдьі:«ғажабы, мені сынап, өзін маған таныттыруды қалаған және бұл ғажайып жолмен бір мақсат үшін келтірген кім?»
Содан кейін тану қызығушылығынан ол адамда тылсым иесіне деген махаб-бат пайда болды. Және бұл махаббат-тан тылсымды ашу тілегі пайда болды. Ол тілектен тылсым иесін разы қылатын, оған ұнайтын бір жақсы халге келу пікірі туды.
Содаң соң ағаштың басына қарап еді, оның інжір ағашы екенін көрді. Бірақ басында мыңдаған ағаштардың жемістері бар. Осы сәтте бүкіл қорқынышы кетті. Өйткені шүбәсіз, анық түсінді: бүл інжір ағашы - бір тізім, бір қорытынды жиынтық, бір көрме! Ол жасырын Әкім бау мен бақшасындағы жемістердің үлгілерін бір тылсым және бір мүғжиза арқылы ол ағашқа тағып қойған, әрі өз қонақтарына әзірлеп қойған тағамдарға бір-бірден белгі суретінде ол ағашты безендірген болса керек. Болмаса, бір ғана ағаш, мыңдаған ағаштардың жемістерін бере алмас».
Содан кейін жалбарына бастады және тылсымның кілті оның қалбына аян болды. Айқайлады:
«Уа, бүл жерлердің Әкімі! Сенің жазмышыңа түстім. Саған сиынамын, сенің қызметкеріңмін, сенің разы болуыңды қалаймын және сені іздеудемін».
Және бүл нияздан соң бірден қүдықтың қабырғасы жарылып, тамаша, пәк және әдемі бір бақшаға есік ашылды. Бәлкім айдаһардың аузы ол есікке айналды. Арыстан мен айдаһар, екі қызметкер кейпіне келді және оны ішке шақырып жатыр. Тіпті ол арыстан, өзіне бойсүнушы бір ат бейнесіне кірді. Міне, әй, жалқау нәпсім! Және әй, қиялшыл достым!
Келіңіз, бұл екі туысқанның жағдай-ларын салыстырып көрейік. Жақсылық қалайша жақсылық әкеледі, сондай-ақ жамандық қалайша жамандық алып келеді - көрейік, білейік.
Қараңыз: сол жолдың бақытсыз жолаушысы кез-келген уақытта айдаһардың аузына кіру үшін күтіп тұр, дірілдеуде. Және бүл бақытты болса - жемісті, тамаша бір бақшаға шақырылады. Әрі ол бақытсыз болса, аянышты бір қорқыныш пен үлкен бір үрейдің ішінде жан-жүрегі қатты азап шегуде. Және бүл бақытты болса, ләззатты бір ғибрат, тәтті бір қорқыныш, сүйікті бір танысу, білу ішінде таңғажайып нәрселерді тамаша-лауда. Әрі ол бақытсыз - үрей, үмітсіздік және жалғыздық ішінде азап көруде. Және бүл бақытты болса - өзін-өзі жүбату, үміт және қызығу ішінде ләззат алуда. Әрі ол бақытсыз - өзін жыртқыш хайуандардың шабуылы-на душар болған бір түтқын үкімінде көруде. Және бүл бақытты болса - бір қадірлі қонақ: қонағы болған Миһман-дары Кәрімнің ғажайып қызметкер-лерімен достасып, көңіл көтеруде. Әрі ол бақытсыз болса - көрінісінде ләззатты, бірақ рухани жағынан улы жемістерді жеп, азабын асықтыруда.Өйткені олар мысал суретіндегі жемістер. Дәмін татуға рүқсат бар, осылайша негізгілерді талап етіп, сатып алушы болсын. Болмаса, хайуан сияқты жүтуға рүқсат жоқ. Және бүл бақытты болса - татып көреді, көрсету үшін тағылғанын түсінеді, жеуін кейінге қалдырады және күту арқылы ләззат алады. Әрі ол бақытсыз - өзіне-өзі зүлымдық жасаған, күн сияқты жарқыраған бір тамаша хақиқатты және жарқын бір жағдайды көре алмағанды-ғынан өзіне қараңғы бір күмән, бір Жаһаннам бейнесіне келтірген. Қалайша жанашырлыққа лайық болады? Және кімге ренжуге ақысы бар?
Мәселен: бір адам әдемі бір бақшада, достарының ортасында, жаз маусымын-да, хош бір той-думандағы ләззатқа қанағат етпей өзін харам ішімдіктермен мас қылып, қыстың ортасында, жыртқыш хайуандардың ішінде өзін аш, жалаңаш деп қиялдап, айқайлай және жылай бастаса - қалай ғана жанашыр-лыққа, мейірімділікке лайық болады?! Өзіне-өзі зүлымдық қылуда, достарын жыртқыш хайуан көріп, мүқатуда. Міне, бүл бақытсыз бауыр да - осындай жағ-дайда. Және бүл бақытты болса - хақиқатты көреді. Хақиқат болса тамаша. Хақиқаттың тамаша екенін жақсы ұғу арқылы хақиқат иесінің кәмілдігіне құрмет көрсетеді және рахметіне лайық болады. Міне - «жамандықты өзіңнен, жақсылықты Ал-ладан біл» - деген Құран бүйрығының сыры көрініп отыр. Тағы да осылар секілді басқа айырмашылықтарды салы-стырып көрсең, түсінесің: әуелгісінің ұрындырғыш жаман нәпсісі - оған бір Жаһаннам дайындаған. Ал екіншісінің жақсы ниеті мен жақсы ойы, жақсы мінезі және жақсы пікірі болса - оны үлкен бір сыйлық пен бақытқа және жарқын бір ізгі қасиетке, молшылыққа лайық қылған.
Әй, нәпсім! Және әй, нәпсіммен бірге бұл хикаяны тыңдаған адам!
Егер бақытсыз бауыр болуды қаламасаң және бақытты бауыр болуды қаласаң - Қүранды тыңда, укіміне багын және оған жабыс! Және бүйрықтарымен амал қыл!...
Бұл мысал болған хикаядағы хақиқаттарды егер түсінген болсаң - онымен дін, дүние, адам және иман хақиқаттарын салыстырып, іске асыра аласың. Маңыздыларын мен айтамын, майдаларын сен өзің шығарып ал.
Міне, қара! Ол екі бауыр: біреуінің рухы - мүмін және қалбы салих. Екіншісінің рухы - кәпір , қалбы пасық. Және ол екі жолдың оңы болса - Қүран мен иман жолы. Сол жағы болса - азғындық пен кәпірлік жолы. Жолдағы бақша болса - адамзат жама-ғаты мен инсан мәдениетінің ішіндегі өтпелі қоғамдық саяси өмір. Оның ішінде игілік пен жауыздық, жақсылық пен жамандық, таза және лас нәрселер араласып жүреді. Ақылды адам сол:
خُذ ْمَا صَفَا دَعْ مَا كَدَرْ
Қағидасымен амал қылады, қалып саламаттылығымен кетеді.
Ол шөл болса - бүл жер мен дүние. Және арыстан болса - өлім мен ажал. Ал қүдық болса - адамның денесі және тіршілік заманы. Алпыс аршын тереңдік болса - орташа және ғалиби өмір деп саналған алпыс жылға ишарат. Ағаш болса - өмірдің уақыты және тіршіліктің өзі. Қара мен ақ, екі хайуан болса - түн мен күндіз. Айдаһар болса - аузы қабір болған Барзах жолы және Ақыретке ашылған жер - мазар. Бірақ ол ауыз - мүмін үшін зынданнан бір бақшаға ашылған есік. Ал шағатын, зиянкес хайуандар болса - дүниедегі қайғы-қасіреттер. Бірақ мүмінге - ғафлет ұйқысына батып кетпеу үшін Алланың тәтті ескертпелері және Рахманның ілтипаттары үкімінде. Және ол ағашта-ғы жемістер болса - дүниедегі нығ-меттер: оларды Жанабы Кәрім Мүтлақ- ақырет нығметтерінің бір тізімі, әрі еске салушысы, әрі үқсастары, әрі Жаннат жемістерін сатып алушыларды шақырушы мысалдар бейнесінде жаратқан. Ол ағаштың біреу болуымен қатар, түрлі-түрлі жемістер беруі болса - Қүдіреті Самаданиениң таңбасына және Рубубиеті Илаһиенің мөріне және Салтанаты Улуһиетінің қолтаңбасына ишарат.
Өйткені:«бір ғана нәрседен барлық нәрсені жарату», яғни бір топырақтан - бүкіл өсімдіктер мен жемістерді жа-рату, әрі бір судан - бүкіл хайуанат-тарды жарату, әрі қарапайым бір та-ғамнан - хайуанның бүкіл дене мүшелерін жарату, бүған қоса «барлық нәрседен бір ғана нәрсені жарату», яғни, тіршілік иелерінің қоректенген өте көп алуан түрлі жыныстағы тагам-дардан, ол тіршілік иелеріне ғана тән ет жарату, бір жай ғана теріні тоқу сияқты өнерлер - тек қана Ахад және Самад болған әзәл.әбәд Сүлтанының өзіне ғана тән таңбасы, өзіне ғана хас мөрі және үқсасы жоқ бір қолтаңбасы. Ия, бір ғана нәрседен барлық нәрсені және барлық нәрселерден бір ғана нәрсені жарату - тек қана барлық нәрсенің Жаратушысыңа- хас және бүкіл нәрсеге Қадыр болған Аллаға ғана тән бір нышан, бір Аят. Ал, ол тылсым болса - иман сырымен ашыл-ған жаратылыс хикметінің сыры және ол кілт болса
يَاۤ اَللهُ لاَۤاِلٰهَ اِلاَّاللهُ * اَللهُ لاَۤ اِلٰهَ اِلاَّ هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ
Ал айдаһар аузының бақша есігіне айналуы болса, мынаған ишарат:
Қабір - далалат пен азғындық жолындағылары үшін қорқыныш пен үмыту ішіндегі зындан сияқты қинаушы, әрі бір айдаһардың қарны сияқты тар бір мазарға ашылған есік болған халде - Қүран шәкірттері мен имандылар үшін дүние зынданынан мәңгілік бақшаға және емтихан алаңынан Жаннат бақшаларына, өмір қиыншылығынан Рахманның Рахметіне ашылған есік. Және ол жабайы арыст-анның сүйікті бір қызметкерге айналуы мен бойсүнушы бір ат болуы -мына-ған ишарат : өлім - далалат жолындағылары үшін барлық жақсы көргендерінен аянышты бір халде мәңгілік айырып, бұл жалған жаннаты болған дүниесінен шығарып, үрейдің және жалғыздықтың ішінде мазар зын-данына кіргізеді, әрі олар үшін түрме болады. Ал, хидаят жолындағылары мен Қүран шәкірттері үшін - басқа әлемге кеткен достары мен туысқан-дарына қауышу үшін бір себепші, әрі хақиқи отандарына және мәңгі бақыт мекендеріне кірулері үшін есік. Әрі дүние зынданынан Жаннат бақшала-рына бір шақыру, әрі Рахманы Рахым-ның рахметінен өз қызметіне ақы алуы үшін бір уақыт, әрі өмірдегі міндетінің ауырлығынан бір бостандыққа шығу, әрі күлшылық пен емтихандағы тәлім мен тәрбиелердің бітуі...
Қорытынды: кімде-кім пәни өмірін негізгі мақсат етсе - көрінісінде әдемі бір Жаннат ішінде жүрсе де, рухани бір Жаһаннам ішінде болады. Және кімде-кім мәңгілік өміріне шын ықылас қойып, жүзін бүрса - екі дүние бақытына лайық болады. Дүниесі қаншалықты жаман және азапты болса да, оны - Жаннатын күтетін бөлме деп есептегені үшін үнатады, шыдайды, сабыр ішінде шүкіршілік етеді...
اَللّٰهُمَّ اجْعَلْناَ مِنْ اَهْلِ السَّعَادَةِ وَالسَّلاَمَةِ وَالْقُرْاٰنِ وَاْلاِيمَانِ اٰمِينَ * اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَسَلِّمْ عَلٰى سَيِّدِناَ مُحَمَّدٍ وَعَلٰۤى اٰلِهِ وَصَحْبِهِ بِعَدَدِ جَمِيعِ الْحُرُوفَاتِ الْمُتَشَكِّلَةِ فِى جَمِيعِ الْكَلِمَاتِ الْمُتَمَثِّلَةِ بِاِذْنِ الرَحْمٰنِ فِى مَرَايَا تَمَوُّجَاتِ الْهَوَاۤءِ عِنْدَ قِرَاۤئَةِ كُلِّ كَلِمَةٍ مِنَ الْقُرْاٰنِ مِنْ كُلِّ قَارِئٍ مِنْ اَوَّلِ النُّزُولِ اِلٰى اٰخِرِ الزَّمَانِ وَارْحَمْناَ وَوَالِدَيْناَ وَارْحَمِ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِعَدَدِهَا بِرَحْمَتِكَ يَاۤ اَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ * اٰمِينَ وَالْحَمْدُ ِللهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
فَسُبْحَانَ اللهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُونَ * وَلَهُ الْحَمْدُ فِى السَّمٰوَاتِ وَاْلاَرْضِ وَعَشِيًّا وَحِينَ تُظْهِرُونَ
Уа, бауырым! Менен Намаздың белгілі болған бес уақытқа тағайында-луының хикметін сүрап отырсың. Өте көп хикметтерінен тек қана біреуіне ишарат етеміз.
Ия, әр бір Намаз уақыты - маңызды бір өзгерістің басы болғаны сияқты, үлкен бір Илаһи басқарудың айнасы және ол басқару ішіндегі Алланың күллі нығметтерінің бір-бір айнасы болғандығынан - осы уақыттарда Қадыры Зұлжалалға көбірек тәсбих және тағзым ету, әрі шексіз көп нығ-меттерінің екі уақыт арасындағы топ-талғандарына шүкіршілік және хамд ету мағынасында болған - Намаз әмір етілген. Бұл нәзік және терең мағын-аны біраз ғана түсіну үшін бес нүктені нәпсіммен бірге тыңдау қажет.
Бірінші нүкте: Намаздың мағынасы - Жанабы Хақты тәсбих, тағзым және шүкіршілік ету. Яғни Жалалының ал-дында сөзі және әрекетімен «СубханаллаҺ» - деп тақдис ету... Әрі Камалының алдында ләфіз және амал қылумен «Аллаһу акбар» - деп тағзым ету... Әрі Жамалының алдында қалбы, тілі және денесімен «Әлхамдулилләһ» - деп шүкіршілік ету. Демек, Тәсбих, Тәкбир және Хамд - Намаздың үрықтары болып саналады. Сондықтан да, Намаздың әрекеттері мен зікірлерінде - бүл үш нәрсе барлық жерінде бар. Әрі сол үшін де Намаздан соң, Намаздың мағынасын күшейту және қуаттандыру үшін - осы мүбарак сөздер отыз үш мәрте қайтарылады. На-маздың мағынасы бүл түйіндер арқылы күшейтіледі...
Екінші нүкте: ғибадаттың мағынасы бүл: қүл Алланың қүзырында өз кемшілігін, әлсіздігін және парықлығын көріп, Рубубиетінің кәмілдігі мен Са-мадани Қүдіретінің және Илаһи Рахметінің алдында таң қалу және ма-хаббатпен сәжде қылу демек. Яғни, Ру-бубиеттің салтанаты қалайша убудиетті және бағынуды қажет етсе, Рубубиеттің қүдсиеті, пәктігі де қажет етеді - қүл өз кемшілігін көріп, истиғфар айтумен Раббысын бүкіл кемшіліктерден таза, ұзақ және далалат жолындағылардың батыл пікірлерінен мүқаддас, мұғарра болғанын Тәсбих айтумен, «Субханаллаһ» - арқылы жария етсін.
Әрі Рубубиетінің Құдіретінің кәмілдігі де қажет етеді, құл өзінің дәрменсіздігін және мақұлықтардың әжиз екенін көріп, Самадани Құдіретінің ұлы өнер туындыларының алдында оларды ұнату және таң қалумен «Аллаһу акбар» - деп, хузуғ етумен руқуғқа барып, Оған сиынсын және тәуекел етсін.
Әрі Рубубиетінің шексіз көп рахмет қазыналары да қажет етеді: құл өз мүқтаждығын және бүкіл мақүлықтар-дың пақырлығы мен қажеттіліктерін сауал және дүға тілімен көрсетіп, Раб-бысының жомарттығы мен нығмет-теріне шүкіршілік етіп, мақтап, әрі «ӘлхамдулилләҺ» - деп паш етсін. Демек, Намаздың әрекеттері мен зікірлері, бүл мағыналарды өз ішіне алады, әрі сол үшін де бүлар, Алла та-рапынан қойылған.
Үшінші нүкте: мәселен адам - бүл үлкен әлемнің бір кішкентай мысалы және Фатиха-и Шәрифе сүресі - бүл Қүраны Азимушшанның бір нүрлы тымсалы болады, осы сияқты Намаз да, бүкіл ғибадаттардың түрлерін өз ішіне алған бір нүрлы мазмүны және барлық мақүлықтар сыныптарының алуан-қилы ғибадаттарына ишарат еткен бір қүдси картасы.
Төртінші нүкте: апталық бір сағаттың секундын, минутын, сағатын және күндерін санаған стрелкалары егер бір-біріне қараса, бір-бірінің мысалы болса және бір-бірінің үкімін алса, осы сияқты Жанабы Хақтың да бір үлкен сағаты болған бүл дүние әлемінің се-кунды деп саналған түн мен күндіздің айналып түруы... Және минуттарды са-наған жылдары... Және сағаттарды са-наған адам өмірінің шақтары... Және күндерді санаған әлем өмірінің дәуірлері де бір-біріне қарайды, бір-бірінің мысалы болады, бір-бірінің үкімінде болады және бір-бірін еске салады. Мәселен.
Бамдат уақыты - күн шыққанға дейіН; көктемнің алғашқы уақытына, әрі адамның ана қүрсағына түскен сәттеріне, әрі аспан мен жердің алты күнде жаратылуының бірінші күніне үқсайды, еске түсіреді және олардағы Илаһи істерді еске салады.
Бесін уақыты болса - жаз мезгілінің ортасына, әрі жігіттік шақтың толық жетілуіне, әрі дүние өміріндегі адамның жаратылыс дәуіріне ұқсайды, оған ишарат етеді және олардағы рах-меттің көрінісі мен нығметтердің бере-келігін еске салады.
Намаздыгер уақыты болса - күз маусымына, әрі қариялылық уақытына, әрі ақырғы заман Пайғамбарының (С.Ғ.У.) Бақыт ғасырына үқсайды және олардағы Илаһи істерді, Рахманның нығметтерін еске салады.
Шам уақыты болса - күз маусымы-ның ақырында өте көп мақүлықтардың көзден ғайып болуын, әрі адамның өлімін, әрі дүниенің қияметі баста-луындағы бүзылуын еске сала отырып Жалалдың көріністерін түсіндіреді және адамды ғафлет үйқысынан оятады... Ескерту береді...
Қүптан уақыты болса - қараңғылық әлемі, жарық әлемінің барлық еңбектерін қара кебінімен бекітуін, әрі қыстың ақ кебінімен өлген жердің бетін жабуын, әрі қайтыс болған адамның артында қалған еңбектерінің де өліп, үмытылуын, әрі бүл емтихан орны болған дүниенің толық бүтіндей жабылуын еске салумен қатар, ҚаҺҺары Зүлжалалдың жалаллы басқару істерін жария етеді.
Түн уақыты болса - әрі қысты, әрі қабірді, әрі Барзах әлемін түсіндірумен қатар, адам рухының Рахманның Рахметіне қандай дәрежеде мүқтаж болғанын еске түсіреді.
Ал, түндегі таһажжуд намазы болса
- қабір түнінде және Барзах қараңғы-лығында қаншалықты қажет бір нүр болғанын білдіреді... Оятады және бүкіл бүл өзгерістердің ішіндегі Жанабы Мүнғимы Хақиқидың шексіз көп нығметтерін еске сала отырып, қаншама хамд пен мақтауға лайық болғанын паш етеді.
Екінші бамдат болса - Хашир таңын еске салады. Ия, бүл түннің таңы және бүл қыстың көктемі қандай дәрежеде қажет және ақылға сиымды, анық кесімді болса - Хашир таңы да, Барзах көктемі де сондай дәрежеде қажет, ақылға сиымды және анық, кесімді түрде.
Демек, бүл бес уақыттың әр қайсысы
- бір маңызды өзгерістің басында болғаны және үлкен өзгерістерді еске түсіргені сияқты, Самадани Қүдіреттің күндік үлкен басқаруларының ишара-тымен - әрі жылда, әрі ғасырда, әрі дәуірде қүдіреттің көрсеткен мүғжизаларын және рахметтің берген сыйлықтарын еске түсіреді.
Демек, жаратылыстың негізгі міндеті мен убудиеттің негізгісі және кесімді турде борыш болған - парыз Намаз, осы уақыттарда лайық және жарасым-ды.
Бесінші нүкте: адам - жаратылы-сында өте әлсіз. Алайда, барлық нәрсе оған тиіседі, оны ренжітеді және өкпелетеді. Әрі өте әжиз. Алайда, бәлелері мен дұшпандары өте көп. Әрі өте пақыр. Алайда, мұқтаж болған нәрселері өте көп. Әрі жалқау және күш-қуатсыз. Алайда, өмірдің шарттары өте ауыр. Әрі адамзаттық қасиеті оны әлеммен байланысты қылған. Алайда, жақсы көретіндері мен дос болған нәрселерінің одан айрылуы мен ажырап қалуы - әрдайым оны ренжітуде. Әрі ақылы оған үлкен мақсаттарды және мәңгі жемістерді көрсетуде. Алайда, оның қолы қысқа, өмірі қысқа, күш-қуаты қысқа және сабыры қысқа.
Міне, бүндай жағдайдағы бір рухтың фәжір уақытында бір Қадыры Зүлжалалдың, бір Рахымы Зүлжамал-дың қүзырына ниязбен, Намазбен арыз-данып, хал-жағдайын шағым ету, жәрдем және медет тілеу - қанша-лықты қажет және алдындағы күндіз әлемінде басына келетін, беліне жүктелетін істерге, міндеттерге төзімділік көрсету үшін қаншалықты қажет бір сүйеніш нүктесі болғаны - ашық түрде түсінікті болар.
Және зуһр уақытында - ол сондай уақыт: күндіз әлемінің толықтануы, күннің батуға бейімділігі және күндік жүмыстардың толық болу уақыттары, әрі олардың қиыншылығынан аз ғана бір демалу уақыты және пәни дүниенің өтпелі, ауыр тірліктерінің берген ғафлеті мен қиындығынан рухтың тыныс алуға мүқтаж болған заманы және Илаһи нығметтердің көрінген бір сәті. Осы мезетте адам рухы ол қиыншылықтан қүтылып, ол ғафлеттен босап, ол мағынасыз, әрі бақи болмаған нәрселерден шығып, Қаиюмы Бақи болған Мүнғимы Хақиқидың қүзырына барып, қол байлап - барлық нығмет-теріне шүкір және хамд ету, жәрдем сүрау және Жалалы мен Ғазаматының алдында руқуғқа барумен қатар, әлсіздігін жария ету, Зауалсыз Камалы мен Теңдессіз Жамалының алдында сәжде қылып, таң қалу, махаббат ету және кішіпейілділік көрсете жария ету мағынасында болған Бесін намазын оқу - қаншалықты тамаша, үнамды, қандай дәрежеде қажет және лайық болғанын түсінбеген адам - адам емес.
Аср уақытында - ол сондай уақыт: әрі қайғылы күз маусымын, қариялылықтың қасіретті жағдайын, әрі ақырзаманның аянышты маусымын еске салады. Әрі күнделікті жүмыстардың нәтижелену уақыты, әрі ол күнде ие болған денсаулық пен са-ламаттылық және қайырлы қызмет секілді Илаһи нығметтердің бір үлкен топтану уақыты. Әрі үлкен күннің батуға бейімділігінің ишаратымен - адам бір қызметші қонақ және барлық нәрсе өтпелі, түрақсыз болғанын жария ету уақыты. Қазір мәңгілікті қалаған және мәңгілік үшін жаратыл-ған, нығметтерге деген махаббатын көрсеткен, әрі айрылып қалудан қайғырған адам рухы түрып, дәрет алып, бүл Намаздыгер уақытында Аср Намазын оқу үшін Қадимы Бақи және Қаиюмы Сармадидың Самадани қүзырына мүнажатын шағым етіп, мәңгілік және шексіз Рахметінің ілтипатына сиынып, сансыз нығмет-терінің алдында шүкіршілік және хамд етумен Ғыззаты Рубубиетінің алдында өзін төмен санап, руқуғқа барып, Сар-мади Улуһиетінің алдында кішіпейіл-ділік көрсете сәжде етіп, хақиқи бір жүбаныш, әрі бір рух рахатын тауып, Кибриасының қүзырында қол байлап, ғибадат етуге дайын түру мағынасында болған Аср намазын оқу - қандай дәрежеде үлы бір міндет, қаншалықты жарасымды бір қызмет, қандай дәрежеде жаратылыс борышын орнын-да өтеу, бәлкім өте үнамды бір бақытқа жетуге себеп болғанын - адам болған түсінер.
Мағриб уақытында - ол сондай уақыт: әрі қыстың басталуынан алдын жаз бен күз әлемінің ерке және сүлу мақүлықтарының қайғыра қоштасып, көзден ғайып болу уақытын еске түсіреді. Әрі адамның өлімімен бірге барлық жақсы көргендерінен аянышты бір халде айрылып, қабірге кіру уақытын еске салады. Әрі дүниенің өлім сәтіндегі зілзаласының ішінде өлуімен бірге, бүкіл түрғындарының басқа әлемдерге көшуін және бүл емти-хан орны болған дүние шамының сөндірілу уақытын еске түсіреді, ескер-теді, әрі зауалда ғайып болған достар-ға табынғандарды қатты ескертетін уақыт. Міне, Шам Намазы үшін, бүндай бір уақытта жаратылысынан бір Жамалы Бақиға мүштақ айна болған адам рухы - бүл үлкен істерді атқарған және бүл үлкен әлемдерді ай-налдырған, өзгерткен Қадимы Ламязал-дың, Бақи Лаязалдың үлы ғарышына жүзін қаратып, бүл пәнилердің үстінде «Аллаһу акбар» - деп олардан қолдарын тартып, Мауланың қызметі үшін қол байлап, Даимы Бақидың қүзырында түрып, «Әлхамду лилләһ» - деп кемшіліксіз Камалының, теңдес-сіз Жамалының, шексіз Рахметінің ал-дында хамд және мақтау айтыгт,
اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَعِينُ
деп... Комекшісі жоқ Рубубиеті, серіксіз Улуһиеті және уэзірсіз Салтанатының алдында қүлшылығын үсыну, жәрдем тілеу; әрі шексіз Кибриасының, шексіз қүдіретінің және әжизсіз ғыззатының алдында руқуғқа барып, бүкіл әлеммен бірге әлсіздігін, дәрменсіздігін және пақырлығын, әрі ең төменгі дәрежеде екенін көрсетіп
سُبْحَانَ رَبِّىَ الْعَظِيمُ
деп, Ұлы Раббысын тәсбих етіп, әрі Мәңгілік Жамалы Затының, өзгермейтін Қүдси сипаттарының, ауыспайтын Сар-мади Камалының алдында сәжде қылып, таң қалу мен кішіпейілділік ішінде бүкіл мақүлықтарды тәрк етіп, оған деген махаббаты мен убудиетін жария етіп, әрі пәнилердің орнына бір Жәмилі Бақиды, бір Рахымы Сармади-ды тауып,
سُبْحَانَ رَبِّىَ اْلاَعْلٰى
деп, зауалдан үзақ, кемшіліктен пәк Ұлы Раббысын тақдис ету... Содан кейін ташаһһуд етіп отырып, бүкіл мақүлықтардың мүбарак дүғаларын және жақсы салауаттарын өз есебіне ол Жәмилі Ламязалға, Жәлилі Лаязалға сыйлап, Расулы Акрамына (С.Ғ.У.) сәлем берумен, биғатын тәждид ету және әмірлеріне бағынатынын айтып, әрі иманын тәждид арқылы нүрландыру үшін бүл әлем сарайының хикметлі болған тәртібін көріп, Саниғи Зүлжалалдың бірлігіне шаһадат ету; әрі Рубубиет Салтанатының делдалы және марзият мүбаллиғы, әрі Әлем Кітабы Аяттарының аудармашысы болған Мүхаммад Араби (С.Ғ.У.)-ның пайғам-барлығына шаһадат ету мағынасында болған Шам Намазын оқу - қаншалықты пәк, үнамды бір міндет, қаншама қадірлі, ләззатты бір қызмет, қаншама жағымды, әрі тамаша бір убу-диет, салмақты бір хақиқат, әрі пәни мейманханада бақи бір сүхбат және мәңгі бір бақыт болғанын түсінбеген адам - қалайша адам бола алады?...
Ғиша уақытында - ол сондай уақыт: жарық әлемінің көкжиекте қалған соңғы еңбектері де жоқ болып, түн жамылғысы әлемді қаптайды және
مُقَلِّبُ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ
болған Қадыры Зұлжалалдың, ол ақ парақты - бұл қара параққа аударуын-дағы Раббани басқару істері мен жаздың әдемі жасыл парағын қыстың суық, ақ парағына аударуындағы
مُسَخِّرُ الشَّمْسِ وَالْقَمَرِ
болған Әкімі Зұлкамалдың Илаһи істерін еске салады. Әрі уақыттың өтуімен қабірдегілердің артында қалған соңғы еңбектері де бұл дүниеден байланысы кесіліп, түгелдей басқа әлемге өтулеріндегі «Өлім мен Өмірдің Жаратушысының» Илаһи істерін еске түсіреді. Әрі тар, пәни және ең төменгі дәрежедегі дүниенің толық бүзылып, қорқынышты бір сурет-те өліп, - кең, мәңгі және үлкен ақырет әлем ашылып, өркендеуінде «Жер мен Аспан Жаратушысының» Жалали басқару істерін және Жамалы-ның көріністерін еске түсіретін, ескер-тетін бір уақыт.
Әрі бүл әлемнің Хақиқи Иесі мен Хақиқи Басқарушысы, Хақиқи Мағбуды мен Хақиқи Махбубы - тек қана Ол бола аладьі: түн мен күндізді, қыс пен жазды, дүние мен ақыретті - бір кітаптың парақтары сияқты оңай ғана аударатын, жазатын, бүзатын және ал-мастыратын. Әрі бүлардың барлығына бүйрық беретін бір Қадыры Мүтлақ болғанын дәлелдеген бір жағдай.
Міне, шексіз дәрежеде әжиз, дәрменсіз, әрі шексіз дәрежеде пақыр, мүқтаж, әрі өте қараңғы бір болашаққа батып және өте көп уақиғалар ішінде шайқалып жүрген адам рухы - Қүптан Намазын оқу үшін осы мағынада болған Ғиша уақытында Ибраһим (Ғ.С.) сияқты
لاَۤ اُحِبُّ اْلاٰفِلِينَ
деп, Мағбуды Ламязалдың, Махбубы Лаязалдың қүзырына Намазбен сиынып және бүл пәни әлемде, пәни өмірде, қараңғы дүниеде, қараңғы болашақта бір Сармади Бақиға мүнажат етіп, біраз ғана бір бақи сүхбат, бірнеше минуттық бір бақи өмір ішінде - дүниесіне нүр шашатын, болашағын жарқырататын, мәужудат пен достарының фирақ пен зауалынан пайда болған жараларына дәрі жағатын Рахманы Рахымның Рахметінің ілтипатын және хидаят нүрын көріп сүрау... Әрі уақытша оны үмытқан және жасырынған дүниені ол да үмытып, дерттерін қалбының жылауымен Рахмет қүзырында төгіп...
Әрі қашан келетіні белгісіз болған өлімге ұқсаған ұйқыға кіріспей түрып, соңғы қүлшылық міндетін орындап, күнделікті амал дәптерін жақсы аяқтау үшін Намазға түру, яғни пәни болған барлық жақсы көргендерінің орнына бір Мағбуды Бақидың, бір Махбубы Бақидың және барлық қайыршылық еткен әлсіздерінің орнына бір Қадыры Кәрімнің және барлық зиянды нәрселердің жамандықтарынан діріл-деуден құтылу үшін бір Хафызы Рахым-ның қүзырына шығу... Әрі Фатихамен бастау, яғни ешбір нәрсеге жарамаған және орнында түрмаған кемшілігі көп, пақыр мақүлықтарды орынсыз мақтаудың және миннеттар болудың орнына бір Кәмілі Мүтлақ, Ғани Мүтлақ, Рахым және Кәрім болған Әлемдердің Раббысын мақтау және мадақтау... Әрі
اِيَّاكَ نَعْبُدُ сөзінің мәртебесіне шығу, яғни кіші, ешкім, әрі қорғаушысыз екендігімен бірге, әзәл және әбәд Сүлтаны болған Ақырет күнінің Иесіне байланып, бүл әлемде ерке б.ір қонақ және маңызды бір міндетті адам дәрежесіне көтеріліп
اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَعِينُ
деп, бүкіл мақүлықтардың атына әлемнің үлкен жамағатының ғибадатта-рын және дүғаларын Оган үсыну... Әрі
اِهْدِناَ الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ
деп, болашақ қараңғылығының ішінде мәңгілік бақытқа кеткен, нүрлы жолы болған Сыраты Мүстақимға хидаятты тілеу... Әрі қазір үйқыға кеткен өсімдіктер мен хайуандар сияқты жасырынған күндер, үйқысыз ояу жүлдыздар - бір-бір сарбазға үқсас әміріне бағынушы және бүл әлем мей-манханасында бір-бір жарық шамы және қызметкері болған Заты Зүлжалалдың Кибриасын ойлап «Аллаһу акбар» - деп руқуғқа бару... Әрі бүкіл мақүлықтардың үлкен сәжделерін ойлап, яғни бүл түнде үйқыға кеткен мақүлықтар сияқты әр жылдағы, әр ғасырдағы мәужудаттың алуан түрлері, тіпті жер, тіпті дүние - әр қайсысы бір тәртіпті армия, бәлкім әр қайсысы - бір бойсүнушы сарбаз сияқты дүниедегі убудиет міндетінен كُنْ فَيَكُونُәмірімен бостандыққа шыққан уақытта, яғни Ғайып әлеміне жіберілген сәтте - зауалда, ғайып болу жайнамазында өте тәртіпті «Аллаһу акбар деп сәжде қылғандары... Әрі كُنْ فَيَكُونُәміршен келген бір тірілту, әрі ояту үшін берілген дауысымен тағы да көктемде бір бөлігі бірдей, бір бөлігі де ұқсас бір бейнеде топталып, қиям етіп, Маула қызметіне дайын болғандары сияқты - бұл кішкентай адам да оларға ұйып, Ол Рахманы Зұлкамалдың, Ол Рахымы Зұлжамалдың құзырында хайрат-алуд бір махаббат, бақа-алуд бір кішіпейілділік, ғыззат-алуд бір тазал-лул ішінде «Аллаһу акбар» - деп сәждеге бару, яғни Миғраждың бір түріне шығу мағынасында болған Құптан Намазын оқу - қаншалықты ұнамды, қандай тамаша, сондай шырын, өте биік, қаншалықты қадірлі және ләззатты, қаншалықты ақылға қонымды және лайық бір міндет, бір қызмет, бір убудиет, бір салмақты хақиқат болған-ын - әлбетте түсіндің.
Демек, бүл бес уақыттың әр қайсысы - бір-бір үлкен өзгерістің ишараты, Раббани үлкен істердің белгілері және Илаһи күллі нығметтердің галаматта-ры болғандарынан, борыш пен қарыз болган парыз Намаздың ол уақыттарга тағайындалуы хикмет...- шексіз дәрежедз
سُبْحَانَكَ لاَ عِلْمَ لَنَاۤ اِلاَّ مَا عَلَّمْتَناَ اِنَّكَ اَنْتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَسَلِّمْ عَلٰى مَنْ اَرْسَلْتَهُ مُعَلِّماً لِعِبَادِكَ لِيُعَلِّمَهُمْ كَيْفِيَّةَ مَعْرِفَتِكَ وَالْعُبوُدِيَّةِ لَكَ وَمُعَرِّفاً لِكُنُوزِ اَسْمَاۤئِكَ وَتَرْجُمَاناً ِلاٰيَاتِ كِتَابِ كَاۤئِنَاتِكَ وَمِرْاٰةً بِعُبوُدِيَّتِهِ لِجَمَالِ رُبُوبِيَّتِكَ وَعَلٰۤى اٰلِهِ وَصَحْبِهِ اَجْمَعِينَ وَارْحَمْناَ وَارْحَمِ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ اٰمِينَ بِرَحْمَتِكَ يَاۤ اَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ
ЖИЫРМА БІРІНШІ СӨЗ
(ЕКІ МАҚАМ) БІРІНШІ МАҚАМЫ
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
اِنَّ الصَّلٰوةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَاباً مَوْقوُتاً
Бір заманда жасы, дене тулғасы және лауазымы жағынан үлкен бір адам маған былай деді.«Намаз жақсы. Бірақ кунде бес мәртеден оқу көп. Бітпегендігінен жалықтыруда?»
Ол адамның бул сөзінен едәуір уақыт өткеннен кейін нәпсімді тыңдап мынаны есіттім: тура осы сөздерді айтуда. Сосын оган қарадым, көрдім-. бул дәрісті ол жалқаулық қулагымен шайтаннан алуда. Сол кезде тусіндім: ол адам бул сөзді барлық урындырғыш нәпсілердің атынан сөйлеген сияқты, немесе сөйлеттірілген. Сол сәтте мен де былай дедім: «ия, менің нәпсім - урындырғыш. Нәпсісін тәрбиелемеген басқаны тәрбиелей алмас. Олай болса, өз нәпсімнен бастаймын.»
Айттым.«әй, нәпсі!... Шексіз көп над-андық ішінде, жалқаулық төсегінде, ғафлет уйқысында айтқан сол сөзіңе қарсы менен «Бес ескертпені» тыңда»
Бірінші ескертпе: әй,бақытсыз нәпсім! Ғажабы, өмірің мәңгілік пе? Ешбір кесімді түрде қүжатың бар ма екен - келер жылға, бәлкім ертеңге шейін тірі қалатын?... Сені жалықтырған, өзіңді мәңгі деп ойлауың. Ләззат үшін дүниеде мәңгі қалатындай еркелейсің, егер түсінсең едің: өмірің аз, әрі пай-дасыз өтіп барады. Әлбетте оның жиырма төрттен бірін хақиқи бір мәңгі өмірдің бақытына жетуге себеп бола-тын бір әдемі және үнамды, рахат, рахмет бір қызметке жүмсау - жалығу былай түрсын, бәлкім хақиқи бір қүштарлық және хош бір ләззат алуға себеп болады.
Екінші ескертпе: әй, қомағай нәпсім! Күнде нан жейсің, су ішесің, ауамен тыныс аласың - ғажабы, сені олар жалықтырмай ма? Әлбетте жалықтырмайды, өйткені мүқтаждығың қайталана берген соң жалығу емес, бәлкім ләззат алудасың. Олай болса, денемнің ішкі сарайында сенің доста- рың болған қалбымның қорегін, рухым- ның тіршілік суын және Раббани сезімімнің нәсім ауасын өзіне тартқан, баурап алған - Намаз да сені жалықтырмауы керек. Ия, шексіз көп қайғы-қасіреттер мен азаптарға душар және тап болған, әрі шексіз ләззаттарға, армандарға қүштар, әрі өте ғашық бір қалбыңның құты мен қуаты - барлық нәрсеге қүдіреті жеткен бір Рахымы Кәрімнің есігін ниязбен қағу арқылы табылуы мүмкін. Ия, бұл пәни дүниеде фирақ айқайын өте шапшаң көтеріп кеткен, көпшілік мәужудатпен байланысты болған бір рухыңның тіршілік суы болса - Намаз-бен бағытталу арқылы барлық нәрселердің орнына бір Мағбуды Бақидың, бір Махбубы Сармадидың рахмет бұлағынан ішілуі мүмкін. Ия, жаратылысынан мәңгілікті қалаған және мәңгілік үшін жаратылған, әрі әзәли, әбәди бір Алланың айнасы болған, әрі адамның шексіз дәрежеде нәзік, үнамды, пәк болған бір саналы сыры, нүрлы бір Раббани сезімі - бүл қайғылы, езуші және қинаушы, өткінші, қараңғы, әрі түншықтырушы болған дүние тіршілігінде әлбетте, дем алуға өте мүқтаж және ол тек қана Намаз те-резесі арқылы тыныс алуы мүмкін.
Үшінші ескертпе: әй, сабырсыз нәпсім! Ғажабы: өткен күндердегі ғиба-дат қиыншылықтарын, Намаздың машақатын және қасірет қиыншылығын бүгін ойлап күйзелу, әрі келешек күндердегі ғибадат міндетін, Намаз қызметін, азап-қорлығын бүгін ойлап, сабырсыздық көрсету - ешбір ақылға сыя ма? Осы сабырсыздықтағы халің сондай бір ақымақ қолбасшының тірлігіне үқсайдьі: дүшпанның оң қанаттағы күші - оның оң жақтағы күшіне жеткен және оған жаңа бір күш болған халде, ол қолында үстайтын маңызды бір қуатын оң қанатына жібереді, орталықтағы қуатын әлсіре-теді. Әрі сол қанатында дүшпанның әскері жоғына қарамастан және келме-стен бүрын үлкен бір күшті жібереді, «атыңдар!» - әмірін береді. Орталығын бүтіндей әлсіретеді. Дүшпан да жағ-дайды түсінеді, орталыққа шабуыл жасап быт-шытын шығарады. Ия, сен осыған үқсайсың. Өйткені өткен күндеріңнің қиыншылығы - бүгін рах-метке айналған. Қасіреті кеткен, ләззаты қалған. Қиындығы рахметке қосылып, машақаты сауапқа айналған. Олай болса, одан жалығу емес, бәлкім жаңа бір қүлшыныс, жаңа бір қүштарлық және хақиқи бір күш-жігермен жалғастыру қажет. Болашақ күндер болса, әлі келмеген, оларды қазірден ойлап жалығу, әрі үмітсіздік көрсету - дәл келешек күндерде аштық пен сусыздықты бүгін ойлап, бақырып-шақыру сияқты бір дуаналық іс. Ия, хақиқат осындай, ақылды болсаң - ғибадат жағынан тек қана бүгініңді ойла, әрі «оның бір сағатын - табысы өте үлкен, қиындығы өте аз, хош және әдемі, үлы бір қызметке жүмсаудамын» - де. Сол кезде сенің ащы бір үмітсіздігің - тәтті бір күш-қайратқа айналады.
Міне, әй, сабырсыз нәпсім! Сен - үш сабыр сақтауға міндеттісің.
Біріншісі: қүлшылықта сабыр. Екіншісі •. күнәларға қарсы сабыр.
Үшіншісі: қасіретке қарсы сабыр. Ақылың бар болса - бүл үшінші ескертпедегі мысалда көрінген хақиқатты жол нүсқаушым деп біл. Жігіт сияқтьі:«я Сабур!» - деп, үш са-бырды мойныңа ал. Жанабы Хақтың саған берген сабыр қуатын егер жаңылыс жолда шашпасаң, ол - әр бір машақатқа және әр бір қасіретке жеткілікті бола алады. Және ол қуатпен төтеп бер...
Төртінші ескертпе: «әй, дуана нәпсім! Ғажабы: бұл убудиет міндеті нәтижесіз бе? Әлде ақысы аз ба екен - сені жалықтыруда? Алайда, егер саған бір адам біраз ақша берсе, немесе сені қорқытса - кешке дейін сені істетті-реді және үміттене істерсің. Ғажабы: бүл дүние мейманханасында әлсіз, әрі пақыр қалбыңа қүт, байлық және әлбетте бір үйің болған қабіріңде азық, нүр және әр жағдайда сот мекемең болған - Махшарда қүжат, барат және қаласаң да, қаламасаң да үстінен өтілетін Сырат көпірінде нүр, бүрақ бо-латын Намаз нәтижесіз бе? Немесе ақысы аз ба?
Бір адам саған жүз теңгелік бір сыйлық беруге уәде етсе - жүз күн сені істеттіреді. Ол уәдесінде түрмауы да мүмкін, бірақ сен ол адамға сенесің, беріліп істейсің. Ғажабы: уәдесінде түрмауы мүмкін емес болған бір Алла, Жаннатты және мәңгі бақыт секілді бір сыйлықты саған уәде етсе - өте аз уақыттың ішінде, өте тамаша бір міндетте сені істеттірсе, бірақ сен қызмет етпесең немесе қызығушылығың болмаса, жалқаулансаң немесе жалығу-мен, шала-шарпы қызметіңмен Оны уәдесінде түрмайды деп кінәласаң және сыйлығын менсінбесең - өте қатты бір қорлыққа, қорқынышты бір азапқа лайық болатыныңды ойланбай-сың ба? Бұл дүниедегі түрме азабынан қорқып, ең ауыр жүмыстарда беріліп қызмет істеген жағдайда - Жаһаннам секілді бір мәңгілік түрменің қорқынышы саған ең жеңіл, ұнамды бір қызмет үшін қайрат бермей ме?
Бесінші ескертпе.- әй, дүние қызығына қүмар нәпсім! Ғажабы: ғиба-даттағы жалығуың және Намаздағы кемшіліктерің - дүние тірлігімен шүғылданудың көптігінен бе? Немесе күн көріс дертімен айналысудан уақыт таппағаныңнан ба? Ғажабы, тек қана дүние үшін жаратылдың ба - бүкіл уақытыңды оған жүмсаудасың? Сен қабілеттілік жағынан бүкіл хайуанат-тардан жоғары болғаныңды және дүниелік өмірдің қажетті нәрселерін табу жолында күш-қуат жағынан - бір торғайға жете алмайтыныңды білесің. Демек, негізгі міндетің - хайуан сияқты үмтылу емес, бәлкім хақиқи бір адам сияқты, хақиқи мәңгі бір өмір үшін әрекеттену екенін қалайша түсінбейсің? Бүнымен қатар, дүние тірліктері деген іс-әрекеттердің көбісі саған тиісті болмаған, әрі сен бекер-ден-бекер араласқаның және аралас-тырғаның мағынасыз, пайдасыз тірліктер. Ең керегін тастап, мыңдаған жылдар өмірің бардай - ең керексіз мағлүматтармен уақытыңды өткізу-десің. Мәселен: «Сатурнның айналасындағы шеңберлердің түрі, жағдайы қандай? Американың тауықтары қанша?» - сияқты қүнсыз нәрселермен қымбатты уақытыңды өткізудесің. Өзің-ше, астрономия ғылымынан және ста-тистика пәнінен бір кәмілдік алып жатқан дайсың!...
Егер: «мені Намаздан және ғибадат-тан қалдырған, үмітсіз еткен ондай керексіз нәрселер емес, бәлкім күн көріс дертінің өте зәру жүмыстары» - десең, онда мен де саған айтамын: «егер күнделікті жүз тиыннан алып түру шартымен жүмыс істесең, содан кейін біреу келіп:«кел, он минут өткенше мына жерді қаз, - жүз теңге қүнында бір алмас және бір изумрут табасың» - десе, сен оған:«жоқ, бар-маймын, өйткені он тиындық күнделікті табысым кесіледі, күн көріс ақшам кеміп қалады» - деп айтсаң, қаншама дуаналық бір сылтау болаты-нын әлбетте білесің. Дәл осы сияқты, сен бүл бақшаңда күн көруің үшін жүмыс істеудесің. Егер парыз Намазын тастасаң - барлық жүмысыңның жемісі тек қана дүниелік, әрі мәнсіз және берекесіз бір ақша болады. Егер сен демалу және үзіліс уақытыңды рухыңның рахатына, қалбыңның тыныс алуына себеп болған Намазға жүмсасаң, сол кезде дүниедегі бере-келі ақшаңмен бірге, ақыреттегі ақшаң мен азығыңа маңызды бір қазына болған екі рухани қорды табарсың:
Біріншісі: бақшаңдағь барлық өсіргендерің: гүлді болсын, жемісті болсын - әр бір өсімдіктің, әр бір ағаштың тәсбихатынан жақсы бір ниет-пен бір үлес алудасың.
Бұл мақам бір бақшада, бір адамға, бір дәріс ретінде баяндалған
Екіншісі: әрі бұл бақшадан шыққан жемістерден кім жесе: хайуан болсын, адам болсын, сиыр болсын, шыбын болсын, сатып алушы болсын, ұры болсын - саған бір садақа үкіміне өтеді, тек қана мына шартпен: егер сен Хақиқи Раззақ атымен, әрі Оның рүқсатымен пайдалансаң және Оның малын Оның мақүлықтарына берген үлестіруші бір қызметкер көзқарасымен өзіңе қарасаң...
Міне, қара: Намазды тастаған адам қаншама үлкен зиян келтіреді, қаншама маңызды бір байлығын жоғалтады және жүмыс істеуге өте үлкен бір қүлшыныс берген, амалда үлкен бір рухани күш тауып берген - ол екі нәтижеден және ол екі қордан мақрүм қалады, әрі банк-ротқа үшырайды. Тіпті қартайған сайын диқаншылықтан жалығады, үмітсізденеді, «неге керек?» - дейді... «Мен негізінде бәрібір дүниеден кетіп барамын, мүншама азапты не үшін шегемін?» - дейді, өзін жалқаулыққа салады. Бірақ әуелгі адам: «бүдан да көп ғибадатпен бірге, адал тірлікпен айналысамын. Осылайша қабіріме бүдан да көп нүр жіберемін. Ақыретіме бүдан да көп азық дайындаймын», - дейді.
Қорытынды: әй, нәпсі! Біліп ал: кешегі күн сенің қолыңнан кетті. Ертеңгі күн болса - оған ие болуға сенің қолыңда күжат жоқ. Олай болса, бүгінгі күніңді - хақиқи өмірім деп біл. Ең аз дегенде күніңнің бір сағатын, болашақта қажет ақша сияқты - хақиқи келешек заманың үшін қүрылған бір ақырет сандықшасы болған мешітке немесе бір жайнамазға таста. Әрі біліп ал: әр бір жаңа күн - сен үшін, әрі барлығы үшін - бір жаңа әлемнің есігі. Егер Намаз оқымасаң - сенің ол күнгі әлемің қараңгы және пүшайман бір халде кетеді, Мысал Әлемінде саған қарсы шаһадат етеді. Өйткені, әр кімнің - әр бір күнде, бүл әлемнен өзіне тиісті әлемі бар. Әрі ол әлемнің жағдайы - ол адамның жан-жүрегіне және іс-әрекетіне тәуелді. Мәселен: айнаңда көрінген зәулім бір сарай, айнаңның түсіне қарайды. Егер ол қара болса - қара көрінеді, қызыл болса - қызыл көрінеді. Әрі оның сапасына қарайды. Егер ол айнаның шишасы тегіс болса - сарайды әдемі көрсетеді. Тегіс болмаса - көріксіз көрсетеді. Бүндай айна ең нәзік нәрселерді түрпайы көрсеткеніне үқсас, сен - жан-жүрегіңмен, ақылыңмен, іс-әрекетіңмен және көңіліңмен өз әлеміңнің кейпін өзгертесің,- я өзіңнің жамандыгың үшін, я өзіңнің пайдаң үшін шаһадат еттіре аласың.
Егер Намаз оқысаң - ол Намазыңмен бірге, ол әлемнің Саниғи Зүлжалалына жүзіңді бүрсаң - саган қараган әлемің бірден нүрланады. Күдды Намазың - бір электр шамы, Намазға деген ниетің - оның қосқышына басқаны сияқты, ол әлемнің қараңгылыгын жоқ қылады. Әрі бүл ала-қүла дүниедегі аралас-қүралас, пүшаймандық ішіндегі өзгерістер мен әрекеттер - хикметлі бір тәртіп және магыналы бір қүдірет жазуы екенін корсетеді.
اَللهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَاْلاَرْضِ
болған өте нүрлы аятынан бір нүрды сенің қалбыңа шашады. Сенің ол күнгі әлеміңді - ол нүрдың сәулесімен жарқыратады. Сенің пайдаң үшін нүрлылығымен шаһадат еттіреді.
Абайла-. «менің Намазым қайда, бүл мағынадағы Намаз хақиқаты қайда?» - деме. Өйткені бір қүрманы ұрығы - бір құрма ағашы секілді өз ағашын тәусиф етеді. Айырмашылығы тек қана ыжмал және тәфсилмен болғаны сияқты, саған және маған үқсас бір қарапайым адамның - егер сезбесе де, үлкен бір әулиенің Намазы сияқты, бұл нүрдан алар бір үлесі бар, бүл хақиқаттан бір сыры бар. Бірақ дәрежелеріне қарай өркендеуі мен нүрлануы әр түрлі болады. Мысалы, бір қүрма дәнегінен, сонау - үлкен бір қүрма ағашына дейін қандай мәртебелер болса, дәл осы сияқты Намаздың дәрежелерінде де, бүдан да көп мәртебелер болуы мүмкін. Бірақ барша мәртебелерде ол нүрлы хақиқаттың дәнегі табылар...
اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَسَلِّمْ عَلٰى مَنْ قَالَ (اَلصَّلٰوةُ عِمَادُ الدِّينِ) وَعَلٰۤى اٰلِهِ وَصَحْبِهِۤ اَجْمَعِينَ
ХАТИМА
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ
وَمَا الْحَيٰوةُ الدُّنْيَاۤ اِلاَّ مَتَاعُ الْغُرُورِ
(Ғафил басқа бір тоқпақ және бір ғибрат дәріс)
Әй, ғафлетке батып, бұл өмірді тәтті көріп және ақыретті үмытып, дүниені талап еткен бақытсыз нәпсім! Білемісің неге ұқсайтыныңды? Түйе құсқа... Аңшыны көреді - ұша алмайдьі; басын құмға тығады - осылайша аңшы оны көрмесін. Үлкен кеудесі сыртта. Аңшы көрер, жалғыз ол - көзін құм ішінде жұмып алған, көрмес. Әй, нәпсі! Бұл мысалға қара, көр:
Қалайша тек қана дүниеге көңіл бөлу - қадірлі бір ләззатты, аянышты бір қасіретке айналдырады? Мәселен: бүл ауылда (яғни Барлада) екі адам бар. Біреуінің жүзден тоқсан тоғыз достары Ыстамбүлға кеткен, тамаша ғүмыр кешуде. Жалғыз біреуі бүл жерде қалған. Ол да сол жаққа бармақшы. Сондықтан да бүл адам Ыстамбүлды аңсайды, сол жерді ойлайды және до- старына қауышуды тілейді. Қай уақытта оған: «сен сол жерге бар» - деп айтылса, қуана-қуана барар. Екінші адамның болса - жүзден тоқсан тоғыздостары бүл жерден кеткен. Бір тобын жоқ болып кеткен, бір тобын - көрінер-көрінбес жерлерге кірген, әрі пүшайман болып кеткен деп ойлайды. Бүл бейшара адам, барлық ол достарының орнына жалғыз бір қонақпен дос болып, жүбаныш тауып, онымен - бүлаянышты фирақтан келген қасіреттердің бетін жапқысы келеді.
Әй, нәпсі! Баста Хабибуллаһ және барлық достарың қабірдің арғы жағында. Бүл жерде қалған бір-екеуі болса - олар да кетіп барады. Өлімнен шошып, қабірден қорқып, басыңды бүрма! Жігітке үқсап қабірге қара, тыңда - не талап етеді? Еркек сияқты өлімнің бетіне күл, қара - не қалайды? Абайла, ғафил болып екінші адамға үқсама!
Әй, нәпсім! «Заман өзгерген, ғасыр да басқа, барлығы дуниеге берілген, өмірді жақсы көреді, кун көріс дертімен мас» - демегін. Өйткені өлім өзгермейді, фирақ мәңгілікке айналмайды. Адамньщ әлсіздігі, адамның пақырлығы өзгермеуде, бәлкім көбеюде. Адамның жолсапары кесілмеуде, қайта жылдамдық пайда болуда.
Әрі. «мен де барлыгы сияқтымын» - деме. Өйткені барлығы саган қабірдің есігіне дейін-ақ дос болады. Барлығы-мен қайгы-қасіретте бірге болу деген жүбаныш болса - қабірдің аргы жагында өте пайдасыз.
Әрі өзіңді басым бос деп ойлама! Өйткені хикмет көзқарасымен қарасаң, бүл дуние мейманханасында ешбір нәрсені тәртіпсіз, мақсатсыз көре ал-майсың. Қалайша сен тәртіпсіз, мақсатсыз қала аласың? Зілзала сияқты бүл табигат уақигалары - кездей-соқтықтың ойыншыгы емес.
Мәселен: жер бетіне өсімдіктер мен хайуандардың түрлерінен кигіздірілген бір-бірінің үстінде, бір-бірінің ішінде өте тәртіпті және өте әдемі көйлектер - басынан аяғына дейін мақсаттармен, хикметтермен безенді- рілгендерін, жиһаздандырылғандарын көргенің және өте үлы мақсаттар ішінде кәміл тәртіппен мәжзуп Мәулави сияқты айналдыруын білген жағдайда - қалай ғана боладьі: Адам үрпақтарының, әсіресе имандылардың бір бөлік ғафлеттік халдерінің рухани ауыртпалықтарын Жер Шары жақтырмай, иығын сілкуіне үқсас зілзала сияқтьГ мәйіт-алуд уақиғалар бір кәпірдің жариялағаны сияқты - мақсатсыз, кездейсоқтық деп ойлап, зілзалада қайғы-қасіретке душар болған бүкіл нәрселердің аянышты шы-ғынға үшырағандарын - босқа, әрі пайдасыз сарп болды деп көрсетіп, қорқынышты бір үмітсіздікке салады. Әрі үлкен бір қате, әрі үлкен бір зүлымдық жасайды. Бәлкім, ондай уақиғалар бір Әкімі Рахымның әмірімен, мүсылмандардың пәни мал-мүлкін садақа үкіміне айналдырып, мәңгілік ету, әрі шүкірсіздіктен келген күнәларға кәппарат болады. Болашақта бір күн келеді: бүл қызметшіміз болған Жер - өз бетінің көріктісі болған адамзат еңбектерін серік-алуд, шүкірсіз деп көреді, көріксіз деп табады және Жаратушының әмірімен, үлкен бір зілзаламен - бүкіл жүзін сүртеді, таза-лайды. Алланың әмірімен серік қосушыларды Жаһаннамға төгеді. Шүкіршілік еткендерге: «қанеки, Жаннатқа кіріңіз» - дейді.
Измирдің зілзаласына байланысты жазылған.
يَآاَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُوا رَبَّكُمُ الَّذِى خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ * اَلَّذِى جَعَلَ لَكُمُ اْلاَرْضَ فِرَاشاً وَالسَّمَآءَ بِنَآءً وَاَنْزَلَ مِنَ السَّمَآءِ مَآءً فَاَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقاً لَكُمْ فَلاَ تَجْعَلُوا للهِ اَنْدَاداً وَاَنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Яғни: «уа, адамдар! Сіздерді және сіздерден алдъщгыларды жаратқан Раббыңызға гибадат қылыңыз, сонда тақуа мәртебесіне жетесіз. Және тағы да Раббыңызга гибадат қылыңыз - жерді сіздерге төсек, аспанды сарайыңызга шатыр қылып жаратты, әрі сіздерге ризық болсын деп, жеміс және басқа азықтарды шыгару үшін аспаннан суларды ағыздырды. Олай болса, Аллаға серік қоспаңыз. Білесіздер, Аладан басқа Мағбуд және Халықыңыз жоқ».
Ишаратул - Иғжаз кітабынан)
Ақайд және имани үкімдерді қуатты және тұрақты етіп, нығайта түскен және дамытқан тек қана - ғибадат. Ия, егер Алланың әмірлерін орындаудан және тыйғандарынан сақтанудан құралған ғибадат арқылы ар-ұждандық және ақылға байланысты имани үкімдер тәрбиеленбесе және күшейтілмесе - нәтижелері мен әсерлері әлсірейді. Бүл халге Ислам әлемінің қазіргі жағдайы куәгер. Осымен қатар, ғибадат дүние мен Ақырет бақыттарына жетуге себеп болғаны сияқты, мағаш және мағада, яғни дүние мен ақырет істерін тәртіпке келтіруге де себеп, әрі бір адамның және бүкіл адамзаттың жоғарғы дәрежеге жетулеріне де себеп, әрі Жаратушы мен қүл арасын-дағы өте жоғарғы бір қарым-қатынас, абыройлы бір байланыстылық болады.
Ғибадаттың дүние бақытына жетуге себеп болғанына түсініктеме берген ба-ғыттар.
Біріншісі: адам - бүкіл хайуандар-дың ішінен таңдалынып және сүрыпталып, ғажайып, әрі үнамды, тамаша бір табиғатпен жаратіллған. Ол табиғат себебінен адамда алуан түрлі армандар, тілектер, қалаулар жарыққа келген. Мәселен, адам ең таңдаулы нәрселерді қалайдьі; ең тамаша нәрселерді тілейді; әдемі нәрселерді армандайдьі; адамзатқа лайық бір тіршілік және абыроймен өмір сүргісі келеді.
Осы тілектерінің орындалуына керек болған - жейтін, ішетін және басқа қажет нәрселерін қалағаны сияқты, оларға қолы жетуі үшін көрікті бір бейнеде өте көп өнерлерге де мүқтаж-дығы бар. Ол өнерлерді білмеген-дігінен - өзіне үқсаған басқа-лармен бірлесіп, әрекет етуге мәжбүр болады екен: әр қайсысы, өз еңбегінің жемісімен досына ауыспалы бір сурет-те жәрдем берсін, әрі бір-бірінің мүқтаждықтарын қамтамасыз ете алсын.
Бірақ, адамдағы шәхуат қуатына, ғазап қуатына, және ақыл-ой қуатына Саниғ тарапынан шек қойылмағандығы-нан, әрі адамның аз ғана өз ықтиярымен жоғарғы дәрежеге жетуі үшін, бүл қуаттардың басы бос қойылғандығынан, адамдар арасында-ғы қарым-қатынаста зүлымдықтар мен хүқықсыздықтар ортаға шығады. Бүл хүқықсыздықтардың алдын алу үшін, адамзат жамағаты өз еңбектерінің жемісін алмастырғанда, бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда - әділеттілікке мүқтаж. Бірақ, әр бір адамның ақылы әділеттілікті түсіне ал-мағандықтан - үлкен бір ақылға мүқтаждықтары бар екен: адамдар ол үлкен ақылдан пайдалана білсін. Ондай үлкен бір ақыл да - тек қана заң түрінде болады. Ондай бір заң да - тек қана Шариғат.
Содан соң, ол шариғаттың тәсірі, жүргізілуі, орындалуы үшін - бір мержиғ, бір қожайын керек. Ол мержиғ және ол қожайын да - тек қана Пай-ғамбар. Пайғамбар болған адамның да халыққа жүргізген сыртқы және ішкі әкімшілдігін жалғастыруы үшін матери-алдық пен рухани үлылыққа және ымтиязға мүқтаждығы болғаны сияқты, Жаратушымен арасындағы болған қарым-қатынас дәрежесі мен байланы-стылығын көрсету үшін де - бір дәлелге мүқтаждығы бар. Ондай бір дәлел де - тек қана мүғжизалар.
Содан соң, Жанабы Хақтың әмірлеріне бағынудың және тыйғанда-рынан сақтанудың іргетасын қалау, әрі табу үшін - Алланың үлы екендігін ақылдарда, зейіндерде түрақты орна-ластыруға мүқтаждық бар. Бүндай ор-наластыру да - тек қана ақайд арқы-лы, яғни имани үкімдердің тежелли-сімен болады. Имани үкімдердің күшейтілуі мен дамуы да - тек қана қайталану арқылы жаңарып отырған ғибадатпен болады.
Екіншісі: ғибадат - ой-пікірлердің Саниғи Әкімге бұрылуы үшін. Құлдың Саниги Әкімге бет бүруы, қүлшылығы мен бойсүнуын нәтиже береді. Қүлшылық пен бойсүну болса - қүлды кәміл тәрбиенің астына алады. Қүлдың тәрбие астына кіруі мен тәртіпке бағы-нуы арқылы - хикметтің сыры тахаққүқ етеді. Хикмет болса, әлем парақтарында жарқыраған өнер нақыштарымен белгілі болады.
Үшіншісі: адам - орталық телефон станциясы сияқты бүкіл жаратылыстың тәртіптері мен заңдарына және Әлемдегі Илаһи заңдардың сәулелеріне бір орталық. Сондықтан адамның ол заңдармен қарым-қатынасы мен байла-нысуы және ол заңдардың етектеріне жабысып, мықтап үстауы қажет: жалпы ортақ жүріс заңын тәмин етсін. Әрі әлемнің қабаттарында айналып жүрген су диірмендерінің әрекеттеріне қарсы келіп, тісті доңғалақтарының астында жаншылмасын. Бүл да тек қана ол әмірлер мен тиылған нәрселерден қүралған ғибадатпен болады.
Төртіншісі: әмірлерді орындау мен тыйғандарынан сақтану арқылы бір адам - қоғамдық жамағат өмірінде көп мәртебелермен байланыста болады және қарым-қатынас жасайды. Әсіресе, діни үкімдер мен ортақ маслихат жүмыстарындағы бір адам - бір түр үкіміне өтеді. Яғни, өте көп хүқықтар, абыройлар, тәлім-тәрбиелер, түзету жүмыстары сияқты міндеттер бір адамға жүктеледі. Егер ол әмірлерді орындап, тыйғандарынан сақтанған ол адам болмаса, бүл міндеттер түгелдей жойылады.
Бесіншісі: адам - Ислам дінінің арқасында, ғибадатпен алға өрлеу арқылы бүкіл Мүсылмандармен түрақты бір қарым-қатынас орнатады, күшті бір байланыс пен жақындыққа қолы жетеді. Бүлар болса - айрылмас берік бір бауырластыққа, шынайы бір махаббатқа себеп болады. Негізінде қоғамдық жамағат өмірінің дамуы мен өркендеп жетілуіне алғашқы және ең бірінші баспалдақтар - бауырластық пен махаббат.
Ғибадат арқылы бір ғана адамның кәмілдікке жетуіне себеп болғандығы-ның түсініктемесі.
Адам - денесі жағынан кішкентай, әлсіз және дәрменсіз болуымен қатар, хайуандардың ішінен таңдалынған жағ-дайда - өте үлы бір рухты өзімен бірге алып жүр, өте үлкен бір қабілеттілік сезіміне ие, шектелмес дәрежеде тілек-қалаулары бар, шексіз көп армандардың иесі, сансыз пікірлері бар, шек қойылмаған шәхуат пен ғазап сияқты қуаттары бар және сондай ғажайып бір жаратылысы бар: барлық түрлер мен әлемдерге мазмүн болып жаратылған.
Міне, бұндай бір адамның ұлы рухын кеңейттірген - ғибадат; қабілеттілік сезімдерін дамытқан - ғи-бадат; тілектерінің жақсысын таңдаған, күнә мен қателерден аулақ еткен - ғи-бадат; армандарын тахаққүқ еттірген - ғибадат; пікірлерін кеңейткен және тәрбиелеген - ғибадат; шәхуат пен ғазап қуаттарының шекарасын белгілеген - ғибадат; сыртқы және рухани мүшелері мен сезімдерін кірлетуші табиғат тоттарын кетірген - ғибадат; адамды тағдырында жазылған кәмілдіктеріне жеткізген - ғибадат; қүл мен Мағбуд арасындағы ең жоғарғы және ең нәзік, жағымды, лайық болған жақындық тек қана - ғи-бадат.
Ия, адамзат кәмілдіктерінің ең үлығы - осы жақындық пен қарым-қатынас.
Ескерту: ғибадаттың рухы - ықылас. Ықылас болса, орындалған ғибадаттың тек қана бүйырылғаны үшін орындалуы керек. Егер басқа бір хикмет және бір пайда ол ғибадаттың орындалуына негізгі себеп деп көрсетілсе, ол ғиба-дат - баты. Пайдалар, хикметтер тек қана мүражжих бола алады, негізгі еебеп бола алмайды.
Aқайд - иманға бай-ланысты шарттар.
ақырет - бұл дүние-ден кейін келетін мәңгі әлем.
алуд - аралас
Архамур-рахимин- мейірімділердің ең мейірімдісі - Алла тағаланың бір сипаты
аршын - ұзындық өлшем бірлігі = 68 см
Ахад - бір болған Алла тағаланың есімі.
Ахли Ихтисас - тек қана дүние және ақырет мәселелерімен, Құран, Ислам, иман жолымен, ғылым және өнермен айна-лысқан, осы жолда жанын құрбан еткен адамдар
Ахли Кашф, Ахли Мушаһада - перделі не-месе білінбейтін хақи-қаттарды, Илаһи жасы-рын сырларды Алла тағаланың рұқсатымен, білдіруімен білген, көрген әулиелер
Ахли Зауқ - Аллаға жақындығымен, ояу қалбымен иман және Құран хақиқаттары-нан ләззат алғандар
Обәд - мәңгілік
әжиз - дәрменсіз, әлсіз, қабілетсіз
әзәл - бар болуының басы болмаган, әрдайым бар болған.
Әкім - негізі Хаким 1) Күш-қуат иесі, басқа-рушы және әділетті-лікпен үкім шығарушы 2) Барлық нәрсені білетін, бүкіл мәужу-датты өз ілімімен, құдіретімен жаратушы, хикмет иесі - Алла тағала.
Оадбин - барлық нәр-сенің жаман жағын көруді қалаған ниеті жаман адамдар. ?
Бақи - 1) Мәңгі.өлімсіз 2) Мәңгі бар болған Алла тағаланың бір есімі
барат - атақ, лауазым. Ақталу
Барзах - дүние және ақыреттің ортасындағы әлем.
Басыр - барлық нәрсені көруші - Алла тағала- ның бір есімі батыл - хақ болмаған, жалған биғат - тәуелді, әрі байланысты екенін, сенімділігін білдіру,
жаңалау бұрақ - 1) Көлік 2) Жаннаттағы ұшқыш аттың есімі
вирди зебаны - тілде тәсбих айту. Тез-тез қайталанып отырған дұға
Г аламат - нышан, белгі
ғалиби - көпшілік адамдар-дың өмірі
Ғани - барлық нәрсенің, байлықтың иесі және ешкімге, ешнәрсеге ешқандай мұқтаж болма-ған - Алла тағаланың бір есімі
ғафил - түсінбейтін, аңдаусыз, абайсыз, көңіл бөлмеген және хабарсыз, ықтиятсыз, құдайды ұмытқан надан адам
гафлет - надандық, көңіл бөлмеушілік, нәпсіге бойсұнушы-лық, ықтиятсыздық, құдайды ұмыту
ғазамат - ұлылық, жоғары мәртебелілік
ғаэап - ашулану
ғиша - құптан намазы
ғыззат - құдіреттілік, ұлылық, қадірлілік
Д аим - мәңгі
далалат - Ислам жолы-нан айрылып, азғындыққа, дінсіздікке түсу, адасу
Жалал - шексіз дәрежеде ұлылық Алла тағаланың құді-реттілігі және ашуының, ұлылығы-ның көрінісі
Жамал - сұлулық, әдемілік. Алла тағаланың жақсылығының, жомарттылығының және сұлулығының көрінісі
Жанабы Хақ - құрмет иесі - ұлы Алла тағала
Жаннат - пейіш
Жаууад - шексіз көп жақсылық істеуші, жарылқаушы және жомарттық иесі - Алланың бір сипаты
Жаһаннам - дозақ
жазба - Алланы есіне алып, оның махаббатымен өзінен кетіп қалу жағдайы
Жәлил - ұлылық, құдіреттілік иесі - Алланың бір есімі
Жәмил - сұлулық, әдемілік иесі - Алланың бір есімі
Эаққұм - Жаһаннамда өсетін бір ағаштың аты залил - масқара, қадірсіз Зат - құрмет иесі
зауал - 1) Дүниеден өту, жоқ болу, өлу 2) Күннің екінші жартысы
Зүлжалал - ұлылық, үлкендік, ғазамат иесі - Алла тағаланың бір сипаты
Ижма - ғұламалардың немесе маман адамдар-дың бір мәселеде бір ойпікірге келулері
Иқамат - отыру, түру.мекендеу
Илаһи - Жаратушымыз - Аллаға ғана тән
инсан - адам
истиғфар - тәубе ету, Алладан күнәларынын кешірілуін сұрау
иштиһа - кез-келген нәрселерге деген қүштарлық, тілек, арман, тәбет
кабаир - үлкен күнә-лар: Алланы жок деп айту, қүдайға сенбеу; Аллаға серік қосу; кесімді түрде хақ болған бір дін артына сенбеу; құдайдын рахметі мен мейірімділігінен үміт үзу; Алланың жазасынан, азабынан қорықпау; күнәларды жалғастыру, яғни бір рет істеген күнәні қайталап істеу; намазды, оразаны тәрк ету; ата-анаға қарсы шығу; жалған нәрсе үшін куәгер болу; біреуді бекерден-бекерге өлтіру; біреудің дене мүшелерін кесіп, еш нәрсеге жарамсыз ету; жетімнің малын жеу; намысшыл, ары таза әйелдерді зина жасайды деп кінәлау, ұрлық істеу; зина қылу (ерлер арасында) Жоғарыда айтылған күнәларды қосқанда «Жеті кабаирды» құрайды. Алғашқы үшеуі - (Алла сақта-сын) күпірлік. Кейінгілеріне - әлбетте Илаһи жаза қажет. Ашық және кесімді түрде бұл үлкен күнәлардан сақтану, қашу керек
Камал - шексіз дәрежеде
жан-жактылық,
кемшіліксіздік, кәмілдік кәміл - өте жетік, жан-
жақты дамыган,
кемшіліксіз, толық
кәппарат - күнәлардан арылу
кәпір - иман шарттарынын біреуіне немесе барлы-ғына сенбеген, қабыл ет-пеген адам
Кәрім - барлық нәрсеге жақсылық беруші, сый-лаушы, жомарттық иесі абыройлы және қадірлі - Алла тағаланың есімі
Кибриа - Алланың ұлылығы, қүдіреті
Қадыр - барлық нәрсеге күш-қуаты, ілімі және қүдіреті жететін Алланын бір есімі
Қадим - әзәли болған Алланың бір есім
қалып - 1) Жүрек 2) Жан-жүрек, рухани жүрек нәрселер
қаууад - ар-намыссыз, ұятсыз
Қаһһар - кез-келген
уақытта азаптауға.
қиратуға, жазалауға
қүдіреті жететін
Алланың бір есімі
қиям - тік түру
құдси хадис - мағынасы пайғамбарымызға (С.Ғ.У.) Алладан келген, сөзі - пайғамбарымыздыкі (С.Ғ.У.) болған хадис
құдсиет - киелілік
Кұраны Аэимушшан - аб-ыройы. атақ-данқы жоғары болған кітап - Қүран
Ламяэал - әзәли, мәнгі, өлімсіз
Лаяэал - мәнгі. бақи
ләфіз - сөз тын аланы
мабуд - ғибадат етілуші Алланын бір есімі
мақам - дәреже, мәртебе
мақбұл - қабыл болушы, сүйікті
мақұлық - жаратылған барлық нэрселер
махалла - мекен, орын
махбуб - сүйікті дос
Махшар - ақыретте барлық мақүлықтардың жинала-
марзият - разы болатын
мәжэуп Мәулави - Мәулави тариқатынын қағидалары бойынша әрекет еткен адамның өзінен кетіп, шыр айналуы мәужудат - әлемдегі барлык жаратылған нәрселер
мержиғ - арызданып баратын орын. Қайтып келетін жер
Миғраж - пайғамбарымыздың (С.Ғ.У.) Алланын кұзырына режеп айының 27-түнінде көтерілу мұғжизасы
миннет - алғыс. Біреудін рухани жүгінін астына кіру
мұбаллиғ - білдіруші, танытушы, жариялаушы
мұбах - сауабы да, күнәсі де жоқ амалдар
мұгарра * жамандыктан ұзақ, аулақ
мұғарриф -баяндаушы, таныттырушы
мұғжиза - адамдардын ақылы жетпейтін, жасай алмайтын нәрселері. Мұғжизалар тек қана Алла тарапынан пайғамбарларға беріледі
мұқаддас - таза.пәк
Мұнғим - нығмет, ризық беруші - Алланың есімі
мұражжих - бәрінен де жоғары, артық көрсетуші себеп
мұстахақ - өзі тапқан, өзі
лайық болған мұштақ -құштар, қүмар
мұтлақ - шүбәсіз және ешкімге, ешнәрсеге тәуелді емес
мүбарак - берекелі,
қайырлы, бақытты мүкаммал - сапалы, толыц,
жетік, кемшіліксіз
мүмін - иман келтірген адам
Мүршиді Раббани - адам-дарды тура жолға ба-стайтын Алланың қүлы
мыэан - таразы, мөлшер, өлшеу
Мысал әлемі - түсте көрінетін әлем
Hазыр - қараушы, назар аударушы
нәпсі - адамның өзі, жаны, ішкі дауысьі. Әр нәрсеге деген қүштарлық сезімі
нәсім - үнамды, жағымды, жеңіл ескен самал
нияз - жалбарыну, өтіну
нығмет - жақсылық, сыйлық, бақыт, ризық, хидаят
Паақыр - бейшара, кедей, жарлы
пасық - Алланың әмірлеріне қарсы келетін, үлкен күнәларды істейтін күнаһар адам
паша - Мысырда, Түркияда әскери және үкімет басшыларына берілетін есім
Pаб - ризық, нығмет беруші, тәрбиелеушіміз болған Алланың бір есімі
Расулы Акрам (С.Ғ.У.) -Алланың жақсылық сыйлайтын, абыройлы,қүрметті елшісі және қүлы - пайғамбарымыз(С.Ғ.У.)
Рахман - бүкіл мақүлықтарға ризық беруші, нығмет сыйлау-шы - Алла тағаланың бір есімі
рахмет - мейірімділік, жан-аршылыц, сүйіспеншілік
Рахым - рахымдылық, мейірімділік жасаушы, қорғаушы, жомарттық иесі Алланың бір есімі
разил - үятсыз, ең төменгі дәрежедегі адам
Разэақ - материалдық және рухани болған барлық ризықтарды беруші -Алланың есімі
Рубубиет - Алланыңәрдайым, барлық жерде - барлық мақүлыққа мұқтаж болған нәрселерін беруі, асырауы,тәрбиелеуі
Cаийд - мырза, жомарт, қүрмет иесі
салих - жақсы, шариғат әмірлерін орындайтын
салтанат - қүдірет, қуат, патшалық
самави - Алладан келген
Самад -
барлық нәрсенің оған мұқтаж болып, өзі ешкімге, ешнәрсеге мүқтаж болмаған,
мүңсыз Алланың бір
есімі
Саниғ - барлық нәрсені шеберлікпен, үсталықпен істеген, жаратқан Алла тағаланың бір есімі
сармади - мәңгі, өлімсіз
сукунат - қам-қайғыдан күтылып, қуанышқа жету
суқут - қүлау.бүзылу
Сүлтан - басшы, патша. Алла тағаланың бір есімі
сүргін - жер аударылу Сырат - Жаһаннамның
үстінен өтетін, Жаннатқа
апаратын көпір
Сыраты Мұстақим - ең
дүрыс, ең тура жол
1 абииун - натуралист, «барлық нәрсені табиғат жаратуда» - деп, Алла-дан рухани ұзақ болған адамдар
тағзым - қүрметтеу, сыйлау
тақдис - Алла тағаланың кемшіліксіз, қатесіз, пәк екенін білдіру, айту және оған шүкір ету
тасдиқ - тура, рас екенін қабыл ету
таһажжуд - түн жарымда оқылатын намаз
тахаққұқ - бір нәрсенің рас, хақ екенінің жарыққа шығуы, дәлелденуі
ташаһһуд - намаздың орта-сында, аяғында аз ғана отыру, әрі «Ат-тахийат» дүғасын оқу
тазаллул - ең төменгі дәрежеге түсу, қадірсіздік
тәждид - 1) Жаңалау 2) Жаңалану
тәкбир - «Аллаһу акбар» - деп айту. Алланың барлық нәрседен үлкен, үлы және қүдіретті екенін жариялау
тэсбих - «Субханаллаһ» - деп айту. Алланың за- тында, сипатында, істерінде қате- кемшіліктер жоқ екенін, пәк болғанын жариялау
тәслим - Аллаға бойсұну, өзін тапсыру, беру
тәусиф - сипаттау
тәуатур - қуатты, өте хақ, дүрыс хабарлар
тәухид - бір Алладан басқа қүдай жоқ екендігіне сену
тәхлил - Исламның тәухид ақидасын қорытындылаған, тек қана және тек қана бір Алла бар екені« түсіндірген «Ләә-иләһә иллаллаһ» сөзін қайталау
тежелли - көрініс, көріну
тиряқ - уға қарсы қолданылатын дәрі
Туба - Жаннатта өсетін бір ағаштың аты
әссалам - бітті, осынша ғана, бүдан кейін сәлем
убудиет - қүлшылық
Улуһиет - Алланың әлемді
Фарманы Ахкам - Илаһи үкімдер мен заңдар басқаруы және барлық нәрсені өзіне ғибадат еттіруі жарлыгы
Фатыр - ешцандай ұқсасы жоқ нәрселерді жарату-шы, үлкен ілім және хикмет иесі - Алла тағала
фирақ - айрылу, ажырау
Лдбибуллаһ - Алланын сүйікті күлы, досы - пайғамбарымыз Мұхаммад (С.Ғ.У.)
хайрат-алуд - таңдана, қайран қалумен
Хақ - 1)
Шындық, хақиқат 2)Алла тағаланын бір есімі хақиқи - негізгі, хақ болған, шынайы
Халық - бүкіл мақұлықтарды жоқтан жаратушы - Алла тағаланың бір есімі
хамд - мақтау, мадақтау, шүкір ету
харам - .Исламда кесімді түрде тиым салынған нәрселер, амалдар
хас - жеке меншік
Хашир - бүкіл мақұлықтардын қиямет күні бір жерге жиналуы
Хафыэ - хақиқи және толық цорғаушы, сақтаушы - Алла тағаланың бір есімі
хидаят - тура жол. Ислам, иман жолы
хикмет - 1) Бүкіл мәужудаттын хақиқаттарын адамның білуі және қайырлы істерді істеу сипаты 2) бүкіл әлемді жаратудағы Алланын мақсаты 3) Сыр, құпия жұмбақ
худабин - Алла тағаланы сүйген және оған сиын-ған адам
худандиш - өзінің тірлігі бітпей қалуынан қорыққан, басқалардын тірлігіне жарамайтын адам
хузуғ - кішіпейіл, қарапайым болу. Алла тағаланың ұлылығын, жалалын, жамалын еске алып, ойлау арқылы пайда болған сезім
шадат - куәгерлік
шәкір - Алла тағалаға
шүкір етуші шәхуат - адам денесінің өз қажеттіліктерін қалау сезімі, (жеу, ішу, ұйықтау т.б.)
Ыжмал -
бір нәрсенін мазмұны. Мәселен: құрманын ұрығы - ыжмал; кұрма ағашы болса -
тәфсил. Бірақ
екеуінін де қасиеттері бірдей
Ужвары Акрам (С.Ғ.У.) -Алла тағаланың бұйрығын орындаған, ең мақбұл жәрдемшісі - пайғамбарымыз Мұхаммад (С.Ғ.У.)